Қазақша реферат: Хасен Байырманов |

0






Хасен Байырманов Павлодар облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылып, өмір тауқыметін ерте тартқан оның балалық шағы қиындыққа толы болды. Қазан төңкерісіне дейін бай есігінде жалшылықта жүріп, жоқшылықтың азабын тартса, қоғамдық-әлеуметтік теңдік орнаған тұста жас баланың талант көзі ашыла бастайды. Кейін табиғат берген та-лантымен Х.Байырманов комсомол жұмыстарына белсене ара-ласа жүріп, ауыл жастарынан қүрылған «Ойын-сауық» деп аталатын үйірмені басқарады. 1923-24 жылдары Павлодар қаласына келіп, осындағы көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесі болып, ауыл өміріне арналған «Қанапия — Шәрбану», «Бәйбіше -тоқал» тәрізді шағын қойылымдарға қатысады. 1930 жылы Кере-ку қаласында болған округтік олимпиадаға қатысып, әдемі қоңыр даусымен Естайдың «Қорланын» айтқан жас жігіттің талантын жазбай таныған алғашқы кәсіби режиссер Жүмат Шанин Хасен Байырмановты Алматыдағы жас театрға шақырады. Сол жылы Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындагы академиялық драма театрына қабылданған ол алғашқы дебюті — М.Әуезовтің «Еңлік -Кебек» трагедиясындағы Жапалды ойнай жүріп, 1931-33 жылда-ры Мэскеудегі Жұмысшы-жастар үйірмесінің жетекшілерін даяр-лайтын курста оқуға, сахнаның қыры мен сырын одан әрі тануға мүмкіндік алады.
Х.Байырманов Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрына 1934 жылы үйымдастырылған түста келіп, 6 маусым күні кәсіби театрдың шымылдығын ашқан І.Жансүгіров-тың «Кек» пьесасындағы туған-туыс пен алдағы өмірінен күдер үзе бастаған қойшы Тастабанның ролінен шығармашылық жолын бас-тайды. Қойшы өмірі бала күннен таныс болғандықтан жас актер-ге қиындық тудырмады. Эпизодтық роль болғанмен кейіпкерінің мінез-құлқын, шығармадағы әлеуметтік орнын түсіне білген ол ерекше тебіреніспен ойнайды. Жас актер Қазан төңкерісі түсындағы үстем тап өкілдері мен жарлы-кедейлер арасындағы қогамдық тартысты сезіне білетін қойшы Тастабанды кеңес өкіметінің, жаңа дәуірдің белсенді адамына дейін көтерген.
Актердің шығармашылық лабораториясына үңілсек, дәуірі мен заманы бөлек, өмір сүрген ортасы, мақсат-мүддесі бір-бірінен алшақ жатқан әрқилы адам тағдырын кездестіруге болады. Х.Байырмановтың солардың бәрімен ортақ тіл табысып, сырласуы, мүңдасуы барысында облыстық сахнада кесек образдар галереясы қалыптасты. Островский, Гоголь, Айтматов, Әуезов, Мүсірепов тәрізді басқа да тілі күрделі авторлардың тағдыры қиын, психологиялық күйзелісте өмір сүретін кейіпкерлерінің мінез-құлқын шынайы беру терең ізденісті қажет етеді десек, актер өзінің қа-жырлы еңбегінің нәтижесінде сом түлғалар жасады. Мәселен, Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Төлеген (он бір жыл ойнаған), Шеге, «Аманкелді» пьесасында Ишпай, М.Әуезовтің «Еңлік — Ке-бек» трагедиясында Жәуетей, Абыз, Кеңгірбай, Қараменде, «Абай» драмасында Сырттан би, «Қаракөзде» Жабай, «Түнгі сарында» Тәнеке, «Қарақыпшақ Қобыландыда» Берсімбай, «Айман — Шол-пан» комедиясында Жантық, Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсында Сыпыра жырау, Ә.Тэжібаевтың «Майра» драмасында Уәли, Б.Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібінде» қырман күзетшісі Қарғабай, «Жалбырында» Сүгір, «Шүға» драмасында Қарасай (инсценировка), Ш.Қүсайыновтың «Алдар көсе» комедиясында Шығай хан, С.Жүнісовтің «Қызым, саған айтам…» психологиялық драмасында Бурылшаш, т.б._
¥лы Отан соғысы жылдарында Қазақстан театрларында жап-пай белең алған патриоттық рухты көтеру мен оптимистік са-рындағы спектакльдер қою саясатына байланысты сахналанаған Б.Александровтың «Малиновкадағы той» музыкалық спектаклін-дегі халық арасынан шыққан күлдіргі Нечипор — Х.Байырманов ойынында көрерменнің ыстық ықыласына бөленген кейіпкер бол-са, сол соғыс кезінде тылдағы еңбекшілердің ерлігін көрсететін Ә.Әбішевтің «Достық пен махаббатында» ол қарт жүмысшы Қазыбекті еңбекқор, ақылшы бейнесінде көрсетеді. Шығармада Донбастың жау қолында қалуына байланысты Қарағандыға кө-шірілген көмір кенішінде интернационалдық бірлікте жүмыс жа-саған еңбеккерлердің көмір үшін күресі, майдан мен тылды бай-ланыстырудағы ерлігі жүмысшылар бейнесі арқылы берілген. Мүндағы Қазыбек — өмірде қиыншылықты көп көрген, түрмыс қыспағынан, өмір азабынан кеңес өкіметі арқылы қүтылған адам. Сол қиындықтан өткен, кеңестік көпүлтты, болашағы жарқын өмірге қадам басқан Қазыбек қарт Х.Байырманов ойынында қа-сындағыларға мейірімді, бауырмал, зор адамгершілік иесі болып шыққан.
М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин» пьесасындағы Жа-қай — Ыбырайдың жолдасы, жәрдемшісі. Ол — саясаттан хабары бар, Ыбырайдың жаңашыл, демократияшыл ой-пікірін жақтаушы адам, бір жағынан қалың бүқараның өкілі. Осындай зор парасат иесін Х.Байырманов бірбеткей, турашыл етіп көрсеткен. Қазақ ба-лалары үшін түңғыш мектеп ашқан ағартушының ісін қолдаушы Жақай — Байырманов Ыбырайға адал ниетімен, шын көңілімен қыз-мет етеді. Кейіпкерінің характер ерекшелігін түсіне білген актер зор пафоспен, психологиялық толғаныс-тебіреніспен әрекет етеді. Жақайдың риясыз көңілі мен аңқаулығы актердің Шоңмүрын, Найзағаралардың жүмсауымен Ыбырайдың әрбір басқан ізін анықтауға келген Шәуәлимен диалогында айқындала түседі. Х.Байырманов Ыбыраймен немесе оған қарсыластармен тартысдиалогында эрбір сөзге мән беріп, астарын ашуға және шығарма идеясының көрерменге берер патриоттық рухының айқын жетуіне күш салған.
Аудармадан К.Гольдонидің «Екі мырзага бір қызметші» коме-диясында Бригелланы пластикалық қимыл-қозғалыспен, гротеск әдісін қолдана отырып, нанымды көрсетсе, Гогольдің «Ревизо-рында» не үшін кінәлі екенін өзі де білмейтін, үнемі абыржып жүретін мектептер бақылаушысы Лука Лукич Хлопов бейнесін асып-сасқан, көзінде қорқынышы, бойында үрейі көрініп түратын Х.Байырманов нанымды штрихтармен береді. Актер партнерлік қарым-қатынаста кейіпкер мінезінің астарын ашуды көздеген. Қүбылған мимика, костюм мен сэтті жасалған гриммен үндескен актердің шынайы эрекеті шығарма жанрына сай келген. Әсіресе, Хлестаковқа ақша берер түста үрейден, қорқыныш пен үміттен туындаған аянышты хал актердің бет-жүзінде қатар көрінеді. Негізі-нен Гоголь комедиясындағы эрбір кейіпкер — сол дэуірдің айнасы, яғни сол кезеңнің қоғамдық сипатын ашып беретін жиынтық бей-нелер. Х.Байырманов сол негізде еңбек еткен. Ленинградтан кел-ген профессордың: «Байырмановтың Хлопов ролін орындаудағы еңбегі өте зор пьесаға қосылған жаңалық», — деген сөзі актер ойы-нына берілген эділ баға болды.
Сондай-ақ, К.Треневтің «Любовь Яроваясында» Чир, түркімен пьесасы «Менің Гюзелімде» Баба-аға, И.О.Дунаевскийдің «Еркін жел» музыкалық комедиясында Стан, К.Симоновтың «Прагадағы талшынның саясында» («Под каштанами Праги») пьесасында екі көзі жоқ партизан Жокиш, А.Н.Островскийдің «Жарлылық үят емесінде» Любим Торцов, кейін Коршунов, В.Киршонның «Астық» пьесасында аудан қызметкері Громов, Мольердің «Скапеннің ай-ласында» Жеронт, татар драматургы М.Әмірдің Отан соғысы тақырыбына арналған «Өмір жырында» колхоз бастығы Закир әбзи, т.б.
Үлттық драматургияның өзіндік бояуын түрлендіріп жіберетін Хасен Байырманов Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері — Ақтоқты» траге-диясында Қоңқай бейнесін эжуа-мысқылмен көрсетпей, керісін-ше салмақты мүсінге айналдырған. Актердің сахналық қимыл-әрекеті жалғандықтан ада шынайылыққа толы шыққан. Қоңқай -Байырмановтың эрбір қуанышты сэті де, ойға берілу кезі де психологиялық ой жүйесінен туындайды. Негізінен Қоңқай — еш-кімге қастығы жоқ, қиянат жасауды білмейтін кейіпкер. Бірақ жі-герсіздігінен қатыгез Науанның ықпалына көнген ол жалғыз қызы Ақтоқтыны Ақанға деген сүйіспеншілігін біле түрып амалсыз Жалмүқанға бермекші. Айналасында болып жатқан элеуметтік жағдайлардың ақ-қарасын ажыратып жатуға ой-өресі жетпегендік-тен Науанның эрбір сөзі оған дүрыс эрі заңды көрінеді. Қоңқайдың той үстінде іштей қуануы да сондықтан. Бай жермен қүда болу ол үшін үлкен мэртебе тэрізді. Актер осындай шығарма оқиғасына сай бірде толқу, бірде абыржу үстінде көрінетін кейіпкер характерінің ішкі жан-дүниесін түсінген.
Жас кезінде Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» тра-гедиясындағы басты қаһарман Қозыны ойнаған актерге кейін оған қарама-қарсы Қарабайды сомдау үлкен ізденісті, қажырлы еңбек-ті қажет етті. Адам жанын, психологиясын жан-жақты зерттеу нэтижесінде Х.Байырманов Қарабай бейнесімен сахнада он бес жыл бірге өмір сүрді. Жылдан жылға кейіпкер характерінің түрлі қырларын ашқан ол Қарабайдың сараңдығына күдікшіл, үрейшіл, сезіктенгіш, қатыгез, қулық, зүлымдық тэрізді адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді қосып отырады. Қасындағы жалғыз дос санайтын Жантыққа да сенбеу Қарабай — Байырмановтың негізгі үстанған принципіне айналған. Қарабай Қодарға эрі қызына берер қалың малы жоқ Қозыдан қүтқарар деген ниетпен, эрі өзі рахатын көрмеген малына тағы да қосылар байлықтың көзі деген оймен арқа сүйейді. Әрбір қадамын күдікпен басатын Қарабай Х.Байырманов ойынында зүлымдықтың шырқау биігіне жеткен.
Хасен Байырманов Семей театры сахнасында еңбек еткен елу жылда екі жүзден аса кейіпкермен танысып, екі жүзден аса тагдыр-ды көрерменмен табыстырды. Осындай қиындығымен қызығы қа-тар жүретін шығармашылық жолда еңбегі бағаланған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі» (1944), «Қүрмет Белгісі» орденінің иегері Хасен Байырманов — қазақ сахна өнерінің хас ше-бері. Ол — энші домбырашы. Халық эндерін, музыка өнерін ерекше бір шабытпен орындайтын ол А.В.Затаевичтің қазақтың көптеген эндерін нотаға түсіруіне ықпал еткен. Х.Байырмановтың реперту-арында белгілі суырып салма әнші-композитор Иса Байзақовтың желдірмелері, Естайдың «Бір мысқал», «Жай қоңыр», «Майда қоңыр» тәрізді көптеген эндер болды.
Осындай халық мэдениеті мен руханиятын арттыруға мол ең-бек сіңірген Хасен Байырманов — Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры сахнасында өзінің жан-жақты ізденісінің нэтижесінде өнері жанған түлға, үлт мақтанышы болып мэңгі есте қала бермек.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!