Қазақша реферат: Халықаралық туризмді дамытудың болашағы |

0






Әлемдік туристік сектордың дамуын зерттеу факторлардың екі тобымен байланысты:
1) экзогенді айнымалылар, оған демографиялық, әлеуметтік, саяси және экологиялық трендтер, сауда, технологиялар, көлік жатады.
2) трендтер, олар туризммен тікелей байланысты және сұранысты, ұсынысты және бөлістіруді сипаттайды.
Әлеуметтік-демографиялық трендтер
Әлеуметтік-демографиялық трендтер жақын арадағы 15 жылдың ішіндегі туристік сұранысты анықтайды. Соғыстан кейінгі кездегі туу көрсеткіштерінің ұлғаюы қазіргі кездегі жас адамдар санының көбеюіне әкелді, бұл туризмнің дамуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Одан басқа, әлеуметтік факторлардың өзгерісін есепке алу керек, мысалы, кеш некелер санының көбеюі, жанұялардағы балалар санының азаюы немесе үлкен жаста бала туу үрдісі байқалады.
Дамушы елдер адамдарының бірқатары индустриялық мемлекеттерде жұмыс істейді, бұл өмір салтының конвергациясына әкеледі. Саяси аспект. 1980 және 1990 жылдары орын алған әлемнің саяси картасының өзгеруі туризмнің дамуына елеулі эсерін тигізді. Шека-ралардың ашылуы мен ТМД жэне Шығыс Еуропа елдерінің нарықтық экономикаға көшуі осы елдерден туристердің Батысқа ағылуының көбеюіне экелді. Өз кезегінде, Шығыс Еуропаның көптеген елдері, мысалы Венгрия мен Чехия қонақтарды қабылдау бойынша жетекші орындарда болды.
Ішкі шектеулерсіз, тауарлардың еркін жылжуымен, салық саясатын сэйкестендірумен жэне көлікті реттеуді тоқтату мен Еуропа одағын құру жер шарының осы аумағындағы туризмнің қарқындырақ дамуына қолайлы жағдайлар жасайды. Технологиялық аспект
Жаһандану — халықаралық туризм индустриясының негізгі трендтерінің бірі, ірі компаниялардың нарықтағы үлесінің жэне оның қолындағы ықпалының шоғырлануымен бірге жүреді. Бүл компаниялар заманауи маркетинг сызбаларын жэне халықаралық еңбек нарығына қол жеткізу мүмкіндіктерін пайдалана оты-рып, үлкен масштабтан үнемдейді, эр түрлі нарықтар арасында тэуекелді бөлістіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңа тех-нологияларды белсенді түрде қолданудан үтады.
Брондаудың компьютерлік жүйесі (БКЖ) туризм иңдустрия-сындағы қүрылымдық қайта қүруды іске асырды. 1960 жылдардың басында ол АҚШ авиациясында қолданылды. Кейін олардың тер-миналдарын турагенттіктерге орната отырып, туроператорлар қолдана бастады. БКЖ-ден жаһандық бөлістіру жүйесі (ЖБЖ) туындады, ол 1980 жылдан бастап сатылас та, деңгейлес те тез кеңейді. Тікелей интеграцияға туристік өнімдердің кең көле-мі тиесілі: жатын, сауық, көлік қүралдарын жалдау шығындары. ЖБЖ болашағы зор, өйткені ол өз кезегінде интеграцияланған туристік өнімді бөлістіру үшін ұйымдық негізін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық технологиялар жүйесі макродеңгейде туристік өнімдерді өндіру жэне оларды бөлістіруге мүмкіндік береді. Микродеңгейде алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу фир-маны тиімді жэне оперативті басқара білуге эсер етеді. Мысалы, аталған жүйе қонақүй шаруашылығында эр түрлі функциялар-ды орындайды: энергиямен жабдықтау жүйелерін қарапайьш-дандырады; брондау жэне клиенттермен есеп айырысу функцияла-рын атқарады; мэліметтер базасын қүруда маркетингтік қызметке қолдау көрсетеді; тамақ өнімдері мен ішімдіктер өндірісінде қоймаға орналастыру жэне тапсырыс пен есеп айырысуларды басқаруды іске асырады.
Компьютерлік қызмет көрсету өз клиенттеріне кеңес беру-лер жүргізіп үлгерген турагенттіктер алдында жаңа мүмкіндіктер ашады, себебі жаңа түрлер турагенттіктері жеке саяхаттар қор-жындарын қүру үшін ақпараттық жүйелер қолдана отырып, тек сатумен ғана емес, сонымен бірге кеңес берумен де айналысатын болады. Жанар-жағар майға бағаның жылына 6%-дан 8%-ға дейін өсуі жағдайынан шығудың жалғыз жолы эуе компаниялары жұмысыныңтиімділігін жэне ондағы еңбек өнімділігін жоғарылату болып табылады.
Мамандардың пайымдауынша, XXI ғасырдың басында туристік өнім шығару барысында көліктің жер үсті түрлеріне, эсіресе теміржол жэне автомобиль көліктері қолданысын көбей-туге басты назар аударылатын.болады. Мұнда жедел теміржол желілерінің ары қарай технологиялық дамуы жэне олардың экологиялық артықшылықтары маңызды рөл ойнайтын болады. Егер жедел автомагистральдардың белсенді қүрылысын жэне қоршаған ортаға қауіпсіз жылжу қүралдары ескерілетін болса, ав-томобиль көлігінің болашағы туралы осылай деп айтуға болады.
Экологияльщ аспект
Экологиялық мәселелердің өзектілігі болашақта қазіргі күнге қарағанда адамдарды қаттырақ толғандыратын болады. Қоршаған ортаның адам қызметінің нэтижелеріне сезімталдылығының жоғарылауы табиғи ресурстарды сақтау мен қорғауды күшейгуге ынталандырады. Кейінгі онжылдықта нарық туристік өнімдердің анағүрлым «жүмсақ» түрлерімен, қоршаған ортаны, дэл айтқанда экотуризммен, эсіресе орманды алқаптардағы флора мен фауна-ны зерттеуге бағытталған түрімен толыға түсетін болады. Бірақ өнімнің бүл түрінің дамуы екі себепке байланысты шектелуі мүмкін. Біріншіден, өнім нарықтың онша көп бөлігін жаулай ал-майды, өйткені ол өте қымбат жэне таңдаулы болып кетуі мүмкін. Екіншіден, экотуризм өніміне сүраныс басқа өнімдерге қарағанда жоғары болып, оларды түтынатын туристер санының өсуі бүкіл экожүйені қүрту жағдайын туындатуы мүмкін.
Дегенмен, бүл өнімнің өзінің имиджін өзгерткісі келетін елдер үшін маңызы артып келеді. 1991 жылы Канар аралдарында өткен ЮНВТО конференциясында экотуризм нақты арнайы экс-перименттермен шектелмей, туризмді дамытудың басты факторы болуы тиіс екендігі атап көрсетілген болатын.
Екінші жағынан, жақын арадағы болашақта уақытша пай-да алу түрғысындағы шектелген көзқарас орнына үзақ мерзімді экологиялық стратегия жағына өзгерістер болуы мүмкін. Егер бүрын қонақүй ғимараттарының қүрылысына ден салына оты-рып, соның нәтижесінде қоршаған ортаға зиян келтірілген болса, онда алдыңғы кезеңде жаңарту мен реконструкциялау бағдар-ламаларына назар аударылатын болады. Мысалы, Швейцарияда 2015 жылға дейін қолданыстағы отельдердің 40%-ын жаңарту қарастырылған.
Мамандардың ойынша, туризмнің дамуымен бірге «жаңа» турист те пайда болады. Бүл теңізде немесе тауда демалыс өткізуді қарастыратын жанүялық туризмнің дэстүрлі түрі уақыт өте келе туризмнің жаңа түрлеріне, оның ішінде: экотуризмге, танымдық туризмге орын беретіндігін білдіреді.
1990 жылдардың туристік нарығы экономиканың басқа салаларының даму үрдісін қуалай отырып, сатушылар нарығынан сатып алушылар нарығы болып өзгерді. Бұл компанияның туристік өнімін өндіруде түтынушы талғамдарына аса назар аудару қажеттігін білдіреді. Егер бүрын турөнімдер негізінен арнайы мамандандырылмаған бірегей сипаттамаларымен жаппай туризмге арналған болса, онда қазір жэне болашақта туристік өнім тек әртараптанған ғана емес, саяхатшылардың жыл бойы қысқа мерзімді, бірақ бірнеше реттік сапарларына бағытталған туристік сүраныс үрдісін сай болуы қажет. Осы мақсаттарда көптеген елдерде туристерді тарту үшін жаңа түжырымдамалар қалыптастырылуда. Бүл жерде ішкі және халықаралық туризмнің туристік өнімі ретіндегі тақырыптық демалыс саябақтарын қолданудың маңызы зор. Мысалы, әлемдегі барлық Дисней-ленд саябақтарының (АҚШ-тың Калифорния және Флорида штаттарындағы, Жапония және Франциядағы) әрқайсысы жылы-на орта есеппен 1 млн қонақ қабылдайды. Қонақтардың бүл саны туристердің жалпы америкалық халықаралық ағымының 10%-ын құрайды.
Маркетологтар дәстүрлі түрде өздерінің нарықтарын анықтау үшін демографиялық жэне географиялық критерийлерін пайдаланады.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!