Қазақша реферат: Халық әндері және олардың жанрлық стильдік ерекшеліктері
Тарихи, лирикалық әндер, айтыс өнері, оның музыкалық-поэтикалық құрылымы
Халық әндері
Кез келген халықтың ғасырлар бойы жасалған мәдениеті болады. Оның бір саласы тарих болса, келесі бір арнасы — әдебиет пен өнер.
Өз кезегінде өнер де сала-салаға жіктелелі. Оларды қол өнері, сүрет онері, сәулет өнері және саз өнері дейміз.
Халкымыздың ғасырлар тереңінен жеткен саз өнері үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және аспаптық дәстүр. Зерттеушілердің анықтауынша, бұл екеуінің ерте туғаны — ән.
Ән — халық мұрасы. Халық әндері — сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, коңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар. Ең алдымен, ән — өнер. Ән — адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән — табиғат сүреттемесі. Ән – халыктың өмір айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік ән арқауына айналып отырған.
Ерте дәүірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі қазақ халқының бақсылық дәстүрінен XIX ғасырға дейін көрініс тауып келді. Ондағы бақсы әрі әнші, әрі ақын, әрі биші. Ол өзі тартып отырған кобыз сарынына қосылып ән салады, би бнлейді және аруақтарға бағыштап олең айтады. Сөйтіп бір өзі өнердің үш түрін қатар атқарады. Мұны өнердің біртұтастығы немесе синкреттік белгісі дейміз.
Уақыт өткен сайын өнер де дамып, жетіліп, жіктеліп отырған. Енді ән, би, өлең жеке-жеке өнер түрінде қалыптасады. Оның бір ғана саласымен
шұғылданатын орындаушы мамандар туады. Сөйтіп онердің әр саласы кәсіби сипатқа ие бола бастайды. Солардың бірі — ән өнері.
Әрбір дәуірдің, әрбір тарихи кезеңнің өз үні, өз әуені, өз мақамы болған. Сол сипатына қарап кез келген әннің туған кезеңін дөп басып анықтауға болады. Ән — өмір айнасы дегеніміздің мәнісі осында. Мұны әннің тарихи сипаты дейміз,
Әннің келесі бір қасиеті — әуезділігі, әсерлілігі, көркемділігі. Бұл уақыт сынынан мүдірместен өтіп, біздің заманымызға келіп жеткен халық әндерінің барлығына дерлік тән белгі. Жазба мәдениеті туа қоймаған дала жағдайында нағыз көркем, тыңдаушысына терең әсер ететін әуезді саз ғана ел аузына ілігіп, ұзақ мерзім өмір сүре алған.
Халық әндеріне тән тағы бір белгі — әннің мазмұндылығы, елдің өмірі, тұрмыс-тіршілігімен сабақтастығы. Кез келген ән белгілі бір оқиғаға құрьлады. Соған орай оның айтайын деген ой-мазмұны да болады. Сол ой терен сезім арқылы тербеліп, көркем кесте — өлең түрінде сыртқа шығып отырған. Мүны әннің поэзиялык арқауы немесе әдеби сипаты дейміз.
Осы үш белгі жоқ жерде оны ән жанрына жатқызу қиын. Уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүретін ән болмайды.
Әннің осы аталған үш сипатына орай тарихшы, ақын және сазгер қызметіне де тоқтала кеткеніміз орынды. Әнді тудырудағы бұлардың қызметі қандай? Өзара ерекшелігі неде?
Тарихшы — шежіреші. Әдетте ол нақты бір оқиғаны қара сөзбсн баяндайды. Өлең кестесін, поэзия тәсілдерін қолданбайды. Сондықтан оның тілінде өлеңге тән ырғак, өлшем, ұйқас бола бермепді. Егер әлгі шежіреші баяндаған тарихи оқиғаны өлең кестесіне түсірер болсақ, оның мазмұны өзгерер ме еді? Осы мәселеге токталған жерде тарихшы мен ақынның айырмасы олардың бірі болған оқиғаны, екіншісі болуы мүмкін оқиғаны баяндауында, деп көрсетеді Аристотель. Сөйтіп поэзияның тарихи шежіреден гөрі маңызды әрі күрделі жанр екенін айтады.
Тарих жеке бір оқиғаны баяндаса, поэзия сол оқиғаны жалпылай жырға қосады. Оған ән әуенінің де қатысы зор. Демек поэзия сияқты әннің де әлеуметтік маңызы елеулі. Ән — халықтың көркем ой-санасы деген сөзіміздің мәнісі осында.
Қазақ халқының ән өнері сан-салалы. Көне дәүірлерден келіп жеткен бұл мәдениет саласын бірнеше арнаға бөлуге болады. Олар: бақсы сарыны, жыраулық дәстүр, ертегілік, тарихи және лирикалық әндер.
Ән — вокалдық жанр. Халық әндеріне тән мынадай белгілерді көрсетуге болады:
1) әннің мазмұны, яғни әдеби мәтіні.
2) әннің әуені, яғни музыкасы.
3) әннің жанрлық ерекшелігі.
Әннің алғашқы сипатына орай В.Е.Гусев: .»Песня поется, и ее содержание выражает не только слово, но и мелодия, и ритмический ее строи, песенный образ не тождествен образу стихотворному» (Эстетика фольклора.-Л.,1967, 88-б-),- деп жазған болатын. Халық әндерін біз тақпақ сазды речитативтік, тарихи және лирикалық деп білеміз. Бұл ерекшеліктер бірде әндердің музыкалық интонациялық жүиесіне қатысты болса, енді бірдс жанрлық сипатьн білдіреді.
В.Я.Пропп музыкалық шығарманың жанры оның тарихи шындықты бсйнелеу немесе көрсету дәрежесіне байланысты деген пікір айтқан. Осы тұрғыдан келгенде халық әндерін тарихи, лирикалық деп бөлуге әбден болады. Тарихн әннің ел аузында сақталған улгілері аз емес. Бізге жеткен көркем бір нұсқасы — «Елім-ай» XVIII ғасырдың бас кезіндегі жоңгар шапқыншығына байланысты туған шығарма.
Халық арасына кең таралған лирикалық әндерге келер болсақ олардың жүздеген үлгілерін атауға болады. «Қамажай», «Бипыл», «Сәулем-ай» секілді толып жатқан әндердің барлығы да лирикалық жанрға жатады. Лирикалық әндерге катысты бір ерекшелік — онда сюжеттің болмауы, оның есесіне эмоцияға негізделген сезім лирикасы, поэзиялык. параллелизмдердің басым кездесуі. Оның мәнісі, әннің бір шұмағын құрайтан алғашқы екі жол басқа, соңғы екі жол өзге ойды білдіруінде. Әннің тұтастығы осы ойлардың сабақтастығынан туады.
Халық әндерінің стильдік ерекшеліктеріне бойлай түсетін болсақ, олардың музыкалық әуені мен әдеби мәтінінің бірде сәйкес, бірде сәйкес еместігін аңғарамыз. Бұл ерекшелікті ғылым тідімен синхрондық және асихрондық деп екіге жіктейміз. Асинхрондық жүйеге негізделген әндердің музыкасы мен әдеби мәтіні әр түрлі кезеңдерде тугандықтан, олардың құрылымдық жағынан бір-біріне сәйкес келмейтіні байқалады.
Речитативтік әндер халық шығармашылығына да авторлық шығармашылыққа да тән құбылыс.
Олардың басты ерекшелігі — өлең жолының әр буынына жеке музыкалық үн-дыбыстың келіп отыруы (слогонота). Мұндағыы жеке буындар бірнеше дыбысқа созылмайды, музыкалық интонациясы бір деңгейде дамиды. Оның диапазоны-шектеулі, ннтонациялык секірістер өте сирек кездеседі.
Қазақ фольклоры аясьнда жегкен әндерге тән ладтық құрылым -диатоника. Хроматикалық жүйе речитативтік, созылмалы лирикалық әндерде мүлде кездеспейді. Музыка теориясында бірінші «гептатоника» немесе «классикалық диатоника» аталып жүрген халық ладтарының көптеген үлгілері кездесіп отырады. Тағы бір ескертеріміз, халыкқ әндеріне келгенде тональдік терминін қолдануға болмайды. Олардың ладтық негізі ғана анықталуға тиіс.
Тональдік — классикалык музыкаға тән ұғым. Ондағы дыбыс қатары міндетті түрде 8 басқыш болып келеді; кез келген октаваның тоникалық дыбысы сол шығарманың тұрақты басқышы болып табылады.
Қазақ фольклорындағы мақам (лад) — әдетте 7 кейде одан да аз басқыштан тұратын дыбыс қатарына байланысты қолданылатын атау. Одардың ладтық тұрағы -тоникасы міндетті түрде дыбыс қатарының төменгі дыбысы болып табылады.
Халық әндерінің интонациялық-диапазондық құрылымын талдағанда оларға классикалық музыкаға тән терминдерді қолдануға болмайды. Музыкалық фольклортану ғылымында халық әндерінің дыбыс қатарына байланысты мынадай терминдер қалыптасқан:
1. Трихорд (до- ми- фа; ре — ми ~ соль) ~ үш дыбыстан тұратын құрылым.
2. Тетрахорд – төрт дыбыстан тұратын құрылым.
3. Пентахорд — бес дыбыстан тұратым құрылым.
4. Гексахорд — алты дыбыстан тұратын құрьлым.
5.Гентахорд — жеті дыбыстан тұратын құрылым.
Фольклорлық шығармалар тұсында оларға
қатысты ғылыми үғым-түсініктер мен арнайы терминдерді ескеру қажет.