Қазақша реферат: Халекет Ешмұратов өмірбаяны |

0






Халекет Ешмұратов 1918 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданында дүниеге келген. Ата-анадан ерте айырылған ол Семей қаласындағы № 1 балалар үйінде тәрбиеленеді. Бала күнінен әнге, өнерге қүштар Халекет Семейдегі Тау-кен техникумында оқып жүрген кезінде көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысатын. Мұнда шынайы өнерімен, әншілік қабілетімен көпшіліктің көзіне түскен зерек жігіт 1938 жылы арнайы жолдамамен облыстық театрға ке-леді. Жалындаған жастық шағы соғыспен түспа-түс келген Х.Ешмұратов майдан даласынан жараланып келгеннен кейін өмірін халықтың мәдениетін арттыру, сахна арқылы жақсы мен жаманды таразылау принципіне арнап, Семей театрында түрлі образдың түрлі тағдырымен бетпе-бет келді.
Осы театрда еңбек еткен 55 жыл ішінде ол Жапал, Кебек, Есен, Жүніс, Айдар, Оразбай, Әлібек (М.Әуезов «Еңлік — Кебек», «Түнгі сарын», «Абай», «Айман — Шолпан»), Ақан, Қоңқай, Қозы, Төлеген (Ғ.Мүсірепов «Ақан сері — Ақтоқты», «Қозы Көрпеш — Баян сүлу», «Қыз Жібек»), Әбіш (Б.Майлин «Шүға»), Мүрат (Ә.Тәжібаев «Майра»), Доброходов (М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин»), Фархад (Н.Хикмет «Махаббат туралы аңыз»), Шпекин, Кочкарев (Гоголь «Ревизор», «Үйлену»), Сайран (Ә.Әбішев «Достық пен махаббат»), Джон Грей (Қ.Мүхамеджанов «Жат елде»), Митя (Н.Островский «Кедейлік үят емес»), Филипп (И.О.Дунаевский «Еркін жел»), Доктор (К.Гольдони «Екі мырзаға бір қызметші»), Андрейка (А.Александров «Малиновкадағы той»), Тоқтамыс батыр (М.Ибраев «Жігер»), Ақылбек (Б.Жақиев «Әке тағдыры») тәрізді басқа да тағдыры әр алуан, өмір сүрген дәуірі әртүрлі, мінез-құлқы бір-біріне ұқсамайтын 300-дей кейіпкерді сахнаға шығарды. Х.Ешмұратов сомдаған образдар көбінде ішкі жан дүниесі бай, өмірге күштар, қандай іске де ақылмен келетін оптимист жандар болатын.
М.Әуезовтің «Абай» романы бойынша жасалған сахналық жүйеде Абайдың ес білгеннен кейінгі ел ісіне араласуы, әке мен халық арасындағы даудың туындау себебін таразылай білудегі өсу жолы сұрыптап алынған. Әкесінің бүкіл Тобықты жүртының еншісін өз меншігіне айналдыру мақсатын түсінген Абай — Ешмұратов сахналық әрекетін үнемі халықпен бірге болуға, өздері өмір сүріп жатқан кезеңнің саясатын түсіну үшін сауатты болуына арнайды. Орыс тілін үйреніп, орыс халқының әдебиеті мен мәдениетінен үлгі алуды көздеген, ағартушылық жолға бірыңғай бет бүрған Абай жас та болса өзара қырқысқан, би-болыстыққа таласқан надандардың ісіне, қараңғылығына қам көңіл еді. Шығармада әке мен бала арасындағы тартыстың әлеуметтік мәні зор. Мұндағы драмалық оқиғалар Абай мен Құнанбай, Сүйіндік, Қаратай, Тәкежандар және Абай мен халық желісінен өрбиді. Ірі шонжарлармен ашық айқаста Абайға сүйеу болар халқы ғана. Кейіпкерінің табиғатынан зеректігін, сабырлылығын, бала болса да терең ойлана алатынын беруде Х.Ешмұратов Қүнанбайдың әрбір теріс әрекеті (Қодар мен Қамқаны өлтіру, жерді өз иелігінде үстау, т.б.) мен астарлы сөзде-рін үғынуды мақсат тұтыпты. Абай — Ешмұратов әлсізден алып жатқан жердің өз иесі барлығын, оның кімдер екенін біліп-сезіп, әкесі жүмсаған жерлерде үнемі әділдікті ғана көздеп отырады. Бір ұлттың рухани көсеміне айналған Абайдың бала кезден-ақ жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата білуіне ішкі терең түсінікпен келу керек. Мүны сезінген Х.Ешмұратовтың Абай әлемін зерттегені байқалады. Ол әжесі Зере мен анасы Ұлжанның ақыл сөздерін тыңдап, жадына сіңіріп өскен бозбала Абайдың даналыққа қарай басталған қадамын, өзіндік болмысын ұққан. Осы спектакльде Базаралының да бейнесін сомдаған Х.Ешмұратовтың актерлік шеберлігі күрделі екі рольді қатар алып жүруінде анық көрінді.
Ал, М.Әуезовтің «Абай» драмасындағы Абайдың шәкірті Айдар Х.Ешмұратов ойынында ақын жанын түсінген, Ажарға шы-найы ғашық болып шыққан. Актер кейіпкер бойындағы барлық қасиетті өз бойына сіңіруде көп ізденіпті. Әр сөзі мен әрекетінде қызуқандылық танытып отыратын Айдар — Ешмұратов алдағы күнге үмітпен қарайды. Актер ақынжанды жігіт талантының жарқырап көрінуіне, халыққа танылуына Абайдың көмегі мен қамқорлығының себепші болғанын негізгі нысана етіп, сахналық әрекетін сол мақсатта өрбітіп отырады. Айдардың өзі арқа сүйеген данышпанды аса қүрметтеп, оның өлеңдеріндегі гуманистік идеяны, философияны түсіне білгендігін Х.Ешмұратов қызу әрекетімен, дауыс толқынымен аңғартып отырған.
Осы драманың көп жылдардан кейінгі қойылымында азулы Оразбай бейнесін шебер жеткізуі актердің мол сахналық тәжірибесінің нәтижесі болатын. Сонымен қатар Абай әлемін және оның төңірегіндегі болып жатқан оқиға-тартыстың туындау, тереңдеу процесін жіті сезінгендігінен деуге болады. Мұнда әсіресе, Айдар мен Ажарды өлімнен қүтқару сахнасында Оразбайдың Абайға «…өзің де әлі қүтылған жоқсың!» деген астарлы сөзін ерекше екпін бере жеткізеді. Актер мұның жәй сөз еместігін, қарсыласы Абайдың басына төнген дауылдай әсер етерін алдын ала болжай білген.
Әрбір кейіпкерінің өзіндік орны, өзіндік үні, айтар ойы бар ұлттық классикалық шығармаларда роль орындау әрбір суреткер үшін үлкен сын әрі жауапкершілік жүктейтін іс екені белгілі. Мұндай қойылымдарға ерекше дайындықпен келетін Х.Ешмұратов сах-наға шыққан алғашқы жылдары М.Әуезовтің «Еңлік — Кебек» тра-гедиясындағы Жапалдың аңғал, бала мінезін өзіндік штрихтармен берсе, кейіннен Есен батырдың ғашықтықтан туындаған қыз-ғанышын, бір жағынан қыз алдында қысылған батырдың аңқаулығын қатар өрбітіп отырған. Осы кейіпкермен үзақ жылдар бойы сахнада бірге өмір сүрген Х.Ешмұратовқа «Еңлік — Кебектің» барлық кейіпкерлерінің характері, олардың шығармадағы өзіндік орны таныс. Жалпы актердің сахналық мол тәжірибесі трагедиядағы Абыз бейнесін ел қамқоршысына дейін көтеруіне мүмкіндік берген.
Үлттық классикалық шығармалардың ішінде махаббат сезімінің шынайылығымен, лирикалық әуезімен ерекшеленетін Ғ.Мүсі-репов пен Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» музыкалық трагедиясындағы Төлеген — Х.Ешмұратовтың жанына жақын келген кейіп-керінің бірі. Төлеген — Ешмұратовтың бойына көзсіз ғашық жігітке тән аңғалдық, жастық жалын, жарқын өмірге үмтылыс, батыл-дық, ержүректілік қасиеттер тоғысса, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері -Ақтоқты» трагедиясындағы әлдінің әміріне оңай еретін Қоңқай -Ешмұратовтың әрекеті кейбір көріністерде аяушылық тудырып оты-рады. Сахнада күлкі мен аяушылықты қатар алып жүрген актердің шынайы бейне жасауына ішкі интуициялық сезімі мен қазақ фольклорын терең зерттеудегі ізденімпаздығы негіз болған. Хазірет әмірімен қызын еріксіз Жалмүқанға ұзатуға қарсы болғанмен жігерсіз, жасқаншақ Қоңқай — Ешмұратов Ақтоқтының басына қатер төнгенде оған араша бола алмайды. Әйтсе де актер әпизодтық кейіпкер болғанмен шығармада өзіндік орны бар шалдың ішкі дүниесінің тазалығын, озбырлық пен қиянатқа қарсылығын назардан тыс қалдырмаған.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!