Қазақша реферат: Ғайни Хайруллина өмірбаяны |

0






Қазақ театрындағы алғашқы режиссер қыз Ғайни (Ғайнижамал) Хайруллақызы Хайруллина Атырау облысы, Исатай ауданында (бұрынғы Теңіз ауданы) дүниеге келген. Айтулы домбырашы әрі шежіреші Бекешов Хайрулланың табиғи таланты ән тыңдап өскен қызына дарып, өнерге қүштар болып өседі. Көп балалы отбасынан шыққан Ғайнидің «әртіс болсам» деген арманы жолындағы кедергі-тосқауылдарды (өнер жолына түсуіне әкесі қарсы болған) бүзып шығады.
Ол 1938 жылы Ленинградтағы А.Островский атындағы Театр өнері институтының (ол кезде Мемлекеттік театр училищесі болған) қазақ студиясын бітіріп, сол жылы Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрына келеді. Студент кезінде олардың сахналық өнердің қыры мен сырын меңгеруіне күш жұмсаған ұстаздары КСРО Халық артисі В.Меркурьев пен И.Мейерхольд олармен бірге келіп, Ғайнидің шығармашылық жолының кәсіби түрғыда өрлеуіне бағыт-бағдар берген еді. Театр училищесінде үздік оқыған Ғ.Хайруллина дипломдық жұмысында Ф.Шиллердің «Зүлымдық пен махаббат» пьесасындағы леди Мильфордтың және Н.Островскийдің «Кешіккен махаббатындағы» ақшақүмар кемпірдің ролдерін ойнайды. Осы екі түрлі мінез бен түрлі жастағы кейіпкерлердің характерін асқан шеберлікпен жасап шығуы оның сол кезде-ақ байқалған табиғи талантының жемісі болатын.
1938-61 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық драма театрында алғаш актриса, режиссер, одан кейін бас режиссерлік қызметтер атқара жүріп, Ғ.Хайруллина білімін одан әрі жетілдіру мақсатында 1956 жылы ГИТИС-тің режиссерлік факультетін бітіреді. 1947-49 жылдар аралығында Жамбыл облыстық драма театрында көркемдік жетекші қызметін атқарған оның бірте-бірте шығармашылық даралығы айқындалып, өнерге де, өмірге де шынайы көзқарасы, адамтану қасиеті мен адамгершілік қыры тереңдей түседі.
Осы театрларда сахналаған М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды», Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері — Ақтоқты», С.Мүқановтың «Шоқан Уалиханов», О.Бальзактың «Өгей шеше», Гогольдің «Ревизор» пьесалары — алғашқы режиссерлік қадамын классикалық спектакльдер қоюдан бастаған Ғ.Хайруллинаның түңғыштары. Бүдан басқа М.Әуезовтің «Еңлік — Кебек», «Қаракөз», «Түнгі са-рын», «Намыс гвардиясы», «Сын сағатта», Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсын, М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин», Островскийдің «Жазықсыз айыптылар», «Кешіккен махаббат», Ә.Әбішевтің «Отан үшін», Л. Леоновтың «Шабуыл», К.Гольдонидің «Екі мырзага бір қызметші», Ф.Шиллердің «Зүлымдық пен махаббат», т.б. қойып, өзі Қарлыға, Айман, Назым, Жүзтайлақ (М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды», «Айман — Шолпан», «Сын сағатта», «Түнгі сарын»), Шаблова, Кручинина (Островский «Кешіккен махаббат», «Жазықсыз айыптылар»), леди Мильфорд (Шиллер «Зұлымдық пен махаббат») бейнелерін сомдайды. Көбіне орындайтын кейіпкерлерінің драмалық бояуын, мінездердің қарама-қайшылығын баса көрсетуге ұмтылу — оның актерлік өнеріне тән қасиет.
Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрында ол А.Ордабаевпен бірге С.Мүқановтың «Шоқан Уалиханов» пьесасын сахналайды. Мүнда орыс-қазақ үлттарының достық қарым-қатынасы алдыңғы планға шыққан. Қазақ халқының ағартушы-ғалымы Шоқан екі ел арасындағы рухани көпір тәрізді. Ол (Қасымхан Шанин) шығармада көркемдік деңгейге көтеріліп, қарапайым орыс қызы Екатерина, Батыс Сібір әскери губернаторы тәрізді айналасын қоршаған орыс үлтының сахналық-көркемдік түлғалары спектакльге сол кезеңнің атмосферасын берген. Сонымен қатар мүнда режиссерлердің кейіпкерлер костюміне, грим-бояуға мән беріп, үлттық ерекшелікті сақтауға күш салғаны байқалады.
1942 жылдан бері театрда атқарған бас режиссерлік қызмет Ғ.Хайруллинаға бүрынғыдан да күрделі жауапкершілік жүктейді. Енді ол актерлердің индивидуалды ізденісіне, кейіпкерлердің көркемдік бейнесінің ойдағыдай шығуына күш салады. Өзі қойған спектакльде өзі ойнауы — біріншіден Ғ.Хайруллинаның актерлік шеберлігін көрсетсе, екіншіден көркем дүние жасауда өзіндік ой-қиялын түтас сахнаға дарытудан туындаған ой болса керек. Со-ның бірі — М.Әуезовтің «Сын сағатта» спектаклінде майданда ауыр жараланған күйеуіне операция жасап түрған хирург-врач Назымның сол сәттегі ішкі арпалысын сыртқа сездірмеуге тырыс-қан Ғ.Хайруллина ойыны сәтті шыққан. Өте ауыр жараланған күйеуі сол операция столында өліп кеткенде де Назымның дәрігерлік іскерлігі, күйініші мен өзін-өзі іштей сабырға шақыруы режиссер-актрисаның бетжүзінде, ақылмен жасалатын іс-әрекетінде анық көрінеді. Ұлы Отан соғысының соңғы жылдарында жазылған М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобылданды» — соғыс аяқталған соң барлық об-лыстық театрларда қойылған шығарма. Соның ішінде Ғ.Хайруллинаның қойылым идеясын фольклорлық-әпостық бағытта қарас-тырып, ұлттық нақышта сипаттауы нәтижесінде Шымкент театры көркемдік табысқа жетті. Батырлық пен махаббатқа ерекше мән беру нәтижесінде Қобыланды мен Қүртқа бейнелері романтикалық қаһармандар ретінде көрінген.
Ғ.Хайруллина 1961-64 жылдар аралығында Қазақтың Мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының бас режиссері қызметін атқарады. Бұл театрдың сахнасында С.Мүқановтың «Мөлдір махаббат», Ш.Қиямовтың «Жүрекке жүрек тіл қатар», А.Брунштейннің «Том атайдың лашығы», Х.Хакимзаде-Ниязидің «Бай мен батрақ», Ә.Тәжібаевтың «Жомарттың кілемі», Р.Ғамзатовтың «Тау қызы» пьесаларын қойып, өзінің режиссер-лік қолтаңбасын балаларға арналған шығармаларда да қалдырды. Әсіресе, Том атайдың қүлшылықта өткен күрделі өмір жолы жас көрермендердің жақсылық пен жамандықтың ара салмағын ажы-ратуына ықпал болғаны рас.
Ғ.Хайруллина С.Мүқановтың «Мөлдір махаббат» романын сахналауда (инсценировка авторы А.Ысмайылов) қойылым шешімін тарихи шындыққа негіздеген. Романдағы кеңестік идеологияның теріс ұғым-түсініктері бүгінгі оқырман үшін анық байқалады. Мүнда «Алашордашылар — жау, қызыл әскер — дос» деген үлтқа қарсы пікір қалыптасқан. Автор да, режиссер де осы бір соқыр сая-сатты сол күйінде қабылдауға мәжбүр болған жастардың көркемдік бейнесін Бүркіт арқылы көрсетті. Инсценировкада әр кейіпкеріне жеке-дара мінездеме беру, романдағы оқиғалар мен дәуір тынысын сахнада шынайы көрсету — режиссерлік тың шешімдерді, тапқырлықты талап ететін мәселелер. Өйткені оған прозадағы барлық кейіпкерлер мен оқиғалар түгел негіз бола алмауы мүмкін. Бүкіл бір дәуір келбетін бедерлеген романнан шағын дүние жасап, сахнаға лайықтап алу өте қиын шаруа. Осы негізде Атакелді Ысмайылов пен Ғайни Хайруллинаның шығармашылық тәжірибесі шынайы көркем дүние жасауға кепіл болды.
Режиссер шымылдық ашылғаннан-ақ қазақ даласында болып өткен 1916 жылғы оқиғадан хабардар етеді. Бір отбасындағы өзара түсініспеушілік, әртүрлі ой-пікірдегі адамдардың әрекеті трагедияға әкеп соққан. Бүркіттің әкесі Әбутәліп өз анасының ақылын тыңдамай, қатыгездікпен Нүржанды өлтіреді. Одан кейінгі арада көп жылдар өткен көріністерде Бүркіттің Бәтеспен махаб-бат шырғалаңы, досы Қайрақбаймен жарасымды әзіл-қалжыңы спектакльге лирикалық сипат берген. Режиссер Ғ.Хайруллина Нүрғиса Тілендиевтің сазды музыкасын шығарма тақырыбына сай жастардың мөлдір махаббатын қоюлатыпты. Жалпы «Мөлдір ма-хаббатта» тарихи оқиға, махаббат, драмалық қақтығыс көркемдік түрғыда жүйеленіп, кейіпкерлер характері сол дәуір сипатынан өрбіген.
Ғ.Хайруллина 1964 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы Мемлекеттік өнер институтында (қазіргі Қүрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы) үстаздық қызмет атқарған. 1958 жылы «Қазақ ССР-нің Халық әртісі» атағы беріліп, «Қүрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталуы оның шы-ғармашылықтың ізденісі мен ерен еңбегінің жемісі еді. Небәрі 53 жылдық ғүмырында қазақ театр өнеріне еңбегі сіңген режиссер «Мені өсірген коллектив» деп, шығармашылық үжымның өрлеп, өркендеуін басты міндетке санады. Коллективтің режиссерге бер-гені көп болса, режиссердің үжымға бергені үшан-теңіз. Өзі қыз-мет еткен театрлардағы әрбір түлғаның жеке өміріне, әлеуметтік жағдайына адамгершілік түрғыда қарау Ғ.Хайруллинаның ер мі-незді болмысын аңғартатын қасиеті болатын.
Ол актриса әрі режиссер тәрізді қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандықты таңдауда қателеспепті. Өйткені — тумысынан театр өнерінің нәзік болмысын түсіне білген жан. Сондықтан біз табиғат берген дарыны мен ерен еңбегі үштасып, қазақ театр сах-насында күрделі туындыларды қаймықпай сахналаған режиссер-актриса Ғайни Хайруллинамен мақтанамыз.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!