Қазақша реферат: Ежелгі Шығыс және Антикалық философия туралы қазақша реферат

0
92

Адамға бетбұрыс Сократтың философия туралы ілімдері .

Ерте грек философияның жүйелік принципі (Аристотель, Платон)

Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.

1. аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі байланысы.

2. адамгершілік адамдар арасындағы қарым – қатынас.

Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі – материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол — өз алдына жеке проблема.

Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы ол брахманизмге оппозициядан басталады. Б.э.д  7 – 6 ғасырларда брахманизм ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді елінде 4 – кастаға бөлінді.

Әскери (кшатрий)

Абыздар. (брахмандар)

Басы бос қоғам мүшелері. (вайшилер)

Төменгі каста (шудралар)

Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.

Джайнизм – этикалық ілім. Оның негізгі – адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм – материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана. Джайнизмнің ұстаған тәртібі буддизмнен де қатаң.

Буддизм – біздің заманымызға дейінгі 4 – 5 ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда(б.з.д. 623 – 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар:

1.Өмір азапқа толы;

2.Ол азаптардың себебі бар

3.Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;

4.Азаптан құтылудың кезі бар.

Ежелгі Қытай философиясы біздің заманымыздан бұрын пайда болды, ол идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерваторлық және прогресшілдік, бірі – мистикалы, екіншісі – атеистік бағыттар. Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам – Конфуций (б.з.д. 551-479ж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір – тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:

Бос қиялға салынбау.

«Мен білемін» дегендіктен аулақ болу.

Қасарыстық көрсетпеу

Өзінің жеке басы жайлы ойламау.

Ол бірнеше  кітаптар құрастырды («Өлендер кітабы», «Көктем және күз» жылнамасы, « Сұқбат және пікір айту», т.б.). Конфуцийдің « Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады. Оған 1546 түсіндірме жасалған.

Мақсат – императордың билігін заңдастыру еді. Оның ұстаған жолы: әділеттік табиғатты сүю әдет – ғұрыпты сақтап, сыйлау

Мо – Цзы (б.з.б. 479-400ж) философиясы пайда болды. Ол күні бұрын белгіленетін өмір жоқ, әрбір адам тағдыры оның іс — әрекетінен, «жаппай сүйіспеншілігінен» туындайды, деді.  Біздің барлық біліміміз екі нәрсеге – сезімге (у – лу) және ойлауға (син) байланысты дейді.

Идеализм мен мистикағарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Дао – Цзы (4 – 5ғ.) ілімі дүниеге келді. Дао – мәнінде, мәнсіз, түссіз, шексіз, мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын – Көк Аспан емес, Дао. “Дао – заттардың табиғи өну, өсу, өшу, ол цзы субстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды, — деді – Бүкіл әлем сол заңға бағынады”. Лао – Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи даму процесіне араласпауы қажет.

Лао Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол керітартпа рөл атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан,  ілгері ж.руді жақтайды, дамуды қолдайды

Сөйтіп, Шығыс философиясы жағында қорытып айтқанда мына мәселелерге тоқталған жөн: алғашқы Қытай философиясы Конфуций мен Дао, данышпан бастаушысы Лао – Цзы төңірегінде топталды.

Европалық философияның дамуы ежелгі Грециямен байланысты. Антикалық философия б.з.д. 5 – 6 ғасырларда қалыптасты.  Алғашқы ойшылдардың көтерген проблемалары қоршаған ортаны, өсімдік, жер, күн, жұлдыз.

Ежелгі грек философта“жаратылыстанушылар. Грек философиясының ерекшелігі табиғат, әлем, космос мәнін бірлігін түсіну. Алғашқы грек философтарын физиктер деп атаған. Грек философиясының негізгі сұрағы. Дүниенің бастауы неде?  Егер мифологияда бұл сұрақ шешілсе (дүниені құдай жаратты) ал философтар супстанционалдық бастауы яғни дүние неден пайда болды, неге пайда болды? Деген сұраққа жауап іздеді. Грек философиясының негізін қалаушы Фалес әр түрлі заттар мен табиғат құбылыстарының мәңгі бастауы – су, сол сияқты Анаксимет дүниенің алғашқ кірпіш ауа деді. Анаксимандр апейрон туралы пікірі материяны философиялық тұрғыдан қазіргі пайымдауға жақын келеді. Апейрон шексіз деген сөз.

Грек философы Гераклит өз шығармасының “ Табиғат” туралы, дүниенің генетикалық  бастауы от деп қарастырды, ал әлем космос деп түсіні. Ерте грек философиясының дамуында өзіндік үлес қосты Элей мектебінің философтары (Парменид, Зенон, Ксенофон )

Бұл табиғаттың басты тақырыбы – болмыс. Ежелгі грек философиясының дамуына антологиялық бағыт Демокрит ілімі өзіндік із қалдырды, яғни дүниенің бастауы – атом. Грек философиясында адамға бетбүрыс бағыты Сократ есімімен байланысты. Адам проблемасы алғашқы көтерген софистер.

Қолданылған әдебиеттер тізімі;

1.   Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000.

2.   Тұрғанбаев Т. Философия. А, 2002.

3.   Ғабитов Т.Х., Құлсариева А.Т. Философия және мәдениеттану. А, 2002.

4.   Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. – Алматы, 1994.

5.   Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999.

6.   Ақназаров Х.З. Фиолософия тарихынан дәріскер курсы. – Алматы, 1992.

7.   Бейсенов Қ. Философия тарихы. – Алматы, 1992.

8.   Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.

9.   Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. М., 1993.

10.  Асмус В.Ф. Античная философия. – М., 1976.

11.  Malimetter.kz Қазақша рефераттар

12.  Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. А., 1996.

13.  Аль-Фараби. Философские трактаты .А.,1970

14.  Абай Кунанбаев. Избранное.  А.,1958.

15.  Айбеков Б. Мировоззрение Ш.Кудайбердиева. А.,1994

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!