Қазақша реферат: Ежелгi дəуiр мəдениетi |

0






Қазiргi мəдениет пен өркениет өмiрге келе салған жоқ. Ол табиғаттың да, қоғамның да,ерекше бiр құдыреттi күштiң де адамға бере салған сыйы емес. Адамдық мəдениет-мыңдаған, тiптi миллиондаған жылдар бойы оның талмас iзденiсiнiң, рухани жетiлуiнiң, əлемдегi ұтыстары мен күйзелiстерiнiң жемiсi. Бiз кiмбiз жəне қайдан келдiк ? Тарихтың сонау ертедегi бастауларында не нəрсеге ұмтылдық жəне ненi армандадық ? Қандай оқиғалар мен себептер бiздi адам дəрежесiне көтердi Адамзатта дiл, тiн ақыл-парасат қалай пайда болды Осы сияқты əлi толық жауаб жоқ жəне жауап табу мүмкiн де емес т.б. сұрақтар адамзатты ғасырлар бойы толғандыруда. Ежелгi дəуiр мəдениетi туралы айтатын тұжырымдарымыз сондықтан болжамдар мен пайымдаулар нəтижесiнде. Сонда да қазiргi ғылым адам мен мəдениеттiң қалыптасуы туралы бiрталай деректердi жинақтаған. Ең алдымен осы адамзат өмiрiнiң басталуын уақыт тұрғысынан бағалап көрейiк. Антропосоциогенетика (адам мен қоғамның пайда болуы туралы iлiм) бойынша адамзаттың қалыптасуы шамамен 3 кезеңнен тұрады.








1.Адамның биологиялық эволюциясы. Ол осыдан 20-25 миллион жылдар бұрын басталып ( дриопитик, рамапитек), 3-4 миллион жылдар бұрын аяқталды. 2.Бұдан 3-4 миллион жыл бұрын жер бетiнде, зор геофизикалық өзгерiстер болды (радиация мұздану т.б.) Ертедегi тұқым қуалу механизмдерiне мутациялық өзгерiстер енiп, адамның маймыл тəрiздес тектерi биологиялық бейiмделу шеңберiнен шыға бастады. Шығыс Африкадағы əкелi- балалы Ликилер тапқан зинанджтроптардан бастап, адамзаттың əлеуметтiк дамуыбiрте-бiрте биологиялық факторларды ығыстырды. Бұл ретте алғашқы адамға қарай бет бұрған австролопитектердiң тобылық өмiр сүруi ерекшелiктерiн, олардың қолынан шыққан еңбек құралдардын, ой арқылы жасалған жасанды заттарды, тiлдiң , қарапайым сананың, дiн мен өнердiң алғашқы түрлерiн атап өтуге болады. Мəдениеттiң қалыптасуына үлкен əсер еткен факторлардың iшiнде қарапайым адамгершiлiк принциптерiнiң маңызы зор. Мысалы,қан алмасушылыққа (инцесске) тыйым салу, некелiк қатынастарды реттеуге, оның аналық рудың пайда болуына негiзгi себеп деу керек. Сол сияқты қандастарын өлтiруге тыйым салыну, əлсiздерге көмек беру де мəдениет бастамасында жатыр. Əрине, бұл кезеңде биологиялық эволюция тоқтаған жоқ, алайда онымен қоса адамзаттың мəдени — əлеуметтiк дамуы басталды. 3.Осыдан шамамен 40 жылдай бұрын қазiргi адам- гомо спиенс (ақылды жан) қалыптасты.Сыртқы ортаға бейiмделудiң орнын мəдениет ауыстырды. Тура мағынасында алғанда, ежелгi дəуiр мəдениетi осы кезден алғашқы өркениеттер қалыптасқанға дейiнгi уақытты қамтиды (б.з.б 1У-Ш мыңжылдықтар)/ Ежелгi дəуiр мəдениетiн барлық халықөтар мен этностар өз басынан өткiздi. Тiптi ХХ ғасырда əлi тас дəуiрiнiң шеңберiнде қалып қойған адам топтарын кездестiруге болатын едi. Этнографиялық деректерге сүйене отырып, ежелгi дəуiр мəдениетiнiң кейбiр ерекшелiктерiне тоқталып өтейiк. Бiрiншiден, ғасырлар сабақтастығы адамның өз басынан айқын көрiнедi. Миллиондаған жылдар бойы биологиялық дамудың нəтижесiнде ерекше тұлға организм қалыптасты. Адамның тəн сұлулығына оның рухани сұлулығының сəулесi түсiп тұр.И.Г .Гердердiң тiлiмен айтқанда, адам барлық жануарлардың қасиеттерiн өз бойына жинақтаған ең нəзiк форма, əлемнiң тұтқасы болып табылады.

Ғасырлар биiгiнен ежелгi дəуiр мəдениетiн төмендету ақиқатқа сəйкес келмейдi. Ежелгi дəуiр мəдениетiнiң дүниетанымы – миф. Ежелгi миф-аңыздар алғашқы адамдардың тiршiлiгiнiң маңызды белгiсiндей , олардың рəмiздiк мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны əрi, игердi, əрi түсiндi. Алғашқы дiндер (анемизм, тотемизм,фетишизм) мен əфсаналарға (мифтерде) адам мен табиғаттың арасындағы бiрлiк ерекше жоғары дəрiптелдi. Егiншiлiк пен бақташылық, тiптi қолөнердiң өзi ежелгi дəуiр мəдениетiнен табиғатпен сырлас болуды талап еттi. Скиф, сақ өркениетiндегi “хайунат стилi”, қытайдың инь, ян бастамалары. Египет пен Шумердегi өлiп, қайта тiрiлген құдай туралы аңыздар табиғатпен үйлесiмдiлiкке шақыратын рəмiздер. Белгiлi мəдениет тарихшысы Эдуард Бернетт Тайлор (1812-1917) мифтердiң мынадай түрлерiн атап өтедi. 1. Философиялық немесе түсiндiрмелiк мифтер. 2. Нақтылы, бiрақ бұрмаланған дерект ерге сүйенген мифтер. 3. Тарихи жəне аңыздық тұлғалар туралы мифтер.





.