Қазақша реферат: Евгений Брусиловский туралы |

0






Евгений Григорьевич Брусиловский 1905 жылы 12 қазанда Ресейдің Дондағы Ростов қаласында дүниеге келді. Революция бесігі Ленинград қаласында консерваторияны композиция бойынша М.О.Штейнбергтің класынан бітіріп шықты. Қалалық композиторлар Одағына мүше бола жүріп тісқаққан аға буын композиторлардан ауысқан спектакль, кинофильмдерге тапсырыспен музыка жазып күн көріп жүрген Е.Г.Брусиловский арада өткен екі-үш жылда қазақ халқының алғашқы «Қыз Жібек», «Жалбыр» операларын жазып оны 1936 жылы декада кезінде Мәскеудің Үлкен театры сахнасында көрсетіп, жарқырата кеудеге таққан орденімен бүкіл Одаққа танылды. Қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалады. Ізінде қалдырған мәдени мұралары: 9 опера, 4 балет, 9 симфония, 500 жуық ән-романстар. ҚКСР Әнұранының авторларының бірі. Қазақтың 1000 ән үлгісін және 500 ән-күйінің нұсқасын ауызша айтылған немесе қолма-қол тартылған дала трубадурлары-ның орындап-айтуымен нотаға түсіріп жазып алған этнограф А.В.Затаевичтің қазақ музыкасының дамуына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз болатын. Ол жинақтар қазақтың музыка мәдениетін, кең байтақ дала энін дүние жүзіне танытты. Бұл мәдени мұраларды жинақтау жүмыстары 20-шы жылдар екінші жартысы мен 30-шы жылдары музыкалық техникумның, жаңа кәсіби өнер ошақтарының (филармония, музыкалық театрлар, т.б.) ашылуына байланысты күшейе түсті. Республикада бар кәсіби музыка мамандарының деңгейі жаңа міндеттерді орындауға жетпей жатты. Сондықтан, жас та болса білімі мен біліктілігі жаңадан қойылған талаптар деңгейінен көріне білген Ленинград қаласынан арнайы композиторлық білімімен келген Е.Г.Брусиловскийдің кандидатурасы қазақ музыкасының жаңа бетін бастауға лайық түлға болды.
Жаңа орта — Алматыга келген жас композитор өзінің жұмысына сергек қарап жан-жағына көз салып, жаңа ортаның музыкалық ерекшеліктерін көкірегіне құйып, құлағына сіңіріп жатты. Этнографиялық зерттеу кабинетінде қазақтың танымал орындаушыла-рынан 250 ән-күйлерін нотаға түсіріп оны фортепианоға өңдеп дайындық жұмыстарымен бір жылдан астам уақып айналысты. Ол Қазақстандағы жұмыс істеген кейбір өзге ұлт өкілдері сияқты ыс-тық сүтті айналшықтаған мысық сияқты сүттің салқындауын күтіп, әліптің артын баққан жоқ. Келе білек сыбанып жұмысқа кірісіп кетті. «Маған қазақтың халық әніне «жан-тәніммен бойлау» керек болды, оның эстетикасын оның ойлау жүйесін, оның өркендеу принциптерін ұғыну керек еді. Бұл болашақ шығармашылық жұмыс үшін қажетті жаттығу болатын» [1, 42] А.Жұбановпен бірге істеген жұмыс Е.Г.Брусиловскийдің халық музыкасынан қор жинаған, жаңа белестерге жетуге қажетті дайындық алаңы болды. Жаңадан қабырғасы қаланған музыкалық театрға жұмысқа ауысуға «…Маған осы театрдың музыкалық жетекшісі және жаңа репертуармен шұғылданатын композитор қызметін ұсынды». Үш күн ойланып -толғанғаннан кейін «Біз келісімшартқа қол қойдық, ол бойынша мен театрдың музыкалық жетекшілігіне тағайындалдым және театрда Г.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінің» жаңа қойылымдарына арналған музыка жазуға тиісті болдым» [1, 62] — дейді композитор. Әрине, жас та болса Е.Г.Брусиловский мұндай тапсырыс алу үлкен жауапкершілік жүкейтінін сезді. Бұл міндеттің дұрыс шығуы оның атын қазақ музыка тарихына алтын әріптермен жазып ұлттық кәсіби музыкасын алғашқы жасаушылардың бірі, бірі емес бірегейі ретінде ашуға жол ашты. Жұмысқа қүлшына кірісуге жан-жақты жасалған қолайлы жағдай, басшылықтың тікелей қадағалауы, талантты өнерпаздардың бәрі композитордың жанынан табылуы көп әсер етті. Осындай қызу жұмыспен жеке бастың мәселелері екінші планға шықты. Әйелімен болған түсініспестік араларын алшақтатып та жіберді. Ол арнайы келген жұмысына беріле істеп басқа басы артық мәселелерге көңіл бөлуге уақыты болмаған да сияқты. «Бірақта мен қууға тура келетін екі қоянның ішінде театр дейтін қоян зауқымды билей бергені күмәнсіз. Қазақстанга келгендегі басты мақсатым да, асылы, осы қоян ғой» дейді [1, 82]. Шығармашылық оның барлық уақыты мен күш жігерін алды.
Алғашында бар-жоғы 11 адамнан тұратын театр оркестріне партитура жазып оны ойнатудың өзі де үлкен қиындықтарға, бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда езуге күлкі үйірер сәттерге толы болған. Операға жазылған вокалдық ансамблдерді дайындау барысында, ән орындауда өзінің домбырасымен сүйемелдеу кезін-де халықтың қошеметтеген, көтермелеулерінен басқа еш дыбыс естімейтін халық әншілері үшін қиындықтар әкелді. «Сіз Евген-горш (Е.Г.Брусиловскийдің аты, экесінің аты, автор түсініктемесі) аналарға қоя тұр деңізші. Өйткені ол маған кедергі жасайды, оның үстіне біздің эндеріміздің сөздері әр басқа. Ол айғайлап, эн айтқан кезде мен қандай сөз айтып жатқанымды өзім естімедім» [1, 167] -деп балаша аңғалдықпен шағынатын Манарбектің (Ержанов) ба-сындағы болған жәй сахнаға сол кезде келген барлық эншілерде де болды. Соған қарамастан қазақ өнерпаздарының мүмкіндікте-рін ескере отырып алғашқы труппа орындауға күші келетіндей шығарманы жасап халық игілігне айналдырды. Бірақ ол өзінің шығармашылығына сыншыл көзбен қарайды. Композитордың ойынша бүгінде бірнеше ұрпақтың сүйікті спектаклі болған «Қыз Жібекті» халық тұсаукесер қойылымда бірден жақсы қабылдаған жоқ. Құрманбек, Қанабек, Күлэш, Манарбек сынды алғашқы жүлдызды топ орындаған «Қыз Жібек» премьерасы жайлы автор «Жиналған жүрт спектакльді элдебір сенімсіздеу, әлдебір бейжай күймен көргендей болды. Тұтастай алғанда премьера сэтсіздікке ұшырады» деп ағынан жарылады. Бірақ, осылай дүниеге келге-не қарамастан бұл спектакль театр репертуарында қала отырып өзінің көрермендерін тапканын жэне халықтың сүйіп тамаша-лайтын қойылымына айналғаны композитор мен жас театрдың алғашқы үлкен жеңісі болатын. «Қыз Жібек» операсының қалай жазылып, қалай сахнада орындалғандығы жайлы кезінде көп жазылғандықтан біз бүл мақалада көп тоқталуды жөн көрмедік.
Композитор өзінің алғашқы күрделі сахналық жүмысы «Қыз Жібектен» бастап халық жыр-аңызы негізінде жазылған: опера-лар мен балеттер, симфониялар мен концерттер, оркестрлерге (симфониялық, үлттық, эстрадалық) арналған туындыларында, оркестр хор жеке әншілерге арналған кантаталарында, драмалық спектакльдер мен кинофильмдерге, камералық-аспапты ансамбль-дер мен жекеленген аспаптарға, хорлар мен жеке эншілерге эн-романстарын дүниеге экелді. Осы сан алуан музыка жанрларын жазудың пионері бола жүріп Е.Г.Брусиловский өз соңында қала-тын ізбасар шәкіртер тэрбиелеу ісіне зор жауапкершілікпен келген.
Қүрманғазы атындағы консерваторияның қабырғасы қаланған алғашқы күнінен бастап композиция кафедрасының меңгерушісі, профессоры бола жүріп өзінің ізбасар шэкірттерін тэрбиелеуге ерекше назар аударған. Қазақ кэсіби музыкасының сан-салалы жанрларға бөлініп дамуына үлттық кадрларды өз жерімізде да-йындауға қол жеткізуіміз және осы істің басы-қасында қазақ му-зыкасының формасы мен түрлерін ырғақтық, ладтық, тоналдық қүрылымын терең зерттеген, оны тэжірибеде кеңінен қолданған профессор Е.Г.Брусиловскийдің отыруы тікелей себеп болды. Қа-зақ халқының үлт кадрларын тэрбиелеп қана қоймай қазақстанда-ғы өзге үлттардың да музыкалық кадрлар мэселесін шенгуге атсалы-сып отыруы өз жемісін берді. Шэкірттері: Бақытжан Байқадамов, Евгений Бычков, Кенжебек Күмісбеков, Қүддыс Қожамяров, Нағым Меңдіғалиев, Қапан Мусин, Сыдық Мүхамеджанов, Еркеғали Рах-мадиевтар бүгінгі қазақ үлттық кэсіби музыкасының алтын қо-рына тамаша туындылар қалдырды. Олар Е.Г.Брусиловскиймен бірге жэне ол өмірден кеткесін де биіктен көрініп отырды. ¥стаз тастаған дэннің қүнарлы топыраққа түскеніне көз жеткіземіз.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!