Қазақша реферат: Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері |

0






Ет талшықтарына қозғыш ұлпалар қасиеттерінің барлығы тән. Дегенмен, қаңқа еттерінің қозғыштығы жүйке талшықтарымен салыстырғанда, төмен келеді. Оның себебі ет талшықтарында тыныштық потенциалы жүйке талшықтарымен салыстырғанда, жоғары (тиісінше, 90 мВ және — 70 мВ). Демек, әрекет потенциалы туындау үшін ет талшықтары жүйкемен салыстырғанда көп деңгейге үйексіздену керек. Бүлшық етте қозу толқыны дараланып өткізіледі, бір талшықтан қатар жатқан талшыққа берілмейді. Ет талшықтары қозуды тітіркенген жерден қос бағытта өткізеді. Қозудың таралу жылдамдығы бұлшық ет табиғатына қарай өзгеріп отырады. Ақ ет талшықтарында қозу секундына 12-15 м шапшандықпен өткізілсе, қызыл ет талшықтарында 3-4 м жылдамдықпен тарайды.

Қозғыш ұлпаларда байқалатын жалпы қасиеттермен қатар эволюциялық даму үстінде ет талшықтарының өзіне ғана тән қасиеттер қайда болған.
Қаңқа еттері серпінді құрылым. Серпінділік қасиеті белсенді және енжар жиырылғыш құрамалардың (компоненттердің) болуына байланысты. Осы құрамалар ет талшықтарында созылғыштық, оралымдық, икемділік қасиеттерін де қалыптастырады. Созылғыштық деп әртүрлі әсер ықпалымен ет талшықтарының ұзаруын айтады. Созылғыштық қасиет ет талшықтарыңың табиғатына, ет шоғырларының құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, қызыл ет талшықтары ақ талшықтардан созылғыш келеді. Талшықтары қатарласа (параллель) орналасқан еттер таранды (қауырсын тәрізді) талшықты етгермен салыстырғанда көбірек созылады. Тыныштық күйдегі бүлшық етті созғанда серпінділік қасиетіне байланысты ширығу құбылысы байқалады. Ет талшығын созған сайын, ол арта түседі. Оқшауланған еттерде серпінді кернеу байқалмайды.













.

Оралымдық деп ет талшықтарының кергіш күш әсеріне ширығумен жауап беретін қасиетін айтады. Сондықтан белгілі бір күш әсерімен қалпы бүзылған бұлшық ет сол күш әсері тиылғаннан соң бастапқы күйіне оралады. Еттің оралымдығын оған жүк іліп анықтайды. Оралымдық қасиеттің арқасында жүкті алып тастағаннан соң ет бастапқы қалпына келеді. Көп жағдайда оралымдық қасиеттің жақсы жетілмеуіне байланысты ұзақ уақыт созылған ет бастапқы қалпына толық оралмайды. Айта кетер жайт, қаңқа етінің ақ талшығы қызыл талшықтардан оралымды келеді. Икемділік — бұлшық еттің еріксіз, күшпен берілген пішінін сақтау қасиеті. Еттің икемділік қасиеті саркоплазмаға байланысты. Ал, сарколемма мен миофибриллаларға әрі оралымдық әрі икемділік қасиеттер тэн. Сыртқы деформациялаушы әрекет неғүрлым күшті әрі үзақ болса, соғұрлым икемділік күштірек байқалады. Бұлшық еттің қызыл талшықтарының икемділігі ақ талшықтармен салыстырғанда, жоғары болады.





.

Тонус деп бұлшық ет талшықтарының қуатты аз шығындай отырып, түрақты табиғи ширығу жағдайында, әлсіз кернеулі күйде болуын айтады. Тыныштық кезінде бүлшық ет тонусын мотонейрондар импульсі қамтамасыз етеді. Бүлшық ет тонусы енжар жэне белсенді болып бөлінеді. Бұлшық еттің енжар (пассивті) тонусын оның икемділік қасиеті, ал белсенді (активті) тонусын баяу нейрофункционалдық бірлестіктің асихронды әрекеті қамтамасыз етеді. Бұлшық ет тонусын қалыптастыруда проприорецепторлар мен орталық жүйке жүйесі де қатысады. Ет тонусы сырттай серпінділік түрінде бейнеленеді. Ол бүлшық еттің енжар жиырылатын қүрылымы — қызыл талшықтардың эрекетіне байланысты. Еттің қызыл талшықтарының қызмет ерекшеліктері олардың баяу жиырылып, баяу босаңсуында. Олар жиырылған кезде актин мен миозин жіпшелері арасында мықты молекула аралық байланыс пайда болады да, ет талшықтарының коллоидтық құрылымы өзгереді. Қызыл ет талшықтарының тонусы сирек туындайтын жүйке импульстерінің әсерімен сақталады. Сирек импульстер эсерімен ет талшықтары бір мезгілде қозбай, біртіндеп, кезектесе қозады. Сондықтан өте сирек тітіркендірудің өзі бүл талшықтарды ұзақ жиырылу жағдайында үстайды. Бұл импульстер жұлынның мотонейрондарынан келеді. Өз кезегінде мотонейрондар қызметі орталық жүйке жүйесінің жоғары бөліктерінде орналасқан орталықтар мен ет талшықтарының созылуы нәтижесінде қозатын бүйірлі торшалардан келетін импульстер арқылы өзгеріп отырады.

Бұлшық ет тонусы кеңістікте денені белгілі бір кейіпте ұстауда, қимыл аппаратының қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ет тонусын сақтау үшін онша көп энергия шығындалмайды, зат алмасу процесі айтарлықтай өзгермейді, сондықтан тонус жағдайындағы ет көп қажымайды.
Ет талшықтарының телімді қасиеттерінің бірі — жиырылғыштық. Жиырылғыштық деп ет талшықтарының тітіркендіргіш әсерімен өзінің үзындығы мен ширығу (кернеу) деңгейін өзгертетін қасиетін айтады. Еттің жиырылғыштық қабілетін миография әдісімен зерттейді.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!