Қазақша реферат: Елубай Өмірзақов |

0






Ұлттық театрдың негізін қалаған тума таланттардың өнері сахналық ғана емес, тұтас мәдениетіміздің дамуына ерекше ықпал еткені белгілі. Бұл құбылыс бүгінгі мәдени қауымға бейтаныс, театр айналасы болмаса, былайғы жұрт біле бермейді. Тарихта «Құдіретті топ» деген ат қойылып, айдар тағылған бұлардың ішінде Қалы-бек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Әміре Қашаубаев, Қапан Бадыровтар… ұлттық сахна өнерінің көш басында тұруымен бірге, оның келешегін халық шығармашылығы мен замана дамуы әкелген жаңа үрдіс анықтайтынын өздерінің ерекше шығармалық қызметімен дәлелдеп кеткен. Бүл қайраткерлердің қай-қайсысы болса да қалың кітаптың жүгін беймарал көтеретінінде талас бол-маса керек. Кейбіреулері жайында жөнді мақала да жазылмап-ты ау. Солардың бірі — амплуа дейтінді білмейтін, не бір күрделі пьесалардың қиын рөлдеріне салсаң да шығармалық ізденім-паздығынан, көркемдік келбетінен айнымай, қайталанбас бейне-лер жасаған Елубай Өмірзақов.
¥лттық театрдың алғашқы онжылдық, тіпті соғысқа дейінгі даму кезеңінде труппадагы актерлердің дені шетінен бесаспап-әнші, музыкашы, күлдіргіш-сықақшы, биші, көркем сөз бен тақпақ айтушы болганы мәлім. Өнердің осы аталған түрлері мен жанр-лары алғашқы актерлердің, соның ішінде Е.Өмірзақовтың бойы-нан табылды. Ұлтымыздың сахна өнерінің даму ерекшелігі мен уақыт талабынан қарағанда осы тұстардағы актер өнерінің орны ерекше болды. Ол қаршадайынан елдегі ойын-сауық пен ән-күйдің ұйытқысы болып, халық өнерінің бай мұрасын бойына молынан дарытып өскен шебер. Жұртты қыран-топан күлкіге батырып шек-сілесін қатыратын күлдіргі сықақ өлең, жанды пантомимо мен мимика, күнделікті тірліктің келеңсіз жағын әжуа-мысқылмен түйрейтін сатирамен көмкерілген сан-қилы бейнелеу тәсілдері жас Елубайдың шабытына қанат бітіріп, табиғи өнерінен тасқындап жататын-ды. Ол тамаша әншілік, суырып салма-ақындық, шығыс елдеріне тән сайқымазақ күлдіргілердің сан-қилы үлгілерін, ескі жыраудың домбыраның қоңыр үнімен айту машықтарын, елдегі салт-дәстүрлі ойындарының күлдіргі түрлерін өзімен бірге сахна-ға ала келді. Жантас (М.Әуезовтің «Түнгі сарынында», Дәркембай (роман бойынша), Рамазан (Ж.Тілепбергеновтың «Перизат-Рамазанын-да»), Әліш (Б.Майлиннің «Майданында»), сахна мен экрандағы Амангелді (Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің пьесасының негізін-де), Есіркеп (Ш.Хүсайыновтың «Кеше мен бүгінінде»), Жалмүқан (Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері — Ақтоқтысында») т.б. қазақ елінің әр кезеңде өмір кешкен кейіпкерлердің тірлік-тіршілігі, бол-мыс-бітімі актерге жастайынан таныс. Бұлардың қайталанбас бейнелерін жасау Е.Өмірзақовқа ешқандай қиындыққа түспеді. Осылардың әрқайсысының сахналық суретін бір-біріне ұқсатпай, қимыл-эрекеттері мен психологиялық толғаныстарын, сөз сап-тау тэсілдеріндегі даралықтарын ашуға ерекше көңіл бөлген. Мэселен, Жантас пен Амангелді араласатын тарихи оқиға мен драматургиялық тартыс желісі 1916 жылғы халық көтерілісі негіз болғанымен, Е.Өмірзақов сомдаған көтеріліс жетекшісі біріне-бірі үқсамайтын даралығымен танылған. Жантас саяси күрестің сы-рына элі қаныға қоймаған, жігері жалын атқан, қимыл-эрекетінде романтикалық серпін басым табанды жан.
Ал, Амангелдінің сахналық һәм экрандық бейнесінің көркемдік сипаты бөлек. Актердің пайымдауында көтеріліс көсемінің мүрат-мақсаты айқын, қимыл-әрекеті ширақ, іштен тасып шығатын күш-қуат психологиялық толғаныстарынан, саңқылдаған сөзінен, оқыс түскен көздің қиығынан, қас пен қабақтан айқын сезіледі. Бей-не жасауда актер интуициямен бірге, саналы ізденіс тәсіліне де баса көңіл бөлген. Сонымен, үлттық драматургия негізіндегі қо-йылымдардағы сомдаған сахналық бейнелері актердің көркемдік биік жетістіктері болып қалды.
Е.Өмірзақов шығармалық жолында аударма пьесалардағы ой-наған рөлдері оның шеберлік диапазонын кеңейтіп, актерлік өне-рінің профессионалдық үлгіде қалыптасуына ерекше ықпал етті. Осы қиын мақсатқа жету жолындагы орыс режиссерлерінің, әсі-ресе М.Г.Насонов пен И.Г.Боровтың шығармалық еңбегін жо-ғары бағалаған актер. Ерінбей ізденудің нәтижесінде актер Отел-лоны ойнау барысында талантты әскер басшысы — генералға тән қажырлылық, сырт сымбаттылықпен бірге, гуманизм идеясымен қаруланған жанның жан дүниесін ашу мақсатына жете түсінген.
Н.В.Гогольдің «Ревизорындағы» шағын Осип рөлі Е.Өмірза-қовтың орыс кейіпкерлерінің бейнелерін жасаудағы сахналық жетістігі. Жел айдаған қаңбақтай ұшып-қонып жүрген төресі -Хлестаковтың сүйкімсіз эркетіне іштей наразылық білдіріп, өзі-мен өзі оңашада сырласатын көрініс күлкілі болумен бірге, қара-пайым жанның өмір болмысының өзгеру сэттеріне қарай көңіл-күй арпалысын нанымды ашқан.
Е.Өмірзақовтың актерлік қызметінде бүрын-соңды өзіміздің қазақ тірілігінде мүлде кездеспеген, өмірлік ортасы да, характер ерекшелігі де бөлек кейіпкерлердің рөлдері де кездеседі. Солардың бірі — Н.Погодиннің «Ақсүйектеріндегі» Костя-капитан бейнесін жасаудағы актерлік ізденісі де қызық. Ауыр қылмыс жасап, жа-засын лагерьде өтеп жүрген қылмыскердің басқаларға үстемдік жүргізуімен атаманға айналу процесі актер ойынында нанымды суреттелген. Оның бейнесін жасау үшін актер жаза басқандардың ортасында, солар эрекет жасайтын жүрттың сапырылысып көп жиналатын вокзал, базарларда олардың тірлік-тіршілігімен, үр-лық-қарлық, зорлық жасау тэсілдеріне дейін қадағалап зертте-ген. Осындай тыңғылықты ізденістің нэтижесінде ол кейіпкердің өзіне ғана тэн қимыл-қозғалысын, маңайындағылармен сөйлесіп-араласудың сипатын қарастырып, Костя-капитанның өз ортасынан күшке сыйынған астамдылығымен бірге, ақыл, ойымен де, тіпті аккордеон тартып, эн айта алатын қабілеттілігін ашу-сахналық бейненің көп қырлылығын танытатын қүбылыс.
Кезінде пролетариат көсемі Лениннің рөлін ойнау-қандай ак-терге болса да үлкен мэртебе болатын. Орта Азия мен Қазақстанда Н.Погодиннің «Мылтықты адамындағы» Ленин бейнесін тұңғыш жасаған Е.Өмірзақовтың жанкешті ізденісі мол нэтижесін берген-ді.
Театрға жан-тэнімен берілген Е.Өмірзақов рөл таңдамайды, режиссер үсынғандарды үлкен-кіші демей барын салып ойнаған К.С.Станиславскийдің «кішкентай рөл жоқ, кішкентай актер бар» деген қанатты сөзін Елағаның кейбір шағын рөлдердің өзін өсіріп, көркемдік шоқтығын биіктетіп жіберетін тамаша ізденістері ерік-сіз еске түсіреді. У.Шекспирдің «Асауға түсауындағы» Бьянкаға ғашық болып жүргендердің бірі — синьор Гремионың ынтық эре-кетін актердің ішкі көңіл-күй сэттерімен бірге, бет элпеті мен қимыл-қозғалыс арқылы жеткізу шынайы шебердің ғана қолынан келетін күбылыс. Аяғын сылтып басатын (актер солай алған), жасы келіп қалған Гремионың қызды жүрттан бүрын көруге бар күшін салып, мойынын соза, іштей күбірлеп, ілгері үмтылуы, бір сэт сүлуға тамсанып, дүниені үмытып кетуі — бейнені ашуға табылған сипат-белгілер.
Туа актер болып жаралған Е.Өмірзақов аударма репертуарда да күлдіргілермен бірге, элеуметтік кейіпкерлердің де күрделі бей-нелерін сомдаған. Б.Чирсковтың «Жеңімпаздарындағы» генерал Пантелеев, А.Штейннің «Намыс сотындағы» профессор Городец-кий, т.б. рөлдер актер шығармалығының қомақты жемістері.
Е.Өмірзақов драмамен бірге, үлттық музыкалық театрды да үйымдастырушылардың бірі. Оның шымылдығын ашқан М.Әуе-зовтің «Айман-Шолпанының» 1934 ж. композитор И.Б.Коцыхтың өңдеуімен көптеген халық эндері мен күйлері енгізілген музыка-лық комедия нүсқасында Жарастың күлдіргі рөлін сонау 40-шы жылдарға дейін ойнап келді. Сол сияқты «Жалбыр», «Қыз Жібек» қойылымдарына қатысып, актерлік өнермен бірге, музыкалық қа-білетін де танытқан шебер. ¥зын саны 200-ге жуық сахналық бей-нелер жасаған актер өнерінің даму белестері де өзгеше. 30-шы жылдардың ортасына дейін халық өнерінің мөлдір бүлағынан су-сындап келген ол енді мүнан кейінгі жылдары сахна сырын шы-найы мэдениетті жолмен меңгеруге көшеді. Тбилисиге барып, грузин театрында бір айдай тэжірибеден өтуі, онан кейінгі біраз уақыт Мэскеу мен Санкт-Петербург шеберлерінің өнерімен таны-сып, спектакльдерін көруі, Қазақстанға келген режиссерлер мен шыгармалық жүмыстарын жандандыруы — Е.Өмірзақовтың сахна әлемін ғылыми жолмен қарастыруға түсіреді. Бұрынғы дағдыланған машықпен жарқ етіп, шарқ үру эдісінен бірте-бірте бас тартып, рөл мен пьесаның эдеби негізіне эбден қанығып барып, оймен са-ралау, психологиялық толғаныс процесіне ерекше көңіл аударған. Осындай күрделі дамудың жолынан өткен Е.Өмірзақовтың актер-лік өнері жоғары профессионалдық үлгідегі өзіндік ұлттық ерек-шеліктерімен қалыптасты.
«Алдар Көседегі» Диуана — Өмірзақовтың күлкілі эрекетіне басқа түгіл фильмнің режиссері Шэкен Айманов ағамызды күлкі қысып, кадрды бірер-рет қайта түсірген көрінеді. Бір сөзбен айт-қанда, Елағаңның түла бойы толып түрған күлкі еді. Мұндай күл-кілі күбылыстар біздің үлы актерлеріміздің табиғи талантының бір қыры деп білеміз.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!