Қазақша реферат: Дәстүрлі педагогика әдістері |

0






Дәстүрлі әдістер қатарына педагогика ғылымының бастауында тұрған әрі ежелгі зерттеушілерден бізге дейін жеткен мұраны жатқызу қабылданған. Бұл Платон мен Квинтилиани, Коменский мен Песталоцци пайдаланған әдістер, осы әдістер біздің дәуірімізге дейін жетіп, ғылым қызметіне жарап жатыр. Педагогикалық зерттеулердің дәстүрлі әдістер тобына кіретіндері: бақылау, тәжірибе мсн дерек көздерді зерттеу, мектеп құжаттарын талдау, шәкірт шығармашылығымен танысу, әңгіме — сүхбат.

Бақылау – педагогикалық тәжірибені зерттеудің аса қолайлы да оңай, көп тараған әдісі. Ғылыми бақылау – бұл зерттелуші нысанды, үдерісті немесе кұбылысты табиғи жағдайда арнайы ұйымдастырып, қабылдау. Ғылыми бакылаудың күнделікті өзіміз қолданып жүрген тұрмыстық бақлауымыздан ерекшелігі айтарлықтай. Олар: 1) міндеттері белгіленеді, нысандары ажыралады, бақылау сұлбалары түзіледі; 2) нәтижелері міндетті түрде хатталады; 3) қолға түскен деректер өңделеді.

Бақылу тиімділігін көтерудің жолы — оны ұзақ уақыт, жүйелі, жан -жақты, шынайы және ауқымды жүргізу. Бақылау әдісінің маңыздылығын, қолайлылығын, және таралымдылығын атай отырып, оның кемшіліктерін де көрсеткен орынды. Ондай кемшіліктер: 1) педагогиаклық құбылыстардың ішкі мазмұнын аша алмайды; 2) ақпараттың толық шынайлылығын қамтамасыз етпейді. Осыдан бакылау көбіне зерттеулердің бастапқы кезеңдерінде басқа әдістермен бірге қолданылады.





.

Тәжірбені зерттеу – педагогиаклық зерттеулерде ежелден қолданылып келе жатқан әдістердің бір түрі. Кең мағынада бұл әдіс тәрбиенің тарихи байланыстарын анықтауға бағытталған, оқу-үйретім, тәрбие жүйесінде калыптасқан жалпылықты, тұрақты құбылыстарды ажырата карастыруға арналған, арнайы түзілетін танымдық іс-әрекетті білдіреді. Осы әдіс көмегімен нақты мәселелерді шешудің жолдары талданады, оларды жаңа тарихи жағдайларда қолданудың байыпты шешімдері қабылданады. Сондықтан да бұл әдіс тарихи әдіс атауын алып, мұрағаттық (архивтік) әдіспен, яғни дерек көздерін зерттеу әрекеттерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Мұқият зерттеу және талдауға түсетін құндылықтар — бұл ежелгі жазу жұрнақтары, заң акттері, жобалар, айналымға түскен бұйрық-жарлықтар, есеп-баяндамалар, қаулылар, съезд және конференция материалдары және т.б. Сондай-ақ зерттеуге оқулықтар мен оқу-тәрбие бағдарламалары, жарғылар, оқу-үйретім  құралдары, сабақ кестелері — бір сөзбен айтқанда, қандай да бір мәселенің даму мәнін, бастамасы мен өрбу ізбе-ізділігін түсінуге мүмкіндік беретін барша материалдар алынады.








Тар мағынада тәжірибені зерттеу – бұл шығармашыл кызметпен айналысатын педагогикалық ұжымдардың, жекеленген мұғалімдердің озат тәжірбелерімен танысу. Өз уақытында педагогика ғылымы мен іс-кызметінде басымдыққа ие болған көзқарастарды сынға алып, шүбәсіз деген сұрақтарға жаңаша назар салып, оларды шешудің жаңалықты жолдарын ұсынған көптеген озат тәжірибешіл педагогтарды атауға болады. Солардьщ бірі 70-80 жылдары педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесіне қозғау беріп, «қиын» балаларды тәрбиелеуге орай соны әдістемелік ұсыныстары мен танымал болған Алматылық мұғалім Архимед Ысқақов. Оның оқыту және тәрбиелеу жүйесі сол заманның қалыптасқан тәлім-тәрбие жағдайларына қарсы келген көптеген педгогикалық жаңашыл тәсілдерімен әйгілі болды. А. Ысқақовтың педагогикалық жетістіктері педагогтарға ой қозғауын салып, оларды оқу-үйретім, тәрбие технологияларын жетілдіруге ынталандырды.

Тәжірибені зерттеу тиімділігі бірнеше маңызды талаптарды ұстануға байланысты. Ерекше назар үстем болған теорияларға, тұрақтанған, көзқарастарға қарама-карсы болған деректерге аударылады. Сонымен бірге оқу-үйретім және тәрбиеде жоғары нәтижеге жетудің барша нәзік қырларын аша білудің маңызы орасан. Тәжірибе талдауы неғұрылым терең әрі жан-жақты жасалса, зерттеушінің одан қолға кіргізетін құнды идеялары да мол келеді.

Ғылыми педагогикалық зерттеулар оқу-үйретім, тәрбие үдерісін сипаттаушы мектеп құжаттарының талдауынсыз жүргізілмейді. Мұндайда ақпарат көздері тізіміне-сынып   журналы,   жиналыстар   мен   отырыс   хаттамалары,   сабақ кестелері, ішкі жұмыс тәртібі ережелері, мұғалімдердің күнтізбе және дәрістік жоспарлары, конспектілер, сабақтардың сөзбе-сөз жазбалары және т.б. кіреді. Бұл құжаттардан зерттелуші құбылыстар арасындағы себеп-салдарлы тәуілділіктерді, өзара байланыстарды анықтауға көмектесетін мол да құнды шынайы деректерді алуға болады. Мектеп құжаттарын зерттеу міндетті түрде басқа әдістермен бірлікте іске асырылады.

Шәкірт шығармашылығы өнімдерін зерттеу де назарға барша пәндер бойынша үй және сынып жұмыстары, шығармалар, рефераттар, есептер, эстетикалық және техниклық өзіндік жұмыс нәтижелері алынады. Тәжірибелі зерттеушінің бұл деректерден қолға түсірері мол, себебі қағазға түскен жазу, жасалған өнім, оны орындаған адамның кім және қандай екенінен не кім боларынан нақты мәлімет береді. Бұл әдіс те басқалар сияқты мұқият жоспарлауды, әдепті қолдануды, әңгімелесу және бақылаулармен ұштастыра пайдалануды талап етеді.






.

Дәстүрлі педагогикалық әдістер қатарында әңгімелесуді де естен шығармаған абзал. Әңгімелесу, екеуара сұхбат, пікір таластар барысында адам карым-қатнастары, сезімдері мен ниеттері, бағамдары мен бағдар — бағыттары айқындалып, зерттеуге қажетті жан-жақты да ауқымды мәліметтерге қол жеткізуге болады.Әдіс ретінде педагогиаклық әңгіме-сұхбат белгілі мақсат бағдарында әріптестің ішкі жан дүниесіне еніп, оның қандай да әрекет-қылықтарының төркін себептерін ашуға мүмкіндік береді. Зерттеуге тартылғандардың адамгершілік, дүниетанымдық, саяси және басқа да көзқарастары, олардың зерттеуші белгілеген мәселеге қатнасы туралы да осы әңгімелесу жәрдемімен анықталады. Алайда, әңгіме-сұхбат өте күрделі келеді, сондықтан оған түбегейлі сенім арта беруге болмайды. Көбіне әңгіме басқа әдіс нәтижелеріне қосымша түсініктемелер мен толықтырулар алу үшін қолданылады.

Әңгіме-сұхбат сенімділігін арттыру және әр адамның өзіндік пиғылынан болатын субъективизмді кеміту үшін арнайы шаралар қолданылады. Олар: сұхбаттастың тұлғалық ерекшеліктерін айқын білу мен нақты түзілген және бірізді, үздіксіз іске асырылуы тиіс жоспардың болуы; зерттеушіні   қызықтырған   сұрақтардьщ   жан-жақты   және   көп   түрлі байаныстарына орай талқылануы; сұрақтардың   баламалы болып,   және   олардың   сұхбаттасқа   қолайлы формада ұсынылуы; сұрақ кою мен жауап беруде шарт-жағдайды (ситуацияны) ептілікпен пайдаланып, тапқырлық таныту.





.

Әңгіме-сұхбат өнеріне ұзақ та шыдамдылықпен үйрену қажет. Сұхбаттас келісімімен әңгіме мазмұны хатталуы да мүмкін. Қазіргі күндегі, техникалық құралдар мұндай істі зерттелушілерге білдірмей орындауға да мүмкіндік береді. Әңгіме-сұхбаттың және бір, бүгінгі таңда жаңаланған түрі – интервью. Бұл әдіс педагогикаға әлуеметтану ғылымынан өткен. Интервью, әдетте, көпшілік ортасында талқы түрінде жүргізіледі: зерттеуші алдын ала дайындалған сұрақтарды белгіленген тәртіпте бірінен соң бірін қойып барады. Жауаптар да күні ілгері дайындалады. Ал мұндай жауаптардың шындыққа жанасымы кемдеу болуы да ықтимал. Адам тілі, ежелгілер айтқандай, ақиқатқа ғана емес, оны жасыруға да өте қолайлы екенін ұмытпаңыз, зерттеуші.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!