Қазақша реферат: Дәрілік заттар әсерінің айқындалатын орны

0






Дәрілік заттар фармакологиялық әсерінің айқындалатын орнына байланысты жергілікті, рефлекторлы және резорбтивті деп бөлінеді. Дәрілік заттардың жергілікті әсері дегеніміз — әсер ететін заттардың жануарлар ұлпасымен жанасқан жеріндегі болатын өзгерістер. Бұлардың ішіндегі ең маңыздыларына -теріге, ас қорыту, тыныс алу, несеп жыныс мүшелерінің, көздің кілегейлі қабықтарына, жараға дәрілік заттарды жағу, сонымен бірге ұлпаларға егу аркылы алынатын әсерлер жатады.

Жергілікті реакция — дәрілік заттар мен жануарлар ұлпаларының арасыңдағы физико — химиялық, биохимиялық өзгерістердің салдарынан болады. Тітіркенген жердегі импульстар ми қыртыстарына беріліп, ондағы талдаудан кейін эфференттік жолдар арқылы, жауап ретінде шеттік жүйкелерге беріледі. Сол себепті жергілікті реакция организмнің жалпы жағдайына және жүйке жүйесінің жағдайына байланысты келеді. Мысалы, люизит кәдімгі жағдайларда ұлпаларды терең наркоздағанымен, ауырсыну сезімділігін әлсірететін заттардың әсерінен эфферентті жүйелер қызметін жойған кезде әсер етпейді. Организм реакциясының дәрілік заттарды еккен жерде ғана болмайтынын ескерген жөн. Егілген дәрілік затқа белгілі дәрежеде организм жалпы жауап береді, бірақ негізгі реакция осы ұлпалармен тығыз байланысқан рефлекторлы аймақта байқалады. Фармакологиялық заттардың рефлекторлы аймақтар арқылы әсер етуін, жанама әсердің бір түрі ретіңде рефлекторлы әсер деп атайды.








Дәрілік заттардың қанға сіңгеннен кейінгі әсері резорбтивтік әсер деп аталады. Жергілікті әсер мен резорбтивтік әсердің айтарлықтай айырмашылығы жоқ, сол себепті кейде жергілікті әсерді резорбтивтік әсерден алдыңғы әсер деп те атайды. Бірақ жергілікті әсер мен резорбтивтік әсердің фармакологиялық нәтижелігінде көптеген айырмашылықтар болады. Ол айырмашылықтар үлпалардың физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне, олардың әр түрлі мүшелермен әрекеттесу ерекшеліктеріне, орталық жүйке жүйесіне байланыстылық дәрежесіне және басқа да көптеген жағдайларға тәуелді келеді. Сол себепті, резорбтивті әсердің нәтижелілігі жергілікті әсерге қарағанда күрделі және жан — жақты болады. Көптеген дәрілік заттар тек қанға сіңгеннен кейін ғана әсер етеді (аминазин, кофеин, синестрол және т.б.) Кейбір дәрілік заттар (танин, күміс нитраты және т.б.) тек жергілікті әсер етеді, ал енді бір дәрілік заттар жергілікті де резорбтивтіде әсер етеді (темір препараттары, магний сульфаты және тағы басқалар).





.





.

Фармакодинамиканы айқындайтын дәрілік заттардың құрылымы мен қасиеті. Әсер ету ерекшеліктеріне байланысты фармакологиялық заттардың құрылымы мен қасиеті әртүрлі болып келеді. Фармакологиялық заттардың құрылымы әртүрлі — ең қарапайым хлорлы натриден бастап, ең күрделі цианкоболаминмен аяқталады. Химиялық құрылысына байланысты, олардың әсері де жан жақты келеді: барбитураттар ауырсыну сезімділігін әлсірететін болса, ауыр металл тұздары белоктарды ыдыратады және т.б. Егер заттың кұрылымы өзгерсе, оның әсері де өзгереді. Мысалы, гидрокарбонаттар сілтілерге қарағанда бір бағытта күшті, ал екінші бағытта әлсіз әсер етеді, сонымен бірге оларда әсердің жаңа түрлері пайда болады: макрофагтарды күшейтеді, қанның буферлік қасиетін арттырады және т.б.

Заттардың кұрылымы мен әсер етуіндегі өзара байланысты білу заттың фармакодинамикасын зеттеуді жеңілдетеді. Мұндай мәліметтерді білмей жаңа заттарды синтездеу мүмкін емес. Дәрілік заттардың белгілі топтарынан басқа, онда орналасқан радикалдарды білудің де маңызы өте зор. Мысалы кокаин B-және а — изомерлері түрінде болады. Мұның ішінде (3 изомерінің ғана ауырсыну сезімділігін әлсірететін әсері бар. Атропин мен гиоциамин де осы тәрізді әсер етеді. Теріс айналатын изомерлердің көпшілігі оңға айналатындарына қарағанда белсеңді келеді. Мысалы, теріс айналатын 3, 4 — диоксинэфедрин, осы препараттың оңға айналатынына қарағанда жатырға 160 есе күшті әсер етеді. Ал теріс айналатын гиоциамин, оңға айналатынына қарағанда сілекей бөлуге 40 есе кушті әсер етеді.

Жаңа дәрілік заттарды синтездегенде гормоңцар, ферменттер, медиаторлдар және басқа да физиологиялық белсенді заттар алудың маңызы өте зор. Синтездеу арқылы алынған заттар, табиғи затгарға сәйкес ұқсас келуі керек (адреналин). Заттар кұрылымынын азғана өзгертудің өзі оларға жаңа қасиет береді. Мысалы, ацетилхолиңдегі метил тобын, амин тобымен алмастыру арқылы өте төзімді карбохолинді алуға болады. Көптеген дәрілік заттардың құрылымы әртүрлі болғанымен көп жағдайларда фармакологиялық нәтижелілігі ұқсас келеді (фолликулин және синестрол). Ғалымдар дәрілік заттар әсерінің оның химиялық құрылымына байланыстьшығын зерттеуде көп еңбек етіп жүр. Бұл тұрғыда шешілмеген мәселелер әлі аз емес, бірақ шешілген мәселелерде жетікілікті. Осы уақытқа дейін көптеген алколлоидтардағы, гликозидтердегі, антибиотиктердегі және басқа да заттардағы химиялық топтардың маңызы анықталған жоқ. Дәрілік заттардың әсерінен болатын кейбір өзгерістерге әлі толық анықтама беруге мүмкіндіктер болмай отыр.