Қазақша реферат: Дамыған орта ғасырлардағы Жапония |

0






IX—X ғасырларда жекелеген адамдарға берілген мемлекеттік жерлердің сол адамдардың жеке меншігіне айналу процесі кең өріс алды. Ол жерлердегі шаруалар жекелеген феодалдардың басыбайлы шаруаларына айнала бастады. Мемлекеттік жерді жеке меншікке иемдену жердің кейбір түрлерін сатып алуға ресми түрде берілген рұқсаттың арқасында жеңілдей түсті: иесіз жерді, жаңа өңделетін жерді ақысын төлеп, жеке меншікке айналдыруға рұқсат берілген болатын. Жапон феодалдары бұл жағдайды ірі жер иеліктерін түзіп алуға пайдалана қойды. VIII ғасырдан бастап үстем таптың ішінде үш топқа бөлінушілік байқала бастайды. Бірінші топқа астаналық үлкен қызметтегі феодалдар кірсе, екінші топқа — аймақтардағы /провинция/ мемлекеттік аппаратта үлкен қызмет атқаратын феодалдар кірді. Олар астанада тағайындалатын, бірте-бірте провинцияға сіңіп кететін. Үшінші топ провинциядан ешқашан шығып көрмеген жергілікті, төменгі ақсүйектерден шыққан феодалдардан тұрды. Олар жапон феодалдарының ең төменгі тобын құрады. Біріншілері сонау VII ғасырда Сұмэраги үйінің жеңісіне үлес қосқандар болатын. Олардың ішіндегі ең ықпалдысы Накатоми əулеті болды. Бұл əулет атам заманнан бері діни басшылықпен байланысты болатын, сол себепті бүкіл елдің алдында беделі өте жоғары болатын. Бұл əулеттің басшысы Каматари VII ғасырдың ортасында үкіметтің саясатын жүзеге асырушы белсенді, елдегі ең беделді адам болды. Фудзивара деп атанған оның ұрпақтары бұл бедел мен ықпалды сақтап қалып, үкімет билігіндегі ең көрнекті қызметтерді өз қолдарында ұстады.

Астаналық ақсүйектердің материалдық базасы — жер иеленудегі артықшылықтар болды. Олар рангысы үшін, қызметі үшін жəне сіңірген еңбегі үшін берілген жерлерден табыс тауып тұрды. Сондайақ олар қазынадан да маусымдық қаржы алып отырды. Бұл əскери жеңістерді ірі жер иеліктері мен үлкен саяси қызметті алып қалуға пайдаланып отырған топ болды. Феодалдардың екінші тобы жергілікті əкімшілікте шоғырланды. Олар губернаторлар мен олардың орынбасарлары, көмекшілері болды. Алғаш бұл топ бірінші топпен тығыз байланысты болды, өйткені жергілікті əкімшілікке де сол астаналық аристократияның өкілдері тағайындалатын. Жергілікті əкімдердің күшейіп кетпеуі үшін оларды əрбір 3 жыл сайын ауыстырып отырды. Бірте-бірте жергілікті əкімдер өз орындарында көбірек отырып қала беретін болды. Тіпті өз қызметтерін əкеден балаға мұра ретінде қалдыра бастады. Провинцияларды басқару феодалдарға едəуір табыс түсіріп тұрды. Жерден түсетін табыстың белгілі бір бөлігі жергілікті əкімдердің қолында қалатын. Орталықтың бақылауы əлсіз болды. Жол қатынастарының нашарлығы бақылауды жүзеге асыруды онан сайын қиындата түсті. Мұндай қиындықтар жергілікті əкімдер жағдайын жақсартты. Олар өз иеліктерін қолынан келгенінше ұлғайтып алып жатты.

Феодалдардың үшінші тобын патша сарайындағы таластартыстан шет қалып отырған ру басшыларының тұқымдары құрады. Олар соншалықты байып кетпесе де, өздерінің бұрынғы жағдайларынан төмен түскен жоқ, бірқалыпты өмір сүріп жатты. Жер иеліктері сол күйінде сақталып қала берді. Келе-келе соңғы топ араласып кетті де, феодалдар тобы екі топтан тұрды. Бірінші тобына сарай маңындағы, орталық өкімет басындағы феодалдар жатты. Бұл топтан будда дін басылары шығып отырды. Екінші топқа провинциялардағы билігін нығайтып жатқан жергілікті феодалдар жатты. Император үйі іс жүзінде биліктен шеттетілді. 794 ж. астананы Хэйанға /қазіргі Киото/ көшіру сарайға жақын тұрған Фудзивара əулетінің жоғарғы үкімет билігін басып алу əрекеті болды. Алдымен император тек Фудзивара əулетінің қызына үйлену тəртібін енгізді. Кейін, 858 ж. фудзиваралар регенттік билікті өз қолдарына алды, ал 887 ж. бастап жоғарғы кампаку (канцлер) лауазымын иеленді. IX—XI ғасырларда фудзиваралар барлық өкімет билігін қолында ұстады. Фудзиваралар регенттік билік құрған 858—1068 жылдар аралығы Жапония тарихында сэссё жылдары деп аталды.





.

Феодалдардың барлық топтары өздерінің экономикалық позицияларын нығайтып, онан əрі кеңейтуге, жаңа жерлер басып алуға тырысты. «Жаңа жерлер» басып алу тиімді болды. Ондай жерлер салықтан босатылатын. Тіпті кейбір феодалдар өздерінің ескі иеліктерін «жаңа жер» деп жаздыруға тырысты. Провинциялық чиновниктер «жаңа жер» деп қазынаның жерінен жырымдап жер алып қалып отырды. Мемлекеттік шаруалардың үлестерін тартып алу аяқталды. Жеке адамның басына тиісті үлестерді қайта бөлу ұмыт бола бастады. Мұндай қайта бөлу əр жылда бір рет жүргізілудің орнына 50—60 жылда жүргізілді. Мемлекеттік шаруалардың жер үлесімен қамтамасыз етілуін бақылайтын чиновниктердің өздері шаруалар жерлерін сіңіріп кетіп отырды. Жердің көп бөлігінің жеке меншікке айналып отыруына байланысты қазынаға түсетін табыс азая берді.








Сонымен қатар, сарай мен орталық үкімет орындарындағы аристократияның шығындары жылдан-жылға ұлғая түсті. Астаналық, сарай маңындағы ақсүйек феодалдардың табыстары олардың талаптарына сай болмады, яғни жетпеді. Мемлекеттік жерден түсетін табыс жеке меншік поместьеден түсетін табыстан əлдеқайда аз болды. Сарай маңындағы ақсүйектер провинциялық феодалдар сияқты, жаңа жерлерді игеруге тырысты. Бірақ астанадан шығып, сарай төңірегіндегі өз ықпалынан айырылып қалудан қорыққан үкімет басындағы феодалдар жаңа жер игеру саласында табысқа жете алмады. Жаңа жерлер иемденіп жатқан феодалдар қуаттылығы күн санап өсе түсті. X—XI ғасырларда олардың иеліктері тек салықтан босатылып қойған жоқ, сондай-ақ жергілікті өкіметтің қол сұғуынан да қорғалды. Император сарайы мен астаналық аристократияның табыстары, керісінше, кеми берді. Олардың табысы тек мемлекеттік шаруалар жерінен ғана түсіп отырды. Осының салдарынан шаруаларға салынатын салық ұлғая берді. Ауыр мемлекеттік салық төлеумен қатар шаруаларды чиновниктер аяусыз қанады, əсіресе артығымен қайтарылатын қарыз шаруаларды қатты титықтатты. Губерниялық жəне уездік қамбаларда орталыққа жіберілген салықтан қалған егіннен ерекше қор жиналатын. Үкімет ол қордан мұқтаж шаруаларға қарыз беретін де, кейін артығымен қайырып алатын (30-дан 50 %-ке дейін өсіммен қайтаратын). Мемлекеттік жердегі шаруа шаруашылықтары күйзеліске ұшырады. Жұрдай болған шаруалар жерлерін тастап тауға, тоғайға лағып кете бастады. Олар отрядтар құрып, тонаушылықпен айналысты, сөйтіп, өкіметті, жергілікті əкімшілікті əбігерге салды. IX— XI ғасырлардың арасында бірнеше ірі шаруалар көтерілісі болды. Мысалы, IX ғасырдың екінші жартысында Канто ауданында шаруалар көтеріліске шықты. Қарулы көтеріліс пен мемлекеттік жерден қашудан басқа шаруалар жеке феодалдарға паналауды шығарды. Жеке феодалдарға кеткен шаруалар мемлекет тарапынан алынатын салықтардан босатылды. Жаңа қожайынға алғаш тек оброк төлейтін. Ал бара-бара барщина өтеуге де мəжбүр болатын. Мемлекеттік үлестен қашқан шаруалар отрядтар құрып, тонаушылықпен айналысты. Жергілікті поместье иелері үкімет əскерінен көмек күтпей-ақ, өз қарулы отрядтарын құрып, қарақшылармен күрес жүргізді. Олар кейде қарақшылар отрядтарын да жалдап алып отыратын.

IX—XI ғасырларда құлдар мен қарызын өтей алмаған шаруалар жағдайлары теңестірілді. Басты аралдар Кюсю, Сикоку жəне Хонсюды келімсектермен толық қоныстандырған соң жергілікті халықтарды құлға айналдыру аяқталды. Құлдар алу көзі таусылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен қолөнерінің жоғары дəрежеде дамуы бұл салаларда мардымсыз құлдар еңбегін пайдалануды қажет етпеді. Бұрынғы құлдар енді мемлекеттік жерлердегі, жеке феодалдар жерлеріндегі жетіспей жатқан шаруалар қолдарын алмастыра бастады. Құл жер үлесін алып, өзінің шаруашылығын ұйымдастырды. Жеке феодалдар иелігіндегі құлдар мен ерікті шаруалар арасындағы бөліністер /ерекшеліктер/ толық жойылды. Егер құлға бостандық тимесе, ол басқа феодалға қашып барып, сонда бостандық алатын. Олардың мұндай бір қожайыннан екінші қожайынға қашуын шектеу үшін барлық феодалдар өз құлдарына бостандық беруге мəжбүр болды. Сондықтан IX ғасырдан бастап феодалдық Жапонияда негізгі екі тап: жер иелері — феодалдар мен оларға тəуелді шаруалар таптары болды. Құлдық X ғасырдың басында ресми түрде жойылды. Жергілікті феодалдардың нығаюының белгісі — олардың өз қарулы күштерін құруы болды. Оған мемлекеттік басқару жүйесінің əлсіреуі де себеп болды. Бұл жүйе шаруалардың əскери міндеткерлігіне негізделді: шаруалардың белгілі бір проценті əскерге алынып, провинцияларда гарнизондар құрылатын. Шаруалар əскери қару-жарақтарын, киім-кешектерін өз есебінен жабдықтайтын. Тамағын да өз отбасы қамтамасыз ететін. Шаруалар əскерге барудан 122 123 қашқақтайтын. Тіпті əскерге алынбау үшін жерін де тастап кететін жағдайлар болатын.

Қашқын шаруалар отрядтарға бірігіп, тонаушылықпен де айналысты. Жергілікті поместье иелері үкімет əскерінен көмек күтпей-ақ өз қарулы отрядтарын құрып, қарақшылармен күрес жүргізді. Олар кейде қарақшылар отрядтарын да жалдап алып отыратын. Мұндай жағдайда «келісім» жасалатын. Ол отрядтың қожасына қорғануға жан-тəнін салатындығын, ал қожайын – отрядтағы жасақшыларды үй-жаймен, тамақпен қамтамасыз етуге міндеттенетін. Сөйтіп, поместьелерде қожайын мен шаруалардан басқа жасақшылар пайда бола бастады. XI—XII ғасырларда поместьелердің саны өсіп қана қойған жоқ, сондай-ақ олар нығая түсті. Ұсақ жер иелерінің жағдайы аумалытөкпелі болды. Олар ірі жер иелері мен жергілікті əкімшіліктің зорлығына қарсы тұра алмайтын. Сонымен қатар қашқын шаруалардың қарақшы отрядтары да оларды оңай тонап кете беретін. Осы жағдайларға байланысты ұсақ жер иелері кейде өз еркімен, кейде зорлықпен ірі феодалдардың қол астына көше бастады. Мұндай ұсақ жер иелері ірі жер иесі (барон, герцог, князь) — сюзереннің вассалына айналды. Сюзерен вассалын өз жасақшыларымен қорғап отыратын болды.





.

Жер иелену қатынастарындағы өзгерістер саяси өмірге де өзгерістер енгізді. XI ғасырдың ортасынан Фудзивара əулетінің билігі шайқала бастады. Қызмет орындары үшін əулет мүшелері өзара талас-тартысқа түсті. Екінші жағынан əулет пен император арасындағы қатынастар шиеленісе түсті: император Фудзивара əулетінің ықпалынан құтылуға тырысты. Бұл күресті күшейту үшін императорлар тақтан түсіп, монастырларға кете бастады. Алым-салықтан босатылған монастырлардың жер иеліктері барған сайын ұлғая берді. Бұл иеліктердегі шаруалар саны да өсті. Монастырлар өз əскери күштерін құрды. Монастырлардың экономикалық жəне саяси ықпалы күшейе берді. Монастырларға сүйене отырып, императорлар Фудзивара əулетін əлсіретті. Бұл күрес 1069 жылдан 1167 жылға дейін созылды. Ол «Инсэй» — «Экс-император-монахтар басқаруы» деп аталған кезең болды. XI—XII ғасырларда феодалдық поместьенің екі түрі пайда болды. Оның бірі — Жапонияның шығысы мен солтүстігінде, екіншісі орталық пен оңтүстік-батысында қалыптасты. Біріншісі — орталықтан қол үзген жəне айну тайпасымен тынымсыз күрес жағдайында қалыптасты. Мұнда феодалдық поместьелердің жаңа түрлері тез, қысқа мерзімде пісіп жетілді. Шығыс-солтүстікте қашқын шаруалардың көп шоғырлануы, ірі жер иеленушілердің өз жасақтарын құруы, ұсақ жер иелерінің қол астынан пана табуы өте тез қарқынмен жəне ашық түрде жүрді. Жасақшылар өз қожайындарынан жер үлесін алды. Сөйтіп, солтүстік-шығыста жаңа тап — самурайлардың қол астында ұсақ тоғайлық жер иеліктері өмірге келді. Самурайлар бір əскер басының үйінің төңірегіне топтасатын. XII ғасырға қарай солтүстік-шығыстағы мұндай үй Минамото үйі болды.

Бұл солтүстік-шығыстағы жер иеленушіліктің жаңа түріне қарсы Жапонияның оңтүстік-батысында поместьенің ескі түрі көпке дейін сақталды. Мұнда ұсақ үлестерге бөлінбеген ірі жер иеліктері сол күйінде қалды. Ірі жер иелері тек өз жерлерін ішкі Жапон теңізіндегі, Кюсю мен Сикоку жағалауларындағы теңіз қарақшыларынан қорғауға жарайтын шағын жасақшылар отрядын ұстады. Бұл жақта жасақшыларға жер үлесін тарату солтүстікке қарағанда аз орын алды. Оңтүстік-Батыс Жапонияда, əсіресе Тайра үйі зор ықпалға ие болды. Ол 1156 жылы үкімет билігін басып алып, оны 1185 жылға дейін қолында ұстады. Император атынан қимылдай отырып, олар өз қарсыластары — солтүстік-шығыс аудандарының феодалдарымен күрес жүргізді. Солтүстік-шығыс феодалдары мен оңтүстікбатыс феодалдарының күресі ықпалды екі үйдің — Тайра мен Минамото үйлерінің күресіне ұласты. Бұл күресте əскери күшке ғана емес, мықты феодалдық ұйымға арқа сүйеген Минамото үйі жеңіске жетті. 1185 жылы Данноур /қазіргі Симоносэки/ маңында тайралықтар жеңілді. Минамото үйі бұл соғыстың нəтижесін өз мүддесіне пайдаланды. 1192 жылы əскер қолбасшысы Еоритомо «Сёгун» деген атақпен мемлекеттің жоғарғы басшысы деп жарияланды. Сёгун — «сейи тайсёгун» деген сөздің қысқартылған түрі. Ол сөзбе-сөз варварларды бағындырушы ұлы қолбасшы дегенді білдіреді. Бұл атақ алғаш 794—811 жылдары Хэйаннан (қазіргі Киото) Хонсю аралының солтүстік-шығысындағы эбису халқын бағындыру үшін жіберілген əскер басшысына берілді. Іс жүзіндегі өкімет билігінің императордан Минамото əулетіне көшуінен кейін сёгун деген атақ осы əулеттің басшысы Ёоритомоға берілді.






.

Сёгунат — феодалдар диктатурасының саяси түрі болды. Оның үкіметі бакуфу деп аталды. Елдің саяси орталығы Хонсю аралының 124 125 шығысындағы Камакура қаласына көшірілді. Тайраларды жеңген соң Минамото үйінен шыққан жаңа басшыларға қарсы император мен Фудзивара үйі бастаған астаналық ақсүйектер күрес жүргізді. Бұл күресте Минамото үйі шаруалар қозғалысын өз мүддесіне сай пайдаланып қалды. 1185—1192 жылдары император мен астаналық /хэйандық/ ақ-сүйектер іс жүзінде биліктен айрылды. Бірақ император атағы сақталып қалды. Астаналық ақсүйектердің 1221 жылғы əскери бүлік арқылы билікке қайта оралу əрекеті жеңіліс тапты. Жапонияда көп уақытқа дейін Минамото əулетінен шыққан сегундар билігі орнады. Ёоримото императорды тақтан қуған жоқ. Оны Киотода қалдырып, əскери гарнизонға күзеттіріп қойды. Астана Хонсю аралының шығысындағы Камакура деген ауылға көшірілді. Сондықтан да Минамото мен Ходзё əулеттері (Ходзё Минамото Ёоритомоның қайын атасы болатын) билік құрған 1192—1333 жылдар аралығы Камакуралық сёгунат деп те аталады. Минамото жасақшылары жеңілген қарсыластарының біраз жерін тартып алып, өзара бөліске салды. Əскери комиссарлар өз үлестерін басқалардың есебінен ұлғайта түсті. Кейін олардың көбі ірі феодалдарға — даймелерге айналды.

XIII ғасырдың ортасына қарай жер иеліктерінің көп бөлігі Минамото жасақшылары мен Ходзе фамилиясына қарады. Бұлар сегунның вассалы деп есептелді. Билік негізінен осылардың қолында болды. Сөйтіп, ұсақ жер иелері — самурайлар тобы қалыптасты. Олар жерді өздерінің сюзерендерінен алған “сыйлық грамоталары” негізінде иеленді. Сонымен қатар, ұлан-ғайыр монастырлар жерлері, император сарайының жері, император резиденциясы болып қала берген Киото қаласы ақсүйектерінің жерлері сол күйінде қала берді. Үстемдік етуші феодалдар табы — əскери-поместьелік дворяндар /”буси”, “самурай”/ елдің негізгі жер қорын қолында ұстап, өзінің мемлекеттік аппаратын құрды. Дворяндардың ең сыйлы тобын гокэниндер құрды. Бұл самурайлардың жоғарғы сюзерен — сегунге вассал болып келетін тобы. Бұл Минамото үйінің билікті жеңіп алуына атсалысқан самурайлардың ұрпақтары болатын. Екінші топты сегунның тікелей вассалы емес самурайлар құрады. Бұл астаналық ақсүйектердің, монастырлардың, император сарайының иеліктеріндегі жасақшылардың ұрпақтары болды. Мемлекеттің басында сегун тұрды. Ол əскери өкімет “бакуфудың” басшысы жəне самурайлардың қолбасшысы болды. 1199 ж. Минамото Еоритомо өлген соң үкімет билігі оның қайын атасы Ходзё Токимасаның қолына көшті. 1219 ж. экс-император Готаб басқарған сарай төңкерістері болып, ол 1221 жылға дейін созылды. Бұл жылдар жапон тарихында “Сёкю”, яғни төңкеріс жылдары деп аталды. Экс-император жеңіліп, билікті қайтарып ала алмады. 1232 ж. 51 баптан тұратын заңдар жинағы қабылданды. Ол жинақ “Дзёэи сикимоку” деп аталды. Ол заңдар самурайлар тобының сот істерін шешуге арналды. 1252 ж. Ходзё өз қарсыластарын əлсірету мақсатымен Фудзиваралар үйін бес тармаққа бөлу, оларға регенттікканцлерлік атақты кезек-кезек беріп отыру туралы жарлық шығарды. Əскери-феодалдық сословие негізінен шаруалардан тұратын бонгэнің /халық/ үстінен өз билігін орнатты. Бонгэ самурайлар жерінде тұрып, ол жерді өңдеді, өз қожайындарына салық төледі, барщина өтеді. Шаруалардың бір тобы бұл салықтармен қатар, өз қожайындарының қасында жүріп, көмекші қызметін атқарды. Натуралды рентаның мөлшері түсімнің /өнімнің/ 40-тан 60-қа дейінгі проценті болды. XIII ғасырға қарай егіншілікте айтарлықтай даму байқалды. Жеке аудандар белгілі бір түрге мамандана бастады. Оңтүстік аудандарда жылына 2 рет өнім алатын болды. Бір ауданда жібек өсірсе, бір ауданда кендір, бір ауданда арпа, бидай т.б. өсірілді.

Қолөнершілік жəне сауда-өсімқорлық ұйымдар. Құқысыз халықтың құрамына шаруалармен қатар, қолөнершілер мен саудагерлер, өсімқорлар да кірді. Бірте-бірте қолөнершілер “дза” деп аталған бірлестіктер құрды. Олар XII ғасырдың басында Хэйан / Киото/ жəне Нара сияқты ірі қалаларда құрылды. Дзалар алдымен император сарайына қызмет етті, сонан кейін киотолық сарай ақсүйектері мен бай монастырлар үшін еңбек етті. Ол кезде дзалар əрі цех, əрі гильдия қызметін атқарды. Өзара қырқысулар тоқтап, Минамото сегунаты орнаған соң XIII ғасырда дзалар бүкіл елде, Камакура, Осака қалаларында, барлық провинцияларда кең тарай бастады. Кейін, XIII ғасырдың аяғында даймелердің қамқорлығымен ірі феодалдық иеліктер де құрылды. Дегенмен, XII—XIV ғасырларда ең күшті жəне ең бай дзалар монастырлар мен киотолық сарай ақсүйектерінің қамқорлығындағы дзалар болды. Дзалар өз қамқоршыларынан бұйым түрлерін шығаруға, оны сатуға құқ алып отырды. Қамқоршыларына дзалар өз бұйымдарынаң бір бөлігін салық ретінде төлеп отырды. 126 127 Астанада, провинцияларда тұрақты базарлар ашылды. Олардағы сауда мейрамдар кезінде қызу өткізіліп отырды. Алғаш сауда аптасына 1—2 рет өткізілсе, бірте-бірте күнде өткізілетін болып кетті. Саудагерлер гильдиясы накама деп аталды. Азық-түлік дайындап, сататындардың да бірлестіктері құрылды. Олар феодалдар иеліктері мен монастырларда, Киото сарайында пайда болды. Олар балық, құс, мал етін сатып отырды. Сондай-ақ бірден көп мөлшерде сататын “тоя” деген саудагерлер шықты. Олар салықтан түскен азық-түлікті ірі тұтыну орталықтарына жеткізіп, алыпсатарларға өткізіп отырды. Бұл кезге /XIII ғ./ қарай өсімқорлық капиталы едəуір дамыды. Ол самурайлардың жер иеліктерін өз қолына алуға тырысты. Моңғол шапқыншылығына қарсы күрес жағдайында сауда өсімқорлық капиталының жағдайы одан сайын нығая түсті.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!