Қазақша реферат: Білім беру жүйесін басқару ұғымы

0






Кәсіби педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жүйелерді басқару мәнін, принциптерін, мазмүнын толык білуді кажет етеді. Педагогикалық үдерісті басқару — қойылған мақсатка сәйкес шешім кабылдау, ұйымдастыру, бақьшау, баскару объектісін реттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады. Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді.








Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады. Мектепішілік басқару — тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі. Тұтас педагогикалық үдеріс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі өзара байланысты: педагогикалык талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан тұрады. Қазіргі білім беру жүйесінің дамуындағы бір ерекшелік — білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады. Білім беру жүйесін мемлекеттік баскару сипаты мынадай қағидалар принциптер жиынтығымен анықталады:
• білім берудің ізгілік сипатта болуы;
• білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптан қорғауы;
• білім берудің жалпыға бірдейлігі;
• білім берудің зиялылығы;
• білім берудегі еркіндік пен плюрализм;
• білім берудің демократиялық сипатта болуы.

Білім берудің қоғамдық сипаты бірқатар белгілермен анықталады. Мұндай белгілер қатарына мыналар жатады. Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы — мектеп кеңесі баскарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.
Мектептің жоғары жетекші органы — конференция, жылына кем дегенде бір рет шақырылып отырады. Мұнда мектеп кеңесі, оның төрағасы, іс-әрекет мерзімі анықталады және мекеме Жарғысы кабылданады. Конференциялар аралығындағы жетекші орган рөлін мектеп кеңесі атқарады.

Білім беру жүйесін басқарудың жалпы қағидалары. Кез келген іс-әрекет сияқты, басқару да бірқатар қағидаларды ұстануға негізделе отырып жүргізіледі. Басқару қағидалары басқару заңдылықтарының нақты байқалуы мен бейнеленуі болып табылады. Мектепішілік басқару мен менеджмент бойынша мамандар негізгі заңдылықгар ретінде оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқару объектілері мен субъектілері арасындағы кұрылымдық-функционалдық байланыс деңгейіне тәуелділігі, оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мазмұны мен әдістері сипатымен шарттылығын атап көрсетеді. Ю.А. Конаржевский мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары ретінде аналитикалықты, мақсаттылықты, ізгілікті, баскару демократиялығы мен мектеп жетекшілерінің әр түрлі басқару іс-әрекетіне дайындығын атап көрсетеді. Басқару заңдылықтарынан шығатын кағидалар мектеп жұмысын басқарушылар үшін негізгі қағидалар ретінде кызмет етеді. Басқарудың мүндай жалпы қағидаларына жататындар: педагогикалык жүйелерді басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру; басқарудағы жүйелілік пен түтастық; орталықтандыру мен таратуды (децентрализация) үштастыру; бірыңғай және алқалық баскару бірлігі; педагогикалық жүйелерді басқарудағы ақпараттар объективтілігі мен толықтығы.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!