Қазақша реферат: Бибігүл Төлегенова туралы |

0






Бибігүл Төлегенова — КСРО және Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, КСРО халық әртісі, қазақ ән орындаушылық мектебінің жарқын өкілі тамаша әншілік мектептің жолы мен дәстүрін жалғастырушы күміс көмей әншілеріміздің бірегейі. Ол 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Әкесі Ахмет скрипкада ойнап, анасы Майнұр қоңыр дауысымен тамылжыта ән салған ортадан өскен Бибігүл де жастайынын әнмен өсіп, тілі әнмен шықса керек. Жас қыздың үшқан үяда әнші болып қалыптасуына өскен ортада тыңдап өскен есту сезімдері ерекше әсер етеді. Әдемі қоңыр дауысымен ошақ басында, ауыр түрмыс қажытқанда сызылта отырып шырқайтын қазақ халқының «Қараторғай», «Ақ қайың», «Ертіс», «Қарлығаш», «Қамажай» т.б. әндері Бибігүлдің асыл анасынан алып қалған ән мүрасы болатын. Бүл әндер кейін кәсіби әнші болып қалыптасып үлкен концерттік сахналардан өнер көрсеткен кезде де репертуарынан түспеген тамаша туындылары болып қалды.
Еліміздің басына түскен ауыр жылдар әншінің жастық шағының еншісіне тиіп оның болашақ тағдырына да ауыр із қалдырады. Жеті жасында тағдыр тәлкегіне үшыраған әкесі «халық жауы» санатында үсталып кеткеннен кейін жас та болса үйдегі жеті баланың үлкені болғандықтан Бибігүл еңбекке ерте араласып анасының жанында сүйеніші болды. Ауыр болса да Семейдің ет комбинатында 13 жастан жұмыс істеп күн көрістің және шиттей бауырлары мен ауырушаң анасының қамын жеген жұдырықтай қара қыз төзеді. Жүмыс істей жүріп әншілігімен көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесіне айналады.
Бибігүлдің кәсіби әншілік өнер есігін ашуына сол кездері Семей қаласындағы жер ауып келген белгілі жазушы, өзінің жеке студиясын ашқан музыка пәнінің оқытушысы Галина Иосифовна Серебрякованың ықпалы өте зор болды. Кішкентай қара қыздың бойындағы талантын көре біліп оның болашағынан үлкен үміт күткен үстазы бар ақылын аямай Бибігүлді кәсіби әншілікке баулып, қанат бітірді. Жас қыз бойындағы ән айтуға деген қүштарлық, талпыныс бүл кезде жаңа сатыға көтеріліп, аз ғана уақыт ішінде ол итальян композиторы Дж.Вердидің «Риголетто» және «Травиата» операларынан Джильда мен Виолеттаның арияларын, И.Штраустың «Көктемгі әуендері» шығармаларын үйреніп жүртшылыққа кеңінен таныла бастайды. Осылай дайындықтан кейін ел аузына іліне бастаған жас әнші 1948 жылы Республикалық орындаушылар олимпиада байқауына қатысуға Алматы қаласына жолдама алады. Байқауда орындау үшін Л.Хамидидің «Қазақ вальсін», С.Туликовтің «Шаттық вальсін», И.Штраустың «Көктемгі әуендерін» дайындап олимпиадада жеңіске жетеді. Ерекше лирикоколоротуралық сопрано дауысының мөлдіреген тазалығы тәнті еткендігі соншалық, комиссия мүшесі жас композитор Бақытжан Байқадамов Бибігүлді консерваторияның дайындық курсына әншілік оқуға түсуге үгіттейді. Сол жылы ол 7 кластық білімімен Қүрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының жеке ән салу бөлімінің дайындық курсына қабылданады.
Өнердегі алғашқы жылдардан бастап Бибігүлдің кәсіби әншілікті таңдаған шығармашылық жолы сәтті бола қойған жоқ. Консерваториядағы үстазы оны түсінбей, сананы түрмыс билеген кезеңде жанүялық өмірінің қиюы қашып, әдемі де үшқыр естілетін дауысынан айырылып қалады. Кейін араға бірер жыл салып тәжірибелі ұстаз Надежда Николаевна Самышына класына ауысқаннан кейін Бибігүлдің Алматыға арқалап келген арманының шеті көрініп, қисайған көш жолы түзеле бастайды. Жоғалған дауысы берік үстаған «вокалдық диета» арқылы диапазоны шағын, орындағанда дауысқа күш салмайтын шығармалармен біртебірте өзінің бүрынғы қалпына келіп бүрынғы бояубедерін табады. Әнші дауысы кәсіби түрғыдан беки түсіп өзінің қалпына келуімен 1951 жылдан бастап Бибігүл қазақ радиосының түрақты әншісі болып жүмыс істей бастайды.
Жас әншінің кәсіби түрғыда өскендігін танытқан үлкен жеңіс консерваторияны бітіретін 1954 жылы келеді. Ленинград қаласында өткен әншілердің бүкілодақтық үлкен конференциясында консерваторияның үлкен залында ән шырқаған Бибігүл өзінің толыққанды әншілік бабына келе бастаған кезі болатын. Атақты К.Байсейітованың концерттік репертуарынан орындалған Л.Хамидидің «Бүлбүл» әнімен бірге Дж. Вердидің «Риголеттосынан» Джильданың ариясы залдағы әншілік өнерге қүлағы түрік барша қауымды дүрліктіріп, әнші вокалдық мүмкіндігін толығымен шынайы көрсете алды. Үлкен жетістік деп саналған бүл байқау орындаушының бойындағы әншілік келбетінің әралуан қырларын ашып берді. Сыңғырлаған күмістей мөлдіреп көмекейден шығар әдемі де нәзік үні, музыканы жан дүниесімен терең сезінуі, әншінің бойындағы әлі ашылмаған қырларынан хабар бергендей болды.
Консерваторияны аяқтағаннан кейін 1954 жылдан Абай атындағы академиялық опера және балет театрына әнші болып қабылданып Б.Төлегенова аз ғанауақыт жүмыс істеу бақытына ие болды. Алайда, келесі 15 жыларалығында (195671 жылдар)Қазақмемлекеттік филармониясының әншісі болып еңбек етуге бүйырыпты. Жас әнші Қүрманғазы атындағы академиялық үлт аспаптар оркестрінің шақыруымен жеке әнші болып гастрольдік сапарларға шығып, барған жерінде халқының ерекше ықласына бөленді. Академиялық халық аспаптар оркестрінің біраз жылдар бойғы жеке әншісі болып дүние жүзі мен Республиканың түкпіртүкпірін аралаған гастрольдік сапарлары әншінің орындаушылық шеберлігін үштап, халқының сүйікті әншісіне айналдырды. Әр алуан сахналарда күй талғамай жасаған еңбегі еленіп Бибігүл Төлегенова қазақтың «бүлбүл қызы» атанды. Кәсіби сахнаның «бүлбұлы» атанган атақты Күләш Байсейітовадан кейін үзақ жылдар бойы бүл атақты иеленген әнші өзінің тамаша өнерімен зал тола көрермендерін жинаған ол үлкен биктікке көтерілді. Репертуарында әншінің дауысына қүйып қойғандай қонымды қазақ халық әндерінен түратын шығармалар көп болатын. Олар халық әндері мен халық композиторларының өлмес туындылары: «Илигай», «Шилі өзен», «Гаухартас», «Жиырма бес», «Баянауыл», «Бір бидай арпа», «Жалғыз арша», «Бір бала», «Бурылтай», «Айнамкөз», «Гәкку», Қазақстан композиторлары Л.Хамидидің «Бүлбүл», «Қазақ вальсі», Е.Г.Брусиловскийдің «Қос қарлығаш», М.Төлебаевтің «Еске алу», С.Мүхамеджановтың «Көктем вальсі», «Тербеледі тың дала», Н.Тілендиевтің «Кел, еркем, Алатауыма», М.Ержановтың «Қуанамын» тағы басқа әндері ерекше сезіммен жоғары көркемдік деңгейде орындалды. Әнші өзінің берген сүхбаттарында орындайтын шығармасының түп төркініне терең үңіліп, тыңғылықты зерттеп барып тыңдарман талқысына шығару кәсіби әншіліктің деңгейін көрсетер қасиеттер деп біледі. Әрбір шығарманың өзіндік шығу тарихы, қайталанбас тағдыры болады. Сол туындының қүпия әлеміне, жүрек соғысына тереңдеп, бар болмысымен сыналай ене алған суреткердің қолында сан мыңдаған тыңдарманның ынтаықласы мен алғысқа толы қүшағы бар. Әнші қазақтың халық әнін, халық композиторларының әндерін, кәсіби қазақ және әлем композиторларының классикалық туындыларын әсем дауысымен, тереңнен шыққан жүрек сезімімен төгілте шырқап қарапайым тыңдарман мен күрделі шығарма арасын жалғастырған тамаша орындаушылардың бірі.
Әнші 1967 жылдың 6 маусымында «КСРО халық артисі» қүрметті атағына ие болды. Қазақстанның халық әртісі, КСРОның халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы, КСРОның Мемлекеттік сыйлығы, Еңбек Қызыл Ту ордені, Ленин ордені т.б. атақ пен орденнің бәрі осы үжымда жүргенде бәрі бірінен кейін бірі келіп жатты. Бибігүл Төлегенова музыка өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан ерен еңбегі үшін бүрынғы КСРО Президентінің 1991 жылғы 21 желтоқсанындағы № УП3122 жарлығымен «Социалистік Еңбек Ері» күрметті атағын иеленген ең соңғы белгілі түлғалардың бірі ретінде тарихта қалды.
Әншінің үлкен театр сахнасына деген күштарлығы түбінде үстемдік қүрып 1971 жылдан Б.Төлегенованы Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке әншісі етті. Халықтың қүлағында өзіндік бояуымен жатталып қалған әншінің үні опера сахнасынан толымды опералық партияларды орындаумен жаңа қырынан ашыла бастайды. Опера сахнасында әнші өзінің дауысына арнап жазылғандай лирикалық кейіпкерлер галереясын сомдады. Олар: Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегінен» Жібек, Е.Рахмадиевтің «Алпамысынан» Гүлбаршын, Ғ.Жүбанованың «Еңлік Кебегінен» Еңліктің т.б. партиялары болатын.
Қазақ опера театрының сахнасында Қыз Жібек партиясын орындап тарихта із қалдырған орындаушылар қүрамының ішінде алғашқы алыптар қатарында аты аңызға айналған Күләш Байсейітова, Шабал Бейсековамен қатарынан сахнада ару Жібекті өзіндік қайталанбас келбетімен өткен ғасырдың 7080 жылдары сахнаға әкеліп көрерменге қауыштыру бақыты Бибігүл Ахметқызына бүйырған. Әнші сомдаған Жібектің бойындағы нәзіктік, сабырлылық, биязылық т.б. сезімдерінің шынайылығы әнішінің бойында молынан табылып Жібектің өлместей сүлу да сыршыл, нәзік образы көрерменді тәнті етті.
Әншінің орыс және батыс кәсіби композиторлық мектебінің классикалық опера шығармаларын орындаудағы жолы да жемісті болған. Орындаушылық мәнерінде терең һәм шынайы сезім иірімдері мол әнші Н.РимскийКорсаковтің «Снегурочкасынан» Снегурочка, Дж.Вердидің «Риголеттосынан» Джильда, Дж.Россинидің «Севилья шаштаразынан» Розина, Доницеттидің «Дон Паскуалесінен» Норина, А. В.Моцарттың «Дон Жуанынан» Церлина партиялары тыңдаушысының бойын ерекше сезімге бөлеген тамаша жүмыстары саналады.
Шәкіртсіз үстаз болмайтыны секілді Бибігүл Ахметқызы 1979 жылдан бастап Күрманғазы атындағы Қазақ үлттық консерваториясының үстазы, профессоры (1982) қызметін атқарып қазақ сахнасының бүтінгі таңдағы көптеген әншілерін дайындауға еңбек сіңірді. ¥лттық орындаушылық мектептің дәстүрін жалғастырған әншінің сахнадағы жасаған образдар әлемі қазақтың болмысы мен табиғи қалпын қүйқылжыта шынайы бере алғандығымен ерекшеленетін қайталанбас қүбылыс болатын. Әншіүстаз өзінің осы ерекше орындаушылық әлемін шәкірт бойына дарытуда аянбай тер төгіп бүгінгі таңда республикамыз бен алысжақын шетел сахналарынан танымал болған әншілердің мақтанышпен айта жүрерліктей үстазына айналды.
«Теп§гі» журналының екінші нөмірінен басылған мақалада «ЮНЕСКО шешімімен оның есімі XX ғасырдың ең танымал жиырма әйелінің тізіміне енгізілді. Ол дүние жүзіндегі 50 жастан кейін колоратуралық сопрано дауысымен ән айтатын әйелдің бірегейі» деген сөздер бар екен. Бибігүл Ахметқызының әншілік қыры, сахналық ғүмыры бірнеше онжылдықтарға үласып, сексен жастан асқан шағында да сәтті жалғасын тауып келеді.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!