Қазақша реферат: Батыс мəдениетiнiң хронотоптары |

0






Орта ғасырлар мəдениетi. Орта ғасырларды ғылыми əдебиетте əдетте сəулелi антикалық дəуiрден соң келген қара түнек, фанатизм уақыты деп атайды. Осы пiкiрдi, əсiресе, Қайта өркендеу өкiлдерi жиi айтқан. Шын мəнiнде орта ғасырлар адам-заттың мəдени дамуындағы ұзiлiп қалған буын емес, болашақтағы мəдени жəне техникалық прогрестiң алғы шарттары осы кезде қалыптаса бастады.

Батысеуропалық мəдениет орта ғасырларда классикалық грек-рим жетiстiктерiн жаңа заманға тоғыстырған буын деу керек. Бұл сипатта осы күнгi батыстық өркениеттiң ұлылығының бiр негiзi ретiнде орта ғаасырлар өнерiнiң маңызы мен əсемдiгiне деп қойған жөн. Орыс жазушысы М.Горкий орта ғасырлар мəдениетiне төмендегiдей баға бередi. Мəдениет тарихы бiздiң есiмiзге мынаны салады орта ғасырларда тас қалаушылардың, балташылардың, ағаш ою шеберлерiнiң, көзешiлердiң, қолөнершiлер коллективтерiнiң, жеке – дара өнерпаздардың қолдары жетiп көрмеген тамаша үйлер салып, ғажап əдемi заттар жасай бiлген. Еуропадағы орта ғасырлық соборлар осындай, Батыс пен Кеңес Одағының музейлерiне лық толған заттар осындай. Бұл заттарды көрiп тұрып, олардың еңбекке деген асқан сүйiспеншiлiкпен жасалғанын сезiнесiң. Кiшкентай адамдар асқан шеберлер болған-музейлердегi есмкiнiң жұрнақтары жəне Еуропаның көне қаларындағы əсем ғимараттар бiзге, мiне осыны айтады /Лев Любимов .Батыс Еуропа өнерi. Алматы,1982, 9-бет/. Рим империясын талқандаған вараврлар бас кезде мəдени ескерткiштердi де аямады. Адамзат тарихында терiс мағынада аттарын қалдырған герман тайпасы вандалдар көркемөнер жəне тарихи ескерткiштердi құртушылар ретiнде белгiлi. Жеңушiлер гүлденген қалаларды, храмдарды, егiн суару жүйелерiн жермен-жексен етiп отырған.

Алайда, варварлардың мəдени деңгейi жеңiлушiлерден көп төмен едi. Жасанды түрде бiрiктiрiлген əл тiлдегi халықтар мен тайпалардан құрастырылған еуропалық мемлекеттер варварлықтық тұрғыларынан бiрте-бiрте айырылып, антикалық менталитетке беттерiн бұра бастады. Бұған ,əрине, христиан дiнiнiң ұйытқылық қызметiнiң маңызы зор болды. ХI ғасырдағы француз монах-шежiрешiсi Раль Глабер былай дейдi 1000 жылдан кейiн, көп ұзамай шiркеулер салу қайтадан басталды жəне мұның өзi барлық жерде дерлiк қолға алынуда, бiрақ негiзiнен бұл iс Италия мен Галлияда кең өрiс алып жүргiзiлуде, Оларды тiптi ешқандай қажет болмаса да салды, өйткенi əрбiр христиан қауымы көршiлерiнен гөрi анағұрлым əсем шiркеулер салу үшiн жарысқа түсуге асыққан. Тегiнде, дүние өз өне бойын шiркеулердiң ақ жасауына орау үшiн өзiнiң ескi- құсқысын сiлкiп тастағандай болды. /Лев Любимов. Батыс Еуропа өнерi. Алматы 1982.22-бет/ Антикалық мəдениет сияқты орта ғасырларда мүсiндеу мен сəулет өнерлерi аса мəндi саналған. Олардың iшiнде роман стилi мен готиканың алатын орны ерекше. Роман стилiнде ою-өрнек пен бейнелеу негiздерi өзара сəйкес келген. Орта ғасырлар өнерiн терең зерттеген ғалым Лев Любимовтың пiкiрi бойынша, табылған ситнтездiң мəнi- образды мəнерлiк пен əшекейлi геометриялықтың, қарапайым бейнелеу мен өте шарттылықтықтың, ою-өрнектiң нəзiктiгi мен шомбал, тiптi, кейде,дөрекi монументтiлiктiң үйлесуiнде едi. Мысалы, жекелеген образдар жасауда романдық пламтика түр өзгертуге iшiнара ғана ден қойды, бiрақ оларды үйлестiру үшiн ол мүсiндiк компоөицияның сəндiлiгi мен негiзгi идеялық мазмұнын арттыру мақсатында өмiрлiк шындықты сөзсiзқұрабан етедi/Аталмыш кiтабы, 23 бет/.












.

Романдық стильдiң аса көрнектi үлгiсi-Париждегi атақты Нотр-Дам /Құдай ана соборы. Нотр-Дам роман стилiн ерте готикаға апаратын буын сияқты. Белгiлi француз жазушысы Виктор Гюго Нотр- Дамды суреттей келе, орта ғасырлар мəдениетiнiң iшкi мағынасын да дəл көрсетедi Сол кезде ақын болып туған əр адам сəулетшiге айналады. Феодализмнен жапа шегiп, бұқара iшiне тарған дарындар…. Сəулетшiлiктен өзге мұрат таба алмай, сол өнердiңғ көмегiмен өзiне жол ашты жəне олардың иллиадалары соборлар түрiнде ойысты… Олар ұлы туындылар жасаған жұмысшылар едi. Архитектор-ақын-өнерпаз шебер өз бой ларына фасадтарды көмкерген мүсiн витраждарды құлпыртатын живопись, қоңырауды қозғалысқа келтiрiп, органдық трубалардан күй төгетiн музыка құдыретiн жинақтады. Тiптi, қор болған поэзия, қолжазба қалпында тапжылмастан соншалықты пұшайман болған нағыз поэзиягимн немесе хорал ретiнде өзiн үйдiң көмкермесiне телуге мəжбүр болды… Демек Гутербергке дейiн сəулетшiлiк өнерi барлық халықтар үшiн жаөба мəдениетiнiң басым түрi болып келедi… ХУ ғасырға дейiн сəулетшiлiк өнерi адамзаттың басты шежiресi болды. ХП ғасырдың орта шенiнен бастап роман стилi готика өнерiмен ауысады. Мысалы, Францияда готика үш ғасырдан астам уақыт үстемдiк еттi ХШ ғасырдың бастапқы ширегiне дейiн-алғашқы готика ХШ ғасырдың 20- жылдарының соңына дейiн –кемелденген немесе жоғары дамыған готика ХIУ-ХУ ғасырларда- нұрлы жəне жалындаған деп аталған соңғы готика.






.

Готикалық өнер негiзiнен шiркеу құрылыстарында қолданылғанымен, оның бүкiлхалықтық мəдениетке тiкелей қатысы бар едi. қалалық қауымның қаржысымен салынған готикалық ғимараттарда құдайға құлшылық етумен қатар қоғамдық өмiрдiң маңызды мəселелерi талқыланды.Оларда университеттiк лекциялар оқылып, театр спектакльдерi қойылып, паламент мəжiлiстерi өткiзiлдi.





.

Ортағасырлық мəдениетте кеңiнен суреттелген мəселе махаббат төңiрегiнде болды. Мистикалық əсерлi сезiм мен махаббатқа тəн əсерлi сезiмнiң астасуы, Мария бикеш пен Əсем əйелге табыну серiлiк сүйiспеншiлiк пен махаббатты адам құмарлығын рухдандыратын кiршiксiз сезiмнiң айғағы ретiнде ғана емес, сонымен бiрге, сылқымдықтың ойыншығына айналдыра жырлау-сол кездегi сарай тiрлiгiнiң жарастығы болды,-дейдi Л.Любимов. Сылқымдық стилi көркем творчествода талғампаздық мəнерiн туғызды кiтапты көркемдеуде аса нəзiк өрнектер кең орын алды, миниатюрада да , пластикада да адам киiмiнiң жұмбақтау, бiрақ жарасымды көрiнiсi пайда болып, сəндə киiнудiң ғажап симфониясын құрауға жағдай жасалды. Ортағасырлық Батыс еуропалық мəдениеттiң өзiндiк ерекшелiктерiн атап өтейiк. Бiрiншiден, орта ғасырлық əлемде екi мəдениет болған /дiни-ресми, ғұламалық жəне карнавалдық-əзiлдiк, халықтық/. Ресми мəдениет христиан дiнiнiң аскеттiк баламасын адамдық мұрат деп қабылдап, дiни-моральдық сананы алғашқы қатарға шақырды. Августиннiң пiкiрiнше, қасиеттi жазу құдайлық сүйiспеншiлiктен басқа ешнəрсенi ұсынбайды, лəзаттық сезiмдерден басқа ештеңенi айыптамайды /Идеи этического воспитания.М.,1973.235-бет/. Осы дiни дүниетаным жаратушылық (бүкiл əлем құдайдың бейнесi жəне оның шығармашылығының нəтижесi) жəне ирархиялық (дүниеде алдын ала белгiленген тəртəп бар, оның түйiнi құдайға, адамдардың бiр-бiрiне бағынуы заңды жəне табиғи) принциптерге негiздiлген. Сонымен, ортағасырлық адам басынан-ақ екi-ұшты қосқабатты ол əрi пенде, əрi құдайдың сүйген құлы. Егер адамның денесi құдайға қызмет етпесе, онда ол əзəзiлге сатылып кеткен болып есептеледi. Осыны сылтау еткен католиктiк дiнбасылары инквизицияны құрып, өздерiнiң қоғамдағы ролiн арттыруға тырысты. Жынперiмен қатынастары бар деп талай ғұламалар инквизициця шешiмiмен тiрiдей отқа өртелдi.

Ортағасырлық ресми мəдениеттiң тағы бiр ерекшелiгi-оның элитарлық, сословиелiк бөлiнушiлiк сипаты. Антикалық өркениеттен орта ғасырларға өту уақыты жалпы күйзелiс, дағдарыс, қиратушылық заманы едi. Жаңадан қалыптаса бастаған Батыс мəдениетi сондықтан үнемдiлiктi, практицизмдi басты принцип ретiнде қабылдап,ескi мəдениеттен тек өзiне керектiлерiн ғана алды жəне қоғамды сословиелiк деңгейлерге бөлiп тастады. Ақсүйектердiң пiкiрiнше, жай қарапайым халық адамнан гөрi жануарларға жақын, оларда өркениеттiлiктiң нышаны жоқ. Ортағасырлық мəдени туындыларда рыцарьлық феноменi өте дəрiптелдi, ол жан-жақты жетiлген адамдық мұрат үлгiсiнде ұсынылды. Əрине, рыцарьларға тəн жанқиярлық, батылдық, iзгiлiк, бекзаттық адамдарда құрмет сезiмiн туғызады. Бiрақ, рыцарь тек өзiмен терезесi тең адамдарға ғана iлтипатпен қарады. Айталық, ол қарапайым шаруаның қыздары мен əйелдерiн ешқашан бикеш деп атамаған. Ресми мəдениеттен тыс дамыған халықтық мəдениеттi алсақ, онда ең алдымен қарапайым адамдық сезiмдер мен пəни жалғандығы қуаныштар, қайғылар мəдениеттiң тiрегiне айналатынын көремiз. Осы мəдениеттiң шынайы бiр көрiнiсi-карнавал. Карнавал-халықтың екiншi өмiрi iспеттi. Халықтық жəне ғұламалық мəдениет кейiн Қайта өркендеу заманында бiрiн-бiрi тапты.