Қазақша реферат: Батыс Еуропадағы педагогикалық ойлардың дамуы
Құлдық қоғамның ыдырауы феодалдық құлырыспен алмасты. Алдындағы құлдық қоғаммен салыстырғанда прогрессивті сипатта болды. Феодалдық құрылыстың идеологиялық тірегі және ірі саяси күші католиктік шіркеу болды. Ол Орта ғасырлық батыс еуропалық қоғам өмірінде ерекше рөл атқарды. Католиктік дін иелері ертедегі мәдениетке қарсы болды, ғылымға, өнерге, мектепке. Монастырлардың жанына монастырлық мектептер, шіркеулерде –приходттық мектептер ашылды. Ең алдымен діни адамдарды даярлады. Бұл мектептің мұғалімдері — монахтар және дін иелері ер балаларды христиан дінінің және адамгершіліктің рухында тәрбиеледі, оларды оқуға, жазуға үйретті. Олар үшін жат латын тілінде оқытты, құдайға құлшылық ету латын тілінде жүргізілді. Мұнда оқыту өте қиын, әрі ұзақ болды. Балаларға үлгермегені үшін ауыр дене жазасын беріп отырды. Епископ соборы мен кафедрасының жанынан кафедралық мектептері жұмыс істеді. Бұл мектепте «жеті еркін өнер» деп алатын пәндер жүргізілді. Грамматика, риторика, (шешендік өнер), диалектика (дәне философия), арифметика, геометрия, астрономия, саз өнері. Бұл мектептерде жоғары лауазымды дін иелері даярланды.
Феодалдар ерекше тәрбие мен білім алды: олар «рыцарлық қасиеттерді» меңгерді. Атқа міну, суға жүзу, найзаласу, садақ ату, аңшылық, шахмат ойнау, өлең шығару, және орындай білу. Ал қыздар білімді уйде және әйелдер монастырларында алды. Олар дәни рухта тәрбиеледі, оқуға, жазуға, сызуға үйретті. 12-13 ғасырларда Батыс Еуропада қолөнер, сауда дамыды. Ол қаланың өсуіне және мәдениеттің дамуына үлес қосты. Қалалықтар феодалдық езгіге және католикиік шіркеуге қарсы болды.Қолөнершілер – цехтық мектептер, ал купецтер- гильдейлік мектептер ашты.
14-16 ғасыр тарихқа Қайта өрлеу дәуірі деген атпен белгілі болды. Прогрессивті таптық-буржуазияның аренаға шығуымен сипатталады. Бұл кезең ғылым мен өнердің тез қарқынды дамуына мүмкіншілік жасады, діни түсініктерге қарсы боды, және жер бетінде көңілді өмірге адам құқығын жариялады. Сол кезде адамға көңіл бөлінгендіктен ол гуманистік деп аталды. Педагог гуманистер дені сау, әртүрлі қызығулары меңгерген, өмірге белсенді адамдарды тәрбиелеу мақсатын қойды. Олар балаларға дене және ақыл ой тәрбие беруге көңіл бөлді.
Қайта өрлеу дәуірінде педагогикалық ой пікірлер әр түрлі дамыды. Мысалы Италияда антикалық философияның белгілі білгірі, гуманист Витторина да Фельтере (1378-1446) «Қуаныш үйі» деп аталатын мектеп ұйымдастырды. Бұл мектепте әдебиет, математика, табиғатқа саяхатпен айналысты. Француз жазушысы Франуа Рабле «Гаргантюа және Пантаргюль» атты романында схоластикалық мектептерді сынға алды. Сонымен қатар ана тілі, ғылыми жаратылыстану мазмұны, дене тәрбиесі, жас ерекшілік, еңбек, өнер мәселелеріне көңіл бөлді, көрнекілікті кеңінен қолдануды ұсынды. Алғашқы социалист –утопистердің педагогикалық идеялары прогрессивті педагогикалық теориялардың адан әрі қалыптасуына елеулі әсер етті.