Қазақша реферат: Әзірбайжан Мәмбетов туралы |

0






Бүгінгі сахна шығармашылығында режиссура өнерінің орны ерекше. Жеке спектакльдің көркемдік сапасымен бірге, театрдың өзіне тән келбетін анықтайтын да осы режиссура. Еліміздегі кейбір театрлардың аты оны басқарып отырған режиссердің есімімен қоса аталуы олардың режиссура өнерінің көркемдік биігі мен кәсіби дәрежесінің жоғарылығын анықтайтын қүбылыс.
Қазақ театрының өткен жолын барласақ, сахналық өнеріміздің дамуына өз үлестерін қосқан талай режиссерлердің есімдерін кездестіреміз. Соның ішінде, Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының соңғы он бес жылғы шығармашылық жолы режисер Әзірбайжан Мәмбетовтің қызметімен тығыз байланысты. Осы мезгілдің ішінде, қазақ театрының бесалты рет Мәскеуде гастрольде болып, талапталғамы жоғары көрермен қауым мен түрлі өнер мамандарының алдында өз спектакльдерін сарапқа салуы шығармашылық еңбектің үлкен нәтижесі. Ә.Мәмбетовтің режиссурадағы алғашқы қадамы облыстық театрлардан Гурьевте (Атырауда) А.Штейннің «Жеке адам ісі», Жамбылда К.Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметші» спектакльдерін қоюдан басталады. Оның бүл дипломдық жүмысын көрермендер жылы қарсы алып, баспасөзде жоғары бағаланды. Әсіресе, соңғы спектакльде Ә.Мәмбетов келешегінен мол үміт күттіретін, түбегейлі режиссерлік дайындығы мен қабілеті барлығын көрсеткен еді. Гольдони театрының ерекшелігін, оның драматургиялық шығармаларындағы Комедия дель арте дәстүрінің тікелей әсерін режиссер дүрыс түсініп, импровизация тәсілін орынды қолданған. Бүл әдістің қазақ театрына, оның сахна шеберлеріне табиғи жақындығы режиссер қиялына түрткі болғаны байқалады. Мүндай режиссерлік шешім орындаушыларға сахналық бейненің ішкі психологиялық күйін, дауыс үні мен ырғағын, сөз мағынасын қимыләрекетке бағындырып, сахнада өздерін емінеркін үстауына мүмкіндік берген. Режиссерлік ойтүжырымның дәлдігін театрдың талантты артистері Ш.Сәкиев пен Г.Батырғалиева өздерінің тамаша орындаушылық өнерімен дәлелдеп шықты. Екі орындаушының екеуі де спектакльдің орталық рольдерінің табиғатын терең үғып, сахнадағы қимыләрекеттері, сөздері, мизансценалары, тіпті бетжүзінің қүбылуына дейін өзіненөзі туып жатқандай әсер қалдырған.
Актерге берілетін сахнадағы шығармашылық еркіндіктің түрлі жолдары бар. Ол көбінесе режиссер мен актердің спектакль қою барысындағы қарымқатынастарына, олардың жүмыс стильдері, шығармашылық даралықтарына байланысты. Ә.Мәмбетов актердің ізденістерін, бастамаларын ірікпей, қайта соларды орындаушының сахналық мақсатына, спектакльдің жалпы арнасына бағыттайды. Алғашқы спектакльдерінен көрінген Әзірбайжан режиссурасының бүл жақсы нышандары кейінгі жүмыстарында дами түседі.
Осы «Екі мырзаға бір қызметші» қойылымынан басталатын комедиялық спектакльдер Ә.Мәмбетовтің режиссерлік қызметінің бір саласы. Бүлардағы өзінің режиссерлік ойтүжырымдарында олкеңестік режиссураның жаңа өмірдің дамуына кедергі болатын қүбылыстарды аяусыз әшкерелейтін дәстүріне, қазақ актерлерінің ескінің қалдықтарын шенеудегі сахналық тәжірибелеріне сүйенеді және Ә.Мәмбетов болашақ спектакльдің идеялықкөркемдік мазмүнын, бейнелік көрінісін, мизансценаларын, жеке рольдердің бағытбағдарын ойластырумен бірге, оның сахналық түрін, өз ойын жүзеге асыру жолдарының үтымды тәсілдерін табуға мейлінше көңіл бөледі. Комедиялық спектакльдерде жанр сипатына, күлкі характеріне, бейнелеу қүралдарына режиссерлік өлшеммен келеді. Сондықтан ол қойған спектакльдерде мазақшаржға ойысатын сатиралық сахналық типтер кездеспейді. Бір сөзбен айтқанда, ол комедиялық кейіпкерлерді үнамдыүнамсыз деп, арасын нақты жіктеп көрсететін схемаға бармайды.
Ә.Мәмбетов қойған Қ.Мүхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Қүдағи келіпті», Ә.Тәжібаевтің «Той боларда», Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтың «Беу, қыздарай!» комедиялары өзіндік режиссурасымен сәтті шыққан дүниелер. Бүлардың сахналық шешімдері бірінбірі толықтырып, қазақ сахнасында комедиялық шығармаларды меңгеру жолын айқындай түседі. Әр драматург туындысының өзіне тән көркемдік даралығын ашумен бірге, режиссер түтас алғанда, бүларда біздің замандастарымыздың типтік характерін жасауды мақсат түтқан. Режиссер өмір болмысының келеңсіз көрінісін әжуа, кейде мысқыл арқылы шеней отырып, бүгінгі күннің талабын, жаңаның өміршеңдігін, болашағының айқындығын көрсету спектакльдердің басты идеялық нысанасы деп түйген. Қай спектакльді алсақ та, бәрінде де іштей байланыс, күшті динамика, жанр табиғатына тән жеңілдік, театрлық ойнақылық оқиғаның жіті дамып, табиғи ауысып отыруы, орындаушылардың өз әрекетмақсаттарын айқын сезінуі, сахналық компоненттердің түтастық тауып, бір арнаға, негізгі режиссерлік ойтүжырымға тоғысуы анық көрінеді. Ол детальдар мен штрихтар дәлдігіне, мизансценалардың мүмкіншілігіне бейнелі әрі айқын болуына, түтас спектакльдің өзіндік түріне, бейнелеу тәсілдерінің өткірлігіне баса көңіл аударып отырады. Осы жолдағы оның мықты қүралы режиссерлік қиял жүйріктігі мен тапқырлығында, суреткерлік пен аңғарғыштығында, сезгіштігінде болса керек.
Ә.Тәжібаевтің «Той боларда» спектаклінде кино аппараты арқылы поездың келгенін, милиционердің ысқырық тартып жүгіруі, Қ.Мүхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» кейіпкерлердің ішкі шымылдыққа түсірілген гүл қауыздарынан көрінуі, «Қүдағи келіптідегі» Айша күдағи мен Арыстанның май бөшкелер тиеген көлікпен ауылға келе жатқаны осы комедиялардың жанрлық табиғатын танудан туған режиссерлік шешімдер. Осындай жеке көріністердің, сахналардың жүйелі байламдарынан, үтымды мизансценалардан спектакльдің бейнелік түлғасы жасалады. Ә.Мәмбетов қойған енді бір спектакльдерден кең әпикалық ауқымдылықты, философиялық ойлылықты, сахналық жинақылықты байқауға болады. Мүндай ірі жетістіктің көш басында Ш.Айтматовтың «Қүс жолы» повесінің негізінде қойылған «Ана Жер ана» (драматургиялық жүйесін жасаған Б.ЛьвовАнохин) спектаклі түр. Жоғары көркемдікидеялық дәрежеде жасалған бүл спектакль жалғыз қазақкеңес театрының ғана емес, бүкіл кеңес театрының сүбелі табысы деп әділ бағаланды.
Болашақ спектакльдің пластикалық бейнесі, көркемдіқ бояуы, идеялық нысанасы режиссерлік ойтүжырымда пісіп жетіледі десек, Ә.Мәмбетов бүл жағынан үлгі түтарлық көрегендік танытты. ¥зақ іздену, толғану мен ойлану нәтижесінде спектакльдің сахналық түрін дәл тапты. Оның көркемдік ойлау ағымы спектакльді кең тынысты, халықтық трагедия үлгісінде шешуге әкелді және өзінің режиссерлік мақсатын толық жүзеге асыруға музыканы, сахналық көркемдеуді, тіпті жарық, шуылды да үтымды пайдаланып, барлығын шығарманың идеясын ашуға шебер бағыттай білді.
Сахнада ішкі драматизмге, терең психологиялық толғаныстарға толы өмір болмысының бірінен соң бірі ауысып отыратын қатқабат сүрапыл оқиғаларды режиссер қарамақарсы (контраст) тәсіл арқылы шешті. Соның арқасында кеңес адамдарының аса күрделі қиындықтарға мойымай, өзінің азаматтық борышын, Отанға деген сүйіспеншілігін, адамгершілік қасиетін жоғары үстауы спектакльде шынайы бейнелеу тапқан.
Іркестіркес окиғалар тізбегіндегі өмір болмысының неше алуан сыры, сахналық атмосфералар, жарықтың алмасуы музыка арқылы берілген. Сондайақ, көріністер мен оқиғалардың біріменбірінің іштей байланысып, бірінебірінің ықпал етуі де жарық пен музыканың көмегімен бейнелі шешімін тапқан.
Спектакль кейіпкерлері трагедиялық жағдайға дутпар болып, кейбіреулерінің өмірі өліммен аяқталса да оның болашақ өмірге, келер үрпаққа айтар идеясынан оптимистік үн, романтикалық сарын еседі. Спектакльдің соңында Толғанайдың барлық қиындықтарды жеңіп, авансценаға немересін жетелеп шығып, алысқа көз тастауы, болашаққа үміт артуы сол оптимистік рухтың салтанат күруы іспеттес. Кең әпикалық ауқым, терең философиялық ой, сахна жинақылығы бүл спектакльдің көркемдік ерекшелігі. Академиялық драма театрының актерлер труппасы барлық буынның талантты өкілдерімен жасақталуы режиссерлер үшін үлкен бақыт. Солай болса да, кино өнеріндегі типаждық принцип немесе актердің ойнайтын роліне жас шамасының, сыртқы бейнелерінің сай келуі Ә.Мәмбетов үшін шарт емес. Ол труппадағы актерлердің шығармашылық шамашарқын, мүмкіншілігін, ерекшелігін жақсы білумен қатар, көп режиссерлердің көзіне шалына, ойына орала бермейтін, кейде актерлердің өзі де сезе бермейтін қабілет пен белгісипаттарды байқағыштығын көрсетіп келеді. Бір қызығы іштей ойланып, пішіп жүрген мүндай түжырымдарын актерге бірден жарияламай, әбден пісіріп алып, рольді кенеттен үсынатын кезеңі де болады. Ф.Шариповаға Толғанайдың («Ана Жер ана»), С.Оразбаевқа Сүйеу қарттың ролін («Қан мен тер») жүктеуі режиссер ойы мен тәжірибесінің дүрыстығын толық дәлелдеп шықты. Осы рольдердегі екі талантты орындаушылардың тамаша сахналық табысы, өздері ойнаған спектакльдердің ғана емес, сонымен бірге, өздерінің актерлік өнер жолындағы көркемдік биігі болып қалмақ.
Біздің ойымызша, актерлерге Ә.Мәмбетовтің спектакльдерінде ойнау қызық та, әрі қиын. Демек, актерлермен роль үстіндегі жүмысты созғыламай, майдалап, қазбалап, кейіпкердің сахналық әрекетінің характер ерекшеліктерінің егжейтегжейіне дейін шағып беруіне бара бермей, орындаушыны спектакльдің жалпы ойтүжырымына бағыттап, негізгі ойын, сахналық мақсатын анықтағаннан кейінгі іздену жолдарын оның өзіне қалдырады. Режиссер ойымен ойы сабақтас болып, спектакльдің түтас идеялықкөркемдік нысанасын терең сезінген, оның бейнесін көз алдына елестеткен актер кейіпкер характеріне лайықты бейнелеу қүралдарын өзі тауып, өзі сомдай береді. Бүл әдіс актерлерден көп ізденуді, жанжақты білімді, спектакльдің барлық жасалу барысында режиссермен бірге қайнаппісуді қалайды. Орындаушы өз бетінше ізденіп, өзінің роліне қажетті сахналық бейнелеу тәсілдерін өзі табуы қызық шығармашылық жүмыс. Бірақ бүл актерлердің барлығы бірдей меңгере бермейтін қиын жол. Қиындығы режиссерлік ойтүжырымды қабылдап алып кетуге актерлік шеберлігі мен дайындығы, шығармашылық өрісі жетпей қалуында. Түптеп келгенде, режиссердің мүндай актерлермен роль үстіндегі, сахналық бейне жасау жолындағы шығармашылық жүмыс стилі алдыңғыдан өзгешерек болғанды қалайды. Актердің бойындағы бар мүмкіншілікті ашу режиссерге қойылатын талап.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!