Қазақша реферат: Азаматтық құқық және құқықтық қатынас.

0

Жоспар

І. Кіріспе
1. Азаматтық құқық және құқықтық қатынас.
2. Азамматық құқық туралы ұғым.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Азаматтық-құқықтық реттеу тәсілдері.
2. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
3. Азаматтық заңдардың қолданылуы.
4. Азаматтық құқық қатынасының ұғымы және оның ерекшеліктері.
5. Азаматтық құқық қатынасының мазмұны және түрлері.

ІІІ. Қорытынды
1. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері.
2. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Азаматтық құқық

1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі қабылданып, күшіне енді. Бұл өз мәнінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нарықты қайта құру жылдарында қалыптасқан азаматтық заң шығарудың ірі біріктіруі болып табылады, сонымен бірге онда бұдан бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында болмаған көптеген нормалар пайда болды.
Жаңа Азаматтық кодексті қоғамдық қатынастардың аса тиімді реттеушісі ретінде бағалау қажет. Оның нормаларының мазмұны барынша айқын болып табылады. Оған уақыт санынан өткен көптеген заңдардың және заңға тәуелді нормативтік актілердің ережелері енген. Бұны оңды құбылыс ретінде бағалауға болады, дегенмен азаматтық кодексті тым толықтықта айыптайтын көзқарастар да кездеседі. Себебі, онда сатып алу-сату, мүлік жалдау және тағы басқа да шарттар көптеген түр-түрлерімен қарастырылған. Мысалы, тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату шарты жеке көрсетілген, онда тұтынушылар құқығын бекітуге артықшылықтар берілген. Кәсіпкерлік шарттың ерекше сипаттары тауар жеткізілімі шартына арналған нормаларда көрініс тапқан. Кез-келген қазіргі заманғы мемлекет жағдайы үшін сатып алу-сату шартының энергиямен жабдықтау сияқты түрі маңызды мәнді иемденеді, бұл да азаматтық кодексте және соған сәйкес қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерде ескерілген.
Жекешелендірілген, мемлекеттік және сонымен бірге жаңадан пайда болған жеке кәсіпорындар нарығының пайда болуына кәсіпорындарды сатуды құқықтық реттеу сәйкес келді.
Бұрын әрқашан реалды болып келетін сыйға тарту шартына қазір өзгеше сипаттар берілген, енді бұл шарт консенсуалды да болуы мүмкін. Сыйға тартуға тыйым салу анық бекітілген.
Ренталық қатынастар бұдан бұрын тек өмір бойы асырауда ұстау жағдайы қарастырылған сатып алу-сату шартымен ғана негізделетін, қазір рента институтына оның (белгілі бір мәселелері болғанымен), өзіндік мән берілген. Азаматтық кодекс шеңберіндегі жаңалықтарға ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) және есеп айырысу-несиелік қатынастарды реттейтін (бактік есеп шот, ақша аударымы, банк салымы), шарттар туралы нормалар жатады. Сақтау шарттары бойынша тауар қоймасында сақтау туралы нормаларды енгізу туралы айтуға болады. Сенім меншігі жөніндегі ұзаққа созылған пікірталастар Азаматтық кодекс нормаларында мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастарын бекітуге әкелді. Сонымен бірге кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты қарастырылған, бұл шарт та бұрынғы заңда болған жоқ.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында оның негізгі ережелері құқықтың әртүрлі салаларымен реттелетін жағдайларда зиян келтірілгенде жүзеге асатын толық құнды деликтілік жауапкершілікті қарастыратын ережелердің бірге әрекет етуі анық көрінеді, сонымен бірге келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы тағайындауды, құқыққа сәйкес келетін әрекеттермен келтірілген зиянды өтеуді қарастыратын нормалар да жетілдірілуде. Өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған тұлғаларға зиянды өтеу туралы жалпы мазмұнды нормалар пайда болды, тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудің кемістіктерінің әсерінен келтірілген зиян үшін мемлекеттің жауапкершілігі кеңейтілген.
Интеллектуалдық меншік құқығы барынша ретке келтірілген, аталған тәуелді саланың құрамына интеллектуалдық меншік құқығының объектілерін, соларға құқықтар пайда болу негіздерін және оларды қалыптастыру және пайдалануға байланысты шарттық қатынастарды, сонымен бірге оларды құқықтық қорғауды қарастыратын нормалар енгізілген.
Мұрагерлік құқық та айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшыраған, ол қазір меншік құқығы және басқа да заттық құқықтардың тәуелді саласымен қамтамасыз етілетін меншікке билік ету мүмкіншіліктеріне негізделеді. Жаңа Азаматтық кодексте мұрагерлікке, мұра құрамын анықтаудың, ортақ бірлескен мүлік болып келетін мүлікті мұраға қабылдау, мұрагерлдік және лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен алыстату туралы және тағы басқа жалпы ережелерге көңіл көп аударылған.
Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын – азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құқық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 1-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ м.үліңктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматық құқығымен реттелінетін қоғамдық қатынастардын негізгісі болып табылатыны- мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар- ақша қатынастары, яғни азаматық құқық субъектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әр түрлі көріністерде байқалатын мүліктік қатынастар.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеуке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір- қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-шы бабында азаматың ар- намысымен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.
Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы «азаматың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын» атай келе, «азаматың жеке өміріне арласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қолсұғуға тыйым салынады» десе, осы баптың келесі тармағында «тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы» атап көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды.
Азаматық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бүл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік — аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азамтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматық Кодекістің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушыларымен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.
Азаматтық құқық сала ретінде толық көрінуі үшін оның реттеу тәсілдерін анықтау қажет. Көптеген ғалымдардың тұжырымдары бойынша құқықтық қатынастарды реттеу тәсілінің бірнеше түрі бар және ол құқық жүйесінің салаларына байланысты әрқилы болуы мүмкін. Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты азаматтық құқығының реттеу тәсілі төмендегі ережелерге байланысты анықталады. Біріншіден, азаматтық-құқықтық қатынаста қатысушылардың заңи теңдігі, яғни азаматтың құқығының субъектілері азаматтық айналымға түсу прцесінде бір-біріне тәуелсіз. Екіншіден, жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқық пен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы, азаматтық-құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі және заң алдында бір текті қорғалуы.
Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген.
Диспозитивтік норма дегеніміз – тараптар араларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі. Осы тұрғыдан алғанда, Азаматтық Кодекстің көптеген нормалары көрсетілген ережелерге бағынады. Мәселен, Азаматтық Кодекстің 238-ші бабы, яғни шарт бойынша мүлік алушыда меншік құқығы пайда болатын кезеңі.
Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келіп, азаматтық құқыққа сала ретінде төмендегідей анықтама беруге болады.
Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы.
Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ІІ сессиясы қабылданған жаңа Азаматтық Кодекс ерекше орын алады. Азаматтық Кодекске 1996 жылғы 15 шілдедегі, 1997 жылғы 5 наурыздағы, 1997 жылғы 2 шілдедегі, 1997 жылғы 11 шілдедегі, 1998 жылғы 2 наурыздағы өзгерістер енгізілгенін ескеру қажет.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған. Ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Президетінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан, сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1, 2 тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президетінің жзарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Сонымен, азаматтық құқық нормалары заңдарда, нормативтік құқықтық актілерде және заңға сәйкес нормативтік актілерде бекітілуі мүмкін. Бұл орайда «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл нормативтік құқықтық актілердің бәрі олардың заң күшіне қарай белгілі бір қатаң иерархиялық жүйе бойынша орналасады.
Заң актілері. Заңдардың арасында 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының мейлінше жоғары заң күші бар, оның 4-бабында Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары деп белгіленген.
Заңға сәйкес нормативтік актілер. Қазақстан Республикасы Президетінің заң күші бар жарлықтарымен қатар, Президенттің «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқықтарын қорғау туралы» 1998 жылғы 27 сәуірдегі жарлығы.
Азаматтық кодекстің 3-бабының 5-тармағында Азаматтық кдексте және азаматтық заңдардың өзге де актілерінде көзделген жағдайлар мен шекте министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтық қатынастарды реттейтін актілер шығара алады деп белгіленген.
Ведомстволық азаматтық құқықтық нормативтік актілер алуан түрлі болады. Мысал үшін 1994 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Бұйрығымен бекітілген «Тәркіленген, иесіз мүлікті, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті, көмбелерді, олжаларды, сондай-ақ қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және сату тәртібі туралы нұсқауды» атауға болады.
Азаматтық заңдар және халықаралық құқық нормалары. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 8-бабында былай деп баянды етілген: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады». Конституциялық ережелер бұдан әрі Азаматтық кодексінде дамытылады.
Азаматтық заңдар, іскерлік дағдылар, іскерлік айналым ғұрыптары, мораль және адамгершілік ережелері. Азаматтық кодекстің 3-бабының 4-тармағында азамттық қатынастар ғұрыптармен, соның ішінде, егер Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын азаматтық заңдарға қайшы келмесе, іскерлік айналым ғұрыптарымен реттелетін ережелермен белгіленетінін атап өту маңызды.
Азаматтық кодекстің 272-бабында іскерлік дағдылардың қолданылу мүмкіндігі көзделген. Атап айтқанда, міндеттеме тиісті түрде, міндеттемелердің ережелері мен заңдардың талаптарына сәйкес, ал мұндай ережелер мен талаптар болмаған жағдайда іскерлік айналым ғұрыптарына немесе әдетте қойылатын өзге талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Сонымен, азаматтық айналымда орныққан мінез-құлық ережелері іскерлік дағдылар деп түсініледі. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қызмет саласында іскерлік айналым ғұрыптары кең таралып отыр. Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының Пленумы мен Ресей Федерациясы Жоғарғы төрелік соты Пленумының 1996 жылғы 1-шілдедегі «Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі бірінші бөлімінің қолданылуына байланысты кейбір мәселелер туралы» қаулысының 4-тармағында мынадай түсіндірме беріледі. Азаматттық кодекстің 5-бабына сәйкес іскерлік қызметтен туындайтын дауды шешу кезінде соттың қолдануы мүмкін іскерлік айналым дағдысы деп заңдарда немесе шартта көзделмеген, бірақ қалыптасқан, яғни мазмұны жағынан жеткілікті дәрежеде айқындалған, кәсіпкерлік қызметтің қайсыбір саласында кеңінен қолданылатын мінез құлық ережесін түсіну керек.
Азаматтық заңдар, сот пленумының қаулылары, сот практикасы және сот прецеденті. Батыстың көптеген елдері үшін азаматтық құқық деректемелері ретінде сот және төрелік практикасы қолданылуы мүмкін.
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес елімізде республиканың Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары ғана қолданыстағы құқық деп танылады. Мысал ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының 1995 жылғы 22-желтоқсандағы пленумының «Сотттардың моральдық залалдың орнын толтыру туралы заңдарды қолдануы туралы» қаулысын атауға болады.
Азаматтық заңдардың қолданылуы:
1. Азаматтық заңдардың уақыт бойынша қолданылуы. Қазақстан Республикасының Конституциясы 4-бабының 4-тармағына сәйкес, барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар деп жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
2. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес нормативтік актілер мынадай мерзімдерде:
1) Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары – олар алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін, егер актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзге мерзімдер көрсетілмесе, күнтізбелік он күн өткен соң;
2) Қазақстан Республикасы Парламетінің, оның палаталарының қаулылары – егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап;
3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңсінің қаулылары – олар қабылданған күнінен бастап;
4) Орталық атқарушы және өзге де орталық мелекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына енетіндерінің де, енбейтіндерінің де, соның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері – егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, олар алғаш рет жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
Нормативтік құқықтық актілерде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде нормативтік құқықтық актілердің жекелеген бөліктерін, тарауларын, баптарын күшіне енгізудің тұтас алғанда бүкіл акт үшін белгіленгенінен өзгеше мерзімдері көрсетілуі мүмкін.
3. Азаматтық кодекстің 4-бабында азаматтық заңдардың кері күші болмайтыны және олар күшіне енгізілгеннен кейін пайда болатын қатынастарға қолданылатыны туралы ереже белгіленген. Азаматтық заң актілерінің ол күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастарға заңдық күші бұл онда тікелей көзделген жағдайларда қолданылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Шетелдік инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы қаулысын мысалға келтіруге болады, оның 2-тармағында заңның 6-тармағының күші осы заңды күшіне енгізуге дейін пайда болған құқық қатынастарына да қолданылады деп белгіленген.
4. Азаматтық-құқықтық нормативтік актінің күшіне ену кезімен қатар оның қолданылуын тоқтату кезінің де маңызы зор. Көптеген жағдайларда азаматтық-құқықтық нормативтік актілер бұрын қолданылып келген нормативтік актінің күшін жоятын немесе оның мазмұнын өзгертетін жаңа нормативтік актінің қабылданылуы нәтижесінде өз күшін жояды. Мәселен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін күшіне енгізу туралы» 1994 жылғы 27-желтоқсандағы қаулысымен «Меншік туралы», «Кәсіпорындар туралы», «Кепіл туралы» заңдардың күші жойылды деп танылды.
5. Азаматтық заңдардың кеңістікте және адамдар тобы бойынша қолданылуы. Азаматтық-құқықтық нормативтік актілер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Алайда азаматтық-құқықтық нормативтік акт шығарған орган сол актінің қолданылу аумағын шектеуі мүмкін.
6. Азаматтық заңдар адамдардың тобы бойынша да нақ осылайша қолданылады. Атап айтқанда, азаматтық заңдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына қолданылады. Азаматтық кодекстің 3-бабының 7-тармағында шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар нақ сондай құқықтарды сатып алуға құқықты емес және заң актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қандай міндеттер көзделсе, нақ сондай міндеттерді орындауға міндетті.
Азаматтық құқық қатынасы санатының азаматтық құқық түсінігі үшін зор маңызы бар. Азаматтық құқықпен реттелген мүліктік қатынастар, сондай-ақ қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтармен және міндеттермен байланысатын соларға қатысты жеке мүліктік қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады. Г. Ф. Шершеневич өзінің «Орыс азаматтық құқығының оқулығы» деген кітабында былай деп жазған: «кез келген тұрмыстық қатынас оның заңдық нормалармен қашан және қаншалықты анықталса да заңдық қатынастар болады. Нақ осы жағынан заңдық жағы да болады, өйткені біреуі екіншісінен талап ету құқығын алады, ал соңғысы заң ережелерінде айтылғандары орындауға, мысалы, белгіленген жалдау ақысын енгізуге міндеттенеді».
Сонымен, азаматтық құқық мәселесі болып табылатын мүліктік және жеке мүліктік қатынастарды реттеу мынадан көрінеді, азаматтық құқық нормалары бұл қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы көріне алатын және көрінуге тиісті нәрсені айқындайды.
Азаматтық құқық қатынастарының ерекшеліктері мыналар болып табылады:
Біріншіден, азаматтық құқық қатынастарының субъектілері заң жүзінде тең құқылы, бір-біріне тәуелсіз, сол арқылы олар басқа құқық қатынастарынан ажыратылады.;
еіншіден, азаматтық құқық қатынастары заңда көзделген негіздер бойынша да, көзделмеген негіздер бойынша да, көзделмеген негіздер бойынша да туындауы мүмкін;
үшіншіден, азаматтық құқық қатынастарының жағдайлары мен мазмұнын белгілегенде тараптардың келісімі басым болады;
төртіншіден, ерекшелік бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен әдісінің өзіндік өзгешелігінде болып табылады.
Азаматтық құқық қатынасының мазмұны
1. Кез келген құқық қатынасы оның субъективті құқықтар мен міндеттерді тартушылар ретіндегі қатысушыларының құқықтық байланысы болып табылады. Сондықтан субъективті құқықтар мен міндеттер де азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады.
2. Субъективті құқық дегеніміз құқық берілген тұлғаның ықтимал мінез-құлық шамасы. Субъективті азаматтық құқық мазмұны жағынан әртүрлі. Субъективті құқықтың мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды.
Міндетті тұлғаның тиісті мінез-құлық шамасы азаматтық құқықта міндет деп түсініледі. Алайда, азаматтық құқықта міндеттің әртүрлі болатынын ескру керек.
Азаматтық құқық нормаларының көпшілігі диспозитивтік сипатта болады. Алайда азаматтық заңдарда тыйым салулар мен нұсқаулар сипатындағы ережелер де белгілі. Құқықтың тыйым салу нормалары азаматтық құқық қатынастары қатысушылардың міндеттерін де айқындайды. Мысалға, тараптардың шарттан бір жақты бас тартуын немесе оның ережелерін бір жақты өзгерту.
Әрбір азаматтық құқық қатынасында тараптар құқық берілген және міндетті тараптар болып екіге бөлінеді. Екі тараптың екеуінде де бір тұлға немесе бірнеше тұлға болуы мүмкін, мысалы, бірлесіп зиян келтірген тұлғалар бұл зиянды зардап шегушіге өтеуге тиіс. Құқық қатынастарына белгілі бір тұлғалар қатысуы мүмкін, алайда кейбір азаматтық құқық қатынастарына міндетті тарап жағынан саны белгісіз тұлғалар қатысады.
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері
1. Азаматтық құқық қатынастары әдетте: а) мүліктік және мүліктік емес; ә) абсолютті және салыстырмалы; б) заттық және міндеттемелік деп ажыратылады.
Бұлайша бөлудің негізіне әртүрлі белгілер алынғандықтан, бір ғана құқық қатынасы бір мезгілде мүліктік, абсолютті, заттық, не мүліктік, салыстырмалы, міндеттемелік және т. б. болуы мүмкін.
Азаматтық құқық қатынастары мүліктік қатынастар мен мүліктік емес қатынастарға бөлу мынаған негізделген: мүліктік құқық қатынастарының белгілі бір экономикалық мазмұны бар, сонымен бірге мүліктік емес құқық қатынастарының мұндай мазмұны болмайды және жеке адамның кейбір материалдық емес мүдделерін қамтамасыз етеді.
Азаматтық құқық негізінен алғанда мүліктік қатынастарды реттейтіндіктен, азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар көбінесе мүліктік құқықтардың иелері ретінде әрекет етеді. Ондай құқықтарды, әдетте, беруге болады, яғни олар басқа адамға берілуі мүмкін не оған жалпы құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы мүмкін. Мүліктік құқықтың жеке, оларды иеленушілердің жеке басынан ажырағысыз, басқаға берілмейтін болуы жиі кездеседі. Оларды басқа адамға беруге не оған жалпы құқықтық мұрагерлік бойынша ауыстыруға болмайды. Мысалы, атақ, ар-ождан құқығы, авторлық құқық осындай болады.
2. Құқық қатынастары тағы да абсолютті және салстырмалы болып бөлінеді. Бұлайша бөлу қатысушылардың байланысы белгісіне негізделген. Субъективті азаматтық құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың беймәлім тобы қарсы тұратын құқық қатынастары абсолютті құқық қатынастары деп аталады. Мүліктік және мүліктік емес құқық қатынастары абсолютті болуы мүмкін. Бұл арада меншікті заттың бір субъектісі, туындының немесе өнертабыстың авторы басқаруға құқықты болып табылады. Қалған тұлғалардың бәрі міндетті болады. Олардың негізгі міндеті келеңсіз болып табылады. Қалған тұлғалардың бәрі міндетті болады. Олардың негізгі міндеті келеңсіз болып табылады және меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына, автор құқығын бұзбауға және т. б. келіп тоқталады.
Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі алдын ала белгілі адамдардың белгілі бір айқын тобы қарсы тұратын құқық қатынастары салыстырмалы деп сааналады. Олар бірнешеу болуы мүмкін, бірақ олар әрқашанда дәл анықталған болады. Мысалы, азаматтар немесе заңды тұлғалар жасасқан шарттан туындайтын құқық қатынастары салыстырмалы.
3. Заттың және міндеттемелік құқық қатынастары. Профессор М. И. Брагинскийдің атап көрсеткеніндей, Рим құқығынан бастау алатын «заттық» немесе «міндеттемелік» болып бөлу ең алдымен құрлықтағы елдердің заңдарында мағызын сақтап қалған. Егер де институциондық жүйе бойынша жасалған кодекстерде бұлайша бөлу онша айқын көрінбесе, пандектілік үлгіні пайдаланған кодекстерде оның негізгі маңызы бар.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері
1. Азаматтық құқық қатынастарының туындауына заңдық фактілер негіз болып табылады. Азаматтық кодекстің 7-бабында әртүрлі заңдық фактілер азаматтық құқық қатынастарының негіздері ретінде көзделген. Бұл тізбенің бәрін түгел қамтымайтынын атап өту қажет. Өйткені азаматттық құқықтар мен міндеттер қолданылып жүрген заңдарға тікелей көзделмеген өзге де заңдық фактілер негізінде пайда болып, өзгеріліп және тоқтатылып отырады, бірақ оның жалпы негізі мен мағынасына қайшы келмейді.
2. Заңдық фактілерді топтау. Заңдық фактілерді түрлері бойынша жалпы жұрт қабылдаған басты бөлінісі оларды адамдардың ықтиярымен болатын әрекеттер қатарына және адамдардың ықтиярына қарамай, оған тәуелсіз болатын оқиғалар қатарына жатқыза отырып, әдетте бір-бірінен шыққан кезі бойынша шектелетін оқиғалар мен әрекеттерге бөлу болып табылады. Бірақ ықтиярдан тыс болған оқиғаларды сол сияқты барлық жағдайларға қолдануды дұрыс деп тануға болмайды. Мәселен, адамның ажалы кісі өлтірушіден, өртжіберушінің әрекетінен болуы мүмкін. Қорыта келгенде, ықтиярлық актілер іс-әрекеттің себебі ғана емес, сонымен қатар оқиғалардың себебі де болуы ықтимал. Сондықтан оқиғалар мен әрекеттердің айырмалығын олардың шығу көзінен емес, қайта процестің сипатынан іздестіру керек: оқиғалар өздерінің пайда болу себептеріне қарамастан, өз барысында ықтиярсыз сипатта болады, ал әрекет өзінің себебі бойынша ғана емес, өз барысында да ықтиярлы түрде жасалады.
Әрекеттер, өз кезегінде, заңды және заңсыз болып бөлінеді. Қолданылып жүрген заңның немесе басқа да нормативтік құқықтық актілердің нұсқамалары бұзылатын әрекеттер заң жүзінде теріс әрекеттер деп түсініледі. Зиян келтіру жөніндегі әрекеттер, құқық тәртібінің немесе адамгершіліктің негіздеріне көрінеу қарсы мақсатпен жасалған мәміле және т. б. заңсыз болып табылады.
Азаматтық заңдардың талаптарына сәйкес келетін әрекеттер заң жүзінде дұрыс әрекеттер болып табылады. Мысалға, заңға сәйкес жасалған сатып алу-сату, сыйға тарту, тасымалдау, жеткізіп беру және т. б. сияқты әртүрлі азаматтық-құқықтық мәмілелерді алуға болады.
Азаматтық құқық қатынастарын дамытуға, азаматтық-құқықтық актілерді қоспағанда, өзге де құқық салаларының нормаларына сәйкес жасалатын заң актілерінің ықпал етуі мүмкін және олар ықпал етеді де. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің 7-бабында азаматтық құқықтар мен міндеттердің әкімшілік актілерден пайда болуы көзделген. Мысалға азаматты жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу актісін алуға болады.
Заңды қылық – заңда белгілі бір әрекет нақ сондай зардап шектіруге бағытталғанына немесе бағытталмағанына қарамастан, белгілі бір заңдық зардаптарға байланыстырылатын заң жүзінде дұрыс әрекет. Мәсәлен, заңдық қылықтар қатарына шығармашылық кәсіп қызметкерлерінің сайып келгенде әдеби немесе музыкалық туындылары жасалатын әрекеттері жатады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Жайлин Г.А. Азаматтық құқық. І том. Алматы. 2003ж.
2. Жайлин Г.А. Азаматтық құқық. ІІ том. Алматы. 2003ж.
3. Жәкішев Е.Ғ. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы. 2001ж.