Қазақша реферат: Әубәкір Ысмайылов өмірбаяны |
Елімізде өнердің сан түрлі саласынан тамыр тартқан дарабоздар аз емес. Халқына бейнелеу өнерінің негізін салушы, кескіндемеші, портретист, пейзажист, карикатурашы, актер, режиссер ретінде кең танылған Әубәкір Ысмайылұлы Ысмайылов — сондай дара таланттың бірі. Ол Мәскеудегі жоғары көркемдік институттың (Московский высший художественный институт) графика факультетінде оқып жүрген кезінде алғаш рет «Өмірге жолдама» («Путевка в жизнь») фильмінде массовкаға түседі. Осы фильмнің авторларын өзінің табиғат сыйлаған ерекше талантымен таң қалдырған Ә.Ысмайыловқа бұл өз бойындағы актерлік өнердің көзін ашуға бірден-бір себепші болғаны рас. Осыдан бастап актерлік мамандыққа ерекше ден қойған оның театр өнеріне деген сүйіспеншілігі арта түседі. Сөйтіп 1938 жылы Мәскеудегі Мемлекеттік театр өнері институтының (ГИТИС) режиссерлік факультетін бітіріп, М.Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрына кезекті (очередной) режиссер болып орналасады. Мүнда ол М.Ақынжановтың «Исатай — Махам-бет» (1938), Шекспирдің «Отелло» (1939, М.В.Соколовскиймен бірге), С.Мұқановтың «Күрес күндерінде» (1939), Ә.Әбішевтің «Қырағылық» (1942), Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» (1943), Ә.Тәжібаевтің «Жомарттың кілемі» (1945), К.Гольдонидің «Қонақ үйдің қожасы» (1947), т.б. пьесаларды сахналайды. Оның драматургиялық шығармаларға өзіндік үн қоса білуі әсіресе, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» трагедиясында айқын байқалады. Мүнда ол фашизмге қарсы күрес идеясын баса көрсеткен. Дәуір үніне, қо-ғамдық оқиғаларға байланысты режиссер Қозы мен Баянның ма-хаббатына қауіп төндірген Қодарды гитлершіл жауыз деп таниды.
Сондай-ақ, үлы Шекспирдің қызғаныш пен сенгіштіктің ара салмағын таразылайтын трагедиясы «Отеллоны» сахналауда басты қаһарман Отеллоның көркемдік бейнесіне, оның психологиялық хал-күйіне баса назар аударады. Режиссер Яго арқылы өрбитін тартысқа ерекше мән бере отырып, зүлымдықтың қоғамдағы ор-нын ашып көрсеткен. Пьесаны қолға алудан бастап, спектакль пре-мьерасына дейінгі шығармашылық ізденіс, әрбір кейіпкерге трак-товка берудегі таным-түсінігі Ә.Ысмайыловты адастырған жоқ. Керісінше, еңбегі өз жемісін берді. Ол Әмилия, шут тәрізді екін-ші, үшінші пландағы кейіпкерлердің өзін басты бейнемен қатар қойған. Бүл актерлердің батыс менталитетін меңгеруге деген үлкен шығармашылық жауапкершілігін артып, индивидуалды ізденісіне мүмкіндік туғызған. Қандай спектакльде болмасын көріністердің көркем байланысына мән беру Ә.Ысмайыловтың дағдылы ісі. Мүнда да режиссер сол тәсілді назардан тыс қалдырған жоқ.
Ә.Ысмайылов үйғыр театрының сахнасына У.Гаджибековтың «Аршын — мал алан» музыкалық комедиясын қойған. Әзірбайжан үлттық музыкалық шығармасындағы адам баласының ескілік-ке қарсы, жарқын өмірге қүштарлық идеясын үйғыр сахнасында көрсетуі көршілес елдердің шығармашылық достығын білдірген-дей. Ән, би арқылы өрбіп отыратын әрбір көрініс Ә.Ысмайыловтың музыка сазын, оның бояу-бедерін түсіне білгендігін байқатады. Әскер мен Гүлшаһра, Сүлтанбек пен Жахан, Әсия мен Сүлеймен, Уәли мен Телли жүптастығы, олардың өзара жарасымды қарым-қатынасы сахнаға ерекше бір оптимистік атмосфера берген. Әрбір кейіпкерге мінез, сол мінезді сахнада ойнатушы актер-лерге шығармашылық бағыт беруде Ә.Ысмайылов режиссурасы табысқа жетті. Сахнадағы шығыс музыкасы мен режиссердің өз қиялындағы шығыстық киім әскиздері көркем байланысқан.
Қазақтың Мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық Жастар мен балалар театрында да өнер көрсеткен Ә.Ысмайылов М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин» спектаклінде (режис-сері А.Тоқпанов) полиция өкілі Медведевтің ролін ойнайды. Ре-сей патшасының қазақ жерін отарлау саясатын жүргізуде бел-сенді әрекет ететін Медведев Ә.Ысмайылов ойынында елді біл-дірмей алдап, түрлі амал-айла жасай біледі, әріден ойлана алады. Найзағара тәрізді қазақтың болыс-билерін өзіне жақтас, пікірлес етіп алу үшін үнемі өзінің атақ-шенін алға тосып, жоғары үлық екенін білдіріп отырады. Сөзі мен іс-әрекеті, жүріс-тұрысы мен бет-әлпетінің қүбылуы бірін-бірі толықтырып отыратын актер патша өкілінің шынайы бейнесін жасады.
Ә.Ысмайыловтың бойында өнер атаулының барлық түрі то-ғысқан, солар бір-бірімен үндесе келе оны синкреттік өнердің биігіне шығарды. Ән, музыка, би, бейнелеу өнері, сол сияқты ке-йіпкер сомдаудағы қас-қағым сәт Ә.Ысмайыловты қанаттандыра түсуші еді. Өзінің сурет салудан бір сәт қолы босағанда киноға түсуге де уақыт тапты. 1939 жылы түсірілген «Райхан» филімінде (режиссері С.Әйзенштейн) режиссердің ассисенті болып, «Күту» («Ожидание») фильмінде әпизодтық роль, «Жерге қайта оралуда» («Возвращение на землю») кинооператор, «Көгілдір маршрутта» («Синий маршрут») геологиялық әкспедицияның бастығы (началь-ник геологической әкспедиции), «Сол күндерде» («В те дни») керуен бастығы (начальник каравана), «Ерекше күнде» («Необычный день») ғалым-физик, «Тақиялы періштеде» Тана апаның жүрегі жүмсақ замандасы, «Қыз Жібекте» жігіттерді бастаушы (вожак джигитов), т.б. кейіпкерлерді сомдаған Ә.Ысмайылов өзінің дом-бырада ойнау шеберлігімен, керемет бишілік өнерімен, мимикалық құбылуымен, ән айту ерекшелігімен, айқын да нақты сөйлеу мәнерімен бүгінге дейін көпшіліктің көкейінде. Ол кинодағы кейіп-керлерін дубляжсыз өз дауыс-үнімен-ақ сөйлетті. Бүл оның актер-лік ерекшелігін білдіретін қайталанбас шығармашылық қыры еді. Ол басты немесе әпизодтық рольдер болсын өз-өзіне қатал талап қойып, үнемі ізденіс үстінде жүретін.
Өз үлтының тарихы мен салт-дәстүрін, халқының психологи-ясы мен әдет-ғұрпын жақсы білетін қасиеті суреткерге қай өнер саласында болмасын дұрыс трактовка жасауына мол мүмкіндік беріп отырды. Ұлы Отан соғысы жылдарында «Иван Грозныйды» түсірген режиссер С.М.Әйзенштейннің түсіру тобында жұмыс істеген Ә.Ысмайылов фильмде шығыс халқының өмірін сурет-тейтін көріністердің әскизін (декорация) бедерлеп, кино мен сурет өнерінің көркемдік гармониясын өзара үштастыра білген.
Ол — қазақ жерінде би өнерінің де кәсіби қалыптасуына мол еңбек сіңірген түлга. 1939 жылы қазақ мемлекеттік филармониясы жаны-нан үйымдасқан алғашқы халық би ансамблінің көркемдік жағын басқарды. Бидің түрлі қадам-қимылдарын жіті меңгеріп, қағаз бетіне түсіріп отыруы оның ғылымға да жақын екенін аңгартады. Ол «Қазақ халық билері» («Казахские народные танцы») кітабын дайындап (балетмейстер Дәурен Әбіровпен бірге), қазақтың «Айгөлек», «Дауылпаз», «Қаражорға», т.б. халық билері үшін түрлі жест, характерлі қимыл-қозғалыстар әскиздерін сызып, оны сахнаға алып шықты. Жас кезінен-ақ қоғамдық жүмыстарға араласқан Ә.Ысмайылов Петропавлдағы жастар күшімен үйымдасқан «Казкоммуна» көркемөнер үйымының жетекшісі, сондағы мектепте әдеби және көркем үйірмелердің жетекшісі, Республикалық Суретшілер одағы үйымдастыру комитетінің төрағасы тәрізді жауапты жүмыстарда да белсенді үйымдастырушылық қабілетімен танылды.
ҚКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1960), ҚКСР-нің Халық суретшісі (1985), «Еңбек Қызыл Ту» және «Қүрмет Белгісі» ордендерінің, көптеген медальдардың иегері Әубәкір Ысмайылов белгілі актриса, дара талант Аққағаз Мәмбетова екеуі өмір көгінде бірге үшып, өнер көлінде бірге жүзді. Қазақ өнерінде өзіндік орны бар екі суреткердің шыгармашылық жолы бүгінгі үрпақ үшін ру-хани бай мүра. Жалпы адамдық-азаматтық болмысы таза, параса-ты биік Әубәкір Ысмайылұлы Ысмайылов гуманистік қасиетімен есте қалды.