Қазақша реферат: Атмосфералық қысым |

0






Ауаның массасы мен салмағы болады, ол жер бетіне қысым түсіреді. Ауаның жер бетіне, ондағы барлық заттарға түсіретін күші атмосфералық қысым деп аталады. Ауа қысымы теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 760 мм болатын сынап бағанасының салмағына тең. Ауаның қысымын барометр деген аспаппен өлшейді (барос-ауырлық, метр-өлшемі). Барометрдің сынап барометрі және анероит (сұйықсыз) деп аталатын негізгі екі түрі қолданылады. Жылу мол жерде ауа қысымы төмендейді. Салқын аймақтарда ауа ауыр. Ауа қысымы жоғарғы аймақтардан төмен аймақтарға қарай қозғалып отырады. Ауаның көлденең бағыттағы қозғалысы жел. Желдің күшін балмен анықтайды. Түнық болса 0-ге тең, жапырақтар сөл қозғалса баяу жел дейді. Оны 1-5 балмен анықтайды. Желдің бағытын тұстармен айтады: Б, Ш, 0, С. Ауа мөлдір, әрі түссіз болғанымен, біз қашанда оның бар екенін білеміз, өйткені оның қозғалысы желді сеземіз. Теңіз жағасында бриз деп аталатын жел соғады. Күндіз теңізден құрлыққа, түнде құрлықтан теңізге ңарай соғатын желдің бағыты мен жылдамдығын жел баққыштың көмегімен бақылайды. Адамдар жел күшін пайдаланады. Желдің күшімен электр тогы өндіріледі. Желдің зияны да бар. Жерді кептіреді, топырақты бұзады, мұхит пен теңізде толқындар көтереді. Жер бетіндегі атмосфералық қысымы бірдей жерлерді қосатын сызықтар изобарлар деп аталады. Тропосферада әрқашан су буы болады. Олар түрлі температура жағдайында құрлық бетінен, қар мен мұздан, өзендер мен су қоймаларынан буланудың нәтижесінде ауаға көтеріледі. Ауданы 13 м су буының мөлшерін абсолют ылғалдық деп атайды. Ол граммен көрсетіледі. Су буы ауадан жеңіл, көзге көрінбейді, оны ауа салқындап, су буы су тамшылары — тұман түзген кезде байқауға болады.













.

Ауадағы ылғал мөлшерінің оның осы температурада сақтай алатын ылғалының мөлшеріне қатынасын салыстырмалы ылғалдың дейміз. Ылғалдылықты гигрометр деген аспаптың көмегімен өлшейміз. Қаныққан ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%-ға тең. Табиғатта ауаның су буына қанығуы сирек кездеседі. Бұлт дегеніміз — су тамшыларының шоғырлануы, бірақ, ол жер бетінен едәуір биікте орналасады. Бұлттың пайда болуы: су буына қаныққан ауа салңындағанда су тамшыларының бөлініп шығуы. Бұлттардың пішіні әр түрлі болады. Ол бұлттардың пайда болу жағдайларына, биіктігіне, желге байланысты. Бұлтардың түрі. Шарбы бұлттар — 10-12 км биіктікте пайда болатын ең биік бұлттар: ол мұз кристалдарынан құралады; пішіні аң ңауырсындар, жіптер, талшықтар сияқты, жартылай мөлдір және күнді, ай мен жұлдыздарды жаппайды.
Қаз бауыр бұлттар да мұз кристалдарынан тұрады; аспан жарығының дискілері (дөңгелегі) көрініп тұратын, сүттей аппақ қабатпен бүкіл көкке созылады.

Ақша бүлттар — ақ түсті кішкене бұлттар, мүз кристалдарынан тұрады. Ұшпа бұлттар — көктемде, жазда және күзде 10 км-ге дейінгі биіктікте пайда болады; әдемі аңша ңардай тегіс күмбезденіп келген бұлт түйдек, өдетте, ертеңгісін немесе түске жақын көрінеді, ал кешке қарай жоғала бастайды — ериді; ауаның тым жоғары көтеріліп бара жатқан ағысына кездескенде тез биіктей түседі, мұнарланып түнереді, немесе оларды қатты нөсерлі, түнерген қара бүлттар дейді. Жабағыдай тұтасқан ұшпа бүлттар көк жүзін толңындандарып тұрғандай түйдек бұлттар түрінде кешке қарай пайда болады, ол су тамшыларынан түрады, біраң жаумайды. Жабағыдай тұтасқан жауын бұлттары — аспанды жабатын ең төмендегі сүр бұлттар. Ең төмендегі бұлт қатпарлы бұлт сүт түстес сұр бұлтты жабын түзеді, ол барлық аспан күмбезінің немесе оның бір бөлігін қаптап жатады. Ол 2 км-ге дейінгі үсақ су тамшыларынан құралады, 2-ден 5км-ге дейінгі биіктікте будаң бұлттар шар секілді, ерекше әдемі пердектелген бұлттар. Будақ бүлттардың жоғарғы жағы мұз кристаллдан, ал астыңғы жағы кристалдар мен өртүрлі тамшылардан құралады. Осы бүлттардан жауын жауады. Найзағай құбылысы да осыған байланысты.





.

Ең биіктегі қауырсын 6-4 км болады, ол мұз кристалдан құралады, түсі ақ. Метеорологиялың станцияларда бүлттардың пішіні мен биіктігін бақылайды. Олардың аспанды жабу дәрежесін, яғни бұлт тылықты анықтайды. Атмосфералық жауын-шашын. Ауадағы ылғалдық үнемі су буы түрінде болады. Ауадын жерге шың, қырау, жаңбыр, қиыршақ, бұршақ, қар түрінде жауған ылғал атмосфералың жауын-шашын деп аталады. Жауын-шашынды гигрометр көлемімен өлшейді. Онымен бір уақыт ішінде (күн, ай) жер бетіне түскен су қабатының қалыңдығын мм есебімен анықтайды. Жауын-шашын ұзақтыгына және өнімділігіне қарай: нөсерлі жауын, ақ жауын, сіркіреген жауын деп бөлінеді. Нөсерлі жауын өткінші болғанымен, көп жауады, жаңбырдың ірі тамшылары, қардың үлкен жапалағы немесе нөсерлі бүлттардың бүршағындай (күннің жиі күркіреуімен) болып түседі. Ақ жауын — жауынның тамшылары едәуір ірілеу немесе қар жұлдызшаларындай болады, кейде бірнеше күнге дейін созылады да, қатпарлы жауын бүлтарынан жауады. Сіркіреген жауын — жаңбырдың өте ұсақ тамшылары немесе баяу түсетін қар түйіршіктері түрінде бұлттардың төменгі қабаттарынан жауады.
Жауын-шашын тарауына жер ендігі, күшті жел бағыты, теңіздің алыс-жақындығы, жердің бедері, ағыс та әсер етеді.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!