Қазақша реферат: Аталық мал жыныс мүшелері |

0






Аталық мал көбейюіне аталық жыныс безі, қосалқы безі, қуық безі, т.б қарастырамыз. Сыртынан ол өзара жабыса орналасқан сыртқы жылтыр немесе еннің меншікті қынап қабығымен және ішкі фиброзды немесе еннің ақ қабығымен қапталған. Ақ қабықтан еннің өзегіне қарай дәнекер ұлпалы перделер тарайды да, олар енді бірнеше бөлікшелерге бөледі. Әр бөлікшенің ішінде сырт жағынан іркілдек масса және дөңгелек пішінді Лейдиг торшаларымен қоршалған 5-6 ирек түтікшелер орналасады. Ирек түтікше торшалары әртүрлі даму сатысындағы аталық жыныс торшалары мен нәрлендіру (трофикалык) және сүйеніш қызметін атқаратын тұлғалық (сомалық) торшалардан тұрады. Сертолий торламасы (синцитий) деп аталған нәрлендіргіш торшалар арасында ұрық түзуші (сперматогендік) эпителий торшалары орналасады. Олар бастащы жыныс торшаларынан бас-тап жетілген жыныс торшалары (спермий) күйінде болады. Бүл жайт ұрық түзу процесінің (сперматогенез) осы ирек түтікшелер қабырғасында жүретінінің дәлелі.

Сперматогенез төрт кезеңде өтеді: көбею, өсу, жетілу жэне қалыптасу. Көбею сатысындагы ең жас аталық жыныс торша-ларын сперматогоний деп атайды. Олар ірі ядролы майда тор-шалар, ирек түтікшелер қабырғасының сыртын ала орналасады. Бүл торшалар митоздық бөліну нәтижесінде көбейіп, бірінші реттік спермацит деп аталатын торшалар түзеді. Өсу үстінде олар үлкейіп, өзгере (редукциялана) бөлінуге қажетті жағдайлар тудырады да, гаплоидтық толық хромосомалар жиынтығымен сипатталатын екінші реттік спермациттер түзіледі. Осыдан кейін торшалар жетіліп, екі мәрте бөлінеді. Екінші рет бөлінгенде әрбір хромосома екі жартыға — хроматидтерге ажырайды да, хромсомалардың жартылай (диплоидтық) жиынтығы бар торшалар — сперматидтер түзіледі. Сперматидтер әрі қарай бөлінбейді. Олардың цитоплазмалық құрылымдарында күрделі өзгерістер жүріп, құйрық пайда болады да, сперматогенездің төртінші — қалыптасу кезеңінде спермацидтер спермийге айналады. Түзілу барысында ирек түтікшелер өзегіне алдымен спермийдің қүйрық жіпшелері, соңынан бастары өтеді де, спермий толығымен түтікшелерге өтеді.





.

Жетілген спермийлер мөлшері жағынан сперматогониялардан элде қайда кіші болады. Жетілу үстінде олар өз цитоплазмасы мен қосалқы компоненттерінің көп бөлігін жоғалтып, бас бөліктен, дене түлғадан және құйрықтан тұратын торшаға айналады. Спермий басы ядролық заттардың шоғырланған жері. Спермий денесі мен қүйрығы цитоплазмадан түзіледі. Спермий басының апикальдық үшында цитоплазманың бір бөлігі мен Гольджи аппараты шоғырланады. Олардан торшаның бас қапшығында акросома қалыптасады. Бұл органоид спермий басының аналық торшаға енуі үшін қажет. Ал құйрық спермийге қимылдағыштық қасиет береді. Спермийдің жалпы үзындығы 50-70 мкм болады.












.

Бір түлік өкілдерінде спермийдің жетілу мерзімі шамамен бірдей, ал әр түлік малда ол әртүрлі. Мысалы, сперматогенез мерзімі бурада 56, бұқада 54, қошқарда 49, айғырда 42, қабанда 34, қоянда 41, төбетте 56, қоразда 25 күнге созылады. Бастапқы аталық жыныс торшалары ирек түтікшелер ішіндегі сертолий торламасының іркілдек затында орналасады. Бұл зат бастапқы жыныс торшалары мен жетіле бастаған спермийлерді нәрлендіріп, бұзылудан сақтайды. Жетілген спермийлер гиалуронидаза ферментін бөлу нәтижесінде іркілдек затты сұйылтып, ирек түтікше өзегіне өткеннен соң, сілтілік орта әсерімен қозғалғыштық қасиетке ие болады. Содан кейін аталық торшалар тік түтікшелер, ен торы, еннің шығару өзегі арқылы ен қосалқысына өтеді.

Ен қосалқысы үш бөлікке — қосалқы басына, тұлғасына және құйрығына, бөлінеді. Қосалқы өзегі — ирек түтікше. Оның үзындығы 50 метрден (қошқарда) 85 метрге дейін (айғырда) жетеді. Қосалқы басының өзегі өте жіңішке (0,1-0,2 мм) келеді де, ол бірте-бірте кеңейіп, күйрық бөлігінде оның диаметрі 1-2 мм дейін өседі. Ішкі жағынан өзек әлсіз қышқыл реакциялы секрет бөлетін биік цилиндр пішінді эпителиймен көмкерілген.

Ен қосалқысы өзегінде спермийлер өте көп мөлшерде (бұқада 20-40 млрд) жиналады. Бүл жерде олар 8-20 күн аралығында біраз морфофункциялық өзгерістерден өтеді. Қосалқы өзегінің оттексіз қышқыл ортасында спермийлер әбден жетіліп, анабиоз жағдайына келеді, тығыз липопротеидті қабыққа оралып, теріс зарядқа ие болады, олардың антигендік қасиеттері өзгереді. Бұл оларды ортаның қолайсыз әсерлерінен, ісініп кетуден, жабысып қалудан сақтайды. Ен қосалқысында спермийлердің жетілуі барысында цитоплазмада шашылып жатқан митохондриялар орталық жіпше маңына жинақталады. Бұл спермийлер қозғалған кезде оларды қуатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ен қосалқысы қан және лимфа тамырларымен, жүйке талшықтарымен жақсы жабдықталған. Осының арқасында спермийлер қажетті мөлшерде қоректік заттармен қамтамасыз етіледі де, алмасу өнімдері жинақталмай, дер кезінде шығарылып отырады. Қолайлы жағдайлардың туғызылуымен байланысты ен қосалқысы кұйрығында спермийлердің өміршеңдік қабілеті ұзақ уақыт (1-2) ай бойына сақталады.

Аталық жыныс торшаларының түзілу, жетілу және сакталу процестері дене температурасынан 3-40С төмен жағдайда өтеді. Бұл аталық бездің құрсақ қуысынан тыс орналасуымен байланысты. Ен температурасын реттеуде үма терісі мен еттері зор рөл атқарады. Ыстық кезде ұма еттері мен енбау босаңсып, ен салбырап кетеді де, ұмадан тер бөлініп, булану нәтижесінде температура төмендейді. Суық кезде ұма еттері жиырылып, тері бүріседі де, ен құрсақ қабырғасына тартылады, қан тамырлары тарылып, жылу бөлу азаяды. Ен температурасының 38-400С-ға дейін жоғарылауы қалыптасқан спермийлердің бүзылуына, олардың түзілуінің тоқтауына соқтырады. Сондықтан екі жақты крипторхизм (еннің ұмаға түспеуі) жағдайында аталық торшалардың түзілуі бұзылып, аталық мал ұрықтандыру қабілетінен айырылады.






.

Ен қосалқысы өзегінің жалғасы шәуеттік жол деп аталады. Ол оң жэне сол жол болып бөлінеді. Шәуеттік жол жіңішке түтік ретінде шаттың сақина тесігі арқылы ен бауының ішімен құрсақ қуысына өтеді де, қуықтың үстіңгі жағымен жүре отырып, несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлігімен жалғасады.
Шәуеттік жолдық қызметі — шәуетті ен қосалқысынан несеп-жыныс өзегіне жеткізу. Оның қабырғасы үш қабаттан: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан түрады. Жолдың кілегейлі қабығы жыбырлағыш эпителиймен астарланған. Етті қабат бойлама және сақиналы ет талшықтарынан құралған, олардың жиырылуы нәтижесінде шәует шәуеттік жолмен жылжиды.

Несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлігінде қосалқы жыныс бездерінің (көпіршік тәрізді, қуық алды, баданалық (купер) және уретралық) өзектері ашылады. Айғырда көпіршік тәрізді бездер қою, шұбалыңқы, ал бұқа мен қошқарда — сүйық секрет бөледі. Қуық безі айғыр мен қабанда жақсы жетілген, олар сүйық секрет бөледі. Бұл без бұқа мен қошқарда нашар дамыған. Баданалық без қабандарда жақсы жетілген, ол жабысқақ секрет бөледі. Қосалқы без секреттері шәуетті сұйылтады, сперматозоидтардың қимылын жандандырады, несеп-жыныс өзегін шайып, зэр қалдығынан тазартады.
Несеп-жыныс өзегі жамбас қуысының төменгі жағымен шонданай доғасына дейін барады да, күрт төмен бұрылып, жыныстық мүше қүрамына кіреді.
Жыныстық мүше — ұзынша пішінді, қос кеуекті (кавернозды) денеден және несеп-жыныс өзегінен түратын орган. Несеп-жыныс өзегі жыныстық мүшенің астыңғы жағында, кеуекті денелер арасындағы сайда орналасады. Жыныстық мүше арқылы шэует аналық жыныс мүшесіне ендіріледі, зәр бөлінеді.
Жыныстық мүше түбір, дене және бас бөліктерге бөлінеді. Кеуекті денелер түбірінен екі айырылып, аяқшалар арқылы жамбастың шонданай доғасына бекиді. Әр аяқша мықты дамыған шонданай-кеуектік етпен оралған. Аяқшалар біріге келе жыныстық мүше құрайды. Оның сүйірлене біткен басында несепжыныс өзегі ашылады.

Кеуекті денелер сырт жағынан тығыз дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған. Одан кеуекті денені көптеген үңгір-қуыстарға (каверна) бөлетін перделер тарайды. Бұл перделер ет талшықтарымен жабдықталған және олар қиылыса келе кеуекті тор құрайды. Үңгір қуыстар іш жағынан эндотелиймен көмкеріліп, түрленген тамыр арнасын құрайды. Жыныстық қозу кезінде үңгір қуыстар қанға толып, шонданай-кеуектік еттің жиырылуы нәтижесінде вена қанының ағысы бөгеледі де, жыныстық мүшенің көлемі үлкейеді, ол қатаяды. Бұл құбылысты қобу (эрекция) деп атайды. Жыныстық мүшенің бас бөлімі екі қатпарлы тері бүкпесі -күпек ішінде орналасады. Күпек сырт жағынан терімен қапталған, ал оның ішкі беті жұқа көп қабатты эпителиймен көмкерілген.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!