Қазақша реферат: Аталық мал жыныс ағзалары қызметінің реттелуі

0






Сүт қоректі жануарлар аталық дарақтарының көбею ағзаларының қызметі күрделі рефлекстер жиынтығы түрінде атқарылады. Жыныс құштарлығы аталық мал талдағыштарының (көру, есту, иіс, жанасу) ұрғашы малмен байланысты тітіркендіргіштерді қабылдауынан және жыныс гормондарының жыныс құштарлығын тудыратын әсерінің салдарынан қалыптасады. Жыныстық қызметті реттеуде ОЖЖ мен жүйке жүйесінің вегетативтік бөлігінің әртүрлі бөлімдері қатысады. Ми қыртысы түрлі талдағыштардан қабылданған тітіркеністерді жіктеп, өз әсерін қыртыс астындағы жыныс орталықтары мен аралық ми (гипоталамус) арқылы жүргізеді. Өз кезегінде бұл орталықтар қозу толқынын жұлынның кұйымшақ бөлігінде орналасқан әрекция және эякуляция орталықтарына бағыттайды. Бұл аталған орталықтар бір жағынан ми қыртысымен жэне гипоталамуспен, екінші жағынан көбею ағзаларының сезімтал жүйке ұштарымен байланысты. Қыртыстық, қыртыс астылық және жұлындық жыныс орталықтары бір-бірімен өзара байланыста болады. Демек, жыныс орталығы біртүтас жүйкелік тетік ретінде қызмет атқаратын динамикалық (жылжымалы) функционалдық жүйе. Қозу толқыны тек жоғарыдан төмен, яғни ми қыртысы мен гипотала-мустан жұлын мен жыныс ағзаларына ғана емес, кері бағытта -көбею ағзаларының рецепторларынан мидағы орталықтарға да беріледі.













.

Жыныстың рефлекстер дара даму кезінде шартсыз рефлекстер негізінде қалыптасқан шартты рефлекстер жиынтығы. Олар өте оңай қалыптасады. Шағылысуға немесе жасанды қынаппен шәует беруге бір реттен соң-ақ шартты рефлекстер пайда болады. Шағылысу манежінің ішкі көрінісі, шағылыстыруға дайындалған үрғашы мал жыныстық қоздырғыш болып табылады. Аталық малдың жыныстық рефлексі өзара тығыз байланысты бірнеше реакциялардан құралған тізбектелген күрделі әрекет. Оның бір реакциясының соңы екінші реакцияның басталуына түрткі болады. Бұл тізбектелген жыныстық рефлекс үш кезеңде атқарылады. Олар эрекция, жыныстық қатынас және шәует бөлу (эякуляция). Аталған рефлекстер шағылысу процесін — аталық мал мен ұрғашы мал арасындағы үйлесімді жыныстық әрекеттерді, қамтамасыз етеді. Шағылысу нәтижесінде аталық мал ұрғашы малдың жыныс агзаларына шәует бөледі.

Эрекция деп аталық жыныс мүшесінің үлкейіп, қатайып, ұрғашы мал жыныс ағзаларына ене алатындай жағдайға келуін айтады. Бұл құбылыс жыныс мүшесіне артерия қанының келуінің күшейіп, кеуек денелердің қанмен толуымен байланысты. Эрекция кезінде шонданай-кеуектік және бадана-кеуектік еттер жиырылып, жыныстық мүше түбірін шонданай сүйегінің доғасына қысады да, қанның кері ағып кетуін толастатады. Жұптасу (шағылысу, жыныстың қатынас) деп ұрғашы мал қынабына аталық мал жыныс мүшесінің енуін және шәуеттің бөлінуін қамтамасыз ететін қимылдар жиынтығын айтады. Бұқа мен қошқарда жыныстық қатынас жылдам аяқталады да, айғыр мен қабанда ұзағырақ созылады. Эякуляция деп шәуеттің несеп-жыныс өзегіне бөлінуін айтады. Бұл күрделі рефлекстік процесс аталық жыныс мүшесі рецепторларының қынаптың температуралық жэне механикалық әсерлерінен тітіркенуінен басталады. Одан әрі тітіркеніс орталыққа тепкіш жыныстық жүйке талшықтары арқылы жұлынның құйымшақ бөлігіндегі эякуляция орталығына беріледі. Тітіркеніске жауап ретінде окситоцин гормонының әсерімен ен қосалқысының, шәуеттік жолдың, қосалқы жыныс бездерінің және несеп-жыныс өзегінің еттері үйлесімді жиырылады. Осының нәтижесінде спермийлер мен қосалқы жыныс бездерінің секреттері несеп-жыныс өзегіне шығарылады да, одан ырғақты толқын тектес жиырылулар арқылы аналық жыныс ағзасына (қынапқа немесе жатырға) бөлінеді. Шәует қынапқа бөлінетін жануарлар (қоян, сиыр, қой, ешкі) ұрықтанудың қынаптық типіне, ал шәует тікелей жатырға қүйылатын жануарлар (жылқы, шошқа, ит, кемірушілер класы) ұрықтанудың жатырлық типіне жатады.





.

Шәует белгілі бір ретпен бөлінеді. Алдымен бадана және уретралық бездердің секреті бөлініп, несеп-жыныс өзегі зәр қалдығы мен түлеген эпителийлерден тазарады. Осыдан кейін қуық алды және көпіршік тэрізді бездер секретімен сұйытылған шәует бөлінеді. Қабан мен көптеген жабайы жануарларда эякуляция процесі бадана (купер) безінің көп мөлшерде секрет бөлуімен аяқталады. Бұл секрет көпіршік тәрізді бездер бөлген өнімдердің эсерімен желімденіп, шәуеттің қынаптан кері ағып шығуына тосқауыл болатын желатин тәрізді түйіршікті масса құрайды. Эякуляция бұқа мен қошқарда жылдам өтеді, себебі оларда процесс шэуеттік өзектің ампула тәрізді кеңіген жеріне жинақталған спермийлерді бөлумен аяқталады. Қабанда бұл процесс ұзаққа (20 минутқа дейін) созылады және спермийлердің негізгі бөлігі эякуляцияның соңғы кезінде шығарылады. Бұл физиологиялық ерекшеліктерді ұрықтандыру мақсатында жасанды тәсілмен шәует аларда ескерген жөн.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!