Қазақша реферат: Әскери ұжым — тәрбие субъектісі

0






Адам әртүрлі қоғамдық қатынастар жүйесінде, басқа да адамдармен және табиғатпен өзара белсенді қарым-қатынас үрдісінде өмір сүреді және дамып, жетіліп отырады. Қарым-қатынастың бәрінен де белсенді әрі өнімді үрдісі дамудың ең жоғарғы дәрежесі үжымда, яғни топтық қызметте жүзеге асырылады. Жеке түлға өз қызметі мен іс-әрекеттерін тікелей қоршаған орта мен түтастай қоғам талаптарымен ара-қатынаста белгілейді.
Ұжым — жалпы адамзат мәдениетінің маңызды жетістігі. Мүнсыз жеке адамды мәдени теңестіру мүмкін емес. Қоғамдық қатынастардың барлық тараптарында гуманизмнің дамуы, соның ішінде әскери салада да адамдардың еңбек етуінің үжымдық әдісінің мәні, жалпы адамзаттық ынтымақтастығы арта түседі.
Жеке адамдық түрғыда кемелдену үшін әскери қызметшілердің адамдық қасиеттері жетіліп отыратын тәрбиелік кеңістіктің болуы шарт. Мұндай кеңістік тәрбие үжымы жағдайында, алғашқы әскери және педагогикалық үжымдардың бірлігінен көрінетін әскер қызметі жағдайында қалыптасады. Сондықтан да әскер ұжымын тәрбиелеудің мәні екі бірдей тәрбие механизмдерінің өзара ара-қатынасын үйымдастыруда жатыр: әскери жарғылармен қатаң белгіленген іскерлік қатынастар жүйесі және демократиялық сипаттағы жеке түлғалар арасындағы қатынастар.
Әскери ұжымның мәні және оның даму кезеңдері
Ұжымда жекелеген, үжымдық және әлеуметтік түрғыда бағытталған мақсаттардың үйлесімі болады. Ұжымның әр мүшесінің дамып жетілуі жалпы және жекелеген мақсаттардың арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге негізделеді. Әскери қызметшілерді тәрбие-леу міндеттері жеке адамның дамуы мен оның өзіндік қасиеттерін ашу бірлігінде жүзеге асады.
Мұндайда командирлер мен заң алдында бағыныштылардың тең құқығың жеке адам құқығының қорғалуын, өзін-өзі басқарудың демократиялық сипатың ұжымның әр мүшесінің өзінің және ұжымдық өмірдің белсенді субъектісіне айналуың мақсаттың қойылуында, жоспарлауда, талқылауда және нақты тәжірибеде қатынасуын қамтамасыз еткенде ғана ұжым құрылымдық рөлге ие болады.
Әскер ұжымы мен оның әр мүшесінің адамгершілік даму үрдісі өзара тығыз байланысты, әрі өзара келісілген. Бірқағынан әскери қызметшілердің адами дамуы көбінесе ресми және жеке адамдармен қатынастар сипатына, тұтастай әскери ұжымның деңгейіне байланысты. Екінші жағынаң әскери қызметшілердің белсенділік дәрежесіне, олардың қабілеттеріне, өзіндік қасиеттерінің дамуына, ұжымның тәрбиелік жағынан ықпал ету күшіне байланысты. Жекеле-ген ұжым мүшелері әскери бөлімшелердің қоғамдық өміріне белсенді-рек қатынасса, өзіндік жекелеген талпыныстары мен қызығушылықта-рын толығымен іске асырып отырса, ұжымдық қатынастардың бірлігі айқындала түспек.
«Ұжым» түсінігі латын тіліндегі соііідо, орысша «объединяю» (біріктіремін), ал латын тіліндегі соІКсііуиз — «собирательный» (жинау) дегеннен шығады.
Педагогикада ұжым қоғамдық маңызды мақсаттардың, жалпы құнды бағыттарда, бірлесіп қызмет ету мен араласу негізінде біріккен адамдардың әлеуметтік ортақтығы деп түсіндіріледі.
Шағын топтардан ажырату үшін ұжымға төмендегідей белгілер тән:
• Ұжымның алдында тұрған әлеуметтік маңызы бар мақсаты оның жетістігі үшін өзінің бар күшін салған және қызметінің ең ұтымды нәтижелігімен қамтамасыз еткен барлық мүшелерімен мойындалып, қабылданады;
• Ұжымда адамдар арасындағы қатынастардың ең құнды деген типтері болуы қажет, олар: сенім, тілектестік, өзара жәрдем, өзара түсінісу, бірлік және басқа да жағымды психологиялық климат пен жоғарғы жұмыс қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін типтер;
• Ұжымға жетекші-лидер басшылық етуі қажет, яғни жақсы ұйымдастыру қабілеті мен жоғарғы кәсібилік, сыйлы және топтың барлық мүшелеріне әсерлі тартымдылық қасиеттерін бойына сый-дыра білген тұлға;
Ұжымның ішкі мазмұнын А.С.Макаренко анықтағаң ол жекелеген тұлғаларды әшейін ғана жинақтап, оны ұжым деп есептеуге болмайтынын ескертеді. Ұжым — әлеуметтік тірі ағза, оның мүшелері, өкілеттігі, жауапкершілігі, бөліктердің ара-қатынасы, өзара байланыстылығы болғандықтан тірі ағза, ал егер бұлар жоқ болса, ұжым да жоқ болады, тек тобыр немесе жиылған жұрт болып есептеледі. Егер осындай айқындаудан шығарар болсақ, мұндай ұжымды бірден құруға болмайтындығың бұл үшін ұзақ уақыт талап етілетіндігін түсінуге болады.
Күнделікті әскери қызметте ұжым деп кең мағынадағы жалпы пайдалы әлеуметтік бағыттагы әскери қызметшілердің барлық топтарын атау қабылданып кеткен (әскери бөлімшелердің, бөлімдердің, қурамалардың ұжымы т.б.). Алайда, мұндай топтар кейде сырттай қарағанда оларда қызметтердің бөлінуі, лауазымдық сатылар, субординациялық қатынас болғандықтаң жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан болып көрінеді. Мұқият зерттегенде, бұл топтағы жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастың даулы екендігің оқшауланған топтарға бөлінгендігін, ой-пікір бірлігінің жоқтығың келеңсіз ішкі топтық дәстүрлердің орын алғандығын көруге болады. Мұндай жағдайда әскери қызметшілердің іштей бытыраңқы тобын нағыз әскери ұжымға айналдыру үшін кез келген деңгейдегі командирді әлі де жеке құрамды ұйымдастыру, өзара қарым-қатынасты өзгерту, жалпы қажетті бағытта тәрбиелеу жөнінде үлкен жұмыс күтіп тұр.
Осылайша, «ұжым» түсінігі адамдардың бірігуің олардың қыз-метінің әлеуметтік маңызың қоғамдық ынтымақтастығың оларды байланыстыратын қатынастардың болуын көрсетеді. Бұл мағынада әскери бөлімшелерді іскерлік (формалды) және дербес (формалды емес) қатынастарға бөлуге болады. Іскерлік қатынастар әскер қызметі міндеттерін бірігіп шешуге, жарғы ережелері мен тәртіптерін қолдауға және сақтауға негізделеді. Дербес қатынастар жекелей көңілдерін аударуға, тілектестік пен жақтырмаушылыққа негізделеді және басты назарда жекеше қызмет ету саласын қамтиды. Іскерлік қатынас жекелеген тілектестікті мүлдем қоспайды. Керісінше, егерде кейін бекітілсе, берік бола түседі, сондықтан да әскер қызметшілерінің арасында жақсы, жолдастық қатынастар орын алуы үшін осыған талпыну қажет. Сондықтан да ұжымның негізгі белгілерінің бірі — іскерлік қатынастардың жөнге келтірілуі, беріктігі және әрекеттілігі, әскер қызметшілері арасындағы жауапкершілік тәуелділігі. Жең ұшынан жалғасу және бәрін кешіру, тар топтық тілектестік пен жақтырмаушылықтар ұжым мен ұжымдастырудың антиподы саналады.
Сонымең әскери ұжымның астарынан қызметтік, жауынгерлік және басқа да міндеттерді өздігінен орындауға қабілетті, тәртіпті әскер қызметшілерінің жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан тобын түсіну керек. Әскери бөлімшелердің жақсы ұйымдасқан, әлеуметтік маңызды қызметі әскер қызметшілерінің ұжымдық формада өзара әрекеттесуге қатынасу тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Әскер қызметі біріккен қызметке барлық қатысушылардан әртүрлі жағдайда өзара тәуелділік пен жауапкершілікті, іскерлік, ұйымдасқандық, шыдамдылық, қызметтестерімен ез әрекетін жоспарлау және келісу қабілеттілігін танытуды және ұжымды басқара білуді талап етеді. Әскер ұжымы сонымен бірге адамның рухани-адамгершілік жа-ғынан жетілуіне мүмкіндік береді. Ақиқат құндылықтары мен өмірдің мәнін іздеу жолдастарынан оңаша, өзіндік жекелеген қасиеттерің өз пікірін қорғауды, өзінің адамгершілік таңдауын танытпайынша мүмкін емес.
Әскер ұжымы төмендегідей қызметтерді жүзеге асырады: Ұйымдастыру — өзінің қоғамдық қызметін басқару субъектісіне айналады; Тәрбиелеу — мұнда әскер қызметшілері белгілі бір идеялық-адамгершілік қатынастардың алдын алады; Ынталандыру — өз мүшелерінің тәртібін ретке келтіруге мүмкіндік береді, олардың қатынастар сипатын анықтайды. Бөлімшелердің бірлік деңгейінде көбінесе жауынгерлік нәтиже ғана емес, өмірді сақтау мәселесі әскери ортадағы ұжымды қалыптастыруда ең маңызды орынға ие. Әскер қызметінің ерекшелігі әскер ұжымдарының қалыптасу және даму үрдісіне сәйкес белгінің танылуы. Әлеуметтік психолбгияда аз ұйымдасқан адамдар конгломератынан кезектегі қоғамдық маңызды мақсаты бар жақсы біріккен ұжымға дейін топтың өз дамуында біртіндеп ең жоғарғы сатысына жететіндігі ескертілген. Командир ұйымдастырушы ретінде бөлімше-нің бірігу деңгейін бағалап, оның келешектегі дамуына бағытталған шешімдерді жедел қабылдау үшін әскери ұжымның қалыптасу үрдісінің психологиялық-педагогикалық мәнін алдын ала болжауы қажет.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!