Қазақша реферат: Әскери қызметшілермен жеке тәрбие жұмыстары

0






Әскери бөлімдер мен бөлімшелердегі тәрбиелік жұмыстың тәжірибесі, оның тиімділігі командирлердің тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере алу шеберлігіне байланысты болады. Әскери қызметшілермен тәрбие жұмысында жеке қатынас қағидасын жүзеге асыру ұрыстық дайындық деңгейін, ұрыстық және қоғамдық-мемлекеттік дайындық сапасын жоғарылатуға, әскери ұжымда лайықты моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сәйкесінше, кез келген түрдегі оқу-ұрыстық міндеттерді жемісті шешу, командир бағыныштысына ықпал ету құралдарын таңдауда, оның ақылы мен жүрегінің кілтін таба алуына байланысты, басқаша айтсақ, бұл адамға тән мінез белгілерің психологиялық ерекшеліктерін, өмірлік тәжірибесің жалпы білімін және әскери дайындығын ескеру, жалпы қызметте өзінің мүмкіндіктерін ашуға және жүзеге асыруға көмектесу деген сөз. Бүл үшін адамдармен жеке жұмыс жүргізу әдістемесін шебер меңгеру керек. Әскери қызметшілермен жеке тәрбие жұмыстарының мәні мен мазмұны. Жеке тәрбие жұмыстарында, ең бастысы бағыныштылардың күнделікті қызметің жалпы алғанда әскери өмірінің аясындағы жеке тұлғасын болжамдау. Командирдің ең алдымен әскери мамандықтың, әскери қызметтің талаптарына жеке тұлға сапасы қаншалықты сәйкес келетінін анықтауы маңызды. Бағынышты өмірде нені қалайды, қызметтен не күтеді, еркімен жасайтын әскери еңбек құрылымы қаншалықты есеппен құрылғаң соны білу өте маңызды. Бұл міндеттің шешілуіне әскери қызметшінің санасына ықпал ететін жеке тәрбие жұмыстары қызмет етеді.
Жеке тәрбие жұмыстары бөлімшенің өмірлік қызметінде тәрбие әдістері, түрлері және тәсілдері мақсатты қолданылатын және әскери қызметшінің жеке ерекшелігін ескеретін тікелей тәрбиелік ықпалдарды жүзеге асыратын тәрбиешілердің (командирлердің, бастықтардың) педагогикалық қызметінің түрлері деп түсіндіріледі. Жеке тәрбие жүмыстарының мәні нақты әскери қызметшінің тұлғасына тікелей бағытталған әдістер мен өзіндік мазмұннан тұрады. Ол тұлғааралық өзара қатынаста және тәрбиешінің тәрбие-ленушілермен қатынасында жүзеге асады, оның тиімділігі әрбір жауынгердің жеке таным деңгейің оның психикасы мен жеке сапасын терең зерттеуде көрінеді. Сондықтан жеке тәрбие жұмысының негізінде командирдің өзінің бағыныштыларын әртүрлі жағдайдағы әскери қызметте жан-жақты зерттеу барысында жинақталған әскери қызметшінің жеке тұлғасын терең білуі жатыр. Жеке тәрбие жұмысы педагогикалық көзқарас бойынша әрбір әскери қызметші үшін тиімді және мақсатқа бағытталған тәрбиелік ықпалдың нақты жағдай түрлерің әдістерін және құралдарын жинақтау мен қолдануды қарастырады.
Жеке тәрбие жумысының мақсаты — әскери қызметке әскери қызметшінің психологиялық ерекшелігі мен тұлғалық сапасын анықтап, ескеріп және барынша қосу арқасында адамдық факторды белсендіру.
Әскери қызметшілермен жеке тәрбие жұмысында бірқатар міндеттер шешіледі. Олардың бастылары төмендегідей: қалыптастыру, жауынгерлерде қызметтік тағайындалу бойынша қызметтік міндеттерін жемісті орындау үшін қажетті тұлғалық сапаларын жасауға бағытталуын қарастырады;
мобилизация, әскери қызметшіде өзінің немесе әскери үжымның алдында тұрған мақсатқа жету санасын құруға қабілеттендіру;
алдын алу, жауынгерлерде олардың мінез-құлық нормасынан ауытқымауына және жол бермеуіне құрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді;
дамыту, әскери қызметшінің интеллектуалдық, дене тұрғылық және басқа да тұлғалық сапасын жақсы жаққа өзгерту бойынша олардың мүмкіндіктерін сипаттайды;
қайта тәрбиелеу, жауынгер тұлғасының нашар сапаларын жоюмен байланысты міндет.
Мақсатқа жету және көрсетілген міндеттерді шешу үшін жеке тәрбиелік жұмысының негізгі қағидаларын сақтау қажет:
әрбір әскери қызметшіні күнделікті назарда ұстау, жоғары талап қою мен оның өміріне, тұрмысына, бос уақытына әкелік қамқорлық;
әскери бөлімде (бөлімшеде) оқу-ұрыстық дайындық міндеттермен, Қарулы Күшпен, мемлекетөмірімен бағыныштылардың тәрбиесін байланыстыру;
бағыныштылардың кемшілігін сынау, шара қолданумен байланысты сезімдерін сақтау және оның жағымды сапаларына сүйену;
Інақты әскери қызметшіге бағытталушылық, нақтылық;
кез келген құрылымда тәрбие жұмысын жүргізе алу мүмкіндігі, тездік, әртүрлі жағдайда әскери қызметшілердің мінез-құлқына тез бейімделу;
әскери қызметшіге жеке ықпалды жүзеге асыру жүйесін алдын ала ойластыру, жоспарлылық.
Әскери қызметшінің ерекшеліктері мен жеке тұлғалық сапаларын ескеру және зерттеу
Дербес тәрбие жұмысы командирдің (бастықтың), тәрбиешінің әр әскери қызметшінің жеке әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және өзге де ерекшеліктерің оның дербестігін жан-жақты зерттеуіне және есепке алуына негізделеді. Қоластындағы әскери қызметшіні зерттеу — әрбір командир (бастық), тәрбиеші үшін міндетті іс-әрекет. Командир (бастық) қоластындағы әскери қызметшілер туралы қандай мәліметтерді білуге тиіс екен? Бұл негізінен алғанда жалпы өмірбаяндық мәліметтер; психикалық ерекшеліктері; моральдық-рухани қасиеттері; денсаулық жағдайы. Қоластындағы әскери қызметшілерді зерттеу — командирдің (бастықтың) жарғылық міндеттерінің бірі. ҚР ҚК Ішкі қызмет жарғысының талаптарына және дербес тәрбиелеу жұмысының тәжірибесіне сәйкес офицерлердің өзінің қоластындағы әскери қызметшілері туралы қажетті және міндетті білімдерінің тізімі белгіленгең оған келесі мәліметтер кіреді:
— тегі, аты, әкесінің аты;
— туылған уақыты мен орны;
— отбасы құрамы, отбасы мүшелерінің айналысатын жұмыс түрлері;
— қандай оқу орындарында оқыды;
— қайда және кім болып жұмыс істеді;
— қандай қоғамдық қызметтермен айналысты;
— дене қасиеттерінің даму деңгейі, спорттағы нәтижелері, әуестенетін істері және т.б.
Осы және өзге де мәліметтерді әскери қызметшінің жеке бас ісін және өзге де құжаттарын зерттеп, мүмкіндігіне қарай оның туысқандарымен әңгімелесіп, сонымен қатар жеке таныстық әңгіме-сұхбатында алуға болады. Өмірбаян мәліметтерін командир (бастық) өзінің педагогикалық күнделігінде, әскери қызметшінің жеке бас ерекшеліктерін есепке алу дәптерінде тіркеуге, жазуға, ал кейіннен толықтырып отыруға және дербес тәрбиелеу жұмысын жүзеге асырған кезде белсенді түрде қолдануға тиіс.
Дербес тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыру үшін тек қана қоластындағы әскери қызметшілердің өмірбаян мәліметтерін зерттеумен ғана шектеліп қалмау керек. Осымен қатар әскери қызметшінің жеке басының әлеуметтік-психологиялық ерекшелік-терін, яғни:
— қызметтестерімен, командирлермен (бастықтармен), басқа да адамдармен байланыс жасау жүйесіне қосылу дәрежесін;
— қарым-қатынас жасау қабілеттілігін (коммуникативтілігін);
— ұжымдағы орнын (көшбасшы, ортаңқол, көш соңынан қалушы және т.с);
басқа әскери қызметшілерге ықпал ету дәрежесін (беделділігін);
— әскери қызмет жағдайларына бейімделу қабілеттілігін және т.б. да зерттеу қажет болады. Жиынтығында осы бір мәліметтер командирдің (бастықтың), тәрбиешінің әскери қызметшінің әскери ұжымдағы орны мен рөлін және оның жеке басында ұжымның қалай көрініс табатынын түсінуге септігін тигізуге тиіс.
Жеке тәрбие жұмысын сапалы өткізу үшін командирге (бастыққа) мүмкіндігінше әрбір әскери қызметшінің психологиялық ерекшеліктерін толығырақ зерттеп, әскери қызметшінің психикалық процестерінің, жағдайларының және қасиеттерінің өзіндік келбетін, оның қабілеттерін, темпераментің мінезің бағыттылығын және т.б. анықтау қажет болады.
Қабілеттіліктер — қызметтің табыстылығына себепші болатын, адамның тұрақты психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
Олардың аса маңызды қасиеттері -жеке басының өзіндік келбеті және сандық, мөлшерлік анықтамасы. Екеуін де тек салыстыра отырып анықтауға болады. Қабілеттер дарыннан, яғни жаңа ғана туылған адамның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерінен қалыптасады.
Сандық, мөлшерлік тұрғыдан олар әркелкі көрініс тапса да, барлық балаларда қажетті дарын болады. Алайда даму барысында айырмашылықтар көбірек көрініс таба бастайды. Біреуде психомоторика, екінші біреуде — сөйлеу, ойлау және т.б. жақсырақ дамиды. Бұған дәл дарын және басқа да жайттар себеп болады. Алысырақ кеткен сайын өзге, жағдайлық механизмдер — табыстан ләззат алу, ынталандыру, белсенді жәрдемдесу қосыла бастайды. Іске қосылмаған қабілеттер мен дарындар өз дамуында тоқтап қалып, уақыт өте келе олардың жойылуына алып келеді. Кәсіптік оқыту және қызмет ету кәсіптік қабілеттерді қалыптастырады. Дарындылық пен талант — қабілеттердің ең жоғары сипатта-малары, алайда олар да үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Қабілеттер біліммен, ептілікпен және дағдымен байланысты болып келеді. Білімнің, дағдының және ептіліктің жоғары деңгейіне еңбексүйгіш, тегеурінді мінезі бар кез келген адамның қол жеткізе алатынын атай кетуіміз маңызды. Айырмашылығы қабілеттердің бар болуы адамға дәл сол нәтижеге анағұрлым тезірек қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігінде. Адамның іс-әрекеттері мен жүріс-тұрысында психикалық және физиологиялық тұстар тығыз айқасқан. Осындай өзара байланыстың сипаттамаларының бірі — темперамент.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!