Қазақша реферат: Әскери қызметшілерді тәрбиелеудің қағидалары |

0






Педагогика ғылымында танылған заңдар мен заңдылықтар және оларды тәжірибелік тексеру негізінде тәрбиелеу жұмыстарының тәжірибелік құралдары ретінде тәрбиелеудің қағидалары, мазмүны, формалары, құралдары мен әдіс-тәсілдері жасалды. Оларды терең білу — офицерлердің тәрбие жұмыстарының сапалылығының міндетті шарты.
Әскери қызметшілерді тәрбиелеу қағидалары — тәрбиеші ретіндегі офицерлерге, командирлерге (бастықтар) басшылық нормалар ретінде қызмет ететін бастапқы педагогикалық қалып. Олар бөлімшелердегі тәрбиелеу үрдісінің ұйымдастырылуы мен әдістемесің мазмұнын және бағыттылығын анықтайды.
Оларда әскери қызметшілерді тәрбиелеудің көпжылдық тәжірибесі мен оның ғылыми зерттеу нәтижелері жалпыланып, жинақталған. Тәрбиелеу қағидалары мазмұны бойынша объективті, ал формасы бойынша субъективті. Сондықтан олардың талаптарың үрдістің заңдылықтарын білу командирге жауынгерлерді тәрбиелеудің міндеттерін (бастыққа) саналы түрде және шығармашылықпен шешуге, алдыға қойылған мақсатқа сенімді жетіп, өзінің жұмысын жүйелеп, реттеуге, оны педагогикалық негізде жүргізуге мүмкіндік береді. Тәрбиелеу қағидаларын сақтау бөлімшедегі тәрбиелеу үрдісінің дамуын болжай алуға мүмкіндік береді.
Тәрбиелеу жұмыстарының теориясы мен тәжірибесін талдау әскери қызметшілерді тәрбиелеу қағидаларының жүйесін анықтауға мүмкіндік береді:
барлық бірлескен тәрбиенің, әсер ету және ықпал етудің белгілі бір мақсатқа бағытталған болуы;
тәрбиелік жұмыстардың азаматтық-патриоттық және әскери-кәсіби бағыттылығы;
тәрбиелеу мәселелерін шешудегі ізгілік пен жариялылық;
әскери қызметшілерді әртүрлі жұмыс түрлерінде (оқу, қызметтік, ұрыстық, шаруашылық, қоғамдық) тәрбиелеу;
әскери ұжымда ұжым арқылы тәрбиелеу;
тәрбиелеу үрдісінде жоғарғы талап қоюдың, әскери қыз-метшінің тұлғасына құрметпен қараудың, оның қажеттіліктеріне, сұраныстарына үнемі көңіл бөлінудің көрінуі;
тұлғаға, топқа, ұжымға арналған жеке және арнаулы жұмыстар;тәрбиелеу үрдісінде сөз бен істің, ғылыми теория мен тәжірибенің бірлігі; тәрбиелеу әсерінің бірлігі, сәйкестілігі және өзара байла-ныстылығы; тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу бірлігін қамтамасыз ету; тәрбиелеу жұмыстарының мақсатты түрде бағытталуын ынталандыру және әскери қызметшілердің жоғарғы деңгейдегі тәрбиелілігін танытуы; тәрбиелеуге оның барлық элементтерінің белсенді қызмет етуін ескере отырып, кешенді жүргізу; Аталған барлық қағидалардың әрқайсысы шартты түрде ерекше және күнделікті тәрбиелеу үрдісінде өзіндік көрініс беру деңгейі болғанымең олар өзара тығыз байланысты. Тәрбиелеудің қандай да бір үрдісіне сипаттама бере отырып, онда айтылған әрбір идеяның бір немесе бірнеше заңдылықтың көрінісі екенін ескеру маңызды. Олардың мәні тәжірибеде талаптар мен педагогикалық ережелер түрінде ашылып, жүзеге асады. Тәрбиелеу қағидалары теориядан тәжірибеге қарай көпір жасауға мүмкіндік беретін сияқты. Олардыңжиынтығы тәрбиелеудіңжалпы мақсатымең міндеттерімен және мәнімен анықталады. Тәрбиелеу қағидалары педагогикалық жұмыстарда төмендегідей талаптар мен ережелер арқылы жүзеге асырылады: тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің тәрбие мақсатын анық, дәл сезінуі мен түсінуі. Өткізілетін барлық іс-шаралардың бір нәрсеге мақсатты бағытталуы; тәрбиелеу әсерін ұйымдастырудың жоғарғы деңгейі; тәрбие әсерінің қандай да бір құралың әдіс-тәсілін белгілі бір мақсатқа сай таңдап алу; тәрбиелеу жұмысының өмірмең әскери қызметшілердің қызмет жағдайымен шешетін нақтылы мәселелерімен байланысы; тәрбиелеу мақсатына жетуге деген табандылық, жігерлілік; әрбір әскери қызметшіні тәрбиелеудің нәтижесін ұдайы, объективті және жан-жақты бағалау;
Енді жоғарыда айтылған қағидалардың сипатың сондай-ақ әскери қызметшілерді тәрбиелеуде оларды жүзеге асыру талаптары мен ережелерін таныстырып өтейік. Әскери қызметшілерді тәрбиелеудің әскери-кәсіби және азаматтық-патриоттық бағыттылығы, мақсатқа бағытталу
Жалпы тәрбиеде және әскери қызметшілерді тәрбиелеуде көбінесе басты орынға барлық педагогикалық өзара байланысты іс-әрекет жасау, әсер етудің белгілі бір мақсатқа бағытталуы қағидасы жатады. Атақты педагог А.С.Макаренко «мақсатты анық сезінбейінше, тәрбиелеу жұмысын жүргізу мүмкін емес» деген болатын.
Педагогика мазмұны тұрғысынан тәрбие жұмысын жүргізудің екі жағы бар: тәрбиелік іс-шараның мақсатқа бағыттылығы және оны жүзеге асырудың орындылығы немесе пайдалылығы. Тәрбиелік ықпад әсер етуге кірісетін командирдің алдында екі негізгі мәселе тұрады: тәрбиелік іс-шараның нәтижесінде ол неге қол жеткізу керек және алынған нәтижелердің қандай пайдасы бар?
Әскери қызметшілерді тәрбиелеуде мақсаттың қойылуы әртүрлі деңгейде көрінуі мүмкін. Біріншісі — қоғамның, мемлекеттің (мысалы, отансүйгіш, өз Отанының азаматы болатын адамды тәрбиелеу) талабы деңгейінде анықталатын мақсат. Екіншісі — мемлекеттің қорғаушысын тәрбиелеу қажеттілігімең әскери қызметтің талабымен анықталатын мақсат. Үшінші деңгей — өзін-өзі жетілдіру талаптары-мен әскери қызметшінің жеке тұлғасын дамыту деңгейінде анықтала-тын жеке мақсат.
Аталған қағидаларды жүзеге асыру ережелері мен талаптары-ның қатарына төмендегілер жатады:
Субъектілер мен объектілердің тәрбиелеу мақсатын дәд анық түсінуі;
Тәрбие жұмыстарының барлық іс-шараларының белгілі бір нақты мақсатқа бағыттылығы;
Тәрбиелік әсер етудің жоғарғы деңгейі;
Тәрбиелік әсер етудің қандай да бір әдісінің, құралдардың және формасының белгілі бір мақсатқа сәйкес нақтылы пайдалылығы;
Тәрбиелеу жұмысының өмірмең әскери қызметшілердің қызметі жағдайында олардың шешетін нақтылы мәселелерімен байланыстылығы;
Тәрбие мақсатына жетуге деген табандылық;
әскери қызметшілерде тәрбиелеу мақсатына деген жағымды қатынастың болуы;
тәрбиелеу нәтижесін объективті, жан-жақты және жүйелі түрде бағалау. Әскери қызметшілерді тәрбиелеуде іс-қимылдың азаматтық-патриоттық және әскери-кәсіби баәыттылыәы қағидасы өте маңызды. Ол тәрбиелеу үрдісі мен әскери қызметшілердің патриоттық-азаматтық, әскери-кәсіби қасиеттері, сондай-ақ, өз Отанына, халқына қызмет ету міндетінің керек екеніне сенімің жауапкершілігің абыройы мен ар-ұжданын қалыптастырып, дамыту міндеттерімен заңды байланыстылығының мәнін көрсетеді.
Бұл қағида кез келген тәрбиелік іс-шараны, сабақты өткізуде, ұйымдастыруда және мазмұнында азаматтық, патриотизм, әскери мамандандырылудың өзінің көрінісін табу керектігін, ал тәрбиешілер күнделікті жұмыстарында оларды пайдалану керектігін және өздері азаматтық және әскери міндетті орындаудың үлгісі болуын талап етеді.
Әскери қызметшілердің әртүрлі іс-қимылдарындаәы тәрбие-леу қағидасы тұлғаны қалыптастырудың пайдалы еңбекке заңды байланыстылығын көрсетеді. Шартты түрде соңғысын (еңбекті) бірнеше негізгі түрлерге бөлуге болады.
1. Қызметтегі міндеттерін орындауға, Қарулы Күштердің түрлеріне, лауазымдық міндеттерге, оларды әскери қызметтің түрлі жағдайларында, әсіресе ұрыстық жағдайда атқаруға байланысты әскери-кәсіби еңбек.
2. Әрқайсысы жалпыдан басқа, арнайы сипатты қалыптасты-рып, дамытуды талап ететін әскери мамандықтың көптігімен байла-нысты еңбек.
3. Әскери қызметшілерді тәрбиелеуге арналған көптеген мүмкіндіктері бар оқу-танымдық жұмыстар.
4. Тәрбиелеу міндеттерін шешу мүддесінде әртүрлі іс-шара-ларды ұйымдастырып, өткізуге байланысты қоғамдық еңбек, барлық әскери қызметшілердің мәдени-демалыс, спорттық-көпшілік жұмыстарға қатысуы. Жұмыстың бұл түрі ең алдымен әскери қызметшілердің жеке қажеттілігін қанағаттандыруға, дене тәрбиесін дамытуға, олардың әскери борышын сапалы атқаруға қажетті рухани және дене қабілеттерін дамытуға бағытталған.
5. Әскери техника мен қару-жараққа, әртүрлі шаруашылық жұмыстарда қызмет көрсетуге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, оқу-материалдық базаны жетілдіруге, табиғи апаттармен күреске және т.б. қатысуға байланысты тұрмыстық-шаруашылық еңбек.
6. Басшылық құрам үшін әскери қызметшілерді тәрбиелеу ісінде жеке құрамға жетекшілік жасауға байланысты жұмыстарға бағытталған басқару еңбегінің мәні зор.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!