Қазақша реферат: Әскери қызметшілерді тәрбиелеудің әдістері |

0






Тәрбиелеу стратегиясы практикалық мәселелерді шешуде мақсатқа жету жоспарлары мен болашағын қамтиды. Тәрбиелеу тактикасы оның стратегиясына сәйкес тәрбиелеу әрекетін ұйымдастыру жүйесін тек тікелей бағынышты құрылымдарды ғана емес, әрбір нақты әскери қызметшімен жүргізілген тәрбие жұмысын айқындайды. Ол тәрбиелеу қорытындысының айқын деңгейлерін ескере отырып, құқықтық негізде талданып, ғылыми дәлелдермен қарастырылады. Таңдалған тактиканың тиімділігі көптеген жағдайда тәрбиелеудің барлық күш пен амалдары, әдістері кешенінде анықталады.
Әскери қызметшілерді тәрбиелеу әдістері — белгілі бір тәрбие-леу мақсатына жету және жоғары ұрыстық-моральдық, психологиялық қасиеттердің қалыптасуы мен дамуына жету үшін ойға, сезімге және ерікке бірыңғай әсер етудің педагогикалық амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Тәрбиелеудің әдістерін тереңінен білу және тиімді қолдану жеке тұлғаны және әскери ұжымды қалыптастыру мәселелерін шешуге септігін тигізеді.
Тәрбиелеу әдістерін қолданудың ерекшеліктері бірқатар шарт-тарға байланысты айқындалады, алдымен оған жататын — қоғам-дық қатынастың сипаттамасы; тәрбиелеудің мақсаты, міндеттері, заңдылықтары мен қағидалары; адамдардың санасына енгізілетін саяси, рухани құндылықтар, құқықтық және басқа да идеялардың мазмұны.
Тәрбиелеу дегеніміз — әскери қызметші тұлғасына жүйелі түрде кезеңімен әсер ету. Оның әдістері — осы үдерістің құрамдас бөлігі, әскери қызметшінің санасына, еркі мен сезіміне әсер ету құралы.
Тәрбиелеу әдістері әскери қызметшінің бойында тұлғалық, құндылықты, ізденуді және әскери қызметшінің мінезін қалыптастыруға немесе түзетуге, әскери қызметшіге тікелей әсер етуге мүмкіндік береді.
Олардың ішінде ерекше көзге көрінетін жеке (тікелей) және ұжымдық (ұжым арқылы) әсер ету әдістері бар.
Жеке әдіске сендіру, жаттығу, өтініш, сену, үлгі, тұлғаны марапаттау, талап ету, эмоционалды әсер ету, тәрбиелеу ахуалың табыс, сын (өзін-өзі сынау) ахуалын жасау жатады.
Ұжымдық әдіс жарысты және қоғамдық көзқарасты қамтиды. Олар қоғамдық құндылықтар және қатынастар жүйесін қатыстыру жолымен әскери қызметші тұлғасына жанама әсер етеді.
Ынталандыру әдісіне марапаттау және көндіру жатады. Олар тәрбиелөу үрдісінде қалыптасқан әскери қызметшінің әрекетің қундылық ұстанымдарын бекітеді. Марапаттау әдісі әскери қыз-метшінің моральдық және материалдық ынталандыру тәсілдері мен әдістерін біріктіре отырып, әскери қызметшінің қызметке деген ынтасың ниетін және талаптарын дамытады. Көндіру арқылы келеңсіз әрекеттері мен қылықтарын жойып, әскери қызметшілердің тәртіпсіздіктерінең жаман әдеттерінен арылтады.
Тәрбиелеу әдістерінің арасында бағалау және түзету әдісі де өз орнын алып жатыр.
Бағалау әдісі іс-әрекет қорытындыларын талдауды және тәрбие-леу деңгейін бағалауды қамтиды. Түзету әдісінің үш түрі болады. Біріншісі тәрбиелеу үдерісінің қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Оған көзін жеткізу, қайта оқыту және «мінезді жөндеу» жатады. Екінші түрі тәрбиелеудің түзету және толықтыру қызметін атқарады: қажетсіз қатынастың «жарылыс», тоқтау әдістері. Үшінші түрі тәрбие-леудің түзету және болжау қызметін жүзеге асырады. Ол сынау және өзін-өзі сынау әдістерінен тұрады.
Тәрбиелеудің күрделілігі мен жан-жақтылығы әскери қызметшіге педагогикалық әсер етудің түрлі әдістерін тиімді қолдануды талап етеді.
Олардың ешқайсысын тәрбиелеу мәселелерін жан-жақты шешеді деп ойлауға болмайды. Сондықтан тәрбиелеу әдістері жеке құрамға әсер етудің амалдары, тәсілдері мен әдістерінің бірыңғай жүйесі ретінде кешенді түрде қолданылады. Кез келген жағдайда тиімді әдісті қолданып, оны шығармашылықпен пайдалану — командирдің педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Әскери қызметші тұлғасын қалыптастырудың шарттарының көптүрлілігі түрлі әдістерді тиімді қолдануды талап етеді. Бұны толық түсіну үшін олардың кейбіреуін толығымен қарастыру керек.
Сендіру, көзін жеткізу, мысал және жаттығу әдістері
Сендіру әдісі белгілі бір көзқарастарды, түсініктерді қалыптастыру үшін адам санасына әсер етуді қамтиды.
Өзінің психологиялық құрылымына қарай сендіру — эмоционалды ортада және жан-жақты еріктік талпыныстармен қамтылған білімдер. Әскери қызметшінің саналы әрекетінде сезімдері мен еркінің жымда-суы енгізілетін идеяларды тәрбиеленуші іштей қабылдап, олардың әрекет етуіне түрткі болады. Олар адамдардың барлық әрекетін анықтай бастайды.
Сендіру әдісін қолдана отырып, екі негізгі бағытты бөліп алуға болады: сөзбен сендіру және іспен сендіру. Сөзбен сёндіру — әскери қызметшінің санасына, сезімі мен еркіне әсер ететін тиімді амал Сендіру тәсіліне жататындар: салыстыру, салғастыру, талдау; жеке үлгі көрсету; тәрбиеленушілердің жеке тәжірибесіне сүйену; басқалардың тәжірибесін көрсету; қоғамдық көзқарас күшін пайдалану; тәжірибелерді көрсету; қүжаттарды пайдалану; беделді түлғаларға сілтеме беру; тәрбиеленушінің сезімін ескеру; әрекеттер мен қателіктерді бағалау; өз әрекетін бағалауға итермелеу; өз еркімен шындықты айқындап, оны басқаларға түсіндіруді тапсыру, т.б. Сөзбен сендіру амалының түрлері — анықтау, дәлелдеу және жалған екенін білдіру.
Қолданыста кеңінен тараған және әсер ететін амал — сендіруді түсіндіру жолымен қалыптастыру. Түсіндіру — әңгімелесушінің құбылыстың, жағдайдың, қүжаттың мәнін түсініп, оған қатысын анықтап, оған жақсы баға бере алу қабілетін қалыптастыру.
Сендірудің маңызды түрі — жалғандықты дәлелдеу. Ол әскери қызметшінің белгілі бір теориялық немесе практикалық мәселеде оның дәлелдері жоқтығына қарай қолданылады. Адам өз көзқарастарынаң қателіктерінен қиындықпен, күдіктерді басып өтіп барып бас тартады.
Сендіруді «әскери қызметші міндетті», «сізге үят емес пе» деген секілді қалыптасқан моральдандырудан ажырата алу керек. Мұндай жағдайда айтылғандардың барлығы әскери қызметшіге таныс, ақыл айтудың өзін олар офицердің қызметтік міндеттерін формалды түрдегі көрінісі ретінде түсінеді. Моральдандыруды әскери қызметшілер кекесінмен қабылдайды.
Көз жеткізу әдісі — қажетті көзқарастары мен қасиеттерін дамыту және бекіту, қалпына келтіру үшің қажетсіз көзқарастар мен қасиеттерді жою мақсатында әскери қызметшінің ішкі әлеміне және мінез-құлқына мақсатты әсер ету. Ол тәрбиелеушінің жеке беделіне, сөзі мен ісінің бірлігіне, орындайтын әрекеттерінің адамгершілік құндылықтарына қарай әсер етеді.
Көз жеткізу өмірдің келеңсіз тәжірибесін өзгерту үшің әскери қызметшілердің құнды әлеуметтік қажеттіліктері мен әдеттерін қалпына келтіру мақсатында қайта түсіндіру әдісімен толықтырылады. Ол жаман әдеттен арылу және жақсы әдетке үйрену тәсілдерінің көмегімен жүзеге асады. Біріншісі түрлі педагогикалық талаптарды орындауда тыйым салу, бақылау және тексеруді қамтиды. Екіншісі — «қиын» әскери қызметшілердің әрекетіндегі жағымды қасиеттері мен қылықтарын қалыптастыру. Дағдыландыруды мінез-құлықтағы әрекеттер мен жаттығулардың жүйелілігі мен кезектілігінің сақта-луында пайдаланған тиімді.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!