Қазақша реферат: Әскери қызметшілерді оқытудың қағидалары |

0






Жаңа дәуір ғылымындағы қағидалар — белгілі бір теорияның бастапқы қалпы. Оқу немесе дидактика қағидаларында аталмыш үрдіс заңдылықтарының, оның қарама-қайшылықтары мен логикасының талаптары сипатталған. Дидактикалық қағидалар — жалпы мақсаттар мен заңдылықтарға сай оқу әдістері мен түрлерінің құрамын анықтайтын негізгі тұжырым. Оқу қағидаларында оның негізгі түсініктері сипатталады; дидактика нысаны түрінде олар мақсатқа сай заң мен заңдылықтардың қолдану әдісімен байланысты. Осылайша, дидактика қағидалары — жалпыға бірдей басқару іс-шаралары. Оның құрамында оқу үрдісінің әдісі, ұйымдастырылуы және құрылымы сипатталған. Әрбір қағида оқудың бөлек, белгілі бір саласын анықтайтын тәртіптен (талаптан) құралады. Бірақ, олардың біреуі де белгілі бір тәртіп есебінде жүрмейді. Оқу ережесі дегеніміз — белгілі бір оқу қағидасының қолданылу ерекшелігі. Бұл кәдімгі педагогикалық жағдай кезіндегі іс-шаралар жиынтығы. Ереже бастауын оқу қағидасынан алады және оларды бекітеді. Егер екіншілері жалпы заңдылықтар сипатында болса, біріншілері белгілі бір жағдаймен қарастырылады. Оқытушы ереже арқылы практикалық жұмыста дидактикалық қағиданың жүзеге асуын анықтайды. Әрбір ереже белгілі бір қағиданы жүзеге асыратын оқытушы жұмысын анықтайды. Онда жалпыға бірдей бір күш немесе міндет жағдайында пайда болып, педагогикалық жағдайға сәйкес іске асады.
Әртүрлі авторлардың дидактика қағидалары әртүрлі. Дегенмең олардың біразы бірдей: олар ғылыми, жүйе, көрнекі, ыңғайлылық, теория мен практика байланысының, өмір, нәтиже беріктігінің, оқушы өзіндік жүмысының, оқу жұмысының жеке және ұжымдық бірігу қағидалары.
Жаңа дәуірде әскери педагогикадағы мұрагерлік, ғылыми мең-геру, педагогиканың, психологияның, әскери ғылым орнының негі-зінде келесі әскери қызметшінің оқу қағидалары бар:
әскери қызметшіні оқытудың қоғамдық қамтамасыз етілуі;
әскери қызметшіні ғылыми түрде оқыту;
әскериқызметшініпрактикатүріндеоқыту.оныөмірмеңҚарулы Күштердің құрылуымен және даму практикасымен байланыстыру; * • оқытудағы көрнекілік;
оқудағы қиыншылықтардың жоғары деңгейлігі;
оқытушы басқаруындағы әскери қызметшінің (оқушының) сезімталдығы, белсенділігі және өз бетінше жұмыс істеуі;
оқытудағы жүйелік, кезектілік және жинақылық;
оқытудағы меңгеру мен нәтиженің беріктігі және әскери қызметші танымдық үрдісінің дамуы;
әскери қызметшіні ұжымдық және жеке түрде оқыту, ұжымдық және жеке оқыту түрлері мен әдістерінің дұрыс қолданылуы;
әскери қызметшіні оқытудың даму және тәрбиелік сипаты. Оқытудың ғылыми және әлеуметтік қамтамасыз етілу қағидасы
Оқытудың әлеуметтік қамтамасыз етілу қағидасы — Отанды қарулы қорғау мақсатындағы, соғыс және бейбіт өмірдегі әскери қызметші мен әскери ұжымға қойылған тапсырмалардың шешілу дайындығы. Ол жеке құрамды оқытуда мемлекеттің, қоғамның Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, әскери қызметшіге қойған талаптарының орындалу тәртібін анықтайды.
Аталмыш қағида әскери және білім алу саясатына сай оқу құрамының негізі болып саналады. Ол, көбінесе әскери қызметші дайындығының, оқу жоспарының, бағдарламаның және оқулықтың талаптарында қарастырылады. Осыған орай, мынадай дидактикалық талаптар бар:
оқу үрдісін және оқу материалын мемлекет өмірімең Қарулы Күштер тапсырмаларымең жеке құрамның қызметімен байланыстыру; басқарма құжаттарында, бұйрықтарда көрсетілген Президент, Мемлекет, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің талаптарын қызметке енгізу;
әскери қызметшіні мемлекет азаматы, Отан қорғаушысы ретінде тәрбиелеу;
әскери қызметтің абыройын көтеру. Аталмыш дидактикалық талаптардың бәрі бір-бірімен тығыз байланыста. Оларды оқу тақырыбы мен сұрақтарының ерекшеліктері арқылы қарастыру, оқуға тәрбиелік сипат береді.
Оқудыңғылыми қағидасы ғылым мен технологияның, тәжірибенің, әлемдік тәжірибенің даму деңгейіне сәйкес әскери қызметшіні оқыту технологиясын анықтайды. Ол оқу жоспарын, оқу бағдарламасын және оқулығын қарастырады. Бұл қағида әскери қызметшіге берік бекітілген ғылыми білімдер (ғылыми дәлелдер, теориялар, оқытулар, заңдар, заңдылықтар, әскери және басқа да ғылым салаларындағы жаңалықтар) беріліп, оқытылады. Ғылыми қағида оқу материалының таңдалуына, оқу үрдісінің, әскери және жалпы мемлекеттік дайындықтың ұйымдастырылуына ғана емес, аталмыш үрдістің әдістері мен түрлеріне де аса көңіл аударады.
Әскери іс-шара мен жаңа дәуір ғылымы үздіксіз даму үстінде. Әскерде жаңа техника пайда болады, әскери ұрыс түрі мен әдістері күрделенеді, педагогикалық оқу технологиясы мен жаңа даму жолдарын қосып, бөлім мен бөлімшенің әскери дайындығы деңгейін көтеру керек. Осыған сәйкес келесі дидактикалық талаптар бар:
оқу материалын ғылым мен технологияның соңғы жетістік-теріне сәйкес оқыту және оларды әскери практикада іске асыру;
қару-жарақ пен әскери техника түрлерінің барлығы жан-жақты оқытылу мақсатында әскери істің барлық шараларын оқыту.
Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста. Оларды оқытылып жатқан тақырып ерекшеліктерімен байланыстыру арқасында оқуға ғылыми сипат беріледі.
Көрнекілік және тәжірибелік бағыт қағидасы
Әскери қызметшілерді оқытудағы тәжірибелік бағыттың қағидасы әскери техника мен қару-жарақтың, мемлекеттің әскери ұйымшылдығының, әскери ғылымның даму деңгейіне тікелей байланысты. Аталмыш үрдіс соғыс өнерінің бұрынғы тәжірибесі мен қазіргі тәжірибесінің байланысын қамтамасыз етеді. Бұл қағиданы атақты қолбасшылардың бәрі қолдаған. Оның мағынасы оның ұранында, яғни «Әскерді соғыста керекті нәрсеге үйрету». Аталмыш қағиданың әскери-педагогикалық мағынасы теория жүзінде ең бірінші орыс генералы М.И.Драгомиров еңбектерінде көрсетілген. Ол мұндағы негізгі екі сұрақтың жауабын анықтаған. Біріншісі әскери қызметші-лерді неге үйрету керектігі жөнінде де, екіншісі әскердің дайындығын қандай жағдайларда өткізу жөнінде.
¥лы Отан соғысының ардагері, атақты ақын Константин Симонов былай деген:
Соәыста дайындық жургізу деген болмайды, ягни бірінші рет біліп көру мүмкін емес. Согыста қате жіберуге болмайды. Мунда бәрі, басынан бастап аягына дейін қанмен жазылган.
Аталмыш қағиданың дидактикалық талаптарында теория мен тәжірибенің байланысы бар, олар:
оқыту барысында әскери жарғыларға, нұсқауларға сүйену; әскери қызметшіні оқытуда әскери кәсіптік қызметке мүмкіндігінше жақындатып өткізу керек. Жеке құрамның дайынды-ғында оңайландыру болмау керек;
сабақтажекеқүрамнанкөпжұмысталапететінқиынжағдайлар жасау керек. Бұл әскери қызметшілер бойындағы белсенділікті, өз бетінше шешім қабылдауды дамытады;
жаңа заманғы соғыстың, әскери ғылым мен жаңа заманғы ұрыстың жүргізілу тәртібі туралы қазақтың әскери доктринасының сипаты мен ерекшеліктерін оқып, білу;
жаңа әскери техника мен қару-жарақтың, әскери қимылдар мен шетел әскері мүмкіндіктерінің оқытылуы;
әскери қызметшіге әскери техника мен қарудың, автоматтандырылған басқару жүйелері мен байланыс құралдарының, электрлік-есептеуіш техниканың, барлық қару-жарақ түрінен қорғаныс жүйесін кәсіптік деңгейде үйрету;
бөлімдер мен бөлімшелерде жоғары әскери дайындықты қамтамасыз ету, тәртіпті қатаң қадағалау.
Көрнекілік қағидасы — оқу үрдісінің ғана емес, бүкіл әскери педагогикалық үрдістің ұйымдастырушы саласы. Ол педагогика тарихында ең алдымен қарастырылады. Оқыту деңгейі адамның сезу мүшелеріне байланысты. Оқу материалының сезімтал берілуі неғұрлым алуан түрлі болса, соғұрлым ол жақсы меңгеріледі.
Көрнекіліктің теориядағы түсінігі ауқымды болып келеді. Дегенмең қоршаған орта туралы мәліметтің 60%-ы көру арқылы қабылданады. Көрнекілік қағидасында, сондай-ақ, моторлы, есту, дәм және т.б. сезімдер қолданылады.
Олардың даму жолындағы дидактиканың негізін салушы Я.А.Коменский болған. Көрнекілік әскери және жалпы мемлекеттік дайындық барысында кеңінен қолданылады, бірақ әртүрлі қызмет атқарады. Олар жаңа материалды оқу барысында байқалады. Қарумен және техникамен жұмыс істеу барысында көрнекілік керекті білік пен дағдының қалыптасуына септігін тигізеді. Оның көмегімен білім алу үрдісі әлдеқайда оңайланып, оқуға деген қызығушылық арта түседі.
Әскер дайындығының тәжірибесінде А.В.Суворов, П.С.Нахимов, С.О.Макаров және т.б. өткен дәуірдің атақты әскерилері көрне-кілікті кеңінен қолданған. М.И.Драгомиров әскери оқудағы аталмыш қағиданың ерекшеліктері мен теориялық рөліне ерекше назар аударған.
Жеке қүрамды оқытуда жүйелі түрде қолданылатын көрнекіліктің келесі түрлері бар:
• табиғи көрнекілік: әртүрлі қару, техника, аппарат, оқу даласы, аэродромдар, дала оқу жаттығулары, танкодромдар, оқ-дәрі түрлері;
• көрсету құралы — бағаналар, көрсеткіштер, жарылғыш пакеттер және т.б;
• ауқымды көрнекі жабдықтары — қару мен әскери техника түрлері, олардың үлкейтілген немесе кішірейтілген бөлшектері; көрсету үшін арнайы жасалған макеттер, қабырға стендтері, әртүрлі сызбалар және т.б;
• тізімдеме түріндегі көрнекі нұсқаулары — плакаттар, карталар, сызбалар, сызулар және т.б;
• аудиотаспа құралдары — кинофильмдер, жазу магнитофондары, теледидар бағдарламалары, компьютерлік техника және т.б.
Жоғарыда көрсетілгендерге ішкі көрнекілік қосылады. Ол әскери қызметшінің ойына сақтаған тәжірибесіне көмек ретінде қолданылады.
Көрнекілікті қолдану барысында оның тек оқу мақсатына жету құралы екенін ескеру керек.
Көрнекілік жабдықтарға қойылатын талаптар:
сызбадағы мәтін түсінікті әрі маңызды болуы керек;
• көрнекі жабдықтары оның көлеміне байланысты;
жабдық дайындау барысында түстің психологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Кейбір түс әсерінен қабылдау үрдісі айтарлықтай артады, олар: қызыл немесе жасыл, көк немесе сары, қара немесе ақ.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!