Қазақша реферат: Әскери қызметшілерді оқытудың дидактикалық теориялары

0






Оқытудағы теория мен тұжырымдама оқу туралы әлдеқайда ауқымды жүйе — дидактика жүйесін құрайды. Әскери қызметшіні оқытуда қолданылатын қағидалар дидактика негізінен тұрады. Ол теория мен тұжырымдаманың негізін салады. Сонымен қатар әскери қызметші дайындау барысында ескерілуі тиіс қажет ерекшеліктерді қалыптастыруда қолданылады.
Теория — білімнің белгілі бір саласындағы жүйелер негізі; элементтержиынтығын немесе кейбір біркелкі құбылыстарды зерттеу-ге бағытталған қағидалар, заңдар, санаттар, түсініктер, тұжырымда-малар жүйесі; болжамды құралдардан, заңдардаң түсініктеме құбылыстары мен эмпирикалық байланыстардан құралатын бекітпелер жүйесі.
Тұжырымдама — белгілі бір түсіну әдісі, көзқарастың негізі. Дидактикада оқыту тұжырымдамасы — оқу үрдісінің ұйымдастыры-луың мағынасын, құрылымың әдісін түсінуге бағытталған көзқа-растар жиынтығы. Сонымен қатар аталмыш үрдіс оқушы мен оқыту-шының қызметі барысындағы ерекшеліктерді зерттейді.
Оқыту тұжырымдамаларының бірқатары (олардың құрылымы мен бағытына байланысты емес) практикалық қызметке керекті практикалық дайындық пен білім жүйесінің меңгерілуіне бағытталған. Аталмыш үрдісті сабақ жүргізушісі ұйымдастырады.
Оқытушы белгілі бір тұжырымдама негізінде өзінің қызметін және оқу материалдарын меңгерудегі оқушылардың қызметін жоспарлау керек. Сондықтан да офицер, әскери оқытушы негізгі дидактикалық тұжырымдамалардың мағынасын, құрылымын және ерекшелігін, оның жақсы және нашар жақтарын біліп, оқыту үрдісін ұйымдастыруы керек.
Дидактиканы оқыту үрдісі туралы ғылым жүйесі түрінде алғаш рет Я.А.Коменский қарастырған. Одан кейін ол оның балаларға қатысты қағидалары мен тәртіптерін («Ұлы дидактика», 1657 ж.) жасаған. Бұл еңбек оқыту теориясы мен тұжырымдамасының қалыптасуына негіз салды.
Коменскийдің оқыту теориясы табиғи тәрбие қағидасына сәйкес құралған. Олар келесі қағидалармен сипатталады: тәрбие жасанды және қоғамдық үрдістердің ғылыми тұрғыда түсінілуіне негізделіп, табиғат пен адамның даму заңдарымен келісілуі керек; әскери қызметшінің жасы мен жынысына сәйкес тәрбиелеу керек; және де әскери қызметшінің өзің қоғамды және қоршаған ортаны дамытудағы жауапкершілік сезімін дамыту керек.
Ағартушылық кезеңінде жаратылыстану философиядан бастау алды. Сонда Ж.Ж.Руссо оқушының сұраныстарына дидактика түрінде қамтамасыз етті. И.Г.Песталоцци адамның барлық қабілеттерінің дамуына назар аударды.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында классикалық педагогикада екі теория анықталды — нақты және материалды білім.
Оқытудың бірінші (И.Ф.Гербарт пен оның шәкірттері), басты тапсырмасын қолдаушылары оқушылардың білім тұрғысынан дамуын қолдады. Өйткені олар оқытушының қадағалауымен іске асатын білім алу үрдісінің психологиялық-дидактикалық қорытындысын маңызды деп санады. Гербарт білім тұрғысындағы қызметтің екі негізгі актілерін көрсетті, олар: бөлшектерді анықтап, қосуға бағытталған тереңдету және ойлану актілері. Гербарт оқыту мен тәрбиелеу мәселелерінің ара-қатынасын қарастыра отырып, «тәрбиелеуші оқыту» түсінігін енгізді.
Материалдық жаратылыстанудың қарамағындағылары болса, әскери қызметшілердің танымдық қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ететін біліммен қаруландыруды алға қойды.
Өз көзқарастарын дәлелдеу таласы аталмыш қағиданы дамыта түсті. Материалдық және шын болар құбылыстың ара-қатынасының мәселесі XX ғасырдың екінші жартысында өз мәресіне жетті.
XIX ғасырдың ортасында Ф.Дистервег адам дамуының тек қызметте ғана білінетінін атап өтті және де заңдама мен тәртіптерге сәйкес қалыптасқан дамытушы оқытудың негізін салған.
Ресейде оқыту мәселелері А.Н.Радищева, В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов сияқты ағартушы және демократ жазушылардың еңбектерінде қарастырылған. Аталмыш тұлғалар XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы орыс педагогикасының прогрессивті дидактика мысалдарына жақындауында маңызды рөл атқарды.
XIX ғасырдың екінші жартысында К.Д.Ушинский толық түрдегі дидактика жүйесін құрды. Ағартушылық философиялық мысалдарға сүйене отырып, ол шынайы түрдегі және материалды жаратылыстанудың біркелкі құрылуың таным үрдісі мен оқытудың ұқсастығын атап өтті, бірнеше қабылдау үрдістерін жүзеге асырды, олар: білімді меңгеру мен оны бекіту, оқыту барысындағы ойлау үрдісін дамыту, оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру, сабақ беру мен оқушылардың өзіндік қызметінің ара-қатынасы.
Ушинский шәкірттері Н.А.Корф, В.П.Вахтеров, П.Ф.Каптеров және басқалар оқушының жасы мен психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сай бастапқы оқыту жүйесін құрды. П.Ф.Каптеров оқушының өзіндік жұмысын және белсенділігінің дамуын алға қойып, өзіндік дамуды оқу үрдісінің қозғаушы күші деп санады, оқу жоспарларын таңдаудағы курстың кіріспесінің негізін салды.
ХІХ-ХХ ғасырларда тәжірибелік психология дәлдік әдісінің пайда болуына байланысты дидактиканың басқа да ғылымдармен байланысы анықтала түсті. В.А.Лай, Э.Меймаң А.П.Нечаевтар оқыту теориясына арнайы тәжірибелік сипат берді. Бұл қазіргі таңдағы ағылшын-американ педагогикасының «дидактика» терминінен бас тартуына әкеліп соқты.
XX ғасырдың бірінші жартысындағы батыс педагогикасы прагматикалық педагогика түрінде қалыптасқан Дж. Дьюидің (АҚШ) педоцентристік дидактикасымен сипатталады. Оның басты қағидасы — жеке үлгі ретінде тәрбиелеу, мұндағы оқытушының мақсаты практикалық түрде үйрену. Бұның нәтижесінде оқу жоспарлары оқушылардың теориялық білімді терең және жүйелі түрде меңгерілуін қамтамасыз етпейді.
Кеңес Одағының дидактикасы белгілі бір қоғамдық қарым-қатынастың оқытылу сипатына байланысты болған. Практикалық өмірге деген қарым-қатынасқа аса мән берілді (Н.К.Крупская, А.В.Луначарский,А.С.Макаренко).Оқытутұжырымдамасығылымнегізі мен қоғамдық тәжірибелерді меңгеру барысындағы оқушылардың үзіліссіз даму қоры ретінде сипатталады. Аталмыш үрдістер міндетті түрдеоқытушыныңқадағалауынталапетті(С.Т.Шацкий,П.П.Блонский, П.Н.Груздев, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Л.В.Зенков және басқалары). Осы тұжырымдамаға сәйкес, білім беру үрдісінің құрамына білім, дамыту және ептілікпен қатар оқытудың дамытушы және тәрбиелеуші қызметтерін күшейтетін жаңа жиынтықтар кірді (1970 жылдар). Бұл жиынтықтар — қызмет және қоршаған орта мен бір-біріне деген қарым-қатынастың тәжірибелері (В.В.Краевский, И.Я.Лернер* М.Н.Скаткин және басқалары).
Белсенді түрде білім алу үрдісінің талаптары жаңа мағынаға ие болып, оқушылардың танымдық қызметіндегі өз бетінше жұмыс істеуін қамтамасыз етті (Ш.И.Ганелиң Е.А.Голант, М.А.Данилов, М.Н.СкаткиңЛ.Я.Зорина, Г.И.Щукина және т.б.). Оқытудың мәселелі тұжырымдамасындағы дидактика мен психологияның қарастырылуы жоғарыдағы заңдылықтармен тығыз байланыста (Т.В.Кудрявцев, И.Я.Лернер, А.М.Матюшкиң М.И.Махмутов және басқалары).

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!