Қазақша реферат: Әскери қызметшілерді оқытудың әдістемелік жүйесі
Әскери қызметшілерді оқыту сапасы оларды дайындау үрдісіне байланысты. Оны жоспарлау білім, білік және машықтарды өсірудегі логикалық бірізділік, сабақ берушілердің әдістемелік шеберлігі, оқытудың әртүрлі әдіс, түрлері және құралдар, нәтижелерді бақылау және сараптау, олардың сапасы, материалдық-техникалық базаны және арнайы оқу пәндерін оқыту әдістемелерін жетілдірумен көрінеді. Оқытудың әдістемелік жүйесінің негізін «Қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауап беретін оқыту әдістері құрайды. Әскери қызметшілерді оқытудың әдістері. Әскери қызметшілерді оқытудың әдістері — оқытушылар мен оқушылардың бірізді, бір-бірімен байланысқан әрекеттері, бұған біртекті тәсілдер, құралдар, оқытылатын материалдарды ашып көрсететін айлалар жиынтығы, сонымен қатар жоғары ізгілік-психологиялық және әскери қасиеттерді қалыптастыру кіреді. Оқыту әдісі мақсатың мазмұның меңгеру тәсілің оқыту субъектілерінің әрекеттестік тәртібін айқындауға бағытталған нышандармен сипатталады.
Бүгінгі күні оқыту әдістерін анықтау және топтастыру мәселесі оның доминантын анықтаудың түрлі амалдарының болуына байланысты. Бұнымен белгілі топтастырудың көптігі де байланысты. Олардың бірнешеуін қарастырайық. Бірқатар зерттеушілер (Е.И.Перовский, Е.Я.Голант, Д.О.Лордкипо-нидзе және т.б.) оқыту әдістерін бөлу үшін негізгі нышан ретінде ақпарат көздерін санаған, олар арқылы оқушылар білім алады. Бұл сөздік, көрнекілік және тәрбиелік әдістерді бөлуге, ерекшелеуге мүмкіндік берді. Басқа теоретиктер (И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, А.Н.Овечкин және т.б.) бұл әдістерді білім мазмұнын меңгеру бойынша оқушы әрекеттерінің сипатына сәйкес топтастырған. Бұл осы кезеңдегі қалыптасатын даярлық деңгейіне байланысты оқыту субъектілерінің өзара әрекетін құруды қарастырады. Түсіндірмелі-иллюстративті (ақпаратты-рецептивті) әдіс, бұ-ған әңгімелеу, дәріс, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, бұқаралық шеру кіреді.
Репродуктивті үлгі бойынша әрекетті көрсету, алгоритм бойынша әрекет, бағдарламалау қарастырылады. Эвристикалық (жартылай ізденушілік) оқытушылар дайын-дылығының шығармашылық деңгейін қалыптастыратын зерттеушілік әдіс. Педагогикалық жүйенің жұмыс істеу бағытына оқытудың әдістерін топтастыруды Ю.К.Бабанский дайындады. Әскери педагогикаға сәйкес оның дамуын В.И.Бегун жүзеге асырды. Осы топтастырылуда келесі әдістерді бөліп көрсетуге болады. » — Оқу-танымдық үрдісті ұйымдастыру және жүзеге асыру. Оқу-танымдық үрдісті ынталандыру. Оқу-танымдық үрдісті жүзеге асырудың тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау. Басқа топтастыруларда әдістердің үлестірілуінің келесі түрлері қарастырылады: Бинарлы және полинарлы талдап қорыту. М.И.Махмутов (бинарлы), В.И.Паламарчукжәне В.Ф.Паламарчук (полинарлы). Оқытудағы ынтымақтастық түрлерімен үйлесімділігі (Л.Клинберг). Білімді игеру, игерген білімді бекіту жәнежетілдіру (Г.И.Щукина, И.Т.Огородников және т.б). Әдістердің жасанды топтамаларынаң оларды белгілі сипаттама-лары бойынша топтастырудан бас тартумен байланысты үрдістің пайда болуы және дамуы әбден қисынды, өйткені әдістердің және оларды топтастыру жолдарының көп болуы иерархиялық және қисынды қүрылымдар мен дағдылы түгендеуге ауысудан бас тартуға негіз болады. Бүны оқу сабақтарын жүргізу барысында бір мезгілде бірнеше әртүрлі әдісті қолдануға болатынын растайтын оқу үрдісін уйымдастыру тәжірибесі де айғақтайды. Әскерді дайындау барысында әскери қызметшілерді оқытудың келесі әдістері кеңінен тараған: Оқу материалын ауызша баяндау (дәріс, әңгіме, түсіндіру, нүсқау). Оқылатын материалды талқылау (семинар, әңгімелесу, топтық сабақ); Көрсету; Жаттығу, машықтану; Тәжірибелік жұмыс; Өзіндік жұмыс. Оқыту әдістері белгілі дидактикалық жүйе түрінде көрінеді, бұған сәйкес оқу мақсаты -жүйе құрушы фактор. Құрамдас бөліктер ретінде сол әдістердің өздері, ал кері байланыс механизмі — білімді меңгеруді бақылау тәсілдері, машықтардың қалыптасуы, кәсіби маңызды қасиеттер болып табылады. Бұны оқытушы мен оқушылардың әрекеттері қарастырады.
Әр әдіске әртүрлі оқыту тәсілдері кіреді. Түрлі әдістерге бір тәсіл кіреді. Бұның мысалы ретінде дәріс немесе әңгімелесуді жазу, жаттығуларды орындау кезінде көмек, сақтандыру және т.б көрсетуге болады. Бірақ әдіс түрлі тәсілдердің қосындысы емес, өзара келісілген жүйе.
Түрлі әдістерді қолдану әскери қызметшілерді оқыту, әскери және қоғамдық дайындық ерекшелігімең олардың оқу-әскери іс-әрекетінің өзгешелігімен анықталады. Әскери қызметшілерді оқытудыңәдіс-тәсілдері әскери техниканың жетілуімен және әскери әрекеттер түрлеріне байланысты дамиды.
Оқ-дәрімен атылатын қару пайда болғанына дейін тиісті машықтар мен дене сапасын дамытуға арналған жаттығулар болған. Бұнда адамның еліктеу қасиетіне сүйене отырып, көрсету және түсіндірудің бөлек элементтері қолданылған.
Оқ-дәрімен атылатын қару пайда болғаннан және әскердің жүйелі тактикасының дамуынан материалды ауызша баяндау және оны талдау әдістері қолданыла бастады. I Петр «жауынгерге өзін өмірде, сапта, оқуда қалай ұстау керектігі туралы әскери мақалаларды», сонымен қатар әскери қызметшінің тәртібі мен әскери міндет ережелері туралы нұсқаулар енген «әскери артикулды» оқуды, түсіндіруді талап еткен. А.В.Суворов оқытудың бірқатар жаңа тәсілдерін енгізді, яғни жауынгерден өздігінше шешім қабылдауды талап ететін ауызша, кіріспе тәсілдерді қолдануды талап етті. Суворовтың «Жеңу ғылымында» материалды ауызша мазмұндау әдісіне «Жауынгерлерді сөзбен үйрету» арнайы бөлімі берілген.
Бүгінгі күнгі әскерде күрделі шайқас техникасын меңгеру қажеттілігі оқытудың әртүрлі әдістерін қолдануды талап етеді. Олар енді бір-бірімен байланысты және белгілі үйлесімде қолданылады. Осылайша ауызша мазмұндау көбіне талқылау мен көрсетумең көрсету түсіндірумен, жаттығу көрсетумен, көрсету түсіндірумен қолданылады.
Оқыту әдістерін таңдау, олардың сабақ барысындағы ара-қатынасы келесі шарттарға байланысты: Оқыту түрінең яғни оқу үрдісін ұйымдастырудан; Оқытушыларды топтастырудан;
Дайындық деңгейі бойынша оқытушылардың топтар құрамынан Сабаққа бөлінген уақыт көлемінең
Оқу жабдықталуының болуынан және жағдайынан; Сабақ орнынан; Сабақ берушінің әдістемелік шеберлік деңгейінен. Оқыту әдістерімен оқыту қағидалары жүзеге асады. Аталған оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасын қарастырайық. Оқу материалын ауызша баяндауда сөз ақпараттың жетекші көзі. Бұнда жазбаша түрге қарағанда ақпарат көбірек беріледі, өйткені бұл әдіске эмоционалды құрамдас бөлігі (дауыс ырғағы, мағыналық екпін, дауыстың қаттылығы мен тембрі, тыныс) кіреді. Ауызша тілдің мүмкіндігі туралы айта келе, А.И.Герцен тыңдаушылар мен тәжірибелі дәріскерлер арасында әлдебір магниттік байланыс бірте-бірте орнайды деген. Бұл — топтық ойлау. Топ осы материалды ауызша баяндауда тәрбиелік оқытудың мүмкіндігі, бұған қажетті ақпаратты жеткізу мүмкіндігі туады, кейін өзіндік жұмыс, әңгімелесу барысында жүйеленеді және тереңдетіледі. Осы әдісті әрі қарай жетілдіру жолдарының бірі — оқу бағдарламасынан мағлұматтарды проблемалық жеткізу, бұл әңгімелеу барысында, дәріс үстінде монологтан диалогқа ауысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аудиторияның сұраққа өз бетінше жауап іздеуіне себеп болатын проблемалық жағдайлар туғыза білу керек және ойлануға шамалы уақыт беру үшін тиісті үзілістер жасау, оқытушылардың танымдық белсенділігін проблемалық сұрақтарды қысқа ілікпе сөздермен қою арқылы қолдау қажет. Оқу материалын ауызша баяндау әдісіне түсіндіру, нұсқау, әңгіме, дәріс кіреді. Түсіндіру — құбылыстың, үрдістің мағынасын, әрекетті орындау тәртібін көрсету, «неге?», «қалай?» деген сұрақтарға жауап ашу мақсатымен ақпаратты беру. Түсіндіру — оқу материалын офицердің баяндауы, бұнда әскери өмірдің құбылыстары мен үрдістерінің мәнін ашуға, әскери-кәсіби жағдайлардың даму қисынына көп көңіл бөлінеді.
Нұсқау — жауынгерлердің белгілі әрекеттерді орындауы туралы қысқа және анық нұсқауларды баяндауды қарастыратын оқыту әдісі. Әңгіме — дәлелдер мен қорытындыларды хабарлау мақсатымен материалдық суретті әңгімелі баяндау. Әскери қызметшілерді оқытуда әңгіме — әскери қызметшінің дәлелді материалды суретті немесе әңгімелеу түрінде бірізді және эмоционалды баяндау. Әңгімеде келесі тәсілдер қолданылады: Әңгімелеу (бірізді, қисынды байланысқан техникалық объектілердің құрылымын және сыртқы түрін сөзбен жеткізу). Пайымдау (қорытуда, пайымдауда өз тұжырымын пайдалану). Әңгіме сабақ барысында 10-40 минутқа созылуы мүмкін. Дәріс — кеңейтілген теориялық хабарлау, белгілі тақырып бойынша бір-бірімен байланысқан қатар сұрақтарды, олардың ғылыми сараптауымең жалпы қорытындылауымең дәлелдерімең тұжырымдаулармен баяндау.