Қазақша реферат: Әскери-педагогикалық үрдісті жетілдірудің бағыттары |
Ғылымның, техниканың, әскери істердің дамуы, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар құрамының сандық және сапалық өзгерістері офицерлер құрамының әскери-педагогикалық үрдісті жетілдіру үшін үнемі жұмыс жасауын талап етеді. Бұл қызмет өте ауқымды және алуан түрлі. Оның негізгі бағыттары:
1. Әскери-педагогикалық үрдісті қарқындату дәстүрлік және жаңашылдық көзқарастар, оқыту, тәрбиелеу технологиясы, жаңа техникалық құралдарды дайындау мен енгізу негізінде қарастырылады. Қарқындатуға оқыту-тәрбиелеу міндеттерін нақты жолға қою, ұрыстық дайындықты шынайы жоспарлау, оқыту материалдарын іріктеу, оқыту және қызметтік уақытты тиімді пайдалану, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістемелерін қолдану, жұмысты нақты және жоғары ұйымдастыруды қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық үрдістің жетістіктерін үнемі іздеу мен енгізу арқылы жетеді.
2. Әскери-педагогикалық үрдісті оңтайландыру: оқыту, тәрбиелеу, дайындау және ұйымдастырудың қалпың әдістерің тәсілдерің құралдарын таңдау, яғни осы сәтте шынайы уақыт шығыны мен әскери қызметшілерді күшейтуде оқыту-тәрбиелеу қызметінің қажетті тиімділігімен қамтамасыз етеді.
3. Әскери-педагогикалық үрдісті ізгілендіру: әскери қызметшілер арасындағы барлық қатынастарды «азаматтандыру» әрбір жауынгердің жоғары қоғамдық танымы, оның әлеуметтік қорғалуына кепілдік, жеке тұлғалығының пайда болуы, әскери қызметшінің ішкі әлеміне үңілу, оның материалдық қажеттіліктері мен рухани қызығушылығын қанағаттандыру. Егер бөлімшеде заңдарға, әскери жарғыларға талаптар қатаң сақталса, ізгілену жүзеге асуы мүмкін, соның арқасында тәрбие қағидалары жүзеге асады.
4. Әскери-педагогикалық үрдісті жариялы ету: әскери қызметшінің пікірің шығармашылығың белсенділігін тудыру үшін жағымды жағдай жасау; әскери-қызметшілерді нақты оқу-тәрбиелік шараларды жоспарлау мен өткізуге, қызмет барысымен байланысты сұрақтарды, әртүрлі тұрмыс пен бос уақыттағы мәселелерді шешуге тарту.
Әскери-педагогикалық үрдісті ұйымдастыру барысында, оны жетілдіруде офицерлерде, әсіресе жастар арасында әдістемелікжәне тәжірибелік жоспарлауда кейбір қиыншылықтар туындауы мүмкін. Сондықтан олардың кейбір түрлерін мақсатты түрде қарастыруға болады.
Қызметке тұру қиыншылықтары. Олар: қызметке жоспарлы, ұйымдасқан түрде кірісуді қамтамасыз етуде; қызметтік міндеттерін сапалы орындауда; жанұялық-тұрмыстық құрылыстар мен жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруда; жаңа әлеуметтік ортаға бейімделуде; жаңа ұжымда мінез-құлық стилін дұрыс жасауда; жетекші, ұйымдастырушы, мұғалім және тәрбиеші қызметін атқаруда; бағыныштыларымен қарым-қатынаста психологиялық бөгетті жеңе білуде, әскери ұжымда беделді болуда көрінеді.
Әскери педагогикалық үрдіс объектісінің ерекшеліктерінің салдарынан біраз қиындықтар да туады. Олар өзі қатарлас әскери қызметшілермен жұмыс істеу кезінде; мінезі ауыр әскери қызметшілермең өзінің әскери міндетін көңілді орындайтын әскери қызметшілермен жұмыс істеу кезінде байқалады. Тапсырманың орындалуындағы қиындықтар. Олар: әскери дайындықты, әскери тәртіпті дамытудағы қиындықтар; жеке құраммен психологиялық-педагогикалық жұмыстың жетіспеуі; оқыту мен тәрбиелеу барысындағы басты мәселенің толық орындалмауы; жеке құраммен жұмыстағы негізгі әдістердің әскери педагогикалық қызметтегі аз қолданылуы.
Аталмыш қиындықтардың маңызын түсіну, олардан қиналмай өтуге дайындық әскери педагогикалық үрдіс субъектісі ретіндегі офицер болып шығу жолында өте маңызды рөл атқарады.
1) дайын әскери педагогикалық үрдістің ұйымдастырылуы (мақсатты; диагностикалық; жоспарлы);
2) негізгі — әскери педагогикалық үрдістің іске асырылуы (педагогикалық қарым-қатынас; кері байланыс; диагностика, басқару, қызметтік реттеу және түзеу);
3) қорытынды — әскери педагогикалық үрдіс талдауы (пайда болған кемшіліктерді табу; қате, нәтиже және мақсатқа жету деңгейін анықтау; дайындықты, тәрбиелеуді және оқытуды тереңдетудің шараларын анықтау).
Бірінші, дайын кезеңде белгіленген параметрдегі және белгілі бағыттағы әскери педагогикалық үрдістің жүзеге асуына керекті жағдайлар жасалады:
1) мақсатты анықтау;
2) диагностика;
3) үрдістің нәтижелерін бағалау;
4) педагогикалық үрдісті жобалау және жоспарлау.
Мақсатты анықтау (мақсаттың анықталуы мен алға қойылуы) әскердің, бөлімнің, бөлімшенің, әскери қызметшінің белгілі бір жағдайда анықталатын педагогикалық дайындығынан тұрады. Әскери педагогикалық үрдісте бір уақытта немесе кезең-кезеңмен әртүрлі педагогикалық тапсырмалар қарастырылады, олар:
— дайындықтың, оқудың және тәрбиелеудің жалпы педаго-гикалық тапсырмалары;
— педагогикалық тапсырманың сатылығы (белгілі-бір үрдіс сатысымен байланысты);
— әрдайым пайда болған жеке педагогикалық тапсырмалар. Педагогикалық тапсырманың меңгерілуі — оның тез арада шешілу жағдайы. Ол оның бастапқы мәлімет қорытындысы мен диагнозын анықтайды.
Белгілі бір педагогикалық жағдайдың бастапқы мәлімет қорытындысы әскери педагогикалық үрдістегі есеппен тығыз байланыста. Осының барлығы педагогикалық диагнозды анықтау негізін құрайды. Педагогикалық диагностика (грекше сііадпозйкоз — сезіну қабілеті) — педагогикалық үрдіс құрамындағылардың жеке және жалпы ерекшеліктерін анықтау; педагогикалық үрдістің немесе оның жеке жинағының және де ол іске асатын жағдайдың бағасы.
Педагогикалық диагностиканың басты тапсырмасы әскери педагогикалық үрдістің барлық сатысындағы әскери қызметшілердің жеке және кәсіптік дамуының, жеке және психологиялық ерек-шеліктерінің, тәртіптілігінің, білімділігінің меңгерілуі, бағалануы және қорытындысы.
Педагогикалық диагностика нәтижесінің жүйелі түрде қолданы-луы әскери педагогикалық үрдіс құрамындағылардың барлық мүмкіндіктерін ескере отырып, іске асырылады.
Педагогикалық диагностика іс-шаралары жеке құрамның әскери-кәсіптік дайындығының бағытына және білім алудың жаңа заманғы талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Диагностикадан кейін әскери педагогикалық үрдіс барысы мен нәтижесі қорытындыланады. Қорытындылаудың маңызы үрдіс басталу алдындағы белгілі бір жағдайдағы мүмкін болар нәтиженің бағалануында. Қорытындылау маңызы бойынша педагогикалық мақсат анықтаушылыққа бағытталған. Педагогикалық қорытындылау әдетте үрдіс объектісі туралы мәлімет алу үрдісі ретінде анықталады, олар: топ, оқушылар, ұжым, білім, қарым-қатынас, мінез-құлық және т.б. Қорытындылау әдістері айтарлықтай алуан түрлі: түрлендіру; гипотеза шығару; ой тәжірибесі және т.б.
Оқытушының іскерлік мақсатты анықтауы мен қүрылу үрдісіндегі педагогикалық жобалау үшін база қүрайды.
Қорытынды саты жоспар бойынша диагностика және қорытын-дылау нәтижесінің негізінде ісқе асады.
Жоспар әрқашан үрдістің белгілі бір құрылымды бөлігімен «байланысты». Әскери педагогикалық практикада бірнеше жоспар түрі қолданылады, олар:
әскери дайындық жоспары; тәрбие жұмысының жоспары; арнайы сабақ өткізу жоспары.
Бұлардың бәрі белгілі бір кезеңде іске асады. Жоспар — кімге, қашан және не істеу керектігі көрсетілген құжат.
Әскери педагогикалық үрдістің іске асу негізгі сатысын бір-бірімен байланысқан маңызды элементтер құрайтын, өзіндік үрдіс түрінде қарастыруға болады. Олар мыналар:
— алдағы қызмет мақсаты мен тапсырмасын беру және анықтау;
— әскери педагогикалық үрдіс құрамындағылардың қарым-қатынасы;
— әскери қызметшілерді оқытудың, тәрбиелеудің әдістерің түрлерін және құралдарын қолдану;
— жақсы жағдай жасау;
— әртүрлі белсенді, мотивациялы және марапат іс-шараларын іске асыру;
— әскери педагогикалық үрдістегі әскери өмірдің басқа да үрдістермен байланысын қамтамасыз ету.
Үрдістің қуаттылығы осы элементтердің бір-бірімен байланысы арқылы сипатталады, және де олар бір-біріне қарсы тұрмауы қажет. Осылайша, педагогикалық қарым-қатынас барысында басты рөл ойнайтын жедел бақылау (диагностика, үрдістің күшті және әлсіз жақтарын анықтау) іске асады. Бұл жерде сатылық қайта байланыс, яғни әскери педагогикалық үрдіс негізін сапалы түрде басқару өте маңызды. Әскери педагогикалық үрдіс сатысы жеткен нәтижелерді қорытындылау кезеңімен бітеді. Әскери оқытушы өзіне ыңғайлы бақылау, жұмыс қорытындысы, сұхбат, сұрақ қою және т.б. әдістер арқылы қойылған тапсырмалардың шешілу деңгейін анықтайды. Бұл жерде кейбір жағдайлардың пайда болуына байланысты нәтиже мен мақсаттың толық сәйкес келмеуі мүмкін екенін анықтау өте маңызды. Жалпы, әрбір кезеңнің ерекшеліктеріне көңіл аудару үшін әскери педагогикалық үрдіс кезеңінің сипатын қарастыра отырып, олардың іске асуын қамтамасыз ету қажет.
Осылайша, әскери педагогикалық үрдіс — бейбіт және әскери өмірдегі әскери қызметшілер мен әскери үжымдардың жан-жақты дайындығында мақсат негізінде сипатталатың бір-бірімен байланысқан құрылымды және функционалды жинақтар жүйесі. Жүйе түріндегі әскери педагогикалық үрдістің жалпылай функционалды нәтижесі мыналар:
әскери қызметшілердің білімі, дамуы және дағдысы, олардың әскери-іскерлік, адамгершілік-психологиялық, дене түрғылық дамуы; бөлімшенің әскери дайындығы, әскери үжымның үйым-шылдығы, олардағы дүрыс адамгершілік-психологиялық орта.