Қазақша реферат: Әскери педагогикадағы зерттеу әдістері |

0






Педагогикалық ғылымды білім, сезінудің нәтижелерімен қоса зерттеудің әдістері, осы білімдерді алуды құрайды. Осыған орай әскери педагогикалық зерттеу үшін зерттеудің шешімдерін қамтамасыз ете алатын әдістерді толығымен анықтауы керек.
Әдіс (грекше глеіосіоз — зерттеу жолы) педагогикалық зерттеу түрлерінің, әдістерінің, теориялық жүйе жақындығын және негізгі технологиялық қабылдауды меңгерген педагогикалық үрдістерді зерттеудегі практикалық және теориялық операциялардың жиынтығы. Түрлөрінің негізіне қарай педагогикалық зерттеу әдістері былайша бөлінеді:
жалпы ғылыми, бірнеше ғылымға жалпы әдіс, педагогиканың жеке әдістері;
эмпирикалық және теориялық:
түрлі және түрлендіруші;
сапалық және сандық;
жеке және жалпы;
құрылымдық және іс жүзіндегі ғана;
эмпирикалық мәліметтерді жинау, гипотез бен теорияны тексеру әдісі;
айтып беру, түсіндіру және талдау әдістері;
жеке педагогикалық ғылымдарда қолданылатын арнайы әдістер;
зерттеу әдістерін қарастыру әдістері. Жалпылай алғанда зерттеу әдістері теориялық және эмпирикалық болып екіге бөлінеді. Теориялық әдіске төмендегілер жатады: теориялық білімді қорытындылау және таңдау, түрлендіру және анықтау әдістері. Әскери педагогикалық зерттеуде кезекті теориялық қорытынды үшін дәлелдердің педагогикалық тіркеуді, педагогикалық үрдіс құрамындағылардың практикалық жұмысын қамтамасыз ететін эмпирикалық (грекше етрігіа — икем) әдістер маңызды рөл атқарады. Олар ғылыми теория құру мақсатында жинауды, бастапқы материалдың түрлерін қамтамасыз етеді. Зерттеліп жатқан объектілер жайлы эмпирикалық мәліметтер түрінде бақылау, тәжірибе және заттар мен құбылыстардың ара-қатынасы болуы мүмкін. Эмпирика-лық объектілердің өзіне тән белгісі — олардың сезім түрінде білінуі.
Педагогикалық зөрттеудің негізгі эмпирикалық әдістері мыналар: педагогикалық бақылау, сұрақ (сұрау түрлері — сұхбат, тестілеу, сауалнама), педагогикалық тәжірибе, құжат талдауы (контент қорытынды). Атал-мыш әдістердің мән-мағынасын тереңірек қарастырайық.
Педагогикалық зерттеу түріндегі бақылау Бақылау әскери педагогикадағы зерттеу әдісі ретінде әскери педагогикалық үрдіс құрамындағылардың бір бағытты және ұйымдасқан іс-әрекеті.
Әдетте бұлар темендегі бөлімдерден тұрады: мақсат, тапсырма, еткізу ұзақтығы, объектіні, затты және жағдайды таңдау, бақылау әдісін орнату, бақылаудағыларды тіркеу әдісі, алынған мәліметтің қарастырылуы. Сипатына қарай бақылаудың бірнеше әдісі бар:
— дәрежесіне қарай — бақыланатын және бақыланбайтың
— бақылаудағылардың қатысу дәрежесіне қарай — қосылған және қосылмағаң
ұйымдастырылуына қарай — ашық және жабық;
— өткізілген орнына қарай — табиғи және лабораториялық;
— өткізу ретіне қарай — жүйелі және кездейсоқ.
Қолдағы бақылау қарап тұру қажет жағдайларды және тіркеудің белгілі бір әдістерін қарастырады. Көп жағдайларда ол оқытушы зерттеліп жатқан объект туралы білген кездегі тәжірибелі жоспарда қолданылады. Қолда жоқ бақылау мәселемен алдын ала танысу кезінде қолданылады. Оны өткізу кезінде бақылаушының жоспары болмайды, тек жалпы сипат қана беріледі.
Ашық түрде бақылау әскери қызметшіге ол туралы ескерту арқылы өткізіледі. Жабық түрдегі бақылауда олар өздерінің зерттеу объектісі екенін білмейді. Осы арқылы әскери қызметшінің мінезің оның көзқарасың әскери ұжымдағы арақатынасың шағын топтардың бар-жоқтығын және т.б. білуге болады. Қосылған бақылау бақылаушы мен зерттеушінің біріге өткізген жұмысы арқылы сипатталады. Зерттеуші бұл жағдайда аса көзге түспеуі мүмкін (жабық түрдегі қосылған бақылау), осы арқылы ол қажетті мағлұматтарды көреді. Осылайша, әскери дайындықты меңгеруді қиын көріп жүрген әскери қызметшімен жұмыс істеу үшін офицерлер тәжірибелі, епті әскери қызметшіні тағайындайды. Өткізілетін бақылау туралы алдын ала алынған мәлімет бар жағдайда бұл ашық түрдегі қосылған бақылау түрінде іске асады. Қосылмаған бақылау байқатпай өткізіледі. Бақылаушы мұнда қатыспайды. Бұл кезде ол жабық түрде немесе ашық түрде өткізілуі мүмкін.
Табиғи бақылау өмір сүру барысында өткізіледі. Лабораториялық болса, табиғи бақылауды толықтыратың жасанды жағдайларда өткізіледі. Бақылаудың өткізілу жағдайың орнын және уақытын оқытушы (басқа бақылаушы) анықтайды. Аталмыш іс-шара қызықтырған мәселелерді тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Жүйелі бақылау берілген рет бойынша үзіліссіз өткізіледі. Әдетте ол жоғары дәрежедегі бақылаудың жұмысымен іске асатын біркелкі бөлінген әдіспен жүргізіледі. Кездейсоқ бақылау әдетте жоспарсыз өткізіледі, бірақ мәлімет жинаудағы ауқымды қор болып табылады. Күнделікті қызметте және әскери оқытуды лабораториялық жағдайда қолданылмайтын педагогикалық мағынасы бар мәліметтер көп кездеседі. Аталған жағдайларда бақылаудың қиындығы олардың кездейсоқтығы болғандықтаң әскери оқытушыдан жоғары дәрежелі дайындықты талап етеді.
Жалпы педагогикалық бақылаудың әдісі келесі талаптарға сай болуы тиіс: тұлға қабілетінің сақталуына; бақылаудың мақсат-тылығына; нәтижелер талдауының біркелкілігіне.
Жоғарыда келтірілген әдістерді қолдану барысында әскери оқытушы өзіне әскери қызметшінің көңілін аса аудартпауы тиіс. Әскери қызметшіні дұрыс бағалау үшін оны кем дегенде 5-6 жағдайда бақылау керек. Аталмыш әдістің әскери педагогикадағы маңызы өте зор, себебі узақ уақыт бойы бір әскери қызметшіге бақылау орнатуға, әртүрлі қызмет түрінде бақылауға және мінезін қорытындылауға бірнеше тұлғаның көзқарасын салыстыруға мүмкіндік береді.
Сұрау — әскери педагогикадағы зерттеу әдісінің түрі
Сұрау әдісі оқытушының, зерттеушінің ортаға салынған мәселеге жауап беретін респондентке жазбаша немесе ауызша сұрағы.
Сұрау арқылы әскери педагогикалық үрдіс құрамындағылардың мінездері, олардың жеке және жалпы ерекшеліктері туралы және де аталмыш үрдістің динамикасы туралы мәлімет алуға болады.
Әскери педагогикалық үрдістегі сұраудың мағынасы бақылауға тиімді болады.
Сұрау әдісінің басқа әдістерден ерекшелігі — респонденттерден жиналатын мәліметтердің көптігінде. Бұл мәліметтер оңай қарастырылады және оны анықтау да қиын емес.
Сұрау әдісінің кемшіліктері:
— мәліметтердің субъективтілігі (респонденттер кейбір фактілердің немесе ондағы өздерінің рөлін бағаламайды);
— жауап берушілерді анықтаудағы, зерттеу құралдарын құрастырудағы әдістемелік қателер есебінен болатын мәліметтің өзгеруі;
— жауап берушілер туралы мәліметтің аздығы. Сұрау әдісі келесі түрлерде қолданылады:
— ауызша сұрақ қою — сұхбат (жеке немесе жалпы) және интервью алу (ауызша);
— жазбаша сұрақ қою — тест өткізу (сұрақ нәтижесі бағасының стандартталуымен), интервью (жазбаша).
Сұрау әдісінің осы түрлерін қысқаша сипаттайық.
Жеке, ұйымдасқан немесе бір бағытты сөйлесу барысында зерттеліп жатқан адам немесе топ туралы мәлімет алу әдісі сұхбат деп аталады.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!