Қазақша реферат: Армысың, Астана театры! |

0






«Ғасырлар бойы қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып пен мылқау күш, дүлей заманды айыптап өткен Абай ойы, Абай философиясы өркендеп, ғаламдық деңгейге жетуінің барысындағы оқиғалар, сахнада үлы М. Әуезов драматургиясымен өткен дэуірге жол тартқанымен, бүгінгі көрермен үшін де көкейкестілігін жоғалтқан жоқ…» Қойылым бағдарламасында осылай жазылған. Бейнебір көркем дүниенің кілті осы сөздердің астарында жатқандай. Сахналық шығарма эпиграфы етіп алынған осынау жолдардан сыр іздегендейсіз, ой түйгендейсіз. Сахнада екі Абай. Бір кісінің табиғаты, бір кісінің жан-дүниесі, бір кісінің көзқарасы екіге қақ жарылғандай дерсіз. Шындығында солай да. Әрекет үстінде қоғам кедергілерімен бел шеше айқасқа түскен күрескер Абай. Өткенін ой елегінен өткізіп, өз-өзін ақыл тезіне, уақыт таразысына салған кемеңгер де философ Абай. Екі Абай бейнесі екі актердің орындауында ғаламат ойларға жетелей жөнеледі. Бірінші, опасыз өмірдің жықпыл-жықпыл бүралаңдарына малтығып, пенделік дэрменсіздіктер кұрсауында кұрақ үшып, күрделі тағдырлар соқпағында сергелдеңге түскен албырт та алғыр шайырды дарынды актер Нүркен Өтеуілов орындаған. Екінші, өткенін екшеп, кемістігіне кейіп, өмірінің анау айтқандай олжалы сәттерін есіне түсіре алмай, жаны жасып, жүрегі қансырап, ит тіршіліктен көрген көп опығын ойға алғанда көкірегі қарсы айрылар, әйтсе де, ақыл таразысы мен сана сарабынан айнымаған дана да данышпан философ бейнесінде көріну міндетін белгілі сахна шебері Т. Мейрамов мойнына алыпты. Иә, режиссер Әлімбек Оразбектің тың көзқарастары сарапқа түскен. Әлбетте, ұлы Мұхаң жазған Абайға қойылым авторы дара міндеттер жүктеп, екі орындаушы көтерерліктей жүк іздестіргені айтпаса да түсінікті. Күрес үстіндегі тіршіліктің ит-ырғылжың тартыстарынан бір сәт те тыным таппаған Н.Өтеуілов-Абай түлғасы үлы драматург жазған пьеса желісінде эрекет жасайды. Ал, Т.Мейрамов кейіптеген ақыл тоқтатып, кексе тартқан, кемел шағына жеткен кемеңгер Абай бар айтарын өзінің өлеңдерінен іздейді. Демек, режиссер поэзияны драмаға сүйеніш етіп, шайыр тағдырының трагедияларын қоюлата түскен. Осылайша, режиссер ұстанған шығарманың поэтикалық салмағы барынша күшейе түскен. Әрине, өткен дәуірдің қырқыншы жылдарынан сахнадан түспей келе жатқан аталмыш трагедияның сан нұсқасы жарық көргені театр тарихынан мэлім. Екі Абайдың сахнаға шығуы қазак көрермендері үшін пэлендей жаңалық емес. Кезінде, Қ.Бадыров, А.Смайылов сынды актерлеріміз де мұндай сынақтардан сүрінбей өткен-тін. Қазақтың Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар театры өз сахнасына (режиссері марқүм Р.Сейтмет) әр жастар шамасындағы төрт Абайды бірден шығарғаны да есте. Бірақ, Астана театры жоғарыдағы орындаушыларды қайталаған деуден аулақпыз. Олай деуімізге қойылымның безендірілуі де, эуенмен комкерілуі де, артистік шеберліктер ауқымы да еш мүмкіндік бермейді. Режиссер Ә.Оразбек Абай тақырыбын Қарағанды театрында жүргенде-ақ қолға алған. Әйтсе де, Астанадағы ізденістері айтуға түрарлық, салиқалы да салмақты еңбек болып шыққан. Қарағанды қойылымынан табиғаты жөнінен де, көркемдік сипаты жағынан да астаналық «Абай» өзгеше. Мұнда да, сол баяғы режиссерлік салты бойынша, Ә.Оразбек сахналық шарттылық белгілерін қатаң үстанады. Сахна қашандағыдай басы артық асай-мүсейлерінен ада. Әдеттегі бір бояу, бір стильді сақтап қалу бағытындағы айнымас үрдіс. Екі Абайды сезіну көру, пайымдау шеңберінде оқиғалар легі толассыз дамып жатады. Ажар мен Айдар дауынан басталар ырғақты эрекеттер тасқыны трагедия көріністерін ірілендіре түсіп, кісі тағдырларын суреттеуде көрермендер жүрегін қозғарлықтай мақсаттарға жеткен. «Мыңмен жалғыз алысқан» Абай арпалысы өз арнасынан шығандап, халықтық, бүқаралық, элеуметтік қасіреттерге үласады. Н.Өтеуілов те, Т.Мейрамов та Абай элемін меңгеру жолында аянып қалмаған. Мейрамов-Абай сонау алыс күндеріне аулақтан дүрбі салған уақыт сарапшысындай эсер қалдырады. Ол тап бір дэуір тамыршысы, таразысы іспетті. Өкінеді. Қуанады. Сағынады. Сабалғанына емес, жан-дүниесінің тоналғанына күңіренеді. Тіпті, ол жылы шырай, жайдары жүзден де мақұрым қалғандай бір сэт. Бірыңғай салқынқанды, тіпті, суықтау көрінеді. Абай-Өтеуілов те осы жағын көбірек ойланғаны жен. Әйгеріміне (А.Бермүхамбетова) сүйсіне, күлімсірей қараған жас Абай бойынан ешкім де ерсілік нышандарын кере қоймас. Жалпы, қойылым атмосферасын жарқын ете түсу үшін эн-күй, эуен-саз мүмкіндіктерінен қашқақтаудың реті жоқ. Қаншама қасірет көрсе-дағы, Абай төңірегі думаншыл, сауықшыл болған. Осы ретте, Ажар мен Айдардың бас қосу қызықшылығы үстіндегі іс-әрекеттер жарқындығы жеткіліксіз. Қойылымдағы көп дауыспен шырқалар әндер, сөз жоқ, кейіпкер тағдырын, ол өмір сүрген ортаны жағымды да серпінді көңіл-күйлерге бөлейді. Хор жетекшісі А.Жүмаш осы үрдісті дамыта түссе, ол классикалық түрғыдағы қай шығармамызға да жарасып жатар еді. Үн қосып, қосыла шырқау — қазақ халқының дәстүрінде баяғыдан-ақ бар дағды. Суретші Д.Досбаев ұсынған кеңістік қойылым табиғатынан сәйкестік тапқандай. Төбеден төнген күрық, сойқан заманның сойылындай эсер тастайды ортаға. Бейнебір замана кедергісін (шлагбаум) көзге елестетер ойлы көрініс түзеді. Метафоралық шешім. Символдық көзқарас нышандары. Сондай-ақ, Жиренше -Ж.Төленбаев, Оразбай-Б.Ыбырай, Тәкежан-А.Молдахметов ұстанған актерлік бағыттар көңілдерге жылы ұялады. Әбіш-Е.Нүрымбет, Мағыш-Ж.Қасымова ара-қатынастарын айшықтай түсуде режиссердің де, актерлердің де ойланар түстары жоқ емес. Сүйіскен жүректердің саналы түрде бір-бірінен айырылысып, өмірден баз кешер тұстарындағы көңіл толқулары, үн-дірілдері басқашалау болса керек. Әйгерім талантты актриса А.Бермұхамбетова мен алғыр орындаушы Айдар-Қ.Қыстықбаевқа да айтылар пікір осы ыңғайда.












.

Керім-Е.Малаевтың арқалаған жүгі Абайдан кем емес. Осы спектакльде солай. Ол трагедияны қоздырушы. Қанды оқиғаның алғашқы себепкерлерінің бірі. Ол серпінді, нақтылы, айшықты эрекеттер иесі. Актер Е.Малаев ойынында басы артық кібіртіктер, шамадан тыс әбіржу, абдырау сәттері белең алыңқырап кеткен. Одан тез арылған жөн. Оқымысты болу, шайыр атану, сөйте жүріп, қызғаныш қүрсауынан құтыла алмай, жазықсыз жанға зәһар ішкізу (психологиялық тұрғыда) оңай шаруа емес. Актер міндеті өте ауыр. Айтпақшы, осы у беру сахнасында жасандылык, сенімсіздіктің бар екендігін айта кеткіміз келеді. Салдарлы қойылымда аса зор жауапкершілікті сезінбей болмайтынын режиссерден бастап, шағын рөлдерді ойнайтын артистерге дейін, тіпті, бүкіл ұжым мүшелері үғынулары тиіс десек, Астана театрының бағыты оңдала түсері сөзсіз. «Үйлену» комедиясы — драма өнеріне белсене араласқысы келген өрелі де ойлы жас Еркін Жуасбектің тырнақалды туындысы. Өткен жылы Қарағанды фестивалінде жүлделі орындардың бірін иеленген-тін. Сонда-ақ ішіміз жылып қалған. Сахна өндірісінің сыр-сиқырын ішінен танып білер театртанушы қаламгердің үқыптылығы, жинақылығы көзге үрады. Спектакльдің метафоралық қуаты нанымды. Басқы кейіпкер Бөлек (С.Қашқабаев) көтерген жүк сырт көзге жай ғана сегіз өрім қамшының дауы іспетті. Ол, шын мэнінде, ұлттық ар-ұжданымызды, намыс-жігерімізді оятарлықтай қастерлі де қасиетті үғымның символы. Ата мұрасын аса кастерлеген бойдақ жігіт Бөлектің ойы таза, пиғылы мөлдір. Шет жұрт асып, төл шаңырағынан алыс жүрсе-дағы, ата-баба салтын көзінің қарашығындай сақтаған салиқалы үрпақ өкілін талантты актер С.Қашқабаев шынайы кейіптейді. Жалпы, актерлік ансамбльдік түтастық қойылым рухын қуаттандыра түскен. Кейіпкерлерінің аты-жөндеріне дейін қағындыра түскен қазақ авторының тапқырлығы оның Фонвизин, Гоголь сынды классиктер еңбектерінен хабардар екендігін еске түсіреді. Керек Әйтеуірүлы (М.Қайсанов) мен Дерекгүл Ерекшеқызы (Л.Бекназар-Ханинга) екеуара, нақ бір бәсекеге түскендей. Сәтті сахналық дуэт қүрған. Жалғыз үлдары Бөлекті (С.Қашқабаев) үйлендірер алдындағы ата-аналық борыштарын әрқайсысы өзінше түсінген олар сахналық шығарманың серпінін барынша ширықтыра түседі. Едэуір жасқа келгенше жүректері алып үшқан ерлі-зайыптылардың күлкілі іс-эрекеттеріне миығыңыздан күле қарайсыз. Күзет бөлімінің бастығын қүбылта кескіндеген сахна шебері Қ. Қыстықбаевтың орны өзгеше. Керектің орынбасарлары Терек (Ж.Төленбаев) пен Меректі (Б.Жүмағүлова) коме-диялық қалыптарында көрермен қауымға табиғи жеткізе білген актерлік шеберліктерге шын иланасыз. Қалыңдықтар рөліндегі Ерек-А.Жүгінісова, Желек-С.Тоқманғалиева, үй шаруасындағы қыз Зерек-Айнүр Жетпіспаева өзара орындаушылық бірлік, түсіністік тапқан. Тапқыр да куақы асаба бейнесін нүсқалаған Д.Әлімов өнері көңілге қонарлық. Комедия үй болу тақырыбына бағышталғанмен де оның астарындағы эдет-ғүрып, салт-сана рэсімдері хақында ойланбай отыра алмайсыз. Режиссура (Н.Жүманиязов) тарапынан қолданылған сахналық бейнелеу тэсілдері сан бояулы. Қойылымның ажары ашыла түскен. Суретші Б. Бүрбаев қамтыған кеңістіктер, яғни сценографиялық мүмкіндіктер нанымды. Қызылды-жасылды (комедияға тән) көз тартарлық нақыш белгілері мол. Ән-би, эуен-сазға жомарт. Композитор С.Әбдінүров жазған ойнақы эуендер хормейстер Ә.Жұмашев пен дирижер М.Мырзақұлов және бимен өрнек салған С.Жолымбаева еңбектерімен жандана, эрлене түсіп, бүкіл қойылым оркестр үнінен сүйеніш тауып, оқиғалар үйлесімі кісіні иландыра түскендей. Бір ескерерлігі, комедия жанрының өз ырғағы, өз психологиясы, өз өлшемі бар. Соны қадағалау қажет. Жанр тілін меңгерген жөн. Ентігіп сөйлеп, сөз қадірін, тіл қүдіретін аяқасты ету жағы аталған қойылым табиғатында тіпті де жоқ емес. Шекспир, Мольер шығармаларына батыл барып жүрген режиссер Н. Жүманиязовтың өз авторларымызбен де тіл табысып, серпінді жүмыс үлгілерін көрсетуі, сөз жоқ, жақсылық нышандары. Дж. Патриктің «Қымбатты Памеласы» — элем театрларының сахнасында жиірек қойылған дүние. Соған қарамастан, қазақ театрының бүл шығармаға қол салуы орынды шешім. Аударма біткеннен үркіп, іргемізді аулақ сала беруіміз аса жөн емес. Режиссурамыз бен актерлік ахуалымыздың өсуін, дамуын ескеріп, шығармашылық үжымдарының өзге ел-жүрт руханияттарымен танысып, сырт элеммен мэдени байланысқа түсулері қүптарлық. Астаналықтар осыны дөп үғынған. Әсіресе, қойылым режиссері Ю.Ханинга-Бекназар рөл бөлуде еш жаңсақ баспаған тэрізді. Соның ішінде, мейірімді де нәзік жанды Памела нақ бір қазақ өнерпазы Гүлжан Әспетоваға арнайы жазылғандай эсер қалдырады. Кейіпкер келбетін ірілендіре, нүрландыратүсуде режиссермен бірге Сол Бозо (Н.Өтеуілов), Бред (С.Қашқабаев), Глория (А.Нөгербек), Джо Янки сержант (М.Қайсанов), Доктор (Е.Малаев) сынды оқиғаға қатысушылар орындаушылық тұрғыда зор жетістіктерге жеткен. Қарапайым сахна безендірісін өте оңтайлы қарастырған суретші Д.Доспаев режиссуралық үстанымды тереңдете түсіпті. Қойылым ауанын нәзік аңғарған актерлік күш пластикалық мол ізденістердің қиын жолдарын игеріп, қойылым әсерлілігін арттыра түскен. Халық артисі Г. Әспетова-Памелатүлабойындағы жүмсақ мінез бен адалдық, эділеттілікке суарылған ішкі сүлу элем, қайтсеңіз де, көңіл баурайды. Байсалды, байыпты көзқарас пен пэлсэпалық түрғыда жетік ойлану дэрежесінде шынайы көрінер орталық кейіпкер Памела-ГӘспетова ең жақын адамыңдай көрінеді.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!