Қазақша реферат: Апиын туралы қазақша мәлімет |

0






Апиын — өте ертеден белгілі ауырсыну сезімділігін әлсірететін зат. Ол ерте кезеңде белгілі болған. Ертедегі Грециада оны Гиппократ қолданған. Гален кезеңдерінен бастап ол кең тұрде қолданыла бастады. Қазіргі кездерде ол көптеген бағалы алкалоидтарды алудың көзі ретінде және емдік зат ретінде қолданылады. Апиынның құрамына алкалоидтар, белокты, қантты, кілегейлі, шайырлы заттар, май, пектин және бейорганикалық тұздар кіреді. Белгілі дәрілік маңызы бар алкалоидтардың ішінде апиынның құрамындағы ең көбі морфин (10 % аз емес); сонан соң наркотин (8-10 %); кодеин (1,5-3 %) және папаверин (0,8% дейін) болады. Олардың көп бөлігі мекон, күкірт және сүт қышқылдарымен біріккен тұздар түрінде болады. Апиын алкалоидтарының ең негізгісі морфин болғанымен, оның өсер етуінде кейбір ерекшеліктер бар. Мұның себебі апиынның құрамында морфиннің әсерін бір жағынан күшейтетін, ал екінші жағынан баяулататын басқа да алколоидтардың бар болуында. Мысалы, папаверин морфиннің ауырсыну сезімділігін әлсірететін қасиетін күшейтіп, оның сфинктерлерді сірестіретін әсерін баяулатады, жылқы, ірі қара мал жөне басқа да жануарларда болатын қоздырғыштық әсерді бәсендетеді. Кодеин жөтелді тоқтатып, тыныс алу орталығын өлсіретсе, ал тебаин тыныс алуды жеделдетеді. Сонымен бірге апиынның құрамында кілегейлі заттар, белоктар және басқа да қоспа заттардың болуы, оның алкалоидтарының сұйық күйге көшуін қиындатады. Сондықтан да апиын морфинге қарағанда баяу, әрі ұзақ әсер етеді.








Апиынды ішке қолданады. Ол ас қорыту жүйесінде перистальтиканы баяулатады, тарылған сфинктерлерді босаңсытып, ауырсыну сезімділігін әлсіретеді. Апиынның осы өсері иттерде ас қорыту жүйесінің қызметі нашарлағанда қолданылады. Бірақ мына жайды ескеру керек. Апиын қарын мен ішектің секреторлық қызметін әлсіретіп, ас қорыту қызметін нашарлатады. Апиын ауырсыну сезімділігін әлсіретіп, перистальтиканы баяулатқанымен іш өту мен қабынуды тоқтата алмайды. Перистальтиканың баяулауы, секрецияның әлсіреуі инфекцияның дамуына қолайлы жағдай туғызады. Ауру тудыратын себептерді жойғаннан кейін, апиынды ауырсыну әсерін әлсірететін зат ретінде қолдануға болады. Апиынның өсері 2 сағаттан 16 сағатқа дейін созылады. Оны үзақ уақыт қолданғанда бірыңғай салалы бұлшық еттердің тонусы төмендеп, іш жүрмей қатып қалатын кездер де болады.
Апиынның ішке бергендегі мөлшері: жылқыларға және ірі қара малға 5,0-25,0 г; қойлар мен шошқаларға 1,0-3,0 г; иттерге 0,1-0,5 г.