Қазақша реферат: Антикалық мəдениет туралы реферат |

0






Шығыстағы бiрнеше белгiлi өркениеттерге типологиялық талдау бергеннен соң ендi Батысқа қарай ауысайық. Батыс дегенде есiмiзге бiрден түсетiнi атақты ежелгi Грек елi екендiгiн дəлелдеп жатудың қажетi жоқ. “Гректер –дейдi Гегель,-бiз өзiмiздi үйде жүргендей сезiнемiз”. “Бiз əлемге грек сөзiмен қараймыз жəне олардың сөз тiркестерiмен сөйлеймiз – деген Якоб Бурхгарт. Алайда бүкiл адамзаттық өркениет бастамасын тек Элладаға əкеп тiреп қойған еуропалықтардың көзқарасы келiсiмсiз. Грек жəне Рим өркениеттерiн Ұлы Шығыс мəдениеттерiнсiз қарастыруға болмайды. Бұл жерде “қытай дуалы” тұрған жоқ. Тiптi Грек өркениетiнiң бастапқы түрi Крит-Миной мəдениетi үндi-еуропалық халықтар Элладаға қоныс адарғанға дейiн қалыптасқан. Антикалық өркениеттi төрт кезеңге бөледi: 1. Крит-Миной мəжениетi (б.з.б. ХХ-ХУғ.) 2. Ежелгi Эллада мəдениетi (б.з.б ХУ-У ғ.) 3. Классикалық Грек мəдениетi (б.з.б. У-Уғ.) 4. Эллинистiк мəдениет (б.з.б.1У-Уғ.)








Антикалық өркениеттiң əр кезеңiнiң өзiндiк ерекшелiктерi бар . Егер Крит-Миной мəдениетiн алсақ, онда оның Жерорта теңiздiк мəдениеттермен үндестiгiн байқаймыз ( египеттiк, хеттiк, шумерлiк т.б. Крит аралындағы алып сарайлар, монументалдық өнер, сына жазу осыған куə. Кейбiр зерттеушiлер Миной өркениетiн Атлантидалық болжамдық мəдениеттiң мұрагерi деп есептейдi. Архаикалық рек мəдениетi ең алдымен мифологиялық сипатта болды жəне Гомер есiмiмен байланысты. Атақты Грек мифтерi осы кезде қалыптасты. Мифологиялық грек мəдениетiнiң ең негiзгi ерекшелiгi – оның синкреттiктұтастығы (əлi ажырамаған бiрлiк) . Бұл мифологиялық санада субъект пен объект, ұғым мен бейне, адам мен табиғат бiр-бiрiнен бөлiнбеген, олардың арасында үйлесiмдiк бар. (кейiнiрек грек философиясында ол макрокосмос пен микрокосмостың гармониялық тұтастығы идеясы болып қалытасты). Грек мифологиясының тағы бiр өзiндiк көрiнiсi ондағы табиғатты құдай деңгейiне көтерiп, оларды адамға жақындатумен байланысты. Мысалы, Гео-жер, Уран-аспан, Океан-мұхит, Прометей-адамға от сыйлаған. Афины –ақылдылықтың кепiлi. Ежелгi гректердiң рухани мəдениетiнiң бүкiл адамзат өркениетiнде өшпес iз қалдырған түрi – кемелiне жеткен антикалық өнер. Бұл жерде ең алдымен ұлы грек трагиктерi Эсхил, Еврипид, Софоколдың , комедиограф Аристофан, мүсiншi Фидий т.б. есiмдерiн атап кеткен жөн. Грек мəдениетiнiң, өзiндiк санасының терең тамырларын айқын көрсететiн көркенм туынды- Эсхилдiң Эдип туралы “Фивке қарсы жетеу” атты трагедиясы. Грек мифологиясында Эдип- Фивылық патша Лая мен оның əйелi Иокастаның баласы. Дельфылық жорамалшы Эдип өскен соң өз əкесiн өлтiрiп, шешесiне үйленедi дейдi. Осыны естiген əкесi нəресте Эдиптi тағы аңдардың арасында апарып тастауға бұйрық бередi. Бiрақ оны бақташылар құтқарып, баласы жоқ Коринф патшасы Полибке сыйлайды. Кейiн Полибтiң орнына патша болған Эдип бiр қақтығыста бiлмей өз əкесiн өлтiредi. Фиваны жауыз Сфинкстен құтқарғаннан соң ол өз шешесiне үйленедi. Кейiн ақиқатты бiлген Эдип өзiн-өзi соқыр етiп қаңғып кетедi. Бұл мифте адамның жауапкершiлiгi, адамгершiлiк принциптерiнiң бағасы, кiнə мен жаза жөнiнiде келелi мəселелер қозғалған. Антикалық өркениетте мəдениеттi адам деп төмендегiдей талаптарға сəйкес тұлғаларды айтқан а) полистiк (қала-мемлекет) — қоғамның азат мүшесi, эллин ретiнде халқын жəне өзiн-өзiн қадiрлеу сезiмi жоғары деңгейде; ə) ол жас кезiнен атлеттiк-гимнастикалық, мускалық (өнерлiк) жəне паядеялық (бiлiмдiлiк) толық тəрбие алған; б) ол Гомердi жатқа бiледi, яғни ата-бабларын құрметтейдi жəне театрға үзбей барады.

Грек мəдениетiндегi өте маңызды ұғым-каллокагатия. Оның тура аудармасын “əдемiлiкке қосылған жақсылық” деп жеткiзуге болады. Каллокагатия – тəн сұлулығы мен жан сұлулығының бiрiккен ырғағы. Антикалық өркениеттiң адамзат мəдениетiне қосқан елеулi үлесi – грек философиясы. Фалес пен Пифогор, Гераклит пен Демокрит, Сократ пен Платон, Аристотель мен Эпикур өздерiнiң терең философиялық жүйелерi арқылы бүкiладамдық ойлау, оның дүниетанымын жоғарғы деңгейге көтердi. Ертедегi грек философиясының микрокосмос пен макрокосмостың арасындағы үйлесiмдiлiк, сан алуандылықтың түпкi негiзi (субстраты мен субстанциясы), əлемдi айқындаушы Логос идеясы жəне себептiлiк пен қажеттiлiктiң абсолюттiгi , адам бүкiл шындықтың өлшемi, идеалды дүние туралы қағидалары тек Батыс дүниетанмына емес, сонымен бiрге бүкiл адамдық парсатқа өзiнiң түбегейлi əсерiн тигiздi. Александр Македонскийдiң дүниежүзiлiк империясында эллинизм түрiндегi грек мəдениетiн сол жерджегi барлық өркениеттер жоғары үлгi ретiнде қабылдады. Кейiн империясы да эллинистiк негiзде өркендедi. Эллинизмнiң аяғы-орта ғасырлардың басы.





.