Қазақша реферат: Антидепрессанттар туралы мәлімет |
Антидепрессанттар — Antidepressiva (анти-қарсы, depressus — күйзелу) — күйзелу құбылысын азайту және оны болдырмаудың алдыналу үшін қолданылатын дәрілік заттар. Күйзелуге ұшыраған жануарлардың өсімталдығы, өнімділігі, ауруларға қарсы қорғану қабілеті төмендейді, ас қорыту жүйесінің моторлық және секреторлық қызметі нашарлап, жануарлардың жаңа жағдайларға үйрену қабілеті әлсірейді. Мал шаруашылығында антидепрессанттар малдарды жаңа жағдайларға, жаңа қоректік заттарға үйретуге және жануарларды күтіп-бағушылар өзгерген кезде қолданылады.
Моноаминоксидазаның тежеуіштері (ингибиторлары) норадреналин, дофамин және серотониндегі амин тобының бөлінуін тежеп, оның мөлшерін арттырадыда соның салдарынан тітіркендірулердің орталық жүйке жүйесіне берілуі жақсарады. Бұл топқа ниаламид-Nialamidum жатады. Суда нашар еритін ақ түсті ұсақ кристалды үнтақ. Әсері аминазинге ұқсас. Препаратты қолданғаннан кейінгі алдын алушылық әсер 2-3 күннен кейін, ал емдік әсер 6-7 күннен кейін байқалады. Ішке бергендегі мөлшері: ірі қараға 0,25-0,60 г; қойларға 0,08-0,12 г; шошқаға 0,05-0,07 г; иттерге 0,01-0,03 г. Үшциклді антидепресанттар аминдердің қайта қосылуын те-жейді, соның салдарынан адренергиялық заттардың, әсіресе норадреналин мен серотиннің әсері күшейеді. Препараттардың бұл тобына имизин, амитриптилин, азафен, фторацизин және тағы басқалар жатады. Имизин — Imizinum. Суда жақсы еритін, ақ тусті кристалды ұнтақ. Әртүрлі жағдайларда күйзелуге карсы әсер етеді. Препаратты алғашқы екі кұнде бұлшық етке егіп және ішке беріп қолданады, соңғы бір-екі күнініде тек ішке ғана береді. Ішке бергендегі мөлшері: ірі қара малға 3,0-4,0 г; бұзауларға 0,05-0,08 г; қойларға 0,1-0,12 г; қозыларға 0,01-0,02; шошқаларға 0,12-0,15 г; торайларға 0,02-0,03 г. Фторацизин — Phthoracizinum. Суда нашар еритін, ақ түсті кристалды унтақ. Өте күшті антидепрессорлық зат. Сонымен бірге нейролептикалық, холинолитикалық және қан тамырларын кеңейтіп өсер етеді. Мөлшері және қолдану ерекшеліктері ниаламидке ұқсас. Ипразид — Iprazidum. Суда еритін (1:7) ақ түсті кристалды ұнтақ. Күйзелуге қарсы әсері ниаламидке ұқсас. Кейде орталық жүйке жүйесін әлсіз қоздыратын зат ретінде, ауру сезімін әлсірететін және ұйқы келтіретін заттардың әсерін ұзартатын зат ретінде қолданылады. Күніне екі реттен ішке беріп қолданады. Мөлшері: ірі қара малға 0,15-0,25 г; қойға 0,03-0,04 г; жылқыға 0,12-0,2; шошқаға 0,02-0,04 г; иттерге 0,08-0,01 г.