Қазақша реферат: Анахарсис сақ әлемінің әйгілі ойшылы

0






Анахарсистен ХХ ғасырға дейін шамамен екі мың бес жүз жыл немесе жиырма бес ғасыр. Осы уақыт аралығында, халқымыздың мәдениетінің тарихи кеңістігі. Бұл тарихи-мәдени кеңістікті меңгеру осал іс емес. Жиырма бес ғасыр ішінде бірнеше ренессанстық жағдай міндетті  түрде екі компоненттен тұрады. Бірі жаңа өркениеттік сапалық өзгерске ұмтылу, екіншісі алдағы өткен мәдени дәстүрді жаңғырту, жаңалау. Демек, ренессанстық жағдайларда алдыңғы мәдени дәстүр мүлдем жойылмай эволюциялық жолмен жүреді. Ренессанс дегеніміз мәдениеттің өзінен өзі, өз ішкі даму заңдылықтарына сәйкес жаңарып, жаңғырып отыруы. Ренессанс заманда өтпелі дәуірлерде көрінеді. Ондай дәуірлер Ренессанстық тұлғаларды туғызады. Біз анахарсистен ХІХ ғасырға дейін деген тарихи мәдени концепцияны ұсынғанда, аттарын атап, еңбектеріне зер салып отырған ойшылдардың бәрі ренессанстық тұлғалар, Олар: Анахарсис, Майқы би, Иоллығ тегін, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи, Абай. Тіл мәдениетінің аса құнарлы айнасы. Ол таным тарихының формасы, тарихтың нақтылы дерегі. Атадан қалған сөз бізге тіл арқылы жеткен. Жоғарыда айтқан ойшылдарың  бәріне ортақ түркі тілі. Әрине мен түркі тілі дегенде шартты мәнді айтып отырмын. Яғни, «түгел сөздің түбі бір» деген мағынада.

Біз қазақ мәдениетінің генезисін Анахарсистен бастауға тиістіміз. Себебі, сақтар ғұндар, түркілер, қыпшақтар бір «атаның» балалары екенін тарихшылар атап бергені ақиқат. Сондықтан сақтар елінің ойшылы Анахарсис тарих басы. Анахарсистің өмір сүрген заманы, өзі туралы мағлұматтардың да көбі ауызша жеткен. Кезінде қағазға түскен деректер сирек. Шынында да осыдан екі мың жыл бұрынғы оқиғалар, адамдар туралы шындықты кім дәлме дәл айта алады. Көптеген мәселелер болжам, пәлен айтты, түген айтты деген пікірлерден құралған. Бұл тек Анахарсиске ғана қатысты емес, ол Фалес, Солон Афинскийге де қатысты.

Анахарсис уақыт сарабынан өтіп, мәңгілікке айналған жан. Егер де ол Скифияда тумай Палестина немесе Таяу Шығыстың бір елінде дүниеге келсе, сөзсіз Библияда және Құранда да пайғамбарлар санатында жүрер еді. Бұлай деп отырғаным, Анахарсисті тарихтағы ұлы тұлғалалармен салыстырсам, оған теңдес келетіні – Ғайса. Екеуінің ұқсастық жағы мол, екеуі де адамзатқа жаңа өмір ұсынған, қазіргі тілмен айтсақ, бұлардың екеуі де демократтар. Сонымен қатар бұлардың бір бірінен айырмашылықтары да бар. Біріншіден Анахарсис Ғайсадан бес ғасыр бұрын өмір сүрген. Демек, замандары бөлек. Екіншіден Ғайса мәдени ортада өмір сүрсе, Анахарсис заманы өзгешелеу болатын. Сақтар кезіндегі негізгі мәселе өнер, білім емес, соғыс өнеріне үйрену болатын. Айнала жау. Қала салып отырықшылыққа көшпеген жұрттың басты қамы күнкөріс еді. Үшіншіден, ерекшелік олардың дүниетанымында.












.

Екіншіден, Платон өзінің объективтік идеясын парсылардың діні зораситризм ықпалымен құрастырған деген болжам бар, ал біз Платонның бұл идеясын сақтар дүниетанымы негізінде қалыптастырған десек, оны кім қалай жоққа шығарады. Себебі, сақтардың ойшылы Анахарсисті Платон өте жақсы білгені анық тарихи дерек. Үшіншіден Анахарсис есімі гректің данышпан философы Платонның (б.э.б. 427-347) еңбектерінде де кездеседі. Ол «Мемлекет» деген еңбегінің оныншы кітабында тарихшы Гомер, философ Фалес және Скиф Анахарсис туралы айтқан (Платон. Шығармалар, 3-том, 1 тарау, М.,1971 427-бет). Осы кітаптың 642-бетінде Анахарсис туралы мынандай түсініктеме берілген: «Анахарсис аты аңызға айналған скиф, Грецияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп, соның ықпалында данышпандылығымен атағы шыққан. Ол туралы Геродот хабарлайды», делінген. Гректер қазіргі біздің территорияны мекендеген халықтарды ортақ атпен скифтер десе, парсылықтар сақтар деген.

Анахарсис есімі Аристотельдің еңбектерінде де кездеседі. «Аналитиканың екінші кітабының үшінші тарауына Аристотель нақтылы заттың барлығын дәлелдеуден осы заттың неге бар болуы туралы дәлелдің айырмашылығы жайлы айта келіп былай дейді: «Анахарсистің айтуы бойынша, скифтерде флейтаның болмауы оларда жүзімнің жоқтығынан» (Аристотель, Шығармалар, 4-том, 281-бет), -деп мысалға алды. Анахарсис скифтерде флейтаның жоқтығын, скифтердің жүзім өсірмейтіндігіне байланысты екенін айтып отыр. Жүзім жоқ, яғни шарап жоқ. Демек, флейтаның да қажеттігі жоқ. Бар нәрсені білу мен оның неге барлығын білу, біркелкі түсініктер емес. Аристотель өзінің осындай логикалық топшылауларында Анахарсистің кезінде кең тараған қанатты сөзін дәлел ретінде пайдаланған. Аристотель «Никомахова этикасы» деген еңбегінің оныншы кітабында тағы да Анахарсис айтты деген пікірге сүйенген. «Игі істер атқару мақсатында көңіл көтеру дұрыс, себебі, көңіл көтеру –демалыс, үнемі үздіксіз жұмыс атқаратын адамдарға өте қажет» (Аристотель, Шығармалар, 4-том, 280-бет). Өзінен әдеби мұра қалмағаннан кейін Анахарсистің дүниетанымын анықтау қиын. Ал, Фалесті сөзсіз материалист деп жүрміз. Алайда Анахарсисті скептиктер қатарынан іздеген өте орынды, оған бір дәлел- біздің санауымыздан бұрын ІІІ ғасырдың екінші жартысында, ІІ ғасырдың басында өмір сүрген, мамандығы дәрігер, көне грек философы, скептик Секст Эмприктің еңбегі. Секст Эмприк Анахарсистің еңбектерін арнайы сөз еткен, талдаған. Философия тарихында Секст Эмприк скептицизм идеяларын өзіне дейінгі бір жүйеге келтірумен айналысқан ойшыл.

Секст Эмприк Анахарсиске біршама философиялық талдау жасаған. Оның пікірінше, Анахарсис-скептик. Себебі, ол ақиқат өлшемін жоққа шығарады. Бір нәрсе туралы бір саладағы мамандар әңгімелессе де, әр түрлі мамандар пікір таластырса да ортақ бір қорытындыға келе алмайды. Оның себебі, бұларға төреші болатын адам керек. Айтысқа түскен адам бір мезгілде және айыпталушы. Оның әрқайсысының сөзі шындық әрі шындық емес. Демек, ақиқат өлшемі жоқ. Жыл санауымызға дейінгі V-VI ғасырларда осы бағыттағы айтыстардың болуы, әрине, таным талпынысынан туған. Әңгіме сенім туралы болып отыр. Егер Анахарсис ақиқаттың өлшемі жоқ деген ұғымға әбден келген болса, ол мистикалық көзқараста болмағаны. Құбылыстардың себептерін іздеп, оған сенімсіздікпен қарау көне заман үшін алдыңғы қатарлы ой пікірлердің ұшқыны. Анахарсис пен Сократқа дейінгі өзге де грек ойшылдары туралы бірден бір құнды еңбек неміс ғалымы Г.Дильскидікі. Бұл еңбек әлі орыс тіліне аударылмаған. Анахарсис туралы арнайы сөз қозғаған философтың бірі Лукиан. Лукиан Македонияда болғанда Филиппоподе қаласының зиялыларының алдында лекция оқыған. Сондағы сөздері: «Скиф», «Геродот», «Зевксис». Бұл сөздерде (Скифте) көптеген тың дерек бар. Оның айтуынша, Афинаға ең бірінші келген скиф Анахарсис емес, одан бұрын Токсарид деген емші-скиф болған.Ол туралы грек жұртында аңыз бар. Лукианның айтуынша, Анахарсистің Афины қаласына келгендігі тұңғыш кездескен адамы осы Токсарид. Ол жас скифті Солонға жолықтырып жақындыстырады. Бұл кезде Солонның егде тартқан шағы болатын. Солонның қамқорлығының арқасында Анахарсис грек жұртына аты мәшһүр ғұламаға айналды.(Лукиан, Шығармалар жинағы.-М., 1935, 95-101- беттер.)

Анахарсистің көркем бейнесі Плутархтың (б.э.д. 40-жылдары туып, шамамен 120-125 жылдары өлген.) «Жеті ғұлама сауығы» деген еңбегінде жасалған.

Плутархтың дәлелдерінде, көне заманның атақты материалисі Фалестің Анахарсис туралы пікірі өте жоғары болған. Анахарсис туралы іздеген адамға тың деректер табылуы әбден мүмкін. Әсіресе орыс тіліне аударылмаған көне грек авторларының  еңбектері бұған дәлел. Себебі, «Жеті ғұламаға » қатысты айтылған жайларда Анахарсис есімі қоса жүруі өте орынды.

Анахарсис Скифияға оралып өз еліне Эллиндер тұрмысын үйрете бастағанда,оны атып өлтіреді. Геродоттың айтуынша, Анахарсисті грек әдет-дәстүрін сақтағаны үшін өз туысы Савлий патша атып өлтіреді. Анахарсис гректің атақты заң жүйесінің реформаттары. Солонмен дос болған, олай болса,  оның идеяларын скифтердің мемлекеттік тұрмысына енгізуге талпыныс жасауы әбден орынды. Сірә, шындығы, Анахарсис  өзі көріп, оқып, үйреніп келгенін жүзеге асырғысы келген болуы керек. Ондай өзгерістер скиф мемлекетінің қалыптасқан  басқару жүйесін сөзсіз өзгертуге, тіптен бұзуға әкелуі мүмкін. Оған скиф патшасы көне қоя ма?! Біздің болжауымызша, Анахарсистің қазасының басты себебі, өмір тәжірибесі, оның ақылы, данышпандығы болды. Оның өлімі Ұлықбектің өліміне ұқсас. Скиф мемлекетінде туған жерінде қаза болуы заңды. Қайта елге оралып, ұзақ жасап, табиғи түрде дүниеден қайтса, таңқалуға болар еді. Анахарсис Грекиядан алған білімін жүзеге асыруға жалғыз  кірісті. Ол скиф тайпалары ортасында мүмкін емес болатын. Сондықтан да Анахарсистің өлімінің себебі түсінікті. Анахарсистің туыстары (патша әулеттері) оны тек өлтіріп қана қойған жоқ, оның есімін атауға тыйым салған. Оның тарихта аты қалуы Грекиядағы пікірлестері арқасында ғана. Герадот «скифтерден Анахарсис туралы сұрасақ, ондай адамды білмейміз», деп жауап қайтарады дейді. Соған қарағанда Анахарсис Скиф патшалығына аз әуре салмағанға ұқсайды. Алдыңғы озық -ойлы адам тарихта үнемі «үстем таптарға» үрей беріп отырғаны мәлім. Сондай адамның бірі философия тарихында, тарих және тәрбие тағылымында оның, оқулықтарында әлі өз орнын алмаған көне заман ғұламасы Анахарсис Скифский.






.

Сонымен, негізінде Платон, Аристотель сияқты философтар мойындап оның беделіне бас иген Анахарсис Скифскийдің өз бабамыз екендігі анық. Оны Майқы Мән баласы «Анарыс» деп атаған.  Мүмкін оның есімі Анарыс шығар. Анахарсис деген латынша аталған есімі болуы мүмкін.

Анарыс деген сөз түркі тілінде екі компоненттен құралған. Аң-Арыс Скиф, сақ өнерін зерттеушілерінің қолтума шығармаларында аңдардың бейнесі ерекше орын алған. Сондықтан Анарыс деген сөз құлаққа тосын естілмейді. Әрине, бұл болжам  Анахарсистің Майқы би айтқан Анарыс екені рас болса, сөздің түп төркінін (этимологиясының) тілшілер шешуі тиіс.





.

Біздің айтарымыз, Анахарсис қазақша айтқанда Анарыс болса керек. Майқы бабамыздың айтқанын әзірше жоққа шығаратын дәлел жоқ.  Олай болса Анахарсис – Анарыс біздің бабамыз, ол бізге өз ұрпағына екі мың  жарым жылдан соң танылып отыр. Оның әруағына бас иіп аты өшпейтін істер атқару керек. Орта ғасырда Еуропаның  елінде «Жас Анахархистің басынан кешкендері» деген роман жарыққа шықты. Сол шығарманы қазақ тіліне аудару кезек күттірмейтін істердің бірі. Демек, Анахарсисті тану ілімін жолға қойған жөн.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!