Қазақша реферат: Әмина Өмірзақова өмірбаяны |

0






Әмина Өмірзақова дегенде үлкен көздері күлімдеп, жүзінде күлкі үйірілген, маңындағыларға қарап жұмсақ жымиятын, мейірімді жүзінен шуақ төгілген, көңілі кіршіксіз, қарапайым ана көз алдымызда көлбеңдеп тұра қалады. Ол — асылдың сынығы. Олай дейтін жөніміз бар. Өйткені ол — Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Шәкен Айманов, Қапан Бадыров, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Иса Байзақов сынды дарабоз, шежіреге айналған тарландарымыздың жолын қуған тума талант. Сондықтан біз Әмина апамызды мақтанып, ауыз толтыра айтатын әртістеріміздің қатарына жатқызамыз. Сахна алыптары қатарынан орын алу кім көрінгеннің қолынан келер оңай шаруа еместігі аян…
Әмина Ергожақызы Өмірзақова Семей облысының Абай ауданы, Шыңғыстау бөктеріндегі Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1919 жылдың 8 наурызында қасиетті жерден өнген дән секілді ата-ананың көз қуанышына айналған қыз бала дүние есігін ашты. Сол кезде «Театр» деген сиқырлы сөздің сәбилердің арасында жасыл құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан кішкентай ғана тәмпіш танау қыздың есімімен тығыз байланысты боларын кім ойлаған? Әкесі қайтыс болғаннан кейін Қаптығай есімді ағасының қамқорлығында болып, оның үйғарымы бойынша 1932 жылы туған-туыстар Алматыға қоныс аударады. Алғашқы білімді осында алған Әмина мектеп қабырғасында оқып жүріп, қазақ радиосының жанындағы Б.Г.Ерзакович жүргізетін хор үйірмесіне қатысады. Ол кезде хорға қатысушыларға қаламақы төленетін. Сөйтіп сол қиын шақтарда елгезек Әмина радиодан ән айтып, үйіне ақшалай көмегін тигізеді. Сөйтіп жүріп Ленинградтағы театр және кино өнері инсти-тутына жастарды оқуға шақырған хабарландыруды оқып, бағын сынап көрген жас қыз 1934 жылы Нева жағалауындағы білім ордасына актерлік мамандық бойынша оқуға (қазақ студиясына) қабылданады. Ә.Өмірзақова небәрі он бес жасында КСРО Халық әртісі Василий Васильевич Меркурьев пен профессор Ирина Васильевна Мейерхольдтардан білім алып, актерлік техниканың қыры мен сырын меңгере бастайды. Осы оқып жүрген кезінің өзінде-ақ ол «Ленфильмнің» көптеген киноларында массовкаға түсіп, кино кадрлары мен әкран таспаларымен таныс бола бастайды.
1938 жылы В.В.Меркурий шәкірттерімен бірге Шымкент қаласына келіп, қазақ драма театрын ашқан болатын. Осы театрдан басталған жас актрисаның шығармашылық қадамы бірте-бірте кәсіби түрғыда сатылай берді. М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин» тарихи пьсасында XIX ғасырда өмір сүрген қазақтың ұлы ағартушысы, жазушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық істері баяндалады. Мүндағы Мықыбайдың баласы Шәуәлиді Ыбыраймен идеялық күреске түскен Найзақара бастаған топ өз-дерінің кек алатын қаруына айналдырады. Ыбырайдың халқын қараңғылықтан қүтқару жолында оларды оқу-білімге тарту үшін салдырған мектепті өртеуге дейінгі Шәуәли — Өмірзақова алдағы жарқын өмірді түсінбейді, оған ескі өмірді көксеген бай-шонжарлардың ісі дүрыс көрінеді. Бірақ драмалық тартыстың шарықтау шегінде өз ісінің теріс екенін түсінеді ол. Ыбырайға қарсы шыққан феодалдардың керітартпалығын өзіндік санамен сезінген Шәуәли — Өмірзақова өзінің адасқанына қатты өкінеді. Осы кездегі актрисаның баланың іс-әрекетін, жүріс-түрысын берудегі ізденісі, сөйлегенде бала даусын нанымды беруі оны зор табысқа жеткізді. Ол 1958 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық Жастар театрының фестивалінде Камал (Д.Фурманов «Бүліншілік») және осы Шәуәли бейнелерін орындаудағы шынайы ойыны үшін фестиваль лауреаты атанып, І-ші және ІІ-ші дәрежелі күрмет дипломдарына ие болған. 1938-40 жылдары Ж.Шанин атындағы Шымкент облыстық драма театры сахнасындағы Баян (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш — Баян сұлу»), Смеральдина (Гольдони «Екі мырзаға бір қызметші»), Мөржан (М.Әуезов «Түнгі сарын») бейнелері — елу жылдай (1949-1999 ж.ж.) еңбек еткен Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театры сахнасындағы Луиза (Шиллер «Зұлымдық пен махаббат»), мыстан (Қ.Бадыров «Алтын сақа»), Ефимчик (Б.Горбатов «Әкелер жастығы»), Шәуәли (М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин»), Рабиға, Сағадат, Қанзипа, (Ш.Құсайынов «Рабиға», «Біздің Ғани», «Күн шуақта»), Дату (Ш.Қүсайынов пен О.Бодықов «Әл-Фара-би»), Нахтигаль (Н.Хикмет «Әпенді»), Джулия (Шекспир «Екі верондық»), Қалиса (С.Мүқанов «Мөлдір махаббат»), Гүлжамал (Т.Ахтанов «Күшік күйеу»), Мариям (С.Шәймерденов «Дөкей келе жатыр»), Шүйкетай (С.Жүнісов «Қызым саған айтам…»), ана (Ә.Тарази «Ол — менің тағдырым»), Айжан (Б.Мүқай «Қош бол, менің ертегім»), Алтынай (Ш.Айтматов «Алғашқы мүғалім»), кейуана (О.Бодықов «Отырар ертең қирайды»), Қалампыр (Ш.Уәлиханов «Тағдыр»), Раиса Александровна (И.Савин мен Ж.Тәшенов «Іске сәт қыздар»), Глумова (Островский «Адам аласы ішінде»), Ділдә (М.Ақынжанов пен С.Назарбек «Қүнанбай келіні Ділдәнің зары»), Гүлбаһрам (Ә.Тәжібаев «Монологтар»), Кенжегүл (Қ.Мүхамеджанов «Өзіме де сол керек»), т.б. кейіпкер-лер керуенінің көшбасшылары.
Ә.Өмірзақованың Қазақтың Мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрындағы шығармашылық сара жолы 1948 жылдан өмірінің соңына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл театрдың сахнасында қойылған Қ.Мұхамеджановтың «Өзіме де сол керек» комедиясындағы аңқау, жүмсақ мінезді, қабақ шытуды білмейтін Кенжегүл әрекеті күлкіге құрылған. Хайдарбектің «мақтау» сөздеріне алданып, оған қолындағы қомақты ақшасын беру көрінісі Ә.Өмірзақова ойынында шынайы беріледі. Ойында бүкпесі жоқ, ақкөңіл Кенжегүл — Өмірзақова қасындағылардың барлығын дос, бәрін жақсы көреді. Сонымен бірге С.Жүнісовтің «Қызым саған айтам…» пьесасындағы жағымсыз кейіпкер Шүйкетай арқылы Ә.Өмірзақова өнерінің өзге қырын танытып өтеді. Үнемі күліп жүретін, ақылды қыз-келіншектер бейнесін жасаумен танылған актриса ойынында бір күнмен ғана өмір сүретін Шүйкетай өте қу, жеңілтек болып шыққан. Кейіпкердің айналасындағыларға сын көзбен қарап, олардың ішкі сырын біліп алуға деген қүштарлығы актрисаның қулана күлімдеген көзқарасы мен қылмыңдаған қы-лығымен беріледі. Ал, Ш.Қүсайыновтың «Күн шуақта» пьесасындағы кеңес өкіметі орнағаннан кейін колхоз үйымдастыру жұмыстарына белсене араласып, қоғамдық еңбекпен шыныққан Қанзипа Ә.Өмірзақова ойынында сырқаты жанына батса да сыр бермейтін салмақты әйел болып шыққан. Актрисаның дауыс-дикциясынан оның мейірімі мен ақылы, жүмсақ мінезі байқалады. Мұндай түрлі мінездегі әйелдер бейнесі — ана образын жасаудың хас шебері Ә.Өмірзақова «репертуарының» бір сағасы ғана. Түрлі характердегі, түрлі жастағы, түрлі кезеңдегі кейіпкерлер харак-терін ашу жолында актриса тек шынайылықты, табиғилықты ғана көздеді.
Жалпы елімізде кино мен театрды қатар алып жүрген әмбебеп актерлеріміз аз емес. Кейде кинодан, радиодан, дубляждан бағы жанып жататын өнер иелері де бар.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!