Қазақша реферат: Алкогольдің резорбтивті әсері |
Резорбтивті әсері. Жоғары мөлшерінде берілген алкогольдің әсері наркоздық заттарға ұқсас келеді. Оның ерекшелігі сол, ол суда тез еритін зат ретінде тек липидтерге бай ұлпаларда ғана жинақталып қоймай, бұлшық еттерде және паренхиматозды мүшелерде де жинақталады. Сондықтан да алкогольдік наркоз алу үшін, наркоздық заттарға қарағанда алкоголдің едәуір көп мөлшері қажет. Толық наркоз сатысында тыныс алу орталығы әлсіреп, ты-ныс алу нашарлайды. Мұндай кездерде мөлшердің шамадан тыс берілуі жануарлардың өліміне әкеп соқтыртады, сондықтан да алкогольді толық наркоз алу үшін қолданбайды. Алкогольдің жүрекке уыттылығы онша емес. Жеке бөлініп алынған жүрек жұмысын тоқтату үшін, хлороформға қарағанда алкоголдің 200 есе көп концентрациясы керек. Жануарларда алкоголдің әсерінен жүректің жиырылуы жиілеп, көп жағдайларда күшейеді. Едөуір мөлшерде бүл оның рефлекторлык әсерінен, ал көп жағдайларда жүрек тамырларының кеңеюінен болады. Рефлекторлық әсердің нәтижесінде алғашқыда қан қысымы жоғарылайды, сонан соң тамырды тарылтатын импульстердің әлсіреуіне байланысты жайлап төмендей бастайды. Алкогольдің әсерінен зат алмасу айтарлықтай өзгереді. Бір жағынан, алкоголь мүшелердің қызметін нашарлатып, органи-калық заттардың ыдырауын шектесе, екінші жағынан ол С02 жөне Н20-ға дейін тотығып, энергия кезі бола алады. Тотығу кезінде едәуір мөлшерде жылу бөлінеді. Алкоголь азықтық заттарға қарағанда едәуір оңай ыдырап, қоректік заттардың организмге жинақталуына септігін тигізеді. Аурудан сау, қоңды мал үшін алкогольдің зат алмасуға әсерінің онша маңызы болмағанымен, азықтық заттарды қорытуы нашарлаған ауру және арық мал үшін оның энергетика кезі ретіндегі маңызы ерекше. Алкогольдің ыдырауы кезінде бөлінген энергия мүшелердің қызметін арттырады. Мұны әсіресе олардың қызметі нашарлағанда айқын байқауға болады. Нашарлап әлсіреген организм өзіне керекті бүкіл энергияның 25 %-ға жуығын алкогольдің ыдырауы арқылы ала алады. Ауру малға күре тамыры арқылы енгізілген алкогольдің аз ғана мөлшерінің өзі организмнің жалпы жағдайын жақсартады, қан айналу қалпына келеді, тыныс алу жиілейді, зат алмасу жақсарып, организмнің төзімділігі артады. Кейбір жағдайларда күре тамыры арқылы қолданылған алкоголь өкпенің ірінді және шіріме жаралар кезінде бұл құбылыстың өкпенің басқа бөліктеріне таралуына жол бермейді. Вена тамырына 20 %-ды алкогольді хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісінде егу де жақсы нәтижелер береді.