Қазақша реферат: Ахмет Жұбанов өмірбаяны |

0






Өткен XX ғасыр тарихымыз үшін үлкен сілкіністерді бастан кешкен жұзжылдық. Бай-кедей деп бөліп-жармай, жалпыға бірдей тиесілі «бостандық», «теңдік» ұрандары сар даланы кеулеп кетті. Көшпелі дала салтында қалыптасқан дәстүрлі өмір ағымы манаураған өзінің үйреншікті сылбырт ұйқысынан серпіле оянып, жаңа өмірге бет бүрды. Мол жаңалығымен келген бұл тарихи кезең ұлттың өмірсалтын жаңа арнаға бүрып, жаңа көкжиектерге көз салдырды. Жарқын болашақ үшін жанкешті еңбек еткен ұлтымыздың абзал азаматтары аз ғана берілген «бү дүниелік» өмірінде үлкен-үлкен істерді тындырды. Сол тамаша бастамалардың аяқсыз қалғандары қаншама дерсің?
Басында, бағыт-бағдары мен асқақ идеясы жоғары межелерді көздеген жаңа үкімет терісін теріс айналдырып халықтың өзіне тап беріп, қан қақсатқан кеңестік «қызыл террорға» айналды. Осы асқақ идея үшін толарсақтан саз кешіп, ауыздықпен су ішкен ел серкелерін қырғиша бүріп қанды шеңгеліне алды. Міне бұл кез ұлттық интеллигенциямыз үшін үлкен сын болған кезең. Жазықсыз қара күйе жағылып нақақтан жазаланған қазақтың асыл да ардақты азаматтары қызыл империяның қанға тоймайтын қомағай кеңірдегінің қүрбаныны болып кете барды. Бір емес бірнеше мәрте айналып соққан жазалау нәубеттері өз халқының болашағы үшін жол көрсеткен марқасқаларын аса ерекше түрақтылықпен қағып тастап отырды. Олардың аттарын халық жадынан мүлдем өшіріп тастау үшін ғылыми еңбектері сөрелерден алынды, аттары өшірілді, тыйым салынды, шындықты айтып бас көтергенді қудалап жазалауға үшыратты. Олардың туған туыстары, үрім-бұтақтары да «ерекше» органдардың ерекше назарда болды. Осындай нәубеттерден «халық жауы» болып жазаланып қүртылғандар саны көп те, аман қалғандар саны азшылық болатын. Сол азшылықтың ішінен де тоталитарлық жүйенің ауыр азап, үркітулерінен сынбай, рухының биіктігімен аман қалып еліміздің әдебиетіне, ғылымына, мәдениетіне елеулі үлес қосқандар: М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Сәтбаев т.б. сынды көкірегі ояу азаматтар. Бүгінде сол кеңестік дәуірдің зіл батпан ауыртпалығына жаншылылса да өзіндік адами келбетін жоғалтпай үрпақтары аузына мақтаныш сезімімен ілінетін, бәріміз мақтан түтқан, артында ауыз толтырып айтарлық істерімен танылған ұлттық мәдениет қайраткерлерінің ішінен бір ғасырлық мерейтойы аталып өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, өнертану докторы, профессор, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Қуанүлы Жұбановтың есімі ерекше аталады.
Ахмет Қуанүлы Жүбанов қазіргі Ақтөбе облысының Мүғаджар ауданы Қосуақтам қыстагында 1906 жылы, сәуір айының 29 жұлдызында дүниеге келді. Оқуға ынталы, ән күйге жастайынан жақын болуы, сауатын ерте ашуы және естігенін зеректігімен зейініне тоқи білуі жас Ахметті оқу-білімге жетеледі. Алғашқы үстазы Қ.Әжіғалиев бала Ахметті тек оқып-жазуға баулып қоймай, оның музыкаға деген ықласын байқап, халықтың дәстүрлі домбырасын тартумен бірге, қалың қазақ ортасына жаңадан ене бастаған: скрипка, балалайка, мандолино секілді еуропалық саз аспаптарында ойнауды да үйретті. Сонымен бірге Орынбор медіресесінде шәкірт болған үлкен ағасы Қүдайбергеннің де Ахметтің білім алуы мен өмірге көзқарасының кеңейуіне оң әсері мол болды.
Ахмет жастайынан еңбекке араласып аумалы-төкпелі кезеңнің ыстық-суығында да өміріне серік еткен музыкасын тастамайды. Ақжар мектебіндегі мүғалім бола жүріп көркемөнерпаздар үйірмесіне белсенді түрде қатысады. 1928 жылы Ақтөбе қаласына оқуға келіп кәсіби скрипкашы Н.Чернюктен музыкадан тәлім алып келесі жылы ағасы Қүдайбергенмен бірге музыкалық білім алуға Ленинград қаласына келеді. Революция бесігі болған Ленинград қаласы Ахметтің болашақ өнер мен мәдениеттің көп саласында жемісті еңбек етуіне жол ашты. Ол осы қаладағы өнер оқу орындары: М.И.Глинка атындағы музыка техникумында А.А.Әтигонның скрипка класында, Н.А.РимскийКорсаков атындағы консерваторияда Ф.А.Ниманның гобой класында, Өнер зерттеу академия-сының музыка бөлімінің аспирантурасында сол кездің танымал профессорлары: Б.Асафьев, Ю.Тюлин, Р.Грубер, А.Оссовский, Х.Кушнарев, Е.Гиппиус, З.Әвальд, сынды ғалым зерттеушілерден тәлім-тәрбие алып кәсіби музыкатанушы маман, фолклорист болып қалыптасты. Өзінің үстазы Ф.А.Ниманның В.Андреев атындағы орыс халық аспаптар оркестрінің жетекшісі болғандығын пайдала-нып сол өнер үжымының күнделікті өтетін дайындықтары мен кон-церттеріне түрақты барып жүрді. Қазақ халыққының музыкалық аспаптарын жинап оркестрін үйымдастыру идеясы да Ахметке осы жерде пайда болған секілді. Консерватория қабырғасында оқып жүріп 1931 жылы музыкатану ғылымындағы өзінің алғашқы қадамы, «Музыка сауатының әліппесін» еңбегін қазақ тілінде жазып шықты. Консерваторияны 1932 жылы аяқтап Өнер зерт-теу институтының аспирантурасында оқуын жалғастырады. Бі-рақ, елдің маман кадрларға деген тапшылығы А.Жұбановтың ас-пирантурадағы оқуын тоқтата түрып, жас республиканың кәсіби мамандарын дайындайтын Алматыдағы алғашқы өнер ошағы му-зыкалы-драмалық техникумына жүмыс істеуге шақырды.
1933 жылдың ақпанынан басталған А.Жұбановтың еңбек жолы қазақ өнері мен мәдениетінің қалыптасуы, дамуы және өркендеуі жолында алтын әріптермен жазылған жемісті беттеріне айналды. Бұл кезең жаңадан қаулап пайда бола бастаған оқу, мәдени-өнер ордаларының күрылуы мен кәсіби үжымдардың қалыптасу кезеңі болатын. Бүгінгі таңда құрылғанына 70, 60 жыл толған республикалық деңгейдегі: Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялык ұлт-аспаптар оркестрі, Жамбыл атындағы филармониясы, Қүрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясы және сол жерде қазақтың халық аспаптар кафедрасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы, ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты күрамындағы Өнерта-ну секторы қазақ мәдениетінің ірі қайраткері Ахмет Қуанүлы Жұбановтың тікелей араласуымен және жетекшілік етуімен өмірге жолдама алған үжымдар.
А.Қ.Жұбановтың жетекшілігімен музыкалы-драмалық техникум жанынан ашылған қазақ фолклорын ғылыми түрғыдан зерттеу кабинеті алғаш қүрылған күнінен бастап Алматыға кең байтақ республиканың түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздардың орындауындағы ән-күйлерді нотаға түсіріп қор жинай бастады. Жазылып жиналған бұл халықтың баға жетпес музыкалық байлығы халықтың өлмес мүрасы болып келер үрпаққа қалды. Ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру шеберханасы ұлт аспаптар оркестріне қажетті музыкалық аспаптар, домбыра мен қобыз, өзге де халық аспаптарының үлгілерін жинап, сол үлгіде жасау мен олардың сапасын жетілдіру жүмыстарын оң жолға қойды. Кәсіби оркестрге сапасы жоғары музыкалық аспаптар қажеттігін уақытылы түсінген А.Қ.Жүбанов бұл мәселеге ерекше мән береді. Осы саланың жауапкершілігін өз мойнына алған ол тәжірибелі шеберханаға композитор Е.Брусиловскийді, ұлт аспаптарын жасаушы шеберлері -ағайынды Р. және Ә.Романенколарды арнайы жүмысқа шақырды. Бұл есімдердің қазақ музыка өнерін дамытуға, «қара домбыраның» үні жетіліп, әуезі, дыбыс бояуы, диапозонының өсіп бүгінгі таңдағы орындау мүмкіндігі мол аспапқа айналуына сіңірген еңбектері өзінше бөлек тақырып.
Қүрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің негізін қалап көркемдік жетекшісі және бас дирижері болған А.Жүбанов дала салтында бүрын болмаған үжымдық орындаушылық дәстүрінің негізін қалады. Алғашында саусақпен санарлық қана өзіндік орындаушылық мәнерлері бар жеке домбырашылардан жиналған ансамбль аз уақыт аралығында бойына шығармашылық күш жиып халық ілтипатына бөленді. Бұл еңбекке орынды баға берген Ғ.Мүсірепов: «Зерттеу жүмысымен айналысуға мүмкіндік берерліктей болмашы ғана жағдайлар жасалғаннан кейін бірер жыл өтпейақ, күлден көтерілген Феникс сияқтанып қазақтың ұлт ас-паптар оркестрі пайда болды. Мен Ахмет Куанүлының көп дауысты ұлттық оркестрді қүруы — аса елеулі, сонымен цатар тарихи еңбек деп санаймын. … Ұлт оркестрінің кіндік атасы — Ақаң» — дейді [1,6] (бөлектеу автордікі М.А.). Қазақ өнері мен мәдениетінің зор жетістігі болған Қүрманғазы оркестрі сөзсіз 1936 жылғы алғашқы декададан бастап ұлттық мақтанышымызға айналды. Қазақ прфес-сионалды өнерінің қай саласына болмасын тән қүбылыс болған қалыптасу кезең музыкалық үжым қүруда да айқын байқалады. Халық арасынан іріктеліп шыққан тума таланттардың алғашқы шоғыры: Махамбет пен Науша Бөкейхановтар, Дина Нүрпеиісова, Лүқпан Мүхитов, Оқап Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Қамбар Медетов т.б. сынды тамаша домбырашы-күйшілер халық музыка мәдениетінің таусылмас кені болатын. Олардың әрқайсысының шебер орындаған күйлері мен оны шығарушы композитор және күйдің шығу тарихы жайлы айтқан әңгімелері Ахмет Қуанүлының болашақ ғылыми-зерттеу жүмыстарының да таусылмас тақыры-бына айналған секілді.
Өзі қабырғасын қалаған және он жылдан аса аса көркемдік жетекшісі және бас дирижері болған еткен ұлт аспаптар ор-кестріне лайықты мүрагер табуда Ахаң көрегендік танытқан. Орындаушылық шеберлігі өсіп, өнерімен елге танылған оркестр-ді жас та болса бойында үжымға жетекшілік етуге қабілеті бар, талантты да жігерлі музыкантты таба білді. Ахмет Қуанүлының берген ақ батасымен оркестрдің дирижерлік таяқшасын Шамғон Қажығалиев өз қолына алып, үзіліссіз 40 жылға жуық көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. Өткен ғасырдың екінші жар-тысындағы оркестрдің көтерілген көркемдік биігі, халық компо-зиторлары мен классикалық, бүгінгі композиторлардың шығар-маларын орындаудағы жетістіктері қазақ мәдениетінің тарихына алтын әріптермен жазылған кез. Қазақтың бай музыка мүрасын дүниенің төрт бүрышына жеткізіп насихаттаған нөмірі Акаде-миялық оркестрге айналды.
Бү_дан бірнеше жыл бүрын — Наурыз мерекесін тойлау ая-сында ел ордасы Астана қаласында өткен қазақ халық аспаптар оркестрлерінің бірінші республикалық «Сарыарқа» фестивалі ор-кестрмен орындау шеберлігінің республикада жоғары деңгейге көтерілгендігін және бір мәрте көрсетті. Бірі-екіншісіне үқсамай-тын өзіндік қолтаңбалары бар Алматы, Астана, Қарағанды, Семей қалаларынан жиналған өнер үжымдары тыңдарман қауымға тама-ша өнер мерекесін тарту етті. Бұл Республикамызда А.Жүбанов салған дәстүрлі ұлт аспаптар оркестрлерінің бағыт-бағдарын ба-ғамдауға, жетістіктеріміз бен кем түсіп жатқан кәсіби шеберлік мәселелеріне сын көзбен жіті қарауға мүмкіндік берген есепті ша-ра болды. Кәсіби түрғыда көркемдік орындаушылық деңгейі көңіл қуантарлық қүлаққа жағымды жетістіктерімізбен бүгінгі алған ба-ғытында шығармашылық тоқырауға бой алдырған, бабына келе алмай жүрген «әттеген-айларымызды» да көрсетті. Өкініштісі, бүгінгі ұлт аспаптық оркестрлердің көшбасшысы болуға тиіс Қүр-манғазы атындағы Академиялық оркестрдің шығармашылық мүм-кіндігін бар қырынан толық көрсете алмауы болды. Мамандар қа-зақ оркестрлерінің көркемдік деңгейін көршілес жатқан Ресей жә-не Өзбекстаннан келген осы тектес үздік оркестрлер деңгейімен салыстыра қарауға мүмкіндік алды. Қажетті қорытындыны осы салаға жауапты мамандар шығара жатар. Ал бізді Ахмет Қуанүлы Жүбанов негізін қалаған, репертуарын жасаған, жан-жақты да-мытқан ұлт аспаптар оркестрі жалқыдан-жалпыға айналып ұлт оркестрлерінің үлы көші түзеліп, салтанатты шеруі бүгінгі таңда республиканың түкпір-түкпірінде қанат жайып алға басып бара жатқандығы қуантады.
Ел арасында өнерпаз әнші-күйшілердің орындауында кең та-раған халық композиторларының ән-күйлерін жүйелеп жинап, хат-тастыру ісі жиырмасыншы ғасырдың алғашқы жартысында кең қанат жайды. Осы жерде халқымыздың үрпақтан-үрпаққа ауыз-ша таралып келген мәдени мүраларын өзге халық өкілдерінен шыққан зерттеушілердің сүрыптап, жинаған қажырлы еңбегін ерекше атап өткен орынды. Қазақ музыкасының үлгілерін жинап, жазып баспаға дайындауда қазақ музыкасын зерттеудің алыбы, фолклоршы А.В.Затаевичтің сіңірген еңбегі, қосқан үлесі үшан теңіз. Өз өмірінің 16 жылын қазақ музыкасына арнаған ол салып кеткен жинаушылық және өңдеушілік дәстүр қазақтың ауыздан-ауызға беріліп келе жатқан ән-күйлерін жүйелі түрде зерттеп-жазуға жол ашты. Ол нотаға түсіріп, жеке кітап қылып баспадан шығарған «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты еңбектері кейінгі қалыптаса бастаған, қазақтың кәсі-би музыка мәдениетінен сусындамаққа бас қойған композиторлар мен музыка зерттеушілерінің жата-жастана оқыған кітаптарына айналды. Осылай басталған А.В.Затаевичтің қазақ музыкасына арналған көлемді жүмысы Ахмет Қуанүлының ғылыми-зерттеу еңбектерінде жүйелі жалғасын тауып толыққанды аяқталған фор-маға ие болады.
Қазақтан шығып Республикадағы музыкатанушылық ілімінің негізін қалаған А.Қ.Жұбановтың ғылыми-зерттеу жүмыстары қазақ халық композиторлық-орындаушылық мектебінің үздік өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеді. Қазақ халқының кең тараған аспаптық және ән орындаушылық дәстүрлерінің ха-лық жадында қалған танымал түлғаларының шығармашылық жо-лына арналған «Ғасырлар пернесі» және «Замана бұлбұлдары» атты монографиялық туындылары жеке кітаптар болып басылып шықты. Өмірлік тақырыбына айналған «Қүрманғазы» монография-сы кезінде алғашқы буын зерттеушілерден кеткен олқылықтарды жан-жақты толықтырып үлы күйшінің есімін биікке асқата кө-терді. Бұл еңбектер қазақ музыкатану тарихына, қазақ даласын-да қалыптасқан композиторлық, ән-орындаушылық шеберлік пен аспаптық күй орындаушылық дәстүрлер жайлы мол маглүматтар беретін А.Жүбанов қалдырған ғылыми, публицистикалық еңбектер біздің қымбат қазыналарымыз. Белгілі өнертанушы Б.Ғизатовтың «Ғасырлар пернесі» мен «Замана бұлбұлдары» қазақ музыкасы-на қойылған үлкен ескерткіш іспеттес» деп айтқан пікіріне алып қосарымыз жоқ.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!