Қазақша реферат: АДАМНЫҢ ШЫҒУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

0

Жоспар

1. Сабақтың тақырыбы: Адам мәселесі
2. Сабақтың мақсаты: Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі адам өмірінен бастап, осы күнгі адам мәдениетінің, өмірінің қалыптасуын ұғыну.
3. Тақырыптың көкейтестілігі: Қозғалатын мәселе:
А) Адамның шығуы мен қалыптасуы
Б) Адамның мәні мен тіршілігі
В) Адам болмысының мәні
4. Тақырыптың алыну себебі.
Қазіргі заманғы адамдар кроманьондықтардың тарихи өмір
кезеңін білу өзіңді тануға үйретеді.

АДАМНЫҢ ШЫҒУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

Адамның тегі. Эволюциялық теория. Философиялық антропологияның негізгі мәселесі адамның шығуы мен қалыптасуы болып табылады. Антропологияның адамның шығу тегін зерттейтін саласы антропогенез (грек. antropos — адам, genesis — шығуы) деп аталады.
Саналы адам (пото sapiens) осыдан 50 мың жылдай бұрын қалыптасты. Ол адамның тарихы Жер бетінде алғашқы тік жүруші адамдар пайда болған осыдан 1,5—2 млн жыл бұрынғы тарихтың койнауына кетеді. Бұл Шығыс Африкада бірнеше себептердің түйісулеріне байланысты орын алған. Бұл туралы ғалымдар арасындағы пікірталас осы уақытқа дейін жалғасып келеді. Бұлардың қатарларына климаттың, планетамыздың радиациялық фонының өзгеруі, жақын ғарыштың Жерге әсері болуы да мүмкін.
Эволюциялық теорияның негізін қалаушы Чарльз Дарвин (1809— 1882 жж.) адамның ата-тегі мен жануарлардың дамуын айқындаушы факторлардың ортақтығына, адам мен приматтардың дене тұрпаттарының ұқсастығына баса назар аударған. Бірақ казіргі заманғы ғалымдар адамның дамуы мен қалыптасуына әсер еткен факторлар ретінде әлеуметтік және мәдени-тарихи тұрғыларға Дарвин көбірек маңыз береді.
Соның өзінде де тұқым қуалаушылық ерекшелігіндегі биологиялық факторды ешкім жоққа шығармайды. Демек, адам эволюциясында табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлар өзара әрекет етеді.
Бұл үдеріс, шамасы, ұзаққа созылған болуы керек. Мұнда секірістер де, бір сарынды даму да болған. Адам тәріздес маймылдардың эволюциясында көптеген бағыттар тұйыққа тіреліп, олардың өкілдерінің (мысалы, неандертальдықтардың) жойылуымен аякталған.
Философиялық антропология үшін эволюция үдерісінде адамның бас сүйегі мен ми көлемінің ұлғаюы маңызды айғақ болып саналады. Бұл көп жағдайларда жануар ақуызы бар азық-түліктерді тамаққа пайдалану нәтижесінде іске асқан. Ең алдымен, қабығы жаңа байланыстармен байып дамыған. Осылардың нәтижесінде сөйлеу, ойлау және еңбек әрекеттері үшін алғышарттар қалыптасқан.
Сөйтіп, табиғи даму адамның аман қалуы мен жетілуінің түбегейлі жаңа, биология мен табиғаттан тыс төсілінің пайда болуы үшін негіз қалады. Бұл тәсілдің аты адам мәдениеті. Мұның мәнісі — ақпарат арналары арқылы адамдардың өзара қарым-қатынастарының тәсілдерін, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін және сөзбен жететін нәрсенің барлығын беру болып табылады. Сөйтіп, адамда оның өмірі мен әрекетін қамтамасыз ететін екі арна бар:
1) биологияльщ дамудың негізінде жататын генетикалық;
2) адамның ерекшеліктерін білдіретін мәдени-лингвистикалық.
Адамның еңбекке, өндіруге қабілеттілігі сияқты маңызды ерекшелік сипатына осы екіншісі себепкер болып, адам қоғамының шығуына тікелей әсер етеді. Бұл «еңбек теориясында» кеңінен түсіндіріледі.
Еңбек деп адамның өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында табигатты өзгертуге багытталган мақсатты әрекетін айтамыз. Философиялық мағынада еңбектің шығуы мен оның алғашқы эволюциясы, ең алдымен, осы үдерісте ұжымдық әрекеттерінің, сонымен бірге онын мінез-құлқының коғамдық-психологиялық нормалары негіздерінің қаланғандығымен маңызды.
Әрине, ерте кезеңдерде табиғаттың еңбек құрал-жабдықтары ретінде көрініс бергеніне қарамастан, адамдар оның дайын жемістерін пайдаланды. Біздің ежелгі ата-бабаларымыздың табиғатпен қарым-қатынастарының алғашқы типін дайдалану деп атауға болады. Өз кезегінде, ол өмірге меншік және билік деген құбылыстарды түсінудің алғашқы нұсқаларын әкелді. Болашақ меншіктің бастаулары азық-түлік нысандарына байланысты «біз» және «олар» арасындағы карым-қатынастардың белгілі түріңде пайда болды.
Келесі қадам ұзақ уақыт бойьша мақсатты қолдану, мысалы, бүкіл рулық коғамның меншігі ретінде отты немесе «жалпы қазан» ретінде азық-түлік қорын пайдаланудың дамуымен байланысты болды. Ақырында, өндірістің дамуына, көрші қауымдармен еңбек өнімдерін тұрақты алмасудың орнауына байланысты өндіріс өнімдерін жұмсау құбылысы, яғни сауда пайда болды. Бұл үдеріс адамзаттың терімшіліктен егіншілікке, мал өсіру мен қолөнерді игеруіне байланысты «неолит революциясы» кезінде аса дарқынды дамыды. Материалдық өндіріс мәдени дүниені, яғни адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өз қолымен өзгерткен табиғи нысандардың жиынтығын құрайды. Бұл «екінші табиғат» барған сайын өрісін ұлғайта түседі де, оның нысандарында адамның шығармашылығы да, оның тәни және рухани қабілеттері көрініс табады.
Материалдық өндірістің екінші жағы да бар ол — адамның өзінің өндірілуі мен қайта өндірілуі, яғни бала туу, тәрбиелеу, әлеуметтендіру, яғни осы үдерістермен байланысты барлық іс-әрекеттерді қамтиды. Қоғам дамуының бастауымен, антропосоциогенез (адам мен қоғамның қалыптасуы) барысында өндірістің екі торабы да күрделі, қарама-қарсылықты арақатынаста болды. Адам аң аулау кезінде, сонымен бірге тобырлардың өзара шайқастарында қолданылған соғыс құралдарын дайындап шығарған. Алғашқы тобырлардың бір-бірін қырып тастау мүмкіндігінің шындықка айналуына қарап тобыр ішіндегі еңбек түрлері мен неке катьшастарьш реттеудің тобырлықтан руға және қауымға кешуді сипаттайтын жаңа қоғамдық қатынастарға көшудің қажеттілігі туралы шешім қабылдауға болады.
Бұл үдерісте қарым-қатынастардың ерекше адамдық арналары мен тілдің заттық-тәжірибелік әрекеттің негізі ретінде дамуы ерекше рөл аткарды. Заттар мен құбылыстардың атауларынсыз, оларды белгілемейінше, өндіру мен қарым-қатынас жасау мүмкін болмас еді. Тілдік түрде нанымның ең алғашқы қарапайым формалары — фетишизм (франц. fetichisme — жансыз. Алғашқы қауым адамдарының жансыз заттарға табынуы), тотемизм (ағылш. totemism, to¬tem — Солт. Америка үндістерінің тілінен шыққан. Ежелгі халыктардың өзінің шьну тегін белгілі бір тотеммен байланыстыруы), магия, анимизм калыптасты. Тіл бұл мағынада болмысты бейнелеп қоймай, оны жасады да.
Меншік түрлерінің дамуы алғашқы қауымдық қоғамдағы билік түрлерінің және оның көрініс табу жолдарының ажыратқысыз бөлігі екендігі түсінікті. Билік алғашқы қауымдық қоғамда күш қолдануға емес, қажетті тыйым салуларға — табуларға және жоғары күштерге (ру тотемдеріне, ата-бабалар аруағына, т.б.) арқа сүйеді.
Билік құбылысындағы табиғильқ пен әлеуметтіліктің арақатынасы тайпа кесеміне дене бітімі, адамгершілік касиеттері жағынан жоғары талаптар қоюдан көрініс ппікан. Билік пен оны бейнелеушілері (көсемдер, ақсакалдар) тек «басқарып, бұйырып» кана қойған жоқ, олар сонымен бірге өсіп келе жаткан ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде шешуші рөл атқарды, яғни адамды әлеуметтік өндіру мәселелерімен шұғылданды. Биліктің алғашқы қауымдық қоғамдағы негізгі рөлі, міне, осында болды.
Адамның екіжақтылығы, оның бір мезгілде табиғат әлеміне де, қоғамға да жақындығы адамзат тарихының ерте кезеңдерінде-ақ «тән және жан» ұғымдарында сезілді, ал одан да кеңірек ауқымда оның барлығы «дуалистік теорияда» қарастырылған болатын. Адамның тәні оның табиғатқа, vicepre, топыракқа қатыстылығын білдіреді. Христиандық пен исламның адамды Құдай жан бітірген топырақтан жасалынған дене ретінде қарастырулары кездейсоқтық емес.
Адам төнінің ерекшелігін осылайша түсіну дүниежүзілік христиандьщ пен ислам сияқты діндерде антикальщ Грекия мен Римнің өнерінде анық бейнеленген тәннің бұтқа табынушыльқ бейнесіне жауап болды. Гректер Ғарышты жақсы ұйымдасқан алып дене, ал адамды өзіне макрокосмостьқ барлық байлығын бойына сіңірген микрокосмос деп есептеген.
Әрбір дөуір, әрбір өркениет адам тәнінің ерекшеліктерін, адамның тәні мен жанының арақатынасын өзінше түсінді. Мұның адам өміріндегі өмір, өлім, ауру, қорқыныш, үміт, өшпенділік, сағыныш, махаббат сияқты құбылыстарды терең түсіну үшін маңызы бар. Бұл ұғымдар адам өмірінің мән-мағыналарына жатады.
Мән мен тірішлік. Мән—қарастырылып отырган нәрсеге немесе құбылысца тән аса маңызды қасиеттер. Бір-бірлерін толықтыра отырып, олар заттың ішкі негізін қарайды.
Тіршілік дегеніміз — бұл заттың немесе құбылыстың шынайы болмысы; өмірде өзін қалай көрсететіндігі мен қалай ұстайтындығы.
Кейбір философтар мән әрқашан тереңде ал тіршілік бетінде жатады деп келген болатын. Бұдан қарама-қайшылығы көрініс берер еді. Алайда шьнайы үдеріс мән мен тіршіліктің бірлігінен тұрады. Мәнді түсі тірілікті түсінудің кілті болып табылады.
Адамның мөні щюблемасы адам туралы философиялық ілімнщ басты мөселесі болып табылды.
Философия тарихында адамның мөңің анықтауға талай талпыныстар жасалынған болатын. Биоцентристер
(натуралистер) адамның мәнін тек оның табиғи бастауына яғни биологиялық тәніне апарып таңады. Олао аламнын
тіршілігінің түрліше жақтары оның құрылысына байланысты деп санаған.
Теоцентристер адамның мәнін оньң жаньна теңестірген. Жанды олар адамньң табиғи бастауына (денесіне) қарсы қойып, соңғысьш күнәкар деп есептеген Адам DVX тың (Құдай берген бастаудың), жанньң, тәннің қосындысы деген. Адамның табиғаты оны Құдай жаратқандықтан адамдардың ақылы жетпейтін қүпия деп есептелінген
Табшатцентристер адамды ғаламньщ ерекше сапалы саналы бөлігі деп есептеген. Антропоцентристер бүкіл
дүниеш адам арқылы бағалаған. Өйткені оны ең жоғары құндылық деп қарастырған. Социоцентристер адамды өзімнің
барльқ қасиеттері мен құбылыстарын қоғамнан алды деген пікірде болған.
Дегенмен, бұл анықтаулар адам өмірінің «негізгі өлшемдерін», оның мәні мен тіршілігін де түгелдей қамти алмайды.
Философтар адамды жануарлардан бөлек қарастырып оның мәнін түсіндіру үшін адамның әр түрлі ерекше қасиеттерін пайдаланған. Шындығында да, адамды жануардан ақылына қарап ажыратуға болады. Бірақ мұндайда адамның мәнін оның өзіне емес, оны жануарлардан ажырататын қасиеттерше қарап ажыртуға әрекет жасалынады. Мұндай тәсіл онша дұрыс больп шықпайды. Адамньщ мәні оның тіршілігінің ішікі заңдылықтарымен аньқталды. Оньң үстіне адам бойындағы өзгешеліктердің барлығы бірдей маңызды емес
Адамзат тарихы көрсеткендей адамның болмысы мен дамуыньң негізі еңбек болып табылады. Нақ сол адамнын мәнін құрайды. Еңбекпен айналысып, белгілі бір өнім өндіріп (материалдық немесе рухани) адам жан-жақты қоғамдық қатынастарға араласады. Бұл қатынастардын нәтижесі қоғамды құрайды.
Қоғамдық өндірістің шеңберіндегі еңбек әрекетінің дамуына байланысты адамдардың қоғамдық қатьнастары дамиды. Сонымен бірге адамның өзі де дамиды. Ол коғам үшін қоғамдық қатынастардың нәтижесі ғана емес, сонымен Бірге оның жасаушысы да. Бұл арада әңгіме қоғамдық қатынастардың барлық түрлері: материалдық және идеалдық (идеологиялық), бұрынғы және қазіргілерінің барлық жиынтығы жөнінде болып тұрғандығын естен шығармаған жөн. Басқаша айтқанда, адамды тек «экономикалық адамға», немесе тек «саналы адамға», не «ойлаушы адамға», болмаса «тек таза рухани тіршілік иесіне» әкеліп тіреуге болмайды.
Мәселе адамның бір мезгілде өндіруші, саналы, мәдениетті, адамгершілікті және саяси тіршілік иесі екендігінде. Ол үлкенді-кішілі дәрежеде өзіне қоғамдық қатынастардың барлық құрылымдарын біріктіреді, сөйтіп, оның әлеуметтік мәнін іске асырады. Егер біз адамның рухани өмірін, оның білімін, ғылымды, өнерді, адамгершілік қасиеттерін жалпы мәдениетке балар болсақ, онда адамның мәнін ұғынуға біртіндеп жақындай түсеміз. Бұл мәселенің екінші қыры адамның тарих туындысы екендігінде. Қазіргі адам «ғайыптан» пайда бола салған жоқ, ол мәдени-тарихи үдерістің нәтижесі.
Осыдан келіп, адамның әлеуметтік-әрекеттілік және мәдени-тарихи мәні туралы айтуға болады. Әрекетсіз әлеуметтік қатынастар мен мәдениеттен тыс және қарым-қатынассыз адам адам бола алмайды.
Адамның өзінің мәнінде тұйьқталып қалмайтыньн естен шығармаған жөн. Ол өзінің шын көрінісімен тіршілігінде танылады. Егерде адамның мәні — адамзаттың жалпы сипаттамасы болса, оның тіршілігі өзінің нақтылы-эмпирикалық көрінісінде әр уақытта дара және оның мәнімен шектелінбейді.
Адамның тіршілігі жеке тұлғаның тұтас тіршілік иесі ретінде оның қажеттіліктері мен қасиеттерінің барлық түрлерінде көрініс табады. Бұл тұтастык, ең алдымен, адамның үш биологияльқ, әлеуметтік және психикалык, — негізгі бастауының бірлігі болып табылады. Сайып келгенде, бұл биопсихоәлеуметтік құбылыс. Осы факторлардың біреуін алып тастасак, біз адамды жоғалтып аламыз. Адамның кабілеттіліктерінің дамуы әр уакытта осы негізгі факторлармен, яғни табиғи тума қабілеттіктермен, әлеуметтік ортамен және ішкі «мәнімен» (жігерімен, ұмтылыстарымен, қажеттіліктерімен, мүдделерімен) байланысты.
Өмір жаңалықтарының өзгеруіне бейімделе отырьп, адам өз тіршілігін (өмір сүру тәсілдерін) өзгертеді және осымен бір уакытта өзінің мәнін қалыптастырады.
Өмірдің мәнінің адамдық өлшемі бар. Адам жоқ жерде мән де, мәнсіздік те жоқ. Тек адам ғана өзін қоршаған ортамен бірлікте өмірдің мәні туралы түсінік түзуге қабілетті. Бұл әрекеті еріксіз емес, өзінің өмірге көзқарасына, ұстанымдары мен ұмтылатын мұраттарына сай іске асырады. Көптеген мәселелер адам баласының объектиптік жағдайларына байланысты.
Адам өмірдің мәні туралы түсінікті қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге оны іске асыру үшін күреседі. Жазушы В.Каверин айтқандай, тұлғаның өмірінің мақсаты: «Күресу мен іздену, табу және берілмеу». Өмірдің мәні — Бұл адамның жасампаздығына басқалармен қарым-қатынас жасауға деген қажеттіліктеріне байланысты, кейде басқалар үшін өзін-өзі құрбан етуге байланысты оның өзін-өзі іске асыруға бағыттайтын құндылықтар мен мұраттарды саналы түрде, дербес таңдауы.
Өмірдің мақсаты мен мәнінің мазмұны тұрақты өлшем болып саналмайды. Олар әр түрлі жағдайлардың әсерімен өзгеріп отырады. Мұндай жағдайлардың бірі, мысал үшін, адамның жасы болып табылады. Жас кезінде адам «Мен не үшін өмір сүремін?», «Кім болсам екен?», «He істеу керек?», «Нені білу қажет?» деген сұрақтарға жауап табуға тырысады. Есейген шақта адамда басқа мұраттар пайда болады, яғни оның алдынан басқа мәселелер шығады.
Өмірдің мәні болмағандықтан, адамда «тобырлық сезім артады, жаны жабырқап, тұлғаның мәнісі кеми береді. Оның қандай қуаныштары болды? Кімді жұбатты, кімге ақыл-кеңес берді, кімге жылы сөз айтты, кімге көмек беріп, қол ұшын созды, кімді жылытып, қорғап қалғанына» байланысты деп жазды А.И.Герцен. Адамның рухы қаншалықты жоғары болса, ол соғұрлым еркін, соғұрлым өмірден көбірек ләззат алады, соғұрлым көп адамға, жалпы қоғамға әсер етеді.
Басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы адам өз өмірін сезінеді. Саналы тіршілік иесі ретінде адамның өзіне және өз өміріне деген қатынасы оның өмірінің мәні мен мәнісінен көрініс табады. Өмірдің мәні — адам өзінің өмірін бағындыратын және сол үшін өзінің өмірлік мақсаттарын бағыттап, жүзеге асыратын бағаланған құндылық (құндылықтар). Ол шын мәнісінде құндылық сипатта және тек тіршілік ететіндер үшін емес, не үшін өмір сүру керек екендігін сезінгендер үшін пайда болады. Мән — адамның рухани өмірінің бөлігі.
Бұл сұрақтың мәнін ашуда философтар екі түрлі тұрғыдан қарайды. Жеке адамның және бүкіл адамзаттың тұрғысынан. Бірінші түсінікте өмірдің мәні жеке тұлғаның бірегей, ішкі рухани өмірінің бөлігі. Бұл — үстемдік құрып тұрған қоғамдық құндылықтар жүйесінен тәуелсіз осы күрделі мәселе бойынша нені тұжырымдайтындығы. Бұл тұрғыдан барлығына бірдей тұтас өмірлік мән туралы айтуға болмайды. Әрбір адам — индивид және ол оны өзінің ой толғаныстары мен жеке тәжірибесінің нәтижесінде ашады. Өмірдің мәні жөнінде ойланушы әрбір адамға оны іздеу де жеке сипатта болады. Өмірдің мәнін осылайша түсіну біреулер ашқан өмірдің мәні мен мазмұны туралы түсініктерді тануға қарсы шығады.
Тұлғаның әз өмірінің мәні мен мағынасын түсінуі — күрделі әрі ұзақ үдеріс. Түсіну өлшемі — тұлғаның рухани өмірінің көрсеткіштерінің бірі. Мәнін түсіну — Бұл адамның өз өмірінде жоғары бағалайтын құндылықтарын түсіну меи қайта түсіну жөніндегі үздіксіз жұмыс. Ол өзінің әрекетін соларға сәйкестендіруге ұмтылады немесе өмірдің мақсаттары мен мәнін өзгертеді.
Өмірдің мәні бүкіл адамзат санасының құбылысы ретінде де өмір сүреді. Өмірдің мәнін түсіну мәселесініе тұңғыш тарихи түрі діни түсініктер болды. Кейінірек оның қорғаушысы мен қарсыласы ретінде философия қатарға қосылды.
Діни философияда былай делінген: адамға өз өмірінің мәнін ашу үшін екі шарт қажет, біріншіден, «жақсылық, ақыл-ой және мәңгіліктің абсолюттік негізі ретінде құдайдың болуы, екіншіден, адам өзінің қысқа өмірінде құдайға жанасу және өз өмірін онымен толтыру мүмкіндігі.
Философияльщ антропологияда адам өзінің жаратылысынан қоғамдық жан, сондықтан да оның өмірінің тек қоғам мен жеке адамның мүдделері мен мақсаттарын ұштастыру жолында табылуы мүмкін дейді.
Жеке адам мен қоғамның бірлігі адамның әлемдегі болмысы мен оның өмірінің мәніне үмітпен қарауға мүмкіндік береді. Оның үстіне адамзат өз тарихына мән беруге тиіс. Оның бұған мүмкіншілігі бар. Мәселе адамзатқа жоғарыдан берілген «тапсырманы» (Құдай ма, табиғат па — Бұл маңызды емес) орындауға емес, оның адамзаттың өз міндеттерін анықтап, олардың іске асырылу мүмкіндігін қарастырып, оларды орындау үшін бірігуінде.
Тарихтың мәнін астрономдар осы уақытқа дейін белгісіз болып келген аспан денесін немесе жануардың мінез-құлқының бағдарламасы салынған биогенетикалық кодын ешқандай айтуға болмайды. Тарихтың мәнісі неде деген сұраққа ешкім де, ештеңе де жауап бере алмайды.
Тарихта адамзатқа «сырттан» берілген ешқандай мақсат та, мән де жоқ. Бұл олар еш уақытта да болмайды дегенді білдірмейді. Адамзат өзінің алдына мақсат қоюға және өз әрекетіне мән беруге қабілетті. Тарих мәнге ие болуы үшін адамзат өз тағдырының иесіне айналуы керек.
Өмірдің мәні туралы мәселе — Бұл адамның өлімінің мәні оның мәңгілігі туралы да мәселе. Өмірдің мәні тек осы кезге ғана емес, сонымен бірге жаны тірі адам болмайтын мәңгілік уақытқа байланысты анықталынады. Өмірдің мәнісін түсіну дегеніміз — ол өзгерістердің мәңгілік ағысында өзінің орнын табу дегенді білдіреді. Қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлы адам өледі, бірақ артында өшпестей із қалдырған адамның өзі өлгенмен, аты өлмейді: келер ұрпақтың есінде оның аты мәңгіге қалады: «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы? Өлмейтұғын артында сөз қалдырған». Егер адам өмірден өткеннен кейін артында із қалдырмаса, онда оның өмірі мәңгілікке байланысты текке өткені. Жеке адам өлімінің қайғысы оның өлгеннен кейін өзінің қызметінің нәтижесінде келер ұрпақтардың есінде қалады. Осы мағынада ол мәңгілікке ие бола алады.
Сол себепті ұлы адамдардың өмірінен үлгі алу, өзінің алдына лайықты мақсаттар қою және оларға жетуге ұмтылу, өз өмірін қоғамдағы адамгершілік құндылықтарға сәйкестендіру, өз еліне, халқына адал еңбек ету, дүниежүзілік мәдениеттің жетістіктерінен сусындау, оның дамуына өз үлесін қосу, қоршаған ортамен, түгел адамзатпен үйлесімді өмір сүру, міне, Бұлар адам өмірінің кейбір қырлары болып табылады.
Тіл — әлеуметтік құбылыс. Тіл — жанды табигатптың өмірлік қызтеті үдерісінде танымдық және қатынастық міндет атқаратын белгілер жуйесі.. Тіл — тек адамға ғана тән, оны өзге организмдерден бөліп тұратын ерекше қасиет. Адамзат дамуының алғашқы кезеңінде, еңбек және қорғаныс құралдары әлі жетілмей тұрғанда, өмір үшін күрес ширығып, адамның өзін-өзі сақтап қалуы тек ұжымдық әрекетке тәуелді болған жағдайда тілдің қажеттігі туды. Еңбек үдерісін жақсарту үшін адамдар өзара байланыста болуы, ақпарат алмасуы қажет болды. Тіл адам ойының дамуында шешуші рөл атқарып, олардың өміріне маңызды өзгерістер алып келді.
Тобырға қарағанда адамдардың бір-бірімен қауышып, пікір алмасуы күрделіленді және түрленді. Қару дайындау және оны пайдалану, аңдарды айдап кіргізетін тосқауыл жасау, аңды көру, бағыттау, ақыры оны ұстау, өлтіру жұмыстарын атқару барысында ұжымның барлық мүшелеріне түсінікті сигналдар жүйесі пайда болды және жетілді.
Белгілі бір объектілердің тобы үшін қолданылатын жалпылама белгілер еңбек үдерісіне қатысушылардың тануы үшін де жалпылама болуы тиіс болды. Бұл талаптарды, тек көруге негіздегендіктен, ишаралар атқара алмады.
Ұжымдық еңбекте адамдар бірін-бірі үнемі көріп жүрмейді. Сондықтан оқиғалардың, заттардың белгілі бір топтарына олардың жалпылама қасиеттерін көрсете алатындай тілдік белгілердің дыбыстың жүйесі қажет болды. Құбылыстардың тұтас тобына тән жалпы белгілердің (жүгіру, тас, өзен, ұру) көрініс беруі мен шағылуы сол тастағы құбылыстар арасындағы айырмашылықтарды бөліп алу, олардың тәуелділіктері мен байланыстарын қарастыру үшін ойлау қажеттігі туды.
Тіл табиғи да, жасанды да болуы мүмкін. Күнделікті өмірде ойды бейнелеу формасы және адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы қызметін атқаратын тіл — табиғи тіл делінеді. Жасанды тілді адамдар аясы шағын белгілі бір қажеттер үшін жасайды (математикада символика тілі, физикада теориялар тілі, әр түрлі дабыл жүйелері және т.б.).
Тіл — әлеуметтік құбылыс. Ол қоғамдық өндіріс дамуының барысында пайда болды. Оның маңызды қыры—адамдар мен жеке адамның іс-әрекетін үйлестіру құралы болып табылады. Физиологиялық негізі жағынан тіл екінші дабыл жүйесінің қызметінде көрінеді. Тіршілікті және ойды білдірудің формасы бола отырып, тіл сонымен бірге сананы қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Тіл белгісі өзінің физикалық табиғаты жағынан өзі білдіретін нәрсе жөнінде шартты бола отырып нақты өмір шындығын тану үдерісімен байланысты.
Тіл — жинақталған білімді тіркеу мен сақтау және оны ұрпақтан-ұрпақка жеткізу құралы. Абстрактілі ойлау жүйесі тілдің арқасында өмір сүріп, дамиды. Тіл — ой қорытудың қажетті құралы, өйткені кез келген сөздің өзі-ақ қорытынды болып шығады. Алайда тіл мен ойлау бірдей емес. Тіл салыстырмалы түрде дербес табылады, оның ойлау зандарынан өзгеше өзіне тән заңдары бар. Сондықтан ұғым мен сөздің, пікір мен сөйлемнің және т.б. арасында тепе-теңдік болмайды. Оның үстіне тіл өзінің ішкі ұйымы бар белгілі бір жүйе, құрылым болып табылады. Онсыз тіл белгісінің табиғаты мен маңызын түсіну қиын. Соңғы ондаған жылдарда теориялық зерттеулердің өсуіне байланысты жасанды, формалды түрде енгізілген тілдердің заңдылықтарын, олардың логикалық синтаксисі мен семантикасын оқып-үйренуге ынта арта түсті. Осыған байланысты тіл лингвистиканың ғана емес, логика мен семантиканың да зерттеу объектісі ретінде қарастырылады.
Ойлау және оның органы. Ойлау адам санасының маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір-бірінен ешқандай ажырамайтын ойлау мен тілдің болуын қажет етті. Еңбектің үнемі жаңа нышандары мен жалпылама касиеттері жалпылама атқа ие болады. Жалпы-лама тілдік колданыстар көрнекі түсініктерден бөліп алын-ған үғымдарға өтуге, яғни адам санасының ерекше касиеті — ойлауға себеп болды. Одан әрі қарай біздің тектеріміз қарапайым, әр адам аттаған сайын кездесетін, қайталанып отыратын байланыстарды аңғарды: «Егер осы зат екінші заттан, екінші зат үшінші заттан қатты болса, онда бірінші зат үшінші заттан қатты болады». «Егер белгілі бір нәрсе екінші бір нәрсенің ішінде болса, ол үшінші бір нәрсенің ішінде болса, онда бірінші үшіншінің ішінде болады»…
Осылай бұрыннан белгілі түрдегі қорытындылардан олардың арасындағы байланыс негізінде белгілі бір жаңа білім шығатын логикалық ой қорыту пайда болады. Уақыт өткен сайын логикалық түрде ойлай білу дамыды. Адамдардың бірқатар ұрпақтарының көздері жеткен логикалық байланыстар оқиғалардың, әрекеттердің және сол заттардың өз арасындағы қатынастар мен өзара байланыстарға сәйкес келетіндігі белгілі болды. Адамша ойлауға тән логика шықты.
Ойлаудың шын табиғатын түсіну үшін оның ойлау үдерісін қамтамасыз ететін физиологиялық органға қатынасын да қарап өткен жөн. Ол жалпы адам табиғатының, оның дене құрылымына қатынасына байланысты белгілі бір қыры. Ғылым мен философияның тарихында адамды және оның ойлауын физиологиялық органның, әсіресе, мидың табиғатымен түсіндіруге үлкен мән берген. Ғылымнан алыс адамдардың қарапайым ұғымдарында да осылай түсіну берік орныққан. Кей кездері оны басқа физиологиялық органдармен байланыстыру да болды. Мұндай көзқарастың негізгі мазмұны: әр түрлі адамдардың ойлауындағы негізгі айырмашылықтары, яғни олардың әр түрлі ойлайтындықтары, мысалы, қарама-қарсы көзқарастарды, моральдық-адамгершілік қағидаларды, эстетикалық талғамдарды, т.б. ұстанымды, әр түрлі өмірлік жолды таңдауы, еркіндікке немесе тәуелділікке, жақсылыққа немесе жамандыққа бейімділігі әркімнің биологиялық организмдік жаратылысына тәуелді деп түсіну. Әр түрлі кәсіптермен қызметтерге бейімділіктің де табиғаты сондай.
Адамның ойлауы әркімнің биологиялық, физиологиялық органының ерекшелігімен ғана байланысты болса, онда адам алдын ала анықталған нәрсе. Онда еркіндіктің болуы мүмкін емес. Ол өзінің қандай болуын өзі таңдай алмайды. Оның хайуанаттардан айырмашылығы шамалы. Еркіндік жоқ болса, жауапкершілік те жок, қоғамдық қатынастармен, адамгершілік қағидалар адамдардың еркінсіз-ақ автоматты түрде жүзеге асуы тиіс.
Мәселенің бір жағы: ойлаудың мазмұны өзінің органы — мидың бейнелемейтіндігінде. Ми — жалпы, әр адамның организмдік тәні ретінде ойлауды қамтамасыз етеді, ойлау — мидың қызметі. Осы тұрғыдан немесе осы мағынада ғана ойлаумен оның физиологиялық органы байланыста. Адамның жалпы тәнінің бітімі, құрылымы, соның ішінде адам миының бітімдік ерекшелігі дүниеге адамдык қатынастың қалыптасу тарихы мен эволюциясында өзгеріп, тұрақтанған.
Ойлаудың өткірлігі, шапшаңдығы, ұтымдылығы немесе терендігі, т.б. қасиеттері оны іске асыратын мидағы физиологиялық үдерістің де сапасына байланысты. Өйткені ол үдерістің де сапасы әр түрлі болуы хақ. Мида туа бітті кемістіктің, тұқымынан дарыған дерттердің де кездесетіні мәлім. Егер Бұларды қоспай, тек медицина тұрғысынан сау организмдегі (органдың) қалыпты үдерістерді ғана ескерсек, соның өзінде де темпераменттік өзгешеліктер болады. Бірақ олар адамдардың ойлауы негізінде тек сыртқы ерекшеліктер беретін өзгешеліктер. Олар әр түрлі темпераментті адамдар ойлауының жалпы нәтижелерін мазмұн жағынан әр түрлі ете алмайды. Адам ойлауында өзінен тыс дүниені бейнелемейді. Жануарлар да, негізінен, солай. Жануарлар организмінен тыс дүниенің мазмұнын меңгеріп, олардың ішкі өзіндік мәніне бойламайды. Сонымен бірге әр адамның ойлау ерекшелігі оның миының ерекшелігіне ғана тәуелді болса, мидың құрылысын адам өзгерте алмайды. Онда бір адамның өмір жолында кейде болып жататын күрт өзгерістердің дүниеге бір қатынастан қарама-қарсы екінші бір қатынастарға ауысуын түсіндіру қиындық тудырады. Ондай кезде ол адамның бүтін жан дүниесі қайта түзіліп, тіпті басқа мақсаттарға бет бұрмай ма? Ойлау, бұрын да айтқандай, организмнің ішкі күйін білдіретін үдеріс қана болса, адам сыртқы дүниені де, өзін де өзгерте алмас еді. Ойлау әр адамнан тыс дуниенің сырына да, оның өз сырына да, өзінен тыс объектідей қатынас жасап бойлай алатын және соның негізінде өзінің идеалдық дүниесін жасайтын адамдардың қызметі. Оған субъективтік психикалық қызмет те, әрі сыртқы дүниені іс-әрекет түрінде жалғастыратын түрі де жатады. Ойлау ~ барлық психикалық қасиеттерді қамтиды. Олай болатын себебі, белгілі дәрежеде қалыптасқан, әрбір адамның сыртқы нәрселерді түйсінуінің өзі де оның бұрын бойына сіңірген барлық өмірлік тәжірибесі, дүниені түсінуі, болмыстың мәнділігі хақындағы оның талғамдарына қатысады, сол түйсінуге мағына береді. Ұстап керіп, түрін, түсін, қатты, жұмсақтығын, формасын, т.б. түйсініп қабылдау қарапайым физиологиялық нәрсе емес, оның нәрсе екенін анықтау, сүйсіну немесе жирену, яғни белгілі бір бағалаушылық сезімін туғызады.
Тіл, ой және әрекет арасындағы байланыстар. Тілдің жағдайы ойлаудың сапасын айқындайды. Қазақ тілінің, жалпы тілдің ойлауға, әлеуметтік психологияға әсеріне қазақ ойшылдары да үнемі көңіл бөліп отырған. «Қазақ тілінде қазақтың сары сайын даласы, тарихы, тұрмысы, асықпайтын-саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр» деген екен М.Жұмабаев. О.Сүлейменов тіл мен санаға қатысты былай дейді: «Адам сәби күнінен Сөз атмосферасына түседі. Сөз оны өсіреді, өшіреді, куат береді. Сөз адамның көркемдік талғамын қалыптастырады, көзқарасын, сана-сезімін оятады». Ағылшынның ұлы ғұламасы Ф. Бэкон да: «Тілдің өзінің материалын қарап отырып сол тілде сөйлейтін халықтардың психикалық құрылымы мен ділі туралы өте маңызды, сонымен қоса, аса көңіл аударып бақылауға тұратын қорытындылар жасауға болады» деп баға берген. Сөйлеуде жүйе болмағанда, шашырап кетеді. Тіл мен сауатты меңгерілуі істеліп жатқан әрекеттін нәтижесін айқындайды. Сөздік қорда болмағанды адамдар өмірлік тәжірибеде жүзеге асыра алмайды. Өйткені сатылы ойлау дегеніміз жай, жеке тәжірибенің шағылуы ғана емес, ол сөйлеу жүйесінің қатысуымен көрініс беретін қоғамдық тәжірибенің шағылуы. Демек, сауат пен тілдің меңгерілуіне сай, ойлаудың функционалдық бейнелік операциялары семантикалық және логикалық операциялармен салыстырылады және мұнда сөз абстракциялау мен жалпылаудың негізгі құралына айналады. «Сөзден шатасу, жаңылыс жазу немесе қате оңу, қол сілтеу мен түрлі қылықтар, — осылардың бәрінде мән бар, — дейді психолог З.Фрейд — солардың көмегімен адам, әдетте, ең тереңде жатқан сырларын ашады».
Адамдар қызметінің интеграциясындағы тіл-ой-әрекет сатыларының ара байланыстары дамыған елдерде жеткілікті зерттелген, бұл туралы айтқан ғұламалардың бәрі тіл-ой-әрекет арасындағы бірліктің 3. Фрейд үнемі болатынын ешқашан жоққа шығарған емес.
Бұған қатысты психолингвист ғалымдардың бірі Н.Д.Левитов былай дейді: «Ой сөз бен тіркестерге енгізіледі. Тіл де, сонымен бірге тілдің дара және тәжірибелік қолданыстағы, әдетте, сол тілдің шындығы немесе нағыз күйі көрініс береді. Сөзсіз ой болмайды, сондықтан да адамның ойларының мазмұны мен бейнесінде көрініс беретін бағыттары тілден бөлектеніп қалуы мүмкін емес. Адамның мінезін айқындау үшін оның қалай сөйлейтінін: аз ба, көп пе, шын көңілден бе, әлде жалған ба, бір тұрпатта ма, әлде әр адамда әр түрлі ме, қандай тіркестерді көп қолданады, сөйлеу стилі қандай, т.б. екенін білудің үлкен маңызы бар. Адамның сөз саптау стилі оның мінездемесін берері анық. Адамның сөйлеу стилі оның жалпы эмоционалдығын, сонымен қоса белең алған эмоциясының сипатын да айқындайды». Әрі қарай оны: «Мінездегі ерекшеліктер адамның ауызша сөйлегенінен де, жазбаша сөзінен де, сөздік қорынан да, морфологиясынан да, сөз құрауынан да, сөйлеу стилінен де көрініс табуы мүмкін» деп тұжырымдайды.
Айтса айтқандай, қазақ тілінің бар болмысы қазақ халқының ойы мен әрекетінен айна қатесіз көрініс табуда. Тіл мен ой қандай байланыста болса, ой мен әрекет те сондай қабысқан бірлікте болады. Ойдан әрекетті бөліп алып қарауға болмайды. Ойы дұрыстың ісі де дұрыс. Шалғай ой нәтижесіз әрекетке бастайды.
Адам бойындағы барлық сапалық қасиеттер оған тіл арқылы дариды. Білім де, мәдениет те, ғылым да оған тілмен беріледі. Жүйелі тіл жүйелі ойды құрайды. Тыңғылықты әрекет те содан басталады. Тіл түзік болған жерде нәтиже үздік. Керісінше, тілдегі шалағайлықтан барлық келеңсіздіктер туындайды. Тіл, ой, әрекет бірлігі болмағанда тұрлаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

 

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз