Қазақша реферат: Әбілқасым Жаңбырбаев өмірбаяны |

0






Әбілқасым Жақсылықұлы Жаңбырбаев 1927 жылы 1 қаңтарда Семей облысы, Абыралы ауданы, № 7 ауылда дүниеге келген. Бала кезінен өнерге жақын ол би билеуге, ән айтуға, гармонь тартуға, сурет салуға құмар болды. Оның театрға келіп, өнер жолына түсуіне аса талантты әнші-музыкант ағасы, 1934 жылы Семей қаласында құрылған драма театрдың артисі Исайын Жаңбырбаевтың ықпалы зор еді.
Ә.Жаңбырбаев 1942 жылдарға дейін балет өнерін оқып-үйреніп жүреді. Сол кездері арнайы шақыртумен Абай атындағы Семей облыстық музыкалық драма театрының табалдырығын аттаған оның дебюті «Ер Тарғын» қойылымындағы Шығыс биі болды. 1942 жылы қойылған А.Александровтың «Малиновкадағы той» оперет — тасында бір-біріне қарама-қарсы екі роль: қызыл әскер Павло (би сахнасы бар кейіпкер) мен бандит Рядовой бейнелерін жасайды. Бұл рольдер актер үшін болашақта күрделі тұлғалар сомдаудағы алғашқы шығармашылық сатылар еді.
Содан бастап күні бүгінге дейін Ә.Жаңбырбаевтың жасаған кейіпкерлер галереясы: Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» трагедиясында Жарқын (1944), Жантық (1952), «Ақан сері -Ақтоқты» трагедиясында Мылқау (1953), Науан Хазірет (1985), Ә.Тәжібаевтің «Аманкелдісінде» Шорман мен Кете батыр (1945), Н.В.Гогольдің «Үйлену», «Ревизор» комедияларындағы Анучкин (1947-48), Хлестаков (1959) пен Хлопов, Ә.Әбішевтің «Бір семья-сында» Таусоғар (1949), Абдулл Бахардың «Жібек Сюзанындағы» Мәулен ака (1954), М.Әуезовтің «Еңлік — Кебек» трагедиясында Кебек (1956), Ә.Тәжібаевтің «Майра» драмасында Дүрбіт (1958), Қ.Мүхамедхановтың «Комиссар Ғаббасовында» Сабыржан Ғаб-басов (1964), Ишмүратовтың «Мұса Жәлелінде» Янгузов (1964), К.Треневтің «Любовь Яроваясындағы» Швандя (1967), Файзидің «Ғалиябануындағы» Исмағил (1970), А.Штейннің «Толасында» Ленин (1971), О.Иоселианидың «Арбаң аман болсында» Агабо, З.Ақышевтың «Жаяу Мүсасындағы» Мүса (1973), Ш.Айтматовтың повесі бойынша сахналанған «Арманым, Әселімде» Байтемір (1974), Б.Соқпақбаевтың повесі негізінде сахналанған «Менің атым Қо-жа» комедиясында мүғалім Рахманов (1974), М.Әуезовтың «Ай-ман — Шолпанында» Жарас (1978), Н.Оразалиннің «Тас киіктерінде» Қасқабас (1980), М.Ибраевтың «Жігерінде» Лавочкин (1980), Д.Исабековтың «Ертеңді күтуінде» Тағай (1981), М.Сәрсекеевтің «Жарылыс» драмасында Оңғарбаев (1982), М.Байджиевтың «Тоқ-та, мергенінде» («Қожажас») Қарақожа хан (1984), Ғ.Мүсіреповтің «Қайран Майра» музыкалық драмасындағы Жақан (1986), А.Жағанованың «Беймаза әйелінде» Сәкен Нүртаевич (1987), Т.Нұрмағанбетовтың «Сен қалаған жолында» Қалданбай т.б.
Алпыс бес жылдай уақыт сахна төрінде өнер көрсеткен Ә.Жаң-бырбаев 350-ден аса бейне жасады. Түрлі жастағы, алуан мінезде-гі кейіпкерлердің характерін шынайы беруде актер көп еңбек етті, жан-жақты ізденді. «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Аршин — Мал алан», «Еркін жел», «Ревизор», «Екі мырзаға бір қызметші» қойылымда-ры — актердің синкреттік өнердегі пластикалық қабілетін таныт-қан шығармалар болса, орыс, украин, испан, т.б. халықтарының биін орындауы оның жан-жақтылығын байқатады.
Ә.Жаңбырбаев үлттық классикалық шығармалардағы автор идеясы мен режиссер трактовкасына өзіндік ізденістен туған штрихтарын байланыстыра отырып, көптеген кесек түлғалар жаса-ды. 1968-70 ж.ж. М.Әуезовтың «Қаракөзінде» Сырымның азапты хал-күйін, шын ғашықтығын шынайы бейнелесе, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» трагедиясында Қарабайдың сараң-дығына қатыгездік мінез қоса отырып, кейіпкердің көркемдік боя-уын қоюлата түседі.
М.Әуезовтің «Айман — Шолпан» комедиясындағы Жарастың әнін қойылымның айтар ойымен үндестіріп, кейіпкерді даралық сипатқа көтереді. Шығармадағы бай мен батыр арасындағы тартыс салмағын ажыратып, екі елді бітістіруші Жарастың бірде Айманды мақтап, бірде Шолпанға мінездеме беріп, жігіттердің қызғанышын тудыруда көтерер жүгі ауыр. Автор түжырымында мүндай кейіп-керді бейнелеуші әрбір актерге пластикалық қабілет өте қажет. Осы түрғыда иіліп-бүгіліп, түрлі жесттерді ойлап тапқан актер комедияның поәтикалық сипатын сезіне отырып, әрбір сөздің астарына ерекше мән береді.
Сол сияқты актер М.Әуезовтің «Қаракөз» трагедиясында Қа-ракөздің әкесі Жабайдың сахналық-көркемдік түлғасын жасауда оның ішкі күйзелісін сыртқы оқиғалармен байланыстыра білген. Әпизодтық кейіпкер болғанмен актердің терең ізденісі нәтижесінде Мөржан тәрізді адуынды бәйбішеге қарсы келе алмайтын, дәстүр беріктігін сақтайтын жан ретінде көрермен есінде қалды. Табиғи талантымен ерекшеленген тарихи түлғалардың өмірі көркемдік түрғыда драматургиялық шығармалардың негізгі арқауына айналып отыруы заңды. Ұлтымыздың біртуар әнші қызы, небәрі отыз бір жыл өмір сүрген Майраға арналған Ә.Тәжібаевтың «Майра» (1958 ж.) мен қазақтың белгілі классик жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қайран Майра» (1986) драмалары сол негізде жазылған дүниелер. Ә.Жаңбырбаев «Майрада» өмірдің қыры мен сырын жастайынан-ақ түсінген, ақылы мен айласы қатар жүретін Дүрбіттің сом түлғасын жасаса, «Қайран Майрадағы» Жақан болыс губернатор алдында жуас, момын сияқты көрінгенімен басқа жерде нағыз содыр, қаныпезер болып көрінеді. Дүрбіттің екіжүзділік ха-рактері әсіресе, Майрамен өтетін сахнада анық байқалап отырады. Әйел жүрегін жылы сөздерімен, ерекше ықьшасымен жаулап алуды ойлаған Дүрбіт — Жаңбырбаевтың көз жанарының түбінде астарлы ой жатыр. Партнерлерімен қарым-қатынасында ішкі көңіл-күйін қас-қабағымен, көзқарасымен сездіріп отыратын актер әріден ойлайтын кейіпкерінің қасындағыларға сыр білдірмейтін сипатын баса көрсетеді. Ал, той үстінде Майраны атқа өңгеріп әкетуден тайынбаған Жақанды актер екіжүзді, күштілерге әлсіз, әлсіздерге күшті етіп суреттейді. Оның сахнада қүбыла білуі, дауысын түрлі иірімдерге салып сөйлеуі — кейіпкердің жағымсыз мінезін түсініп, терең ізденудің нәтижесі.
Қазақ жерінде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басын-да өмір сүрген Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлының әділет жолындағы қайсарлығы, махаббат жолындағы шырғалаңы суреттел-ген Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері — Ақтоқты» трагедиясы — адам бойындағы жақсылық пен жамандық, мейірімділік пен қатыгездік қасиетін паш ететін классикалық дүние. Бас кейіпкер Ақанның адамдық болмысын көтеруде айналасындағы жағымсыз кейіп-керлердің теріс іс-әрекеті өте маңызды роль атқарады. Соның бірі Науан хазірет — надандық пен қатыгездіктің жиынтық бейнесі. 1985 жылы сахналанған осы қойылымда Ә.Жаңбырбаев қайткенде феодализм шеңберінен шықпауды көздеген Науанның бар болмысын ашып береді. Қатулы қабағы мен өктем даусы жер бетіндегі барлық сүмдықты бойына сіңіргендей көрінетін гримі кейіпкер характері-не шынайы үйлескен. Актердің хазіреттің жарқын, адал өмірді аңсаған інісі Ақанға деген кегін оның махаббатына қиянат жасау арқылы қайтарудағы әрекеті нанымды. Жалпы Ә.Жаңбырбаев — қай рольде болмасын бойындағы бар өнерін сарқа жүмсап, көрерменге кейіпкер түлғасын шынайы жеткізе білетін шебер актер.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!