Қазақша реферат: 1 — 2 сыныптарда табиғатпен танысу және бақылау
1-2-сыныптан балалар күздің негізгі белгілерімен: күннің қысқаруымен, салқын түсуімен, ағаштар мен бұталардың жапырақтарының түсінің өзгеруімен, жапырақтардың түсуімен; құстардың қайтуымен; адамдардың күздегі жұмыстарымен танысады. Балалар өз бақылауларын шарты белгілердің, суреттердің көмегімен «Айналадагы дүниені бақылау күнделігіндегі» картиналарды бояу арқылы жүргізеді. Балалар қыстың түсіне, 22 желтоқсанға дейін күннің қысқаруына жөне 22 желтоқсаннан кейін күннің ұзаруына бақылау жүргізеді; қар мен қардың түсуін, аязды, суаттагы судың қатуын бақылайды; өсімдіктерді, жануарларды, адамдардың қысты жүргізетін еңбегін бақылайды. Мұғалім «Қыстағы өсімдіктер» деген тақырыпқа экскурсия өткізеді. Оқушылар өз бақылауларын «Бақылау күнделіктеріне» жазып отырады. Бірінші сынып оқушылары көктемнің ерте белгілерін: күннің ұзаруын, аяздың өлсірегенін, қардың еруін, сүңгі мүздардың пайда болуын бақылауды жалғыстырады. Балалар көктемнің келуін: сеңнің жүруін, өзенің тасуын; ерте гүлдейтін шөп өсімдіктерінің гүлдеуін, теректер мен бұталардың бүршік жаруын; қүұстардың ұшып келуін, көктемдегі адамдардың еңбегін бақылайды. Көктемде мұғалім жергілікті өсімдіктермен танысу үшін орманға немесе паркке экскурсия жасайды.
Бұл бақылаулар, экскурсиялар және оқулықтағы мақалаларды оқу нәтижесінде бірінші сынып оқушылары жыл мерзімнің алмасуы туралы, олардың өздеріне тән белгілері туралы, жылдың әр мерзіміндегі күннің ұзақтығы туралы, жыл мерзімдеріне сай өсімдіктердің сыртқы түрі туралы, маусымға сай адамдардың жұмыс түрлерінің өзгеруі жөнінде қарапайым мәліметтер алады. Бақылаулар мақсаты — оқушыларға табиғат туралы түсінік беру, оларды байқағыштыққа және табиғаттың өзінен білім алуға үйрету, балалардың табиғатқа аялы көзқарасын тәрбиелеу. Тек қана жүйелі бақылау мен табиғат өмірінің фактілерін жинауды мұғалімнің түсіндірулерімен ұштастыра отырып, бірінші, оқу күндерінен бастап-ақ балалардың ғылыми дүниетанымының әлементтерін қалыптастыруға болады.
Мұғалім нені және қалай бақылау керегін міндетті түрде көрсетуге тиіс. Оқушыларға белгілі бір тапсырма бере отырып, ол оның орындалуын сөзсіз тексереді. Ауа райын бақылаудан бастау керек| Бірінші бақылау үшін мұғалім қыркүйектің басындағы тамылжыған ашық күнді таңдап алады. Бұл жұмысты табиғатқа экскурсия жасау кезінде бастауға болады. Әңгімелесу кезінде оқушылар бүгін табиғаттың қандай екенін, аспанның, бұлттың түстері қандай екенін белгілейді. Қорытындылай отырып мұғалім бүгінгі күннің ашық екенін, аспанда күннің шуақ төгіп тұрғанын, көшеде жылы: осындай күздің алғашқы күндерінің жазғы жылы күндерге ұқсас екенін айтады. Содан соң мүғалім бүгін аптаның қай күні екенін сұрайды. Бірінші сынып оқушылары кестеден осы күнге сөйкес шаршыға ауа райын шартты белгімен белгілейді. Балалар бұл жұмысты бітірген кезде олардан бүгін қандай ауа райын белгілегенін сұрау қажет. Егер екінші күні де ашық болса, балалар мұғалімнің басшылығымен ашық ауа райын белгілейді. Жаңбыр жаумай, түнерген күні, мұғалім балалардың назарын ауа-райына аударып, аспанның түсі қандай екенін, күннің көзі бар — жоғын, күннің бүгін немесе кеше қандай болғанын анықтайды.
Оқушылар бүгін күн күңгірт, аспанда күн көзі көрінбейді деген қорытынды жасайды жөне оны табиғатты бақылау күнтізбесіне түсіреді. «Айналадағы дүниені бақылау күнделігі» бойынша істелетін жүмыстарды 1-сыныпта мүғалім өзі үш тоқсан бойы жүргізеді. 4-тоқсанда оқушыларды қатыстырады. 2-сыныпта«Айналадағыдүниенібақылаукүнделігімен» жөне жалпы сыныптың «Табиғат және еңбек күнтізбесімен» жұмыстар мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. II сыныпта бақылау жүргізу және оның нәтижелерін қортындылау дүниетану жұмысының негізгі әдісі болып табылады. Әрбір маусым ағымында оқушылар өлі табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлар өміріндегі болып жатқан жөне өз ауданының тұрғындарының маусымдық жұмысындағы өзгерістерді бақылайды. II сыныпта дүниетану пәні бойынша бақылау жүмысының 1 сыныпта жүргізілетін жұмыстан басты айырмашылығы — балалар бақылағандарын өздерінше қорытындылайды және сол құбылыстардағы өзгерістердің қарапайым себептерін таба біледі. (Құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді? Қыста неге жаңбыр емес, қар жауады? және т.б.)
Екінші сынып оқушылары бірінші сыныпта бақылағандарына қарағанда табиғат құбылыстарындағы онша мән бермейтін жөйттерді байқауды үйренеді. Мәселен, олар күн көзі шығып тұрса да жаңбыр жауатынына ағаштың жапыраңтары бірден қурамай, біртіндеп сарғаятынына; құстардың әр түрлі ауа райына қарай өздерін түрліше ұстайтынына және т.б. назарын аударулары керек. Екінші сынып оқушылары бұлтты аспан мен бұлыңғыр аспанды ажыратады, желдің де әр түрлі күші барын түсінеді, түман, қырау, көк тайғақтың не екенін біледі, күзде күн біртіндеп салқындап, көктемде күннің жылына бастайтынын бақылайды. Оқу жылының басында алғашқы табиғаттану сабақтарының бірінде мұғалім «бақылау күнделігін» талқылап, балаларға бақылауды қалай жүргізуді, оны күнделікке қалай жазуды түсіндіреді. Балалар қыркүйек айы бойына өрбір күнгі бақылауды оқытушының басшылығымен күнделікке үнемі соңғы сабақ үстінде жазады; ал қазан айынан бастап олар күнделікке жазу мен сурет салуды өздері орындайды, мүғалім жұмыстың орындалуының дұрыстығын тексеріп, апта сайын бағалап отырады.
Ай сайын бақылау нәтижелері бойынша қорытынды жасап отыру қажет. Бұл жекелеген құбылыстардың арасындағы себеп-салдар байланыстарын анықтауға, қарапайым табиғи заңдылықтарды байқауға, оқушылардың материалды қорыту іскерлігін дамытуға көмектеседі. Балалар қорытынды кестеге ашық, бұлыңғыр, тұманды, жаңбырлы, қарлы күндерді, ауаның температурасы 0°-тан төмен немесе 0°-тан жоғары болғанын және т.б. белгілейді. Ауа райынан басқа оқушылар өсімдіктерге де бақылау жүргізеді. Оқытушының көмегімен олардың аттарын анықтайды, күнделікке суреті салынған шөптерді бояйды, жұмбақтар шешеді, олардың шешімдеріне сурет салады. «Айналадағы дүниені бақылау күнделігіне» әр айда салынған суреттер бір пейзажда берілген, онда оқушылар берілген айға төн маусымдық өзгерістерді белгілеуге тиіс. Күнделік тапсырмаларымен жұмыс істей отырып, балалар жапырақтардың түсуі, алғашқы қатқақ, алғашқы қар, жылдың ең ұзақ жөне ең қысқа күні т.б. сияқты табиғи құбылыстарға назар аударады. Тапсырмалар балалардың жаңаны және бұрын оның білмегендерін көруге, қыстан қалган құстар туралы, оларға қалай және неге көмектесу керектігі жайында білуге жәрдемдеседі.
Күнделікте күзде бақта, саябақта өткізетін жұмыстардың саны беріліп, баланың өзі бақылағандарын сызып көрсету ұсынылады. Оқушылар үйіне жақын жердегі, жақын саябаңтағы жұмысты бақылып қана қоймай, оған белсенді түрде қатынасуы қажет. Күнделіктегі бірқатар тапсырмалар мен суреттер екінші сынып оқушыларының табиғатты қорғауға қатынасуын, оны аялауын ұсынады. Жылдың аяғында екінші сынып оқушылары жалпы қорытынды жасайды да, жергілікті жерде күз, қыс, көктем қанша айға созылғанын анықтайды. Күнделікті жаз айларына да тапсырмалар берілген. Мұғалім балаларға каникулдар кезінде бақылаулар жасап күнделікте бар тапсырмаларды орындай отырып оларды жазуды ұмынады.
II сынып мұғалім балаларға жылдың түрлі мезгілдерінде аспандағы күннің әр түрлі биіктігі туралы түсінік береді. Бұл үшін екінші сынып оқушылары мұғалімнің жетекшілігімен өр айдың жиырмаларында белгілі бір тұрақты уақытта (сағатта) күннің көкжиек сызығынан қандай биіктікте тұрғанын бақылайды және оның биіктігін теректің немесе қатар тұрған үйдің биіктігімен салыстырады. Оқушылар қыркүйектен бастап күннің ылғи көкжиектен төмен, ал желтоқсанда ол бірте-бірте аспанға неғұрлым биік көтерілетінін байқайды. Күн көзі көкжиектен неғұрлым биік көтерілген сайын күн соғұрлым ұзара түсетінін; күннің көзі төмендеген сайын күннің қысқаратынын атап айта кету керек. Осыдан мынадай қорытынды шығады: күннің көзі көкжиектен неғұрлым төмен көрінген сайын, соғұрлым салқын болады.