Польша Республикасы туралы реферат
Тақырыбы: Польша Республикасы
Кіріспе
Польша Республикасының жер аумағы – 312,7 мың км.
Астанасы – Варшава қаласы.
Әкімшілік жағынан провинцияға бөлінеді.
Ұлттық мейрамы — қараша – Тәуелсіздік күні.
Ақша бірлігі – злота.
Мемілекет басқарушысы – президент.
Польша Германияменр және төрт батысевропа елдері – Ресей, Литва, беларусия және украйна елдерімен шектесіп жатыр.
Польша барлық елдермен қалыпты және болжамдауға болатын қатынастарды орнатуға бағытталған дәйекті сыртқы саясатты жүргізіп келсді. Сыртқы саясатта Польша әлемнің көп түрпатты құрылымының принциптерін басшылыққа алады. Варшава халықаралық бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайту сияқты ұқсас көзқарастары бар елдермен бслсенді түрде ынтымақтасып келеді.
Қазақстан Республикасының егемендігін алғашқылардың бірі болып таныған Польша біздің елімізбен жан-жақын қарым-қатынас орната бастады. Әңгіме шын мэнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Оның үстіне екі елдің өзара іс-қимылының терең қатпарлы факторлары Варшава мен Астананың көптеген көкейтесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айіқындайды, мұның өзі ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталган сыртқы саяси өзара іс-қимылға, бастамаларды ,екі жақты қолдауға жәрдемдеседі.
Халықаралық сахнадағы ынтымақтастық өзара қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейіне — стратегиялық эріптестік деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз екі мемлекет басшыларының тұрақты байланыстарын қоса алғанда, барлық деңгейлердегі жан-жақты байланыстарды білдіреді.
Польша Республикасының біздің елімізге байланысты өзіндік бірқатар қызығушылығы бар. Біріншіден. Қазақстан жерінің табиғи минералдық шикізат көздеріне бай болуы, қай елдің инвестициясы үшін болсын ең тиімді аймақ. Сонымен бірге бүгінде Қазақстандағы поляк диаспорасы екі ел арасында жақсы байланыс дэнекері рөлін атқаруда.
III тарау Қазақстан Республикасымен Польша Республикасының экономикалық қарым – қатынастары
III 1Экономикалық қарым қатынастар Қазақстан Республиксасы
Польшамен экономика, саяси және мәдени салада кең көлемді қатынастар орнатуға мүдделі ел. Себебі әлемдегі мемлекеттердің даму тәжірибесін ескере отырып, елдегі қайта құру ісін нәтижелі жүзеге асыруда Қазақстан үкіметі Шығыс Еуропа елдерінің даму процестерінің жақындығын ескереді,
Польша мен Қазақстан арасындагы қарым-қатынастың даму деңгейін үш салаға бөліп қарастыру негізге алынды.
1 Саяси байланыстардың қалыптасуы мен дамуы және олардың болашақтағы жағдайы.
2 Сауда-экономикалық қатынастардағы екі жақтың мүдделерінің сәйкестігі. Мұндағы етек алып отырған кейбір қиындықтардың орын алуы мен сипаты және оларға анықтама беру.
3 Екі мемлекет ынтымақтастығындағы мәдени қатынастың орны мен маңызына тоқталып, баға беру.
Польша мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салаларды арнайы түрде зерттеген жұмыстар жоқтың қасы. Бұл тұрғыда осы мәселелер бойынша қысқаша мағлұмат беретін поляк-қазақ қарым-қатынастарын баяндайтын еңбектерді айтуға болады..
Қазақстанның әлемдік экономикалық даму үрдісіне қосылуының тиімді жолдарын іздестіруде Польшаның соңғы он жыл ішінде жүзеге асырған экономикалық реформаларының тәжірибесі назар аударлықтай.
Бұл мәселеге жұмыстың бір тармағын арнауымыздың өзі Польшаның бұл экономикалық тәжірибесінің басқа Еуропа елдеріне қарағанда Қазақстанда үйлесімді болуы мүмкін деген көзқарастан туындап отыр.
Польшаның мамандарға «Польша кереметі» деген атпен белгілі болған бұл экономикалық саясатының мәні мен мазмұны, тез арада көзге көрінген нәтижесі біраз зерттеушілердің назарын аударған.
Польшадағы экономикалық. реформалардың тікелей ұйымдастырушысы оның пионері аталған Л. Бальцеровичтің еңбегінің деректік маңызы өте зор. Автор XX ғ. 80-жж. соңындағы саяси дағдарыс, оның экономикаға тигізгеп әсері, экономикалық реформаның алғышарттары, себептері, осы реформанын іске асырылуына елдегі саяси себептердің кері әсеріне, реформаның нәтижесі, системалық өзгерістерге ғылыми түрде талдау берген.
Польша мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар жөнінде мемлекет және қоғам қайраткерлерінін, жеке ғалымдардың еңбектері бар.
Бұл жөнінде ең алдымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың «Под стягом независимости» және «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» деген еңбектері зерттеушілер үшін өте құнды деректер беретіні аян. Бұл еңбектерде Польшаның Қазақстан мемлекетімен ресми байланыстары, олардың ішінде дипломатиялық және экономикалық қарым — қатынастар баяндалады.
Екі ел арасындағы саяси, мәдени, экономикалық байланыстар барысы туралы кезінде Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі елшісі кызметін атқарған Т. Сүлейменовтың мақаласы жарияланды. Бұл мақалада Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының жалпы арнасы, оларды дамытудың маңызы мен бағыттары, кемшіліктері, болашағы нақты мысалдар негізінде баяндалады.
Польша мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарға байланысты нақты зерттеулер енді ғана іске асырылуда. 2000 жылы стратегиялық даму институты мен Польша ғалымдарының біріккен еңбегі жарық көрді. Зерттеу жұмысы Польша және Қазақстандық ғалымдарының бірлескен жұмыстарын қорытындылай әрі жақындастыра келе егеменді Қазақстанның трансформациялық процестеріне аса зор көңіл бөледі. Кітапта сонымен бірге екі мемлекет арасындағы тығыз саяси байланыстары, парламенттер мен үкіметтер арасындағы ынтымақтастық, экономикалық саладағы қарым-қатынастар ерекше аталып өтеді.
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарын, яғни оның Польша Республикасымен қарым-қатынастарын зерттеу ісі қолға алына бастаған. Польша Республикасы мен Қазақстан. Республикасының қарым-қатынасының жекелеген салаларын қамтитын мақалалар күнделікті басылымдарда немесе жинақ түрінде жариялануда.
Польша мен Қазақстан арасындағы байланыстың тарихи бастауларын саралап, олардың өзара таныстығы соңғы 10 жылмен шектелмейтінін, оның белгілі бір тарихи сабақтастығы бар екенін көрсету.
Халықаралық аренада екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың дәйекті қалыптасуына екі жақтың да мүдделер үндестігі негіз болатындығын аныктау.
Екі елдің саяси сферадағы өзара түсінушілік пен ынтымақтастығының қалыптасуының қадамдары мен поляк — қазақ харым-катынастарының принциптік, келісімдік құқықтық негізінің жасалу процесін саралау.
Польшаның қазіргі кезде экономикасын реформалаудағы қол жеткізген табыстарын саралай отырып, біздің республикамыздағы реформалар барысында тигізер үлесін көрсету.
Польша мен Қазакстан арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстардың қадамдарын, олардың қамтып отырған салаларын көрсете келе, екі жақты байланысты нығайтудағы рөлін негіздеу,
Польша мен Қазақстан арасындағы қатынастардың камтылмай жатқан сфераларын анықтау.
Қазақстан Республикасының экономикасын өркендетуге ат салысып жатқан поляк фирмалары туралы анықтамалар, біріккен кәсіпорындардың тізімі, олардың Қазақстан рыногындағы қызметі, екі жақты қол қойылған конвенциялар, меморандумдар, екі елдің білім министрліктері арасындағы қол қойылған келісімшарттар, Польшаның соңғы он жыл ішіндегі экономикалық көрсеткіштерінен мәлімет беретін экономикалық анықтамалар зерттелді.
Қазақстанның жалпы шетелдер мен экономикалык байланыстары және Польша — Қазақстан экономикалык, әсіресе, сауда байланыстары жөнінде нақты мәліметтер, сандық көрсеткіштер алудың мүмкіндігі туды.
Халықаралық қатынастар теориясы мен сыртқы саясатта қолданып жүрген мемлекеттердің сыртқы саясаттағы ұлттық және мемлекеттік мүдделері принципі методологиялық негізіне алынды.
Методологиялық және теориялық тұрғыдан алға қойған міндетті терең ұғынуда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, республиканың басқа да басшы қайраткерлерінің ғылыми еңбектерімен көптеген мақалаларын әріурлі деректермен салыстыра қарау және талдау әдісінің де үлкен маңызы болды.
Қазакстанның Польшамен сыртқы экономикалық қатынасының негізгі бағыттарын зерттеуде статистикалық әдіс қолданылды. Бұл әдіс арқылы Польша мен Қазақстан экономикасының жай-күйін анықтау үшін салыстырмалы анализ жасауға, сол сияқты сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі дамуының мүмкін деген жолдары мен бағыттарына болжау жасауға мүмкіндік берді XX ғ. 90 жж. Польша мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық мәдени ынтымақтастығының қалыптасуы мен даму барысын, проблемеларын, ғылыми айналымға қосылды.
— Польша мен Қазақстанның саяси қарым-қатынастырының орнауы, қалыптасуы, дамуы, саяси ынтымақтастықтың негізгі ұстанымдары бірінші рет ғылыми негізде тұжырымдалды;
— Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың саяси, экономикалык, мәдени байланыстарының құқықтық негіздері тұтастай жүйеленіп, сарапталынды;
Польша мен Қазақстанның сауда-экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы, жетістіктері мен кемшіліктері алғаш рет нақты түйінделді;
— Екі мемлекет арасындағы мәдени байланыстың білім, ғылым, өнер, ақпарат алмасу салаларындағы қадамдары зерттеліп, оның негізгі нәтижелері сарапталынды;
Алынған нәтижелер негізінде Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының болашағына болжам жасалды.
1991-2000 жж. аралығын қамтиды. Бұрынығы Кеңес Одағы кезінде Польша мен Қазақстан арасындағы байланыстар дербес әрі кең көлемді де, нақты сипат алған жок. Ол әсіресе, саяси, экономикалық мәдени тұрғыдан Қазақстанның алып та ауқымды тоталитарлық империяның бір бөлігі ретінде танылу кезеңі еді. Қазақстан ол кезде өзінің атынан емес, бүкіл КСРО-ның атынан ғана халықаралық байланыстарға шыға алды, сондықтан Польша мен Қазақстан арасындағы байланыстар атап көрсетілген себептерге байланыстар аса шектеулі, бір жақты сипатта болып келді. Қос тарапты жүйе ыдырағаннан кейін екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастық XX ғ. соңғы он жылдығында әр салада нақты нәтижелерге ие болды.
Польша мен Қазақстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени қарым-қатынастарыңың тарихын жан-жақты зерттеу нәтижесінде келесі тұжырымдар қорғауға ұсынылады:
— Еліміз тәуелсіздік алып, Қазақстанның шетелдермен, оның ішінде, поляк-қазақ қарым-қатынастарының экономикалық бастауларының зерттелуін қарастыру өте маңызды больтп отыр;
— КСРО кезінде Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде сыртқы саясат жүргізе алған жоқ. Сол себепті де оның Польша-Қазақстан қарым-қатынастарына қатысы тек шартты түрде ғана болатын.
— XX ғ. соңғы онжылдығы ішінде нарықтық қатынас Польша экоиомикасының ұтымды тапқан жолы болып, Польша Шығыс Еуропадағы бірден-бір дамыған мемлекеттер қатарына қосылды. Польшаның он жыл ішіндегі экономикадағы табыстары халықаралық аренада «поляк кереметі» деген атпен белгілі болуының мәні және оның басты жетістіктерін Қазақстан тәжірибесінде қолдану қарастырылды;
Сыртқы саяси саласында Польша Орталық Азия елдерімен қалыпты қатынастар орнатуда, бұл елдер үшін «поляк кереметі» үлгі ретінде әлі де әзірше қызықтыруда КСРО-ның ыдырауынан кейінгі саяси жағдай Польшаға Орталық Азияда жаңа құрылымды пайдалануға мүмкіндік берді. Сараптау нәтижесі көрсеткендей бұл осы аймақта Польшаның басқа Шығыс Еуропа елдеріне қарағанда жетекші рөлге ұмтылуына жағдай жасады;
— Қазақстанның ТМД мемлекеттері ішінде сырттан тартылған инвестицияның жан басына шаққан көлемі бойынша бірінші ұстаған сыртқы саясатының нәтижелі болғандығын білдірсе керек. Қазақстан халықаралық геосаяси тәжірибені игере отырып және геосаяси мүддені айқындай отырып, Қазақстан үшін аса мәнді экономика мен шетелдік қаржы салымы екендігін түсіне білді. Сол себепті де зерттеу жұмысында Польша мен Қазақстан арасындағы инвестицияға қатысты саясат, байланыс ерекше талқыланып, сұрыпталды;
— Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихындағы ең маңызды қыры — мәдениет, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықтың дамуы болып табылады. Мәдени ынтымақтастықтың барлық саласындағы байланыстардың барысы, қамтып отырған мәселелер ауқымы анықталып, мұндай екі жақты байланыстың екі ел халықтары арасында бір-бірінің мәдениетін, өнерін білудегі маңызы зор екендігі сарапталды Қазасқтан Республикасы мек Польша Республикасы арасындағы ынтымақтастықтағы саяси, экономикалық, мәдени байланыстың алатын орны мен рөлін аныктау болып табылады..
90-жж. басында Польша Республикасынынң сыртқы саясатында негізгі үш бағыт анықталды:
— демократия жолындағы шаруашылығы дамыған және саяси тұрақты Батыс елдері және олардың ұйымдарымен қатынастарды тереңдету;
— жалпы еуропалық қауіпсіздік жүйесін сақтауға қатысу;
— Польшаның қауіпсіздігі және дербестігін нығайту мақсатында көрші елдермен жақын ынтымақтастық пен қарым-қатынастарды қалыптастыру.
90 жж. Польшаның сырткы саясатының негізгі тұстары белгіленді және оның ілгерілеуші жақтары анықталды. Әсіресе 1991 ж. жемісті болды, яғни Польша Республикасы Еуропалық Одақпен келісімге қол қойды, Еуропа Кеңесіне кірді, Батыс және Шығыс елдерімен маңызды екі жақты келісімдер жасалуының нәтижесінде Еуропа құрлығында өз орнын таба білді. Осыдан барып мамандар 1991 ж. Польшаның сыртқы саясаты үшін өзгерісі басым жыл болды деп есептейді.
XX ғ. аяғында соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі — Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Ақырында бұрынғы Кеңестер Одағының аумағында қысқа мерзім ішінде бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің қатары бой көтерді, олардың арасында Қазақстан да бар еді.
Қазақстан егемендік туралы Декларацияга және мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңға сәйкес өзінің дербес саясатын жүргізе бастады шетелдермен және халықаралық ұйымдармен тікелей саяси және іскерлік қарым-қатынас орнатуға кірісті.
Тәуелсіздік алып, егемендігімізді жариялағанымен, әлемдік қауымдастык Қазақстанға бірден құшағын жая қойған жоқ. Халықаралық қатынастардың тізгінін қолға aлy үшін көптеген проблемаларды шешіп, қиын кедергілерді жеңу қажет болды.
Сондықтан да халықаралық қатынастар орнату, кейбір саясаткерлер мен бұқаралық ақпарат қүралдарының байбаламынан туындаған кедергілерді жою ең маңызды максат еді. Республикаға қарағандардың бетін бұру үшін Н.Ә. Назарбаевқа батыл шаралар қолдануға тура келді. Бұл жайында ол былай деді: «Ондай тұста дүниежүзі мемлекет басшыларымен, жетекші экономикалық алыптармен, халықаралық ұйымдармен тікелей жеке байланысқа шығып, келіссөздер жүргізу арқылы ғана қалыптасып отырған жағдайды бұзып шығуға мүмкіндік туатын еді. Сондықтан да бірнеше шетелдік салаларға қатарынан шығып, қызу қарқынмен жұмыс жасауға тура келді.
1992 ж. қазан айында Польшаның экономика жөніндегі министрі Анджей Арендарскийдің, 1993 ж. мамыр айында А.Скубишевский мен Э.Асанбаевтың кездесулері, сол жылдың желтоқсан айында Петр Юрковецки бастаған Польша шаруашылық делегациясының сапарлары барысында талқыланған мәселелер аумағы осы күнгі екі ел арасындағы қатынастардың бағыттарын анықтап берді. Олар: біріншіден сауда және экономикалық қатынастарды орнатып, дамыту, Қазақстанның нарықтык катынастарға өту жолындағы барлық ұмтылыстарына жан-жақты көмек қолдау көрсету. Екіншіден, саяси салада тікелей екі ел арасында ынтымақтастық орнатып бір-бірінің бейбітшілікті сақтау, демократиялық ұстанымдардың берік орнауына бағытталған іс-шараларды мүмкіндігінше ұштастырып жүргізу және екі жақтың аймақтық, халықаралық ұйымдарда қазіргі халықаралық құқықтың негізгі ұстанымдарының мызғымастығы мен беріктігін сақтауда толық өзара түсіністіклен әрекет жасау. Үшіншіден, екі ел халықтарының мәдени-гуманитарлық, ғылым мен техника салаларындағы байланыстарын жандандыруға деген ынталарына барынша қолдау көрсету. Қазіргі таңда екі ел арасындағы осы саладағы іске асырылып жатқан мәдени шаралар осының нақты айғағы болып табылады.
1994 ж. сәуір айында Алматыда Польша Республикасының елшілігінің ашылуы еді. Елшінің тағайындалуымен Польша-Қазақстан қатынастарының институтциоиалды тұрғыда дамытуда маңызды қадам жасалды. Екі ел арасындағы қатынастарды үйлестіретін жаңа буын қосылды.
Екі мемлекет елшілік қатынастар орнатқан соң ынтымақтастықтың экономикалық саласыда тез қарқынмен дами бастады. 1992 ж, қазан айында екі ел арасында экономикалық және сауда-саттық саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен нәтижелі байланысты дамытуды көздеген құжатқа қол қойылды. Екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды, яғни инвестициялық ынтымақтыққа принциптік, құқықтық негіз болатын, оларды реттейтін және олардың кеңейе беруіне жол ашатын «Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау», «Қосарланған салық салуды жою және түсім мен капиталға салынатын салықты төлеуден бой тасалауды болдырмау туралы Конвенция» көптен күткен екі жақты келісімдер мен заңдар болатын.
«Екі мемлекет арасындағы саяси, экономикалық және мадени саладағы өзара мүдделердің үйлесуі» атты екінші тарауда Польша мен Қазақстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени қатынастардың даму барысы, жетістіктері, ынтымактастықтың осы саласындағы орын алып отырған қиындықтар жөнінде баяндалған.
Екі жақты карым-қатынас жаңа кезеңіндегі ең елеулі оқиғалардың бірі болған — Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекет басшысы ретінде Польша Республикасына 1997 ж. қараша айында жасаған ресми сапары болды.
Осы сапар барысында екі ел басшылары Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы достық қатынастарды дамыту туралы Декларацияға қол қойды. Келісуші тараптардың БҮҰ-ның жартысы және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің қорытынды құжаты принциптеріне адалдықтарын растай отырып екі мемлекетте демократиялық құрылымдар кұру, сенім мен қауіпсіздік орнату және тиісті міндеттемелерді орындау туралы жалпыеуропалық уағдаластықтарды өмірге енгізу жөнінде белсенді әрекет ететін болып келісті. Екі мемлекет екі жақты және көп жақты атап айтқанда Еуроатлантикалық Кеңес пен НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастыққа зор маңыз беретіні атап өтілді.
Сонымен Қазақстан Республикасьшың Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997 ж. қараша айында жасаған алғашқы ресми сапарының жалпы қорытындысын шығара келіп, сол кезде қол қойылған аса маңызды құжаттар Қазақстан мен Польшаның мемлекетаралық қатынасының серпінді дамуының берік шарттық негізін қалағанын атап көрсету керек. Сонымен бірге бұл құжаттар қатынастарды салалық жаңа деңгейге шығарды. Ол деңгей екі елдің экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы тығыз кірігуі қалыптаса бастағанымен сипатталады.
1998 ж. 14-15 сәуірде ЕҚЫҰ-ның төрағасы Польшаның сыртқы істер министрі Б.Геремектің Қазақстанға жасаған ресми сапары және екі жақты тығыз қатынастардың жалпы еуропалық қауіпсіздіктің мәселелерін талқылау Варшавада басталған диалогтың жалғасын тапты. Республикаға іссапармен келген мәртебелі мейман Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә. Назарбаевпен кездесті. Келіссөз кезінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның түрлі құрылымдарымен болашақтағы ынтымақтастық жолдары қаралады, сондай-ақ суропалык кауіпсіздік жөніндегі хартияның ЕҚЫҰ деңгейіндегі кейбір мәселелері сөз болады. Екі жақта ЕҚЫҰ-ның аймақтағы өкілдігін ұлғайту, нығайту барысындағы мүдделестікті ұлғайтатынын білдірді.
1999 ж. қазан айында Польша Республикасының Президенті А. Квасьневский Қазақстанға ресми сапармен келді. Келіссөз кезінде ел басы Н.Ә.Назарбаев Польша Президентінің елімізге тұңғыш ресми сапары достас екі мемлекетің арасында калыптасқан ұзақ мерзімді саяси және экономикалық ынтымақтастықты жаңа кезеңге шығаратынын атап өтті.
Польша Республикасынын Президеті А. Квасьневскийдің ресми сапарының соңында екі елдің басшыларының мәлімдемесі жарияланды. Бұл біріккен мәлімдеме мұның алдындағыдай достастықтың негізін аймықтау ғана емес, тату көршіліктің көптеген даму тармақтарына жаңа көзкараспен мән беріп, олардың саясат бағытында, сауда-экономикалык бағытында, әскери-техникалық, гуманитарлық және халықаралық процестер бағытында мазмұнын кеңейтті.
2000 ж. қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің Польшаның астанасы Варшавада Қазақстан елшілігін ашу туралы жарлығы шықты. Елшіліктің күш-жігері нақты мәселелерді шешу, келісімдердің орындалуын бақылау, сауда-экономикалық ынтымақтастық сапасын әртүрлендіруге жұмырылды.
Екі мемлекет арасындағы саяси бағыттағы әріптестік, кең ауқымды көлемде дамып келеді. Польша мен Қазақстан арасындағы саяси ынтымақтастықтың қалыптасуына Қазақстанның бүгінгі таңдағы дамуы, яғни демократиялық қоғам құруға талпынысы мен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы тұрақты бағытын халықаралық көлемде қолдауға ынта білдіріп отырған мемлекеттердің бірі бұл-әрине Польша. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «XX ғасыр табалдырығында» атты кітабының поляк тілінде шығуы Польшаның Қазақстанға қызығушылық танытып отырғанын байқатады.
1995 ж. тамыз айында Қазақстандағы Польша Республикасының елшілігі жанынан сауда-экономикалық бөлім құрылды, оның алдына қойған мақсаты екі ел арасындағы экономикалық байланыстың жұмысын үдете тусу. Осы арқылы екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың барлық салаларына, ең алдымен, инвестиция және екі жақты сауданы кеңейту, жүйелі негізде ынтымақтастақты реттеуге ниеттелген Польша және Қазақстан кәсіпорындары туралы ақпараттарды алмастыруға және таратуға, Казақстан мамандарының тәлімгерліктен өтуін үйымдастыруға, озық үлгідегі бірлескен жобалардың дамуын ынталандыруға бағытталуы.
Күмәнсіз өзіне ғана тән Қазақстанның жағрафиялық орналасуы, әрі әлемдік мәнге ие минералдық ресурстар қорының болуы біздің елге деген Польшаның есіп келе жатқан кызығушылығына дем беруде. Екі мемлекет үшін ендігі кезектегі басты проблема осы мұнай-газ көздерін барлап өндіріп, оны бүкіл әлемдік рынокқа шығарудың тиімді жолдарын табу болып отыр.
1999 ж. қарашада Алматыда Ұлттык мұнай компаниясы «Қазақойл» және «Поляк мұнай және газ компаниялары» өкілдерінің жұмысшы кездесуі болды. «Қазақойл» Ұлттық-мемелкетік компаниясы мұнайды еуропа елдеріне тасымалдауы үшін болашақта Польшаның теңіз айлағы Гданьскіні пайдалану мүмкіндіктері туралы мәселе қаралды. Еліміздің Батыс Еуропаға мұнай құбырын таріу Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін айрықша жақсартатын болады.
Қазақстан территориясында жұмыс жасап жатқан поляк-қазақ бірлескен кәсіпорындарының қамтып жатқан өндіріс сфералары мен жұмыс жүйесін анықтап сараптар болсақ, олар негізінен тамақ және жеңіл өнеркәсіп, шикізаттың қорын барлау, игеру салаларында тау-кен өндірісінде басымдық танытып отырғанын көреміз.
2000 ж. соңына қарай жүргізілген есеп бойынша Қазақстан территориясында біріккен қазақ-поляк кәсіпорындарының саны 35 болған олардың ішкі рынокта шығарған өнімінің көлемі 902 мың АКШ доллары болып отыр.
Қазақстанда жұмыс істейтін поляк кәсіпкерлері республикадағы олардың бір қалыпты жұмысына салымдар мен салықтар жоғарыдағы, визалық тәртіптің тым қаталдығы және шенеуніктер тарапынан туындап жатқан бюрократтық бойкүйездік тежеу жасап отырғанын әлденеше рет тілге тиек еткен болатын.
Екі елдің экономика саласындағы әлеуетті зор мүмкіндіктері, олардың ресми және іскер топтарының әртүрлі салалардағы ынтымақтастыкты дамытуға қызығушылық танытуды өзара тиімді қарым-қатынастың жақсы негізі болып табылады. Жақын және ұзақ мерзімді болашаққа поляк-қазақ қарым-қатынастарының дамуын болжай отырып, біздің мемлекетіміз көп жоспарын ынтымақтастығын кеңейтіп, өз байланыстарын алдағы уақытта да дәйекті және серпінді дамыта береді деп сеніммен айтуға болады,
Бұл тараудың үшінші тармағы екі мемлекет арасындағы мәдени саладағы байланыстарға арналған.
Польша — Қазақстан ынтымақтастықтығының өте маңызды қыры — мәдениет, ғылым мен білім саласындағы Қазақстан қарым-қатынастарды дамыту болып табылады.
Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа білім беру жүйесінің интеграциясыз өтуі мүмкін емес. 1991 ж. бастап білім беру саласында Қазақстан Шығыс Еуропаның ілгері елдерімен байланыс жасай бастады. 1991 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттык универсптеті мен Адам Мицкевич атындағы Познань гуманитарлық университеттерінің арасындағы ынтымақтастыкқа қол қойылды. Осы университеттің оқытушысы экономика ғылымдарының докторы Марек Гавенцки 1991-1993 жж., оның басшылығымен «Поляктар Қазақстанда» атты зерттеу тақырыбының бағдарламасы бойынша зерттеу кезеңдерін жүргізді.
1994 ж. Варшавада поляк-қазақ достық және ынтымақтастық қоғамы кұрылды. Оның президенті болып Юзеф Брыль сайланды. Бұл қоғамның құрылуына шетелдермен достық және мәдени байланыс орнатушы қазақ қоғамы серпіліс берді.
1995 ж, күзінде «Польша-Шығыс» және «Поляк-Қазақстан» достық пен ынтымақтастық қоғамы Вроцловтағы сауда-маркетинг компанияларының қолдауымен Польшада Қазақстанның мәдениет және өнер күндерін өткізді. Варшаваның, Вроцловтың, Гданьскінің ең ірі залдарында үш концерт берілді. Польша эстрада артистерімен бірге «Жазира» және «Қазақконцерт» ансамбльдері, Ақмола облысының Астрахан аудандарының бір топ поляк жастары өз өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, суретшілер мен халық шығармашылығы бұйымдарының көрмелері өткізілді, бұл өзіне Польша астанасы түрғындарының айрықша назарын аударды.
1995 ж. 19 мамырда Польша Республикасының Ұлттық білім министрлігі мен Қазақстан білім министрліктері арасында келісімшартқа қол қойылды.
Қол жеткізілген келісімдерді іс жүзіне асырудың алғашқы қадамдары өз жемістерін бере бастады. 1995 ж. маусымда Көкшетау педагогикалық институтының поляк тілі факультетінін алғашқы түлектері бітірді. Атап өтетін жайт соңғы курс студенттері алты айлық тәлімгерлікті Польшада өткізді.
Польша мен Қазакстанның білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы өзара қатынастардың негізгі принциптері мен бағыттары 1997 ж. қараша айындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Польша Республикасына ресми сапары кезінде 22-баптан тұратын мәдени және ғылыми ынтымақтастық туралы шартта негізі салынған болатын.
Осы ресми сапар барысында Қазақстан Республикасының сол кездегі білім министрі В. Школьник Польша Республикасының Ұлттық білім министрлігінің бірінші орынбасары А. Джиежговскиймен кездесті. В. Школьник Польша жағына Қазақстан және Польшаның ғылыми ұйымдары арасында байланыс орнату туралы ұсыныс жасайды. Ал өз кезегінде Польша жағы Орталық және -Шығыс Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда, Полъшада қазақстандық студенттердің саны ең көп екендігі, ол 400-ге жеткендігін атап өтті.
III 2 Мәдени қарым — қатынастары
Мәдени ынтымақтастық саласында Қазақстандағы Польшаның елшілігі де кеп қызмет атқаруда. Елшіліктің тікелей қолдауымен Алматыда Польша киносының Қазақстандағы фестивалі өткізілді. Бір апта бойы А. Вайданың, К. Занусидің, К. Кесъелевскийдің фильмдері көрсетілді. Сондай-ақ Польшадан келген мұғалімдермен, студенттермен, дін өкілдері адамдарымен байланысу және поляк тілін оқытатын мектептерді дидактикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде Елшілік белсенді көмек көрсетуде.
Қазақстанда тұратын поляк ұлт өкілдерінің тарихи отанымен байланысты нығайтуда радио, телевидение кең пайдаланылып, поляк тілінде жүретін бұқаралық ақпаратты таратуға, өзара мәлімет алмасуға жағдай жасалып отыр. 1999 ж. наурыз айында Қазақстан Республикасының Ақпарат, мәдениет және қоғамдық келісім, Көлік және коммуникация министрліктерінің сұрауы бойынша «Полония» телевидениесінің каналдарын Көкшетау, Петропавловск қалаларында және Солтүстік Қазақстан облысының Чкалов селосында көрсету туралы келісім жасалды.
2000 ж. сәуірде Алматыда Польша Республикасының ұлттық білім министрлігі мен Қазақстан білім министрліктері арасында 2000-2002 жылдарға арналған келісімшартқа қол қойылды. Бұл қол қойылған келісімге сәйкес тараптар екі елдің ғылыми және білім беру ұйымдары арасында ғалымдармен оку орындары ұстаздарымен, аспиранттарымен, студенттерімен және оқушылармен алмасу көзделді.
Уақыт өте келе мәдени байланыстар жетіліп жоғары сапалы дәрежеде дамуда. Мәдениет саласындағы жетістіктер өзіне тиесілі барлық тарауларды қамтуда. Екі ел арасындағы мәдени шаралар ауқымы күнге-күнге артып келе жатқандығы мәдениеттің де халықтар достығында атқаратын рөлінің маңызды екенін көрсетіп отыр. Мұндай мәдени алмасудың халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік, құрмет пен достықты арттырудағы рөлі өте үлкен. Қазақ жері жүзден астам ұлттар мен ұлыс өкілдерінің басын тоғыстырган киелі мекен. Шындығында біздің жерді мекендеуші ұлттар мен ұлыстар бірліктің туын биік ұстап келе жатқанына сырт көз де сүйсіне қарайды. бөлінді.
«Қоныс аударушылар» категориясына ең алдымен Польша армиясынын бұрынғы әскери қызметшілері, полициядағы шенді адамдар мен бұрынғы Польша аймақтарының әкімшілік қызметкерлері кірді. НКВД мәліметтері бойынша 1941 ж. басында КСРО-ның жиырма облыстары мен аймақтарында 131938 қуғындалған, «орманшылар», «қоныс аударушылар» турып жаты, оның ішінде поляктар 109223 адам, сонымен бірге Қазақстан лагерьлерінде 46547 адам мекендеді.
Германия КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасаған соң, Лондондағы эммигранттық Польша Үкіметі елшілік қарым-қатынастарды орнату және КСРО территориясында поляк армиясын құру туралы келісімге қол қойылды. Осы келісімнің нәтижесінде 1941 жылы 12 тамызда КСРО Жоғары Кеңесі Президиумның жарлығы бойынша «барлық поляк азаматтарына» амнистия жарияланды.
Қазақстанға 200 мыңдай поляк ұлтының өкілдері келген. Олардың көбісі КСРО жерінде құрылған генерал Андерс армиясының құрамында болуы нәтижесінде Польшаға оралды. Қалған бөлігі 1945 ж. 6 шілдедегі кеңес-поляк келісімі негізінде өз отандарына қайта оралуға мүмкіндік алды. Репатриация құқығын алған поляктардың соңғы толқыны 1954-1958 жж. Қазақстаннан өздерінің тарихи отандарына оралды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. Қазақстан халыктарының 1-ші форумында күнделікті адам үнін, әрбір халықтың, кез келген ұлттың даусын естуге» мумкіндік беретін Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру туралы ойды алға тартты. Міне, сондықтан да форум жұмысы тұрақты негізгі ауысты және қоғамдық институт — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы кұрылды.
Қазақстан халықтарының бірінші Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев былай деп мәлімдеді: «Біздің әрқайсымыз және баршамыз туған еліміздің болашағына деген жауапкершілігімізді сезінуіміз керек, ал мұның өзі өткенді есте сақтап отырып, болашаққа ұмтылу, басқа халықтармен тату және жарасты өмір сүру олардың мәдениетін, дәстүрін, салттарын құрметтеу деген сөз».
Қазіргі таңда әртүрлі деректердің мәліметі бойынша Қазақстандағы поляктардың саны 70 мыңнан 100 мыңның арасында толқиды.
Познаньдағы Адам Мицкевич атындағы гуманитарлық университетінің профессоры, Қазақстандағы Польшаның Төтенше және Өкілетті Елшісі болған М. Гавенцки мырзаның есептеуінше поляктардың саны туралы дәл мәліметтің болмауын сол кездердегі көптеген саяси себептерге байланысты, олар басқа ұлт өкілдері болып төлкұжатта жазылуынан болса керек. Ал поляк зерттеушісі Анджей Хобудскийдің ойынша ассимиляциялық процестер Қазақстандағы осы азшылықтың санын анықтаудың даулы мәселеге айналуының себебі болып отыр. Ол Қазақстандағы поляктардың санын поляк қайраткерлері мен костел өкілдерінің есебін басшылыкқа алып 150-250 мың адам шамасында деп есептейді.
Қорытынды
Польша мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасының қалыптасып даму деңгейінің біздің мемлекетіміз үшін маңызы жөнінде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға болады:
Қазақстан мен Польшаның бір-біріне деген жақындасуға дегеп ұмтылыстары достық, әріптестік, толық түсіністік және халықаралық құқықтың қағидаларына толық сәйкес негізде жүзеге асырылуда. Екі мемлекеттің болашақта ынтымақтастық қатынастары өздерінің дәйектілігімен толық түсіністікке бағытталғанымен сипатталады. Польшаның Қазақстан, халықаралық ұйымдар мен аймақтық үйымдардағы ауызбіршілігі екі ел арасындағы қатынастарды ірі даулы мәселенің жоқ екендігінін дәлелі.
— Польша мен Қазақстан экономикалық қатынастар саласында тамыры тереңге кеткен байланыстар орнатқан. Екі ел арасында бұл салада ынтымақтастықты дамытуға қажетті құқықтық негіздің жасалуы, екі жақтың іскерлік байланыстарын кең көлемде орнатуға жол ашып беруде.
— Польша мен Қазақстан арасындағы саяси қатынастар Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің барлық аспектілері бойынша толық түсіністілікпен өз жалғасын табуда. Екі елдің мұндай ынтымақтастығы Қазақстанның басқа көршілері үшін үлгі болуда.
— Польша мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастықтың даму деңгейі өркениет пен мәдениеттің екі мемлекет халықтары арасындағы шынайы қатынастарды қалыптастыруға деген ізгі тілек пен мақсаттан туындаған.
— Польша мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың болашағы зор және үміт күітірерлік дәрежеде дамып келеді, дами түспек деген ой қорытуымызға болады. Ол үшін ең алдымен Қазақстан Республикасындағы демократиялық бастауларды барынша қарқынды дамыту керек. Жоғары дәрежедегі кездесулерден барынша мол иәтижелер ала отырып, Қазақстан Республикасының жан-жақты дамуына толығымен жұмсау керек екендігінен нәтиже шығару болып табылады. Қазақстан Республикасындағы бүгінгі тандағы жасалынып жатқан өзгерістер халықтың игілігіне негізделеді деп сенеміз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Польша Республикасымен және басқа да шет мемлекеттермен жасалынып отырған ынтымақтастығы келешекте оның саяси және экономикалық жағынан дамыған мәдениеті жоғары, қуатты мемлекеттен қатарына шығуына тірек болады деген үміттеміз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 Кияс А. Поляки в Казахстане. Прошлое и настоящее.- Познань,1993. -180 с.
2 Стрельчик Й. Встреча двух миров. Апостолская столица и монгольский мир в первой половине XIII в. — Варшава, 1988 — 210с.
3 Ясевич 3. Поляки-исследователи и наблюдатели культуры народов Средней Азии и Казахстана. — Варшава, 1976. — 275с.
4 Badowski R. Policy picwci Kazchstany. — Warszawa, 2002. — 95 пч.
5 Гавенцки M. В степи далекой. Поляки в Казахстане. — Алматы-Познань, 1997.-315 с.
6 Тромболи А., Платер Я.? Поляки в Казахстане в XIX в. — Варшава. 1982. -217 с.
7 Седлецкий Й. Поляки в СССР в 1939-1986 годы. — Варшава. 1988. — 192с.
8 Мыслинский. В. Восточные судьбы поляков. — Варшава, 1991.- 158с.
9 Цесельский С. Поляки в Казахстаие в 1940-1946 гг. — Вроцлав. 1996 -180с.
10 Бальцерович Л. Социализм. Капитализм. Трансформация. Очерки на рубеже эпох. — М, 1999. — 350 с.
11 Гжегож В. Колодко Польша 2000. Новая экономическая стратегня. -Варшава, 1996.-159 с.
12 Гжегож В. Колодко., Нути Д. Марио, Польская альтернатива. -Варшава, 1997. — 140 с. »
13 Дьяков В. Сапаргалиев Г. Общественно-политическая деятельность ссыльных поляков в дореволюционном Казахстане. Алма-Ата, 1971. — 221с.
14 Стеклова Ф. Қазақ халқының өткен дәуірінен біраз дерек Жұлдыз. 1965 — № 2. — 22-27 бб.