Платонның «Мемлекет» шығармасы туралы реферат

0

Тақырыбы: Платонның «Мемлекет» шығармасы

Жоспар:

  1. Платонның «Мемлекет» шығармасы
  2. Тәрбие мәселесі
  3. Мемлекеттің түрлері
  4. Мемлекет ізгілігі
  5. Мемлекеттің халқы және соғыс мәселесі
  6. Мемлекеттегі өнер мен таным
  7. Жетілген мемлекет
  8. Қолданылған әдебиет

Платонның мемлекет шығармасы

Платон диалогтарының ішінде ең маңызды және атақтыларының бірі «Мемлекет» болып табылады. «Мемлекет» шығармасын атақты жасаған оны баяндау шеберлігі, кітаптың мазмұны және шындыққа жақындығы.

«Мемлекеттің» қалған шығармалардан артықшылығы – философиялық  ойдың көп жақты қолданылуы. Бұл шығарманың тақырыбы әділеттік және оның бір ұғымы этика болып табылады. Бірақ осы сұрақтарды қарастырғанда Платон философияның негізгі сұрақтарының бәрін қарастырып өтеді. Бұл шығарманы құрастырғанда Платон табиғат туралы, адамдардың қарым қатынасы туралы, мемлекттің құрылуы және оның адамдарының сословиелер туралы және осы мемлектті қалай басқару керектігі, азаматтардың тәрбиеленуі және оларға білім беру қарастырады. Бұл шығарманың атауы өзіне сай келмейтін сияқты, бірақ ол түсінікті, ол кезде қазіргі кездегі жүйе деген мағынадағы термин болған жоқ.

«Мемлекет» өзінің көлемі мен мазмұны, қолданылған материал мен ой тереңдігі мен көпжақтығы, зерттеліп жатқан тақырыбы жағынан Платон шығармаларындағы ерекше роль алады. Сократ жанындағы адамдарға айтқысы келген «мұрат» (идеал) туралы ойлары, адам өмірінің барлық жағын қарастырады; адамның өзін, жануясын, тұратын еліннің барлық этникалық, эстетикалық жақтарынна қарастырады. Ол кітаптың бірінші бөлігі болып табылады, одан кейін «Тимей» космостағы идеалды құру, «Критий» идеаль қоғам құру мен оны іске асыру туралы жазды.

«Тимей» мен «Критий» Платонның  өмірінің соңында жазса, «Мемлекет» IV ғасырдың 70-60 жылдары жазылған.

Бұл диалогтың мағынасын Кефальдың үйінде Сократ сөздерінен көреміз және оны ертесі достарына айтып береді. Бұл диалог бірнеше сағатқа созылған, Пиреяда Афинаға жақын жерде күндізгі құдайға арналған марш

пен кешкі факелмен жүгіру аралығында болды. Бұл диалогта жоғарғы орынды Сократ пен Платонның бауырлары Аристона Адамей мен  Главкон

алады, екеуі де философияға қатысы жоқ, бірақ Платонның «Сократ

апалогиясы» мен «Парменидте» аттары кездеседі. Сократ Главконды мемлекет басқарудан бас тартқызады. Бұл диалог Кефал деген қартайып қалған атақты сицилиялық оратордың үйінде болады, оның баласы Лисакия, атақты оратор Лисия сонымен қатар Кефал шақыруымен келген балалары Олемарх мен Лисия, қонақтар арасында софист Уалкедоннан келген Фрасимах болады. Осы Фрасимах пен айтысу кезінде Сократ өзінің ойларын шындығын дәлелдейді.

Платонның айту бойынша философтар дегеніміз өзі тепе-тең заттарға жете алатын адамдар. Өз ойларында өзі шатасып жүрген адамдар олар философтар емес. Сол жерде, ол адамдар суретшілер сияқты жоғарғы шындыққа жете алмайтын және оны мұқият шығарады.

Тәрбие

Платонның айтуы бойынша, адамдарды дұрыс тәрбиелеу дегеніміз адамдық жаман қасиеттерден арылту. Адам дүниесіндегі көптеген жақсы жақтар оның денесіне жазылып қойылады, ол адамның шыныққанынан пайда болады және өмір бойы болады. Платонның айтуы, бойынша ойлау дегеніміз «горазда более божественное происхождение». Ол «ешқашан өз күшінен айрылмайды, бірақ оның бағыталуына байланысты, керекті және пайдалы немесе керексіз және пайдасыз» деп бөлуге болады. Түрі жаман адамдардың ақылы терең болуы мүмкін. Егер табиғаттан пайда болған нашар қасиеттерін жастық кезде алып тастаса, ол шындыққа бой бұруы мүмкін. Мемлекет басқаруға  шындыққа бой қойған және өмір бойы өзін өзі түзеп келе жатқан, адамдар қоғамдық істерге араласа алмайды. Жетілген мемлекетерде жоғарғы нәтижеге жеткен, шындыққа жеткен адамдар осы жеткен жерінде тоқтап қалмай, оны одан ары дамытып жоғары ұмтылуы керек. Бұл жетілген мемлекеттерде халықтың белгілі бір тобының жоғарғы дәрежеге шығуы  емес, мемлекет халқының бүкілін жоғарғы дәрежеге жетуін мұрат тұтады. Бұл жағдай философтарға дұрыс қарамау емес. Жетілмеген мемлекеттерде философтардың мемлекет дамуына қатыспауына мүмкіншілік бар, бұл елдерде философтар мемлекетке қарамай өздері дами береді. Бұл елдерде философтардың шығынын мемлекет өтемейді.

Жетілген мемлекет философтары осы мемлекет алға қойылған мақсаттары мен өзі алдына қойған мақсат жолында тәрбиеленеді. Олар жақсы және жетіліп тәрбиеленеді. Сондықтан, олар жеткен орында тұрып қалуға құқылы емес. Осы айтылғандар орындалған кезде ғана, қазіргіндей мемлекетті басқару үшін, жаңа  іс үшін  соғысқандай басшылық үшін соғыстар болмайды, ел басы  болуға құқылы болады. Ал жетілген мемлекеттерді әр  адам билікке мойын сұқпайды  және сондықтан ол елде ішкі соғыстар болмайды. Мемлекет басқаратын адамдар елді басқарудан басқа, жақсы және бағытталған түрде білім алу керек. Ел басшылары біліммен қатар, физикалық жаттығуларды және мусикалық мәдениетті қатардағы жауынгер сияқты білуі қажет. Бірақ жоғарғы нәтижелерге жету үшін бұл жеткілікті емес, басшы үшін кез-келген өнер немесе ептілікте артық болмайды. Ол адамдарға ойлау, біліммен қатар есептеу және есеп керек. Ғылымның өзі табиғат адамдарды ойлануға тартады, бірақ ғылым ретінде дұрыс пайдаланбайды, ол бізді шын болмысқа тартады. Адамның ішкі табиғатында қарама-қайшылық тұғызбайтын ойлар адамды шын болмысқа алып бармайды және алып бара алмайды. Егер ойлаған зат қарама-қайшылық тұғызса, ойлау кезінде зат не қатты, не жұмсақ болып немесе не ауыр, не жеңіл болып көрінсе, ол адамды ойлауға, ойлаудан шын болмысқа тартады. Осы ойлау кезінде біз есеп пен ойды іске қосамыз, себебі ол алдымен заттың қандай болатындығын ойлатады. Егер ол екі зат біреуі екіншісіне ұқсамайтын болса ол заттар әрбіреуі өзіндік, әр түрлі заттар. Бұл екеуі біздің қабылдауымызша ешқандай

қарама-қайшылық болмау керек. Онда бұл заты қабылдау ойлауға жол тартпайды. «Ақыл жетпейді» термині қолданылмайды. Бұл жағдайда екі затты қабылдау екі түрлі болады, ал егер осы екі сезілген зат екі түрлі

қабылданса, ол бізді ойлауға тартады. Егер екі зат екі түрлі қабылданса онда ол мән туралы сұрақ қойуға және оны шешуге тартпайды. Алдындағы қабылдау бізді мән туралы сұрақ қойуға және оны шешуге тартпайды.

Мемлекет түрлері

Платон өз диалогтарында айтқан мемлекет, сол кездегі Грециядағы не басқа жердегі өмір сүріп жатқан мемлекет еместігін айтады. Бұл «мұратты»(идеалды) мемлекеттің моделі, бірақ мұндай мемлекет өмірде болмады. Сондықтан, бұл шығармадан кейін әдебиетке жаңа термин утопия кіреді.

Басқа философтардың утопиясы сияқты, Платон утопиясында әр түрлі элементтерден тұрады. Ол, бірінші сыншылық немесе жағымсыз элементтері бар. Армандаған елді белгілеу үшін сол кезде бар мемлекеттердің жаман жақтарын білу керек. Қазіргі бар мемлекеттер ең жақсы және жетілген болу үшін мемелекеттің қандай жағы өзгертілуі керек және қандай жақтары мемлекеттен алынып тасталуы керектігін білу керек. Сынамай және мемлекеттің нашар жақтарын алып тастамай біз утопия құра алмаймыз.

Екінші жағынан қарасақ, утопиялық мемлекеттің жақсы және конструктивті жағында көрсету керек. Ол жерде автор сол кездегі мемлекеттерде не жоқ, бірақ болуы керектігін айтады. Утопия мемлекет ойлау, қиялдаған  кезде  ғана пайда болатындықтан, утопияларды фантастикалық бөліктерде болады, бірақ утопиялық елдің фантастикалық жақтарын шындықтан түгелімен бөліп алуға болмайды. Утопияны сынау арқылы және бар мемлекеттермен салыстыру арқылы ғана құруға болады. Бірақ мұндай мемлекеттер бейне, формасы және ойлау арқылы ғана құруға болмайды, ол шын қоғам түрінде болуы керек. Утопия – бар мемлекттің нашар жағыннан арылуы және жақсы жағын әдемілеп суреттеу. Ойлап табудың тірегі шындық болып табылады.

Платон мемлекетті сынап және оның нашар элементтерін көп көрсеткен. Платон өзінің «мұратты» (идеалды) мемлекет туралы ойларын көрсетіп қоймай, оны мемлекеттің нашар жақтарымен салыстырады. Барлық нашар мемлекеттердің формасы үшін бір жақты ойлаудың орнына ұрыс-керіс, әділеттіктің орнына әр жаққа бөліну; өмірдегі жоғарғы мақсатқа ұмтылудың орнына билік үшін төменгі мақсаттарға ұмтылады, ақша қуалау бар екендігін көрсетеді. Нашар мемлекеттердің қозғаушы күші болып материалдық жоғары шығумен,  соған ынталану болып табылады. Платоның айтуынша сол кезде өмір сүрген мемлекеттердің бәрі нашар мемлекетке жатады. Олай деу себебі, ол мемлекеттерде бай және кедей деп таптық бөліну бар, шын мәнінде барлық мемлекет солай екіге бөлінеді, «ол екі қарама-қарсы жақтар біреуі кедейлер болса, екіншісі байлар жағы». Қазіргі кезде бар мемлекеттің бәрі жетілмеген мемлекет формасында, Кронос билік еткен мемлекет жетілген мемлекет формасында болуна халықтың бірге тұруы түрткі болды. Сол Кронос басқарған  мемлекетті сипаттаған да, Платон өз фантазиясымен сипатайды. Оның айтуы бойынша: ол мемлекеттің әрбір облысын әр түрлі құдай басқарған, адамдардың өміріне керекті заттың бәрі болған дейді, соғыс, ұрыс-керіс, ұрлық дегендер болмаған. Ол кезде адамдар адамдардан туылмаған, олар жерден туылған және оларға үй, төсек деген заттар керек болмаған. Бос уақыттың бәрін философиямен айналасумен өткізген. Ол кезде адамның бәрі бірімен-бірі дос болған және ол кезде табиғатпен күресу керек болмаған.  Платонның айтуынша, сол мемлекттің құрылымы ең жақсы болған деп алуға  болмайды, себебі қазіргі кезде өмір сүру үшін табиғатпен және қарсылас мемлекеттер мен күресу керек дейді.

Платон бойынша, жетілмеген елдердің өзінің түрі және формасы бар. Платон айтуынша, мемлекеттің төрт түрі бар. Олар:

  1. Тимократия
  2. Олигархия
  3. Демократия
  4. Тирания

Бұл мемлекттің жәй ғана түрі емес. Бұл түрлер жетілген мемлекетпен салыстырғанды мемлекеттер бірінен кейін бірі тізбектей нашарлай береді.

Бұл  формалардың ішінде ең біріншісі тимократия болуы керек. Тимократия дегеніміз – мемлекетті  атақ құмар адам басқаруы. Тимократияда ертедегі жетілген мемлекеттің кейбір бөліктері қалған, бұл елді басқарушы жоғары даңқа ие, әскери адамдар жер өңдеу және басқа жұмыстардан босатылған, тамақтандыру әрқашан бірге болған, барлық бос уақытта әскери жаттығулармен, гимнастикамен айналысқан. Мемлекеттің жетілген мемлекеттен «нашарлануы» халықтың байлық құмарлығынан басталады. Адамдардың ішіндегі кейбіреуі алтын, күміс әшекей заттар жинап байып, жақсы өмір сүреді.

Тимократия нашарлап оның орнына Олигархия басталады. Олигархия дегеніміз ( «oligoi» — кейбіреулер, аз бөлік) халықтың аз бөлігінің көпшілікті билеуі. Бұл мемлекетті байлар классы басқарады, ал кедейлер ел басқарудан аластатылады. Олигархиялық елдің басшысының өмірі жаман  аяқталады. Байлардың арасындағы ақымақтаулары ақырындап кедейленеді. Бұл адамдардың ішінде қылмыскерлер, ұрлықшылар пайда бола бастайды. Платонның жетілген мемлекетті туралы ойлары олигархиялық мемлекеттерде орындалмайды және орындаулы да мүмкін емес. Бұл заң қоғамдағы әрбір адам өзіне жүктелген, не тиісті жұмысты ғана істеу керек, басқа адамға жүктелген, не тиісті жұмыстарды істеуі керек емес. Олигархиялық елде болса халықтың кейбір бөлігі әр түрлі жұмыс істейді, жер өңдейді, қол өнершілікпен тағы басқа жұмыспен айналысады, ал байлар ешқандай жұмыс атқармайды. Екінші жағынан олигархияда адам өзі жинаған заттың бәрін сатуға құқылы. Ал бүкіл затын сатқан адам қоғам үшін ешқандай жақсы жағы жоқ, ол кедей адамға айналады.

Платонша, олигархиялық осылай дамып нашарлай беруі мемлекеттің

басқа бір түрі демократияға келеді.

Демократия дегеніміз халықтың елді формальды түрде басқаруы. Бірақ демократиялық мемлекетте бай, кедей болып бөліну олгархиялық мемлекеттен ары  дамиды. Олигархияда басталған бай адамдардың өмірі, одан ары жақсара түседі. Олардың ақшаға қажеттелігі одан ары артады, осыдан көптеген байлар кедейленіп, кедейлер саны өседі, кедейлер байларға қарсы шыға бастайды, ал алдында атап өткен қылмыскерлер мемлекетке қарсы шыға бастады. Кедейлер байларға қарсылығы көтерлістерге дейін жетеді. Кедейлер көтерілісі жеңіске жетсе онда мемлекеттегі байлардың кейбіреуі құртылады, ал қалғаны елден қуылады, ал билік қоғамда қалған адамдар арасында бөлінеді.

Ал мемлекет билігінің нашарлауының ең төменгі сатысы ол – Тирания. Тирания бойынша бір адам бүкіл елді басқарады. Бұл елді басқару демократиядан кейін туады. Тирания елді бір адам – тиран  басқарады. Тиран елді басқаруының басында халыққа жылы жүзбен қарайды, халықты қарыздарынан босатады, жерлерді бөліп береді, көптеген жалған уәделер береді. тиран әр қашан, әр түрлі соғыстар ашады, себебі елде өзі сияқты басшы болу керектігін көрсеткісі келеді. Тиранның осы соғыстары халыққа тыныштық бермейді және халық тиранға қарсы көтерліеді. Тиран билікті ұстап қалу үшін халықты қырады, досын да, қасын да өлтіреді.

Платон жасаған класификация мемлекеттің нашар жақтарының сипаттамасын немесе мемлекет басшылары мен мемлекет түрлерінің нашар жағын көрсетеді. Платон Грециядағы мемлекетерді зерттеп сол зерттеу нәтижесінде аталған класификациясын жасаған.

Жетілген мемлекет төрт ізгілігі

Құл иеленуші замандағы гректердің Платон – аристократияша  ойлаушы философы. Сондықтанда, ол жасалатын өнімге тұтынушы түрінде қарайды. Бұл жағдай Платонның мемлекет туралы анализ жасау кезінде проблемалаға әкеліп соғады.

Платон үшін ең маңызды болған басқарушы азаматтар, әскерилер, өнімді өндіретін адамдарды бөліп қарастырды. Мемлекет құрылу үшін әр түрлі жұмыстарға мамандалаған жұмысшы бүкіл қоғамға жақсы болу үшін, не істеу керектігін айта алмады. Оның ойының көбі әскери адамдар тәрбиелеу және олар өз қызметінің атқару мен өмірі қызықтырды. Маманданған жұмысшылардың жұмысын білмей тұрып Платон, олардың жұмысын құрылымдық түрде бөліп берді. Бұның шығу себебі, Платон маманданған  жұмысшы өзіне тиіс жұмысты және тек соны ғана істеу керек болды.

Еңбектің өзі Платон өте қызықтыра қойған жоқ. «Мемлекеттегі» Платонның бұл жақтарын жазған негізгі себебі, ол қоғамның жетілген (совершенный) мемлекеттегі орнын көрсеткісі келді. Алдында айтып өткен  мамандалған адам қоғам үшін не істей алатындығы және оның өмірін Платон білмеді және білгісі де келмеді. Оның ойынша мемлекетке және қоғам бөлінбейтін бөлшек сияқты болып көрінді.

Ең жетілген (совершенный) мемлекет өзінің құрылуы жағынан төрт ізгілік (добродеятель) болады. Олар:

  1. даналық (мудрость)
  2. ерлік (мужество)
  3. талдай алатын (расудительный)
  4. әділеттік

Даналық деп Платон бір затты техникалық істей білу мен оның білімін емес, қиын кезде мемлекет басқару туралы ой айта алатын, мемлекеттің ішкі істері мен сыртқы қарым-қатынасын жүргізе алуды айтады. Осыны істей алған басшы жетілген (совершенный) болып табылады. Даналық – ол халқтың бәріне тән емес, халықтың белгілі бір бөлігіне ғана тән құбылыс, ол бөлік философтар тобы; бұл дегеніміз жай мемлекетті басқара алумен бірге, оның ойы жоғары даму керек.

Ең жақсы басшылардың екінше бір жағы ол – ерлік. Даналық сияқты ол да бүкіл халықтың бір бөлігіне ғана тән, бірақ ол даналықтан көп болады. Алдында атап өткен дана мемлекет болу үшін халықтың бәрі дана болуы шарт емес халықтың белгілі бір бөлігі ғана дана болуы керек. Ер жүрек ел болу үшін халықтың бір тобы ер жүрек болғаны жеткілікті және заң бойынша қайсы қорқынышты, ал қайсы қорқынышты еместігін ажырата білу керек.

Үшінші ізгілік жетілген мемлекеттің талдай алуы, не анализдей алуы, Бұл алдындағы екеуі сияқты халықтың бір бөлігіне тән, бірақ ең жақсы жетілген мемлекеттің халқының барлығына тән болуы керек. Егер халық бәр әрқашан бәрін талдай, анализдей алса онда халық ешқашан заңды бұзбайды және басшылыққа қарсы шықпайды, өзін-өзі жаман істерден тоқтатып отырады, бұл ел жетілген елге жақынырақ болады. Платон анализдей, талдай алатын адамның жаман жақтарын көрсетпей, тек жақсы жақтарын көрсетеді.

Төртінші ізгілік жетілген елдің — әділеттігі. Мемлекетте басшы әділетті болса. Мемлекет халқын да әділіттіке тартадыж және орындайды. Мемлекетте әділеттік болса мемлекет кез келген өз талабын орындата алады, олар бәрі өзара тең болады.

Платонның айтуы бойынша «әр бір адам мемлекетке қажетті және өзі істей алатын істердің мемлекетке қажеттісін істеу керек». Осының өзі әділеттік. Платонның көз қарасы бойынша әділеттік кластық бой көрсетеді – қоғамда және полистерде бір кластың адамы екінші кластың адамының жұмысын атқаруына қарсы болады. Платонша бұны әділеттік қолдамайды.

Платонның айтуы бойынша бір класс ішіндегі адамның бір жұмысты,

екіншісіне ауыстырғаны ештеңе емес. Егер бір байыған төменгі класс адамы

әскери адам болғысы келсе немесе әскери адам басшы-философ немесе оның кеңесшісі болғысы келсе, ол мемлекеттің құлауына әкеліп соғуы мүмкін.

Платонша әділеттік мемлекеттің жаңғыз негізі емес. Болмыстың әр түрлігінің арасындағы әділеттік бірімен бірі байланыста болады. Ол үшін мемлекет макроәлем, осы мемлекеттің әрбір адамы микроәлем болып табылады. Осы адамдарда үш түрлі зат болуы керек. Олар:

  1. зерденің (разум) басы
  2. Афектің басы
  3. «неразумның» басы

Жетілген мемлекеттің халқы және соғыс түрлері туралы

Жетілген (совершенный) халқын үш разрядтқа бөлуге болады. Олар:

  1. Ел басы – философтар
  2. Әскер
  3. Өнім өндіретін жұмысшылар.

Бірақ бұл көрсетілген ең жақсы мемлекеттегі қоғамның немесе мемлекттің құрылмының бәріне тән емес дейді. Бұл элиндер еліне тән. Элладаны

қоршаған елдердің қоғамы бұлай бөліне алмайлы. Грециялық емес елдің цивилизияция мен саяси тұрақтығына ұқсамайтын «варварлық» елдер жетілген мемлекет бола алмайды. Платонның айтуынша, «варварлық» елдермен, тайпалармен гректердің айырмашылығы өте үлкен, мысалға гректік екі тайпа арасындағы соғыс гректік елмен «варварлық» елдің  арасындағы соғысқа мүлдем ұқсамайды. Гректер бірінші жағдайды соғыс деп есетемейді оны келіспеушілік деп есептейді, ал екінші жағдайды шын соғыс деп есептейді. Платон, егер элиндермен «варварлар» немесе керісінше болса онда бұл күресті табиғатты бойынша  қастарымен күрес деп айтады. Элиндер мен элиндер соғысса табиғатты бойынша достар уақытша күрес деп айтады.

Платон утопиясында оның армандарымен қатар грециялық полистердегі шын бар бөліктерінде көрсетеді. Ол көріністер Платонның мемлекетінен алшақтау болып келеді.

Платонның кедейлер бір жақты маманданған дамуы, ал байлар мен әскери адамдардың жан-жақты дамып, жақсы тәрбиеленіп, білім алғанын армандауы, оның халықты жоғары және төменгі екі класқа бөлуі деп айтуға болады.

Осы халықты екіге  бөліп Платон жетілген мемлекет құра алмайды, себебі екі жақ әр қашан біріне бірі қарсы шығып отырады. Бұл Платон халықтың және оның кластарының теңдігі туралы постулаттына кері шығады. Оның  халықтың теңдігі туралы постулатты бойынша адамдар түгелімен жерден шыққан, сондықтан олар бәрі тең екендігі жайында айтады. Осы постулат орындалу үшін әскери не болмаса, ел басы бүкіл халықты өз бауыры деп есептеу керек. Шын жүзінде болса байлар не әскери адамдар шаруаларды өз бауырлары деп есептемеген, шаруалар жұмыстың бәрін істеген, ал қалған екі класс болса ешқандай жұмыс істемеген, сондықтан Платонның жетілген мемлекетті туралы постулатты орындалмайды.

Бұл екіге бөліну одан әрі дамиды. Әскерилер мен философ-басшылар классы істеп қана қоймай, олардың жұмысы шаруалардікінен әлдеқайда оңай, сонымен қатар олар шаруалады өзін тыңдауын және ел басқаруға араласпау керектігін айтады. Басшылар әскерилердің көмеген халықты сыртқы жаудан қорғап қана қоймай, итпен мал баққандай, олардың көмегімен халықты малдай баққан, сонымен қатар ел басшылары әскерилерді халықты тонатпай бір қалыпта ұстау керек болған. Әскери адамдар шаруалар туратын жерде тұрмауы керек болған, олар арнайы лагерлерде тұрған, лагерь болса көтерілген халықты басуға ығғайлы жерде орналсқан. Әскерилердің шаруалардан жоғары класс қана болмай, сонымен қатар олар жоғары сатыларға көтеріле алды. Олардың арасында білімі жоғары, терең ойлайтын, жақсы тәрбиеленгені философ-басшы қатарына көтеріле алды.

Адам дегеніміз  жетілген өнер туындысы, бірақ әр түрлі «искушение» мен  «соблазн»-ға жақын сонымен қатар жамандық жасауы мүмкін, адамды

жамандықткан алыстатын басшы-философтардың заңдары болуы керек.

Платон көбіне жетілген мемлекет өміріне көп көңіл бөледі, көбінесе әскерилердің өмірі мен характеріне, күнде істейтін жұмыстарын көп қарастырады. Халықтың тәрбиеленуімен характерінен болашақ жетілген мемлекеттің құрылымы мен өте жақын.  Платон құрған утопияда негізгі орынға өнегелік қойылады.

Жетілген мемлекеттегі өнер мен таным орны

Әскери адам мен ел басшы-философтарды тәрбиелеген кезде, Платонның айтуынша, жақсы жақтары ғана қарастыруыға болмайды. Осы адамдарға кері әсер ететін жақтарды да мұқият қадағалау керек. Кері жақтарын қарастырғанда Платон өнер мен тәрбиеленуді терең қарастырады. Платонның бұл сұрақты қарастыруының ешқандай ғажаптығы жоқ. Оның себептерінің бірі, ерте грек елдерінде өнер мен тәрбие үлкен орын алды. Бұл кезде грек халқы дамып келе жатқан театр, музыка,  поэзияның лирика мен эпикалық түрлерінің қол астында болды. Сол уақытта театрға билетті ақысыз тарату елдегі демократияның бір көрінісі деп атауға болады. Театрдағы көріністер халықтың ойына, ойлауына түрткі болды. Осы сұрақтарға Платон өзінің «Мемлекет» кітабының екінші және оныншы бөлімдерін арнады. Платонды Аристофанды сияқты теоретика, социология, политика қызықтырды, сонымен қатар жақсы суретші болған, сондықтан «Мемлекет» еңбегінде, ол өнерге көп көңіл бөлді.

Платон өз шығармаларында антика философиясын ғана емес, антика тарихын, сол кездегі ғылымдарды және антика әдебиетінің тарихын жазды. Оның эстетикасының неізгі сұрағы педагогиканы қарастырады. Платон өмір  сүрген дәуір мен қазіргі дәіурді салыстыра алмасақ та, оның педагогикасы туралы ойлары бізді қызықтырады. Өнер – адамды тәрбиелеудің бір түрі. Өнер не қанішер, не адамгершілігі мол адамды тәрбиелеп шығарады. Ол адамдарды ер жүректік пен заңды тыңдауға үгіттейді, не осы

айтылғандарға кері тартуы мүмкін. Сондықтанда жетілген мемлекеттің басшысы сол мемлекеттің өнерін білуі керек. Платонның жетілген мемлекеттінің басшысы-философтар өнерді біліп қана қоймай, өз елінде өнердің дұрыс дамуын қолына алуы керек. Өнер арқылы адамды тәрбиелеуге болатындықтан басшы әрқашан өнерді қадағалау керек. Басшылар мемлекеттегі өнердің халыққа «кері» әсер ететін алып тастап, ондай «кері» өнерді жою керек. Өнер азаматты тәрбиелеуге, оның саясат пен педагогика туралы ойларын ары қарай дамытады. Бірақ ол суретшілердің не жазушылардың туындыларын қалай шығатындығына араласпау керек. Мемлекет басшысы жазушы, суретшілерге өз туындысын қалай орындағанын емес, оның мәнін, халыққа әсерін ғана басшылар қадағалай алады.

Мемлекет басшылары туындының мәні мен халыққа әсерін ғана сынау керек. Оның сыртқы бейнесі мен халыққа әсерін және тәрбиелік мәнін бөліп қарау керек. Өнегелі емес (безнравственный) туындыны өнер туындысы деп атаудан Платон алшақ болуға үгіттейді. Туындылардың сыртқы түрі мен мәні бірдей болуы мүмкін немесе екі түрлі болуы мүмкін, тәрбиелік мәні жоқ, өте жақсы туындыны өнер туындысы деп атауға болмайды. Платонның айтуынша Гомер, Эсхил, Софокл, Эвринуттің құдайлар туралы шығармалары осындай болып табылады және халыққа үлкен әсер етеді.  Олар өздері бейнелеген құдайлардың нашар жақтары бар екендігіне сендіріеді. Сондықтанда, құдайлар мен ел басшыларын шығармаларда жамандауға,  олардың нашар жақтарын көрсетуге болмайтындығын айтады.

Ел басшылар лирикалық және драмалық туындыларды екі жақтан қарастыруға облад дейді. Олар:

  1. Шындық
  2. халыққа әсері

Туындының шындығы туралы сұрақты таным туралы және өнерді тану арқылы шешеді. Шын таным дегеніміз Платонша, «запредельный идея» болып табылад, Олар ақыл жетерлік, оларды адам сезе алмайды, және олар

туралы өз ойы болмайды. Бір зат түрінде оған ешкім жете алмайды және ол шындықтан алшақ болады. Өнер дегеніміз бір затқа ұқсата алу, ол идеяға ұқсата алмайды. Ол сол идеяға ұқсас затқа, яғни ұқсайтын затқа ұқсата алады. Былайша айтқанда идеяға ұқсас затқа ұқсату. Шындық дегенді Платон өзінің таным және танымның өнерге әсері арқылы табады. Шын таным болып, «запредельный» идеяны тану болып табылады. Платонның онтологиясы мен таным теориясы, суретшілердің. Туындыларын бір-ақ бағытта бағалайды,  ол нашар баға. Платон сурет туындыларын сынайды және оларға қарсы болады. Платонша, өнер туындысы шындықты көрсете алмайды.

Платонша, өнер құдай туралы болмауы керек. Оның себебі, Платонша, құдай әрқашан ізгілікті болады, ал сурет туындыларын да құдайдый нашар жақтарын көрсетуі мүмкін. Миф жазылғанда, ол мемлекеттің жетілуіне жақсы болса ғана, ол мифті жас балаларға айтуға болады. Басқа мифтерді естіп жас жеткіншектердің психикасы «басқаша» болашақта дамуы мүмкін, сондықтан жетілген мемлекеттің құлауына әкеліп соғуы мүмкін. Жастарға айтылған мифтер жастарды жақсылыққа тартуы керек.

Платонша, жан-жақты шығармаларда тұғызбауға болмайды, бірақ олардың арасынан таңдап, жақсыларын ғана халыққа тарату керек. Ол шығармалар халықты ерлікке, табандылыққа тарту керек. Эпикалық поэзия жетілген мемлекетте болуы керек, себебі ол шындықтан өте алшақ болады. Трагикалық шығармалар адамдардың ішкі дүниесін өгертеді, ал комедиялық туындылар адамды әрқашан адамды демалтады.

Платонның ойынша өнер жетілген мемлекеттің халқына жақсы жаққа қарай тәрбиелеу керек. Бірақ ол шығармаларды басшы мен құдайлар туралы жазбауы керек. Платонның осы айтуларын Руссо мен Л.Толстой жалғастырады.

Жетілген мемлекет

Платон өзі атап өткен  нашар мемлекет пен қоғамның нашар түрлеріне қарсы өзі жетілген ең жақсы және ең зерделі (наиразумный) мемлекет пен оны басқаруды көрсетеді. Олигархиялық мемлекет сияқты сияқты мемлекетті бірнеше адам басқаруы керек. Олигархиялық елдегіндей емес, бұл байлар емес. Елді шынындада жақсы басқара алатын, біріншіден табиғатынан ел басқаруға арналған және дарынды болуы керек, екіншіден ол көп жыл дайындалуы керек. Мемлекет жетілген болуының шарты және принципі мемлекеттегі әділеттік. Бұл әділеттік дегеніміз, Платонша, мемлекеттің азаматына белнгілі бір жұмыс және жағдай жасалу керек.

Платон айтуынша, мемлекетте ең жақсы система болу үшін саяси ұйым мен өнегелі ізгілік болуы керек. Ол өте маңызды міндеттерді атқаруы керек болады. Жетілген мемлекет біріншіден қарсылас елмен соғысуға, гол елдің шабулдарына тойтарыс беруге шамасы келуі керек. Екіншіден, олар халықты қажетті заттармен қамтамасыз етуі крек. Үшіншіден мемлекет басшысы халықтың рухани дамуын қадағалап оны бағыттап оытру керк. Осы шарттар орындалғанда игіліктің жоғарғы сатысындағы мемлекет деп атауға болады.

Платонның мемлекетінде жұмыстың бәрі бүкіл қоғамға бөлінетін, бірақ олар гармонияда тұратын. Бұл бөліну принципі қандай? Деген сұрақ туы мүмкін. Ол біртекті емес оның бөлінуі екі принциптен тұрады: біріншісі өнегелік, екіншісі шаруашалық. Халықты сословиеге бөлу кезінде, Платон,  топты өнегелігіне және оның қасиеттеріне қарап бөлді. Оны қарастырғанда Платон экономикалық жағында қарастырды.  Платон мемлекет және қоғам болудың фундаменті сословиеге бөлу деп есептеді. Сонымен қатар қоғамды мамандандыруды да қарастырады, осы мамандану арқылы жұмыс бөлінеді дейді. Платонның мемлекетті сословиеге бөлуін кейін Маркс қолдап, жоғары баға берген. Платонның айтуы бойынша қоғамның қажеттілігі біртекті болады. Осы қажеттілікті орындау үшін халықтың бірігуі крек, осы бірлестікті Платон мемлекет деп атайды.

Платон жұмысшылар белгілі бір жұмысқа мамандану керек дейді. Плаон: «жұмысты жұмысшы істеуді үйрену керек және де ол кері болмауы керек». Платон айтуынша жұмыс оңай, тез,  сапалы және жақсы орындалу үшінжұмысшы жұмысты ол жұмысқа бейім қойып, алаңдамай орындау керек, оның осы жұмыс тума қабілетті болу керек. Жұмысшылардың мамандануы қоғаиға ғана емес, мемлекет үшін қажет.

Платонның ойынша мемлекет өзінің қажеттігін өтеу үшін ғана құрылады. Азық-түлік өндіретін, құрылыста жұмыс істейтін нетағ сол сияқтығана жұмысшы болмауы керек, сонымен қатар жұмысшыларға арнайы құрал-сайман жасап беретінде жұмысшылар болу керек. Жұмысшылар мамандану мн қатар сол өзінің жұмысынан шығатын басқада жұмыстарды атқару керек.

Бұл кезде ауыстыру сауда пайда бола басиады, сондықтан сатушылар мен сатыпалып сатушылар классы джа пайда бола бастады. Сонымен қатар, су жолы пайда болғандықтан және бір затты бір жерден екінші жерге тасымалдау үшін адамдар керек болды, осы тасымалдау орындайтын адамдар пайда болды. Алдында айтып өткен алмастыруды іске асыру үшін базарлар, тауарды бағалау үшін тиын ақшалар керек болды. Мемлекет шаруашылығы толығымен даму үшін ұсақ жұмыстарды атқаратын жалдамалы, яғни өзі істеген жұмысқа ақы алатын, жұмысшылар керек деді.

Осы аталып өткен жұмысшылар мен мамандалған жұмысшылар төменгі класты құрады, ал осы төменгі класты басқаратын жоғарғы класқа әскери адам мен басшы-философ жатады. Платон жетілген мемлекет болу үшін жұмысшылар мамандану керек десе, әскери адамдарды ол маманданған жұмысшыдан жоғары бағалады. Мамандалған жұмысшы, әскери адам, басшы-философ жетілген мемлекеттің негізін құрайды. Жас бала шаруалар жанұясында туылса, бірақ дарынды болып, жпқсы тәрбиелніп, білім алса, ол жоғарғы класқа, яғни әскери адам, не ел басшы-философ бола алады. 

Қолданылған әдебиет:

Платонның 3-томдық таңдамалы шығармалары кітабы. Москва 1971 жыл

«Государство» кітабы 89-455 беттері.