Пейзаж жанрының шығу тарихы туралы реферат

0

Тақырыбы: Пейзаж жанрының шығу тарихы

Жоспар

Кіріспе

  1. Пейзаж  жанрының  шығу  тарихы

а) XVI – XVII  ғасыр  бейнелеу  өнері

б) XIX ғ. Орыс  бейнелеу  өнері.

в) Қазақстан  бейнелеу  өнері

  1. Бейнелеу өнері  сабсғында  пейзажды  оқытудағы

методика

Тақырыптың  педогогикалық, эстетикалық  маңызы.

Ұлылардан  ұлағаты.

III. Дипломдық  жұмыстың  жүйесі

а) Тақырып  пен  сюжеттегі  ізденіс

б) Картон  мен  кенепте  жұмыс  істеу

в) Дипломдық  жұмыстың  орындалу  мқсаты

Қортынды

Қолданылған  әдебиеттер  тізімі

Қосымша

   Кіріспе

Адамның  табиғатқа  деген  махаббаты  әрине  шексіз.

Қылқалам  шеберлері,  ақын – сазгерлер, әншілер  әрқашанда  табиғатқа  деген  сезімдерін  өлең,  ән,  сурет,  мүсін  және  би  арқылы  жеткізуге  тырысқан.  Өнер — өмір,  ізгілік пен  әсемдік  бұлағы.  Өнер -өмір  көрінісі,  ол  халық  ескерткіші.  Өнер  адамзат  өмірінде, тарихында  үлкен  роль  атқаратын  өрісі  кең,  ұшы – қиыры   жоқ, қиын  да  қызықты  жол.  Ол  шынайы  талант,  шындықты,  шыдамдылық  пен  табандылықты,  ақыл  мен  парасатты,  терең  ой  мен  көркемділік,  сұлулықты  талап  етеді.  Өнер  туындысы  болып  есептелетін  барлық   тарихи  ескерткіштер  мен  классикалық  шығармалар  туындыларын  көргенде,  біз  оның  тек  әдемілігіне  ғана  қызығып  қоймай,  оның  мазмұнына  мән  бере  отырып,  ұрпаққа  қалдырылған  рухани  байлықты  көреміз.  Өнердің  қоғамдық  тәрбиелік  мәнін  жан   жақты  түсіну   үшін – оның  әсемдік, әдемілік  заңдарын  жақсы  түсіну  шарт.  Сондықтан  біз  халық  өнерін  айнала  қоршаған  әдемілікті,  сұлулықты  жете  түсініп,  сүйуіміз  керек,  өнердің  тылсым   ғажайып   сырларын  ашып,  оны  үйренуіміз  қажет.

Нағыз  суретші  ауыл  табиғатын  жазған  сайын,  оның  Отанға,  еліне  деген  сүйіспеншілігі  арта  түседі.  Адамзат  өмірінде  «өнер»  атауы  саналылығымен,  көркемдік  ойлаумен  ерекшеленеді.  Адамзат  өмірінде  өнер  деген  жалпы  ұғым  болса,  ал  «көркем  өнер»  атауы   өнерден  рухани,   эстетикалық  көркемдік  пен  жоғары   мәдениетті  талап  етеді.

Өнердің  сан  алуан  түрі  бар.  Олардың  барлығы халыққа  қызмет  етеді. Өнерді  бағалаушы  да,  қолдаушы  да,  жасаушы  да,  жоюшы  да —  халықтың  өзі.

Өнер  —  бұл  көне  заманнан  келе  жатыр,  ол   адамзат  қоғамының  алғашқы   құрылыс  дәуірінен  басталған.   Испаниядағы   аты  әлемге   айналған  Альтамира үңгірінде  салынған  хайуанаттар   суреттерінен  бастап,  қылқалам  шебері  Пикассо  Сезан  туындыларына  дейін  өнер  тарихы  күрделі  де  қиын  кезеңдерді  артта  қалдырған.

Келе —  келе  сурет өнерінің  дамуының  арқасында  сәулет,  мусін,  живопись  кескіндеме  өмірге  келді.

Адамдар  сәулетті   сарайлар,  қалалар,  ірі  қорғаныс  құралдарын  салды,  ғажайып  мүсіндер  тұрғызды.  Біздің  эрамызға  дейінгі  I-VI  ғасырларда  кеңінен  дамыды.  Осы  кезеңдерде  адам  жасаған  ұлы  өнер  туындылары  бірінен  кейін  бірі  өмірге  келіп  жатты.

Фараондар  салған  Египет  пирамидалары  Греция  еліндегі  әйгілі «Зефс» және «Радос» мүсіндері,  Ұлы  Қытай  қорғаны  және  Есіл  «Алтын  адамы», т.б.  Бұлардың  барлығы  — бейнелеу  өнерінің  құдіретін  өмірге  тәнті  еткен  қайталанбас  асыл  мұралар  еді.

Өнер – қуаныш  көзі,  ол – адамның  ақылшысы,  жан  серігі,  рухани  азығы.

  1. Пейзаж жанрының шығу  тарихы

«Пейзаж» — француз  сөзі,  ол  көркемөнер  жанырының  бір  түрі. Пейзаж  бірден  жанр  болып  құрылған  жоқ.  Ол  үлкен  даму  жолынан  өтті.  Пейзаж  фон  арқылы  живописте,  грағикада  және  басқа  да  жанр  түрлерінде  жұмыс  істейді.

Табиғатты  бейнелеу   неолит  кезеңінде  кездескен.  Релйеф,  роспистерде  ескі  шығыста  кездесті.  Египет  храмдарында,  сосын  фрескаларда  көрініс  тапты.  Алғашқы  пейзаждар  Қытайда  пайда  болды.  Олар  кітап  сияқты  ұзыннан  ұзақ  болып  жібек  маталарда  салынды.

XVI  ғасырдың  басында  «пейзажист»  деген  түсінік  пайда  болды.  Бірінші  болып  Альберт  Дюрер  Нидерландық  суретші  Иоахим  Патинурдан   үйренді  десек  болады.  Дюрердің  өзін  пейзаж  жанрында  жұмыс  істеген  бірінші  пионер  десек  те  болады.  Әсіресе  қызық   акварельдер: «Триента»,  «Нюрнберг»,  «Инсбург».

Екінші  қадамды  Дунай  мектебін  бітірген  суретшілер  жалғастырды  десек  артық  айтпаймыз.

Пукас  Кран  бірінші   болып  адамның  ойын  табиғатқа  басқаша  көзқараспен  қарауға   бағыттады.   («Иронимнің  кешірім  сұрауы»,  « Египет  жолында   дем  алу»)

Табиғат  көрінісі  көрерменге  үлкен  эмоцианалды  күшпен  әсер  етеді,  сондықтан  да  ол  әдемілікті,  қоршаған  ортаны  бейнелейді.  Қоршаған  орта,  табиғат  көрінісі   бәрі-бәрі  Дунай  суретшілерін  қай  кезде де  өзіне  тартты: Альберх  Альтдорфер  (« Орманды  табиғат  және  Әулие  Георги »)  және  Вольф  Губердің     («Предальпистті  пейзажы»)  графика.

Дунай  мектебінің  шеберлері  мен  Швейцариялық  бірнеше  суретшілерді  қатар  қойып  айтсақ та  болады.

Бұлар – Ганс  Лей,  Урс  Граф,  Николас  Мануэль  Дейн.

Ганс  Лейдінің  суреттерінде  рамантикалық  ауа  бар.  Неміс  қайта  өрлеу  дәуірі   бүкіл  әлемде  көркемсурет  саласында  үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізді.  XVI  ғасырдың  аяғында  Германияның  өнері  құлдырайды.  Тек XIX ширегінде  ғана  Еуропалық  дәрежеге  көтеріледі.  Германия  суретшілерін  Италия  суретшілері  XVI    ғасырдың  соңғы   төрт  жылдығында  артқа  сырғытты,  бірақ  ортақ  сындырғы  жаңа  тәсіл  Италияда  XVII ғасырға   келіп  тірелді.  Дүниеге  10-30-шы  жылдары  Флорида  мектебі  келді,  30-60-шы  жылдарда  Голандақ,  Испандық,  Франциялық  мектептері  дүниеге  келді.  XVII  ғасырда  ешқандай  мектептер  өз  бетінше  Голландия  мектебіндей  дәрежеге  жетпеді.  Не  үшін  дейсіз  ғой,  өйткені  олар  өз  елінің  көркем  табиғатын,  өз  астанасын,  қаласын,  табиғатының  әдемілігін  көрсетіп  аялай  білді.

XVII  ғасырдың  бірінші  жартысында  ең  ірі  көркем  суретшілерінің  бірі  Ян-Ван  Гоян  болған  (1596-1656).  Оның  шығармашылығы  сол  уақыттағы  қағидалармен  Голланд  пейзажының  ерекшеліктері  жайын  толық  суреттей  білді.  Әрбір  Голландық  суретші-пейзажисттер  өзінің  тақырыбына  мамандандырылған.  Якоб  Ван  Рейсталдың  шығармашылық  туындыларынан  майлы  бояудың  ерекше  жоғары  көтерілгенін  байқаймез (1629-1682).  Ол  табиғатты салу  барысында  ерекше  қуаты  мен  ерекшелігін  сипаттапкөрсетті. Оның  көркемсурет  құралының  мағынасы  байыпты,  сырт  көзге  қарапайым,  рухани  мағынасына үңіле  қарасақ, оның  шығырмаларына  сөз  жетпейді.  XVII ғасырдың  соңғы  ширегінде  Голланд  көркемсурет  мектебі  құлдырай  бастады.  Голландық  суретшілер  басқаларға  еліктей  отырып,   өздерінің ұлттық  дәстүрдегі   суреттерін  ұмыта  бастады.

XVII  ғасыр  Франция  көркемсурет  мәдениетінде  алдыңғы  орында  классицизм  тұрды.   Классицизімді  бірінші  бастап  жүрген  Никколо  Пуссен (1594-1665).  Пуссен  айтқандай  тақырыбы  қайырымды  мазмұны  мен  сюжетті  көрсете  білу  керек.

Француз  классицизмі  өзінің  эстетикалық,  этикалық  үлгісін  антикалақ  мәдениеттен  үйренді. 40-шы  жылдары  Пуссеннің  рухани  эволюциясы  өзгеріске  ұшырады.

Орыс  пейзаждарына  келсек  өзіндік  эволюциясынан  өткен.   XIXғасытдың  Ф.Алексеев,  әкелі – балалы Воробьевтар,  ағайынды  Чернойовтар,  М.Лебедев  сияқты  өз  ғасырының  шеберлері  пейзажда  қарадүрсін  сипат  ұстады.  Ол  олардың  композицияларында   да,  түстік  және  кеңістік  перспективасынан  да  байқалады.  Бұл  суретшілердің  жұмыстары  бізге  әсер  бермейді,  көңілімізде  ұялап  қалмайды.

Орыс  Академия  советі  бейнелейтін – көп  діни  аңыздар,  мифология  немесе  көне  тарих  оқиғалары  боп  келетін.  Жүз  жыл  бойы  сол  дәстүр  бұзылған  емес.

Бірақ  келе – келе  Академия  өмірінде  өзгерістер  көбейді.  Оқушылардың  арасында  шаруалар  мен  қарапайым  қызметшілердің   балалары  да  кезіге  бастады.  Оларды  бағзы  аңыздар  емес  тұсындағы  орыс  өнері,  халық  тағдыры  мен  өз  өлкесінің  табиғаты  көбірек  толғандыратын.  Олар  өз  өнерін,  жастық  жігерін   өз  халқын,   оның  бақыт  пен  әділдік  жолындағы  күресіне  арнауға  құлшынды.

1863  жылғы  9  қарашада  өздеріне  ұсынылған  көне  стандинав   аңызы  «Валгаладағы  той»  деген  тақырыпта  14  бітіруші   студенттер  бір  ауызданбас  тартты.  Оларға  Академиядан  кетуге,  мұқтаждық  көруге  тура  келді.

Бірақ  олар  мойын  ұсынбады.  Өте  тату  жас  суретшілер  бәрі  бірге  тұрды.  Портреттер  мен  картиналар  салуға  заказдар  алып,  күнкөрістерін  айырды.  1871  жылы  олардың  алғашқы  көрмелері  өтті.  Осыдан  кейін  оларды  талантты,  алғашқы  суретшілер  деп  таныды.

Мұндай  артельдің  рухани  басшысы  И.Н.Крамской  болды.  Арада  бірнеше  жыл  өткен  соң  әлгі  артель  ыдырағанда  Крамской  және  басқа  бір  топ  суретшілер

Көшпелі  жолдастық   көрмелер  ұйымдастырды.  Ондай  серіктестіктің  мүшелері  орыс  халқының  сол  заманның

өмірін,  Россия  табиғатын    көрсетуде  бірден-бір  мақсат  тұтты.  Олар   сонымен  қоса  орыс  өнерін  қауымға  кеңірек  таныстыруға,  оны  тек  Петербург  пен  Москва  тұрғындарына    ғана  емес,  шет  аймақтағы  бұқара  арасында  да    насихаттауға   ұмтылды.  Сондықтан  әлгіндей  көрмені  астанада  өткізе  сала  алыс  аймақтарға  аттандырды.

Мұндай  жылжымалы  көрмелер  жыл  сайын  ұйымдастырылып  тұрды.  Бұған  қатынасатын  суретшілерді  жұрт  көшпелілер  деп  атады.  Сол  замандағы  ең  таңдаулы  сүретшілер:  Репин,  Суриков,    Воснецов,  Саврасов,  Васильев, Левитан — әлгіндей  серіктестіктің  мүшелері  болды.  Ол  серіктестік  елу  жылдан  аса  өмір  сүрді.  Ең  соңғы  көрмелері  1923  жылы  өтті.

Қазақстынның  бейнелеу  өнері

20-30  жылдары  (20 ғ.)  Қазақстанның  бейнелеу   өнерінің  кескіндемесі   мен  графикасы    профессионалдық  шеберлігін  меңгеру  жолында  алғашқы  қадамдарын  жасайды.

1920  жылдарының  екінші  жартысынан  бастап  кішігірім  көркем  сурет  галереясы  ашылды.

1928  жылы  тұңғыш  көшпелі  көрме  Семейде  ұйымдастырылды.

1933  жылы  Қазақстан  суретшілерінің  бірлестігінің  Оргкомитеті  құрылды.

1940  жылы  Қазақстан  Суретшілер  одағы  құрылды. Совет  өмірі,  қазақ  халқының   тарихи- революцциялық  өмір  жолы,  жұмысшылар  мен  колхозшылар  еңбегі  атты  тақырыптар сол  кездің  әр  суретшісінің  шығармашылығына   міндетті  түрде  енгізілді.  Алғашқы  кескіндемешілер ішінен  қазақтың  професионалдық  бейнелеу  өнерінің  негізгі  салушыларының  бірі  —

Ә. Кастеев  (1904-1967). Орыстың  реалистік  мектебінен  тәрбие  алған  ол  революцияға дейінгі  және

үкімет  тұсындағы  түбегейлі  өзгерістерді  арқау  еткен  тақырыптық  шығармалар  жасады. Суретшілердің  творчествасында  негізінен  тарихи  тақырыптағы  суреттер,  жанрлық  картиналар,  портреттер,  пейзаждар  басты  орын  алды.  Қазақ  жерінің  сұлу  табиғатының,  революция  қаһармандарын  зор  сүйіспеншілікпен  шабыттана  жырлады.

Қазақыстан  өнерінде  әйелдер  арасынан  шыққан  тұңғыш  суретші  А.Ғ.Ғалымбаева  еңбектерінің  алар  орны  ерекше.

Өз  шығармаларында  ол  әйелдің  бақытты  өмірін

бейнеледі.  Өзінің  қолтаңбасы  бар  суретші  ұлттық  бейнелеу  өнерінің  дамуына  игі  әсер  етті.

Қазақ  бейнелеу  өнеріндегі   пейзаждың  алатын  орнына  келсек,  ең  бірінші  ұлттық  колориттің   айырмашылығын  айта  кету  керек.  Жалпы  біздің  ұлтық  өнер  қайталанбас,  өзіндік  сипаты  бар.

Пейзажда,  жанрлы  жұмыстарында  да  суретшілер  әр  уақытта  табиғатымыздың   байлағы  мен  ерекшелігін  бере  білді.  Олар  әсіресе  Ч.Кенжебаев,  Мәмбеев,  Қ.Телжанов, Н.Нұрмұхамедов,  К.Шаяхметов,  Ә.Ысмаилов.

М.Кенбаевтың  шығармашылығында  табиғатқа  деген

шынайы  халықтық,  шат —  шадымен  қуаныш  сезімі,  дүнйедегі  бар  құбылысты  ақындық  шабытпен  қабылдау  қасиетті  назар  аударды.  «Бұғалық  тастау»  (1957),  «Шопан  әні» (1956),  «Сыйыр  шерту» (1957),  атты  шығармаларында  ұланғайыр  қазақ  даласының  асқақ  жыршысына  айналды.

Қ.Телжанов  қазақ  халқының  өмірі  мен  тұрмысы  жайында  және  тарихи  тақырыптағы   шығармалар  жазған.  «Ата мекен»  (1958),  «Көкпар» (1960),  «Тыныштық» (1964)  атты  поэтикалық  көріністер   мен  монументті  еңбектердің,  кең  танысты  әр  қилы   бояулы  жұмыстар.  Суретші  творчествасы  қазақ  бейнелеу  өнеріне  елеулі  бет  бұрыс  алып  келді.

С.Мәмбеев  шығармаларының  негізгі  тақырыбы  —  замандастар  өмірі,  өскелең  ауыл  тұрмысы,  жастар  бейнесі,  туған  жер  табиғатының  сұлу  көріністері.  Ол  өмір  шындығын  бояулар  дүниесі  арқылы  бейнеледі.

Ә.  Исмайлов  өзінің  «Бурабай»,  «Екібсатұз»,  «Хан  тәңірі  төңірегіндегі  жайлау» атты  жұмыстарынта  туған  жер,   Қазақстан  табиғатының  сұлу  көрінісі  бейнеленген.

Суретші  жұмыстарында  табиғатты  шынайы  қалпында  көрсетуге  тырысқан.

Менің  сүйікті  суретшілерімнің  бірі   Жанатай Шарденов.  «Қапшағай  теңізі»,  «Ақ  қайнар»,  «алатау  етегінде»,  «Талас  даласында»  т.б.  атты  суреттерінде  суретші  шығармашылығына  психологиялық  тереңдік,  жазу  мәнерінің   ұтымдылығы  мен  бояу  қанықтығы  тән.  Ж.Шарденовтың  пейзаждарында    табиғат  сұлулығы   адамның  кіршіксіз  сезімдерімен  ұласып,  бояу  арқылы  табиғи  болмыстың  терең  мәнін  айқындап,   әрі  оның  нақтылы  көркін  бейнеледі.

Қазақстан  табиғаты  қандай  ерекше  болса, еліміздің  суретшілерінің   пейзеждары  да  ерекше.   Өзіндік  жазу  мәнері  бар,  қазақ  ұлтына  ғана  тән  ұлттық  колоритке  бай,  өте  динамикалы  болып  келеді.

Бейнелеу  өнер  сабағында  пейзажды оқытудағы методика.

Тақырыптың  педогогикалық,  эстетикалық  маңызы.

Біздің  заманымыздың  мақсаты —  адамды  жан-жақты  тәрбиелеу  және  гармониясын  дамыту.  Мұнда  бірінші  этика —  эстетикаға  тәрбиелеу  басты   роль  атқарады.

Эстетикалық  тәрбие,  адамның  ақыл – ойын  дамытуда  үлкен  роль  атқарады  және  қазіргі  кездегі  үлкен  процесс  болып  саналады.  Эстетикалық  тәрбие,  еңбек,  табиғат  және  көркем  творчество.

Сурет  өнері  оқушының  сана-сезімін  қалыптастыруға,  творчествалық  бейнелеу  өнеріне  қызығушылығын  арттырып,  өз  алдына  жеке  тұлға  болуына  көмектеседі.

Ал  пейзаж  тақырыбына  мектеп  бағдарламасында  үлкен  орын  берілген  деп  айту  қиын.  Пейзаж  жанры  оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  береді,  өйткені  пейзаж  адамның  туған  жеріне,  табиғатқа,  қоршаған  ортаға  деген  сүйіспеншілігін  арттырады.

Пейзаж  Отаныңды  сүйуге үйретеді.  Баланың  табиғатты  сүюіне  міндетті  түрде  бірінші  кезекте  ата-ана,  сонан  соң  мұғалім  білім  беретінін  ескеретін

болсақ,  ұлттық  нақыштардағы   суретшілердің  иллюстрациясын   көрсетіп,  жоғарғы  деңгейде  практикалық  білім  берумен  бірге,   қызықты  да  тартымды  қылып  өткізсе,  оқушының  сабаққа  деген  ынтасы,  сұранымы  жоғары  болады  деп  ойлаймын.

Сабақ  реті  мынадай   жүйеден  тұрады:

Алдымен  ауызша  түсіндіріп,  одан  кейін  табиғаттан  тура  дәлел  келтіріп,  өздеріне  салдырту.  Сонда  естіп,  көріп,  өз  қолымен  салған  мәңгі  есте  қалдырады   және

баланың  өзіндік  зерттеу  жұмыстарын  жасауға  баулыйды.

Ауызша  сабақта  жылдың   төрт  мезгілінің  әр  қайсысының  айырмашылығынан  бастап,  табиғи   құбылыстарды  түсіндіріп,  болып  отыратын  ерекшеліктерін  айту  керек.  Егер  сабақ  сұрақ- жауап  түрінде  өтсе,  сосын  оқушылардың  білмей  қалғандарына  жауап  берсе,  жалпы   қызығушылықты  оятады.

Ендігі  кезек  пленэрға  шығып,  өз  көздерімен  көріп,  этюд  салдыру.  Тек  этюдтерді  сала  отырып,  үлкен  жетістіктерге  жетуге  болады.  Натурадан  салып  жүтіп,  үлкен  тәжірибе  жинаған  адам  кенепте  де  жұмыс  істей

алады  деген  сөз.  Этюдтті  жазғанда  көзделетін  негізгі  мақсат  —  заттардың  бір  біріне  қатынасын  таба  білу,

және  бұл  қатынастар  күннің,  жалпы  тәуліктің  әр  сәтінде   әр  түрлі  болатынын  түсіндіре  отырып,  плэнерде  оларды  ажырата  білуге  үйрету.

Сосын  барып  жиналған  этюдтер  мен  пленэр  кезінде  салынған   долбарларды  жинап,  композиция  құрастыра  білуге  үйрету.  Композицияның  орталығы,  тепе-теңдігі  жайлы  түсінік  беру.  Кеңістік  перспективасының,  кереғарлық  заңдылығын  көрнекілік  материалдар  көмегімен  түсіндіргеннен  кейін  олардың   ізденіс  жұмыстарын,  жобаларын  қадағалау.  Жұмыс  істейін  деп  отырған   материалдарын,  яғни  қолданбақшы  болып  жатқан  бояуларының  түріне  қарай  әр  қайсысының  техникасын  түсіндіру.  Акварель  мен  гуашьтың  және  майлы  бояудың.  Жұмыстың  үш  кезеңін:  суреттің  толық  кенеп  бетінде  жұмыс  істеп  жатқанда  үш  планның  бір  — біріне  қатынасын  дұрыс  алуын  түсіндіру  және  үшінші  кезеңдегі   шығарманы  толық  аяқтаудың  жолын  көрсету.  Шығарма  егер  суретші  айтқысы  келген  ойын  толық  көрсете  алған  болса,  аяқталған  деп  есептеуге   болады.

Болашақ  ұрпақты  көркемөнерге  бейімдеу,  еңбекке  баулуға,  жан  азығын  молайтуға,  қабілеті  мен  іскерлігін  жетілдіретін   ұстазды  нағаз  ағартушы  мұғалім  деп

айтуға  болады.  Ұстаз  оқушылармен  дұрыс  жұмыс  жасай  білуі  керек.  Абай  атамызбың  қанатты  сөздерінің  бірінде: «Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден  балаға»  демекші,  ұстазға   көп  тер  төгу  керек.  Әр  оқушының  психологиясы  әр  түрлі  болып  келеді.  Мұғалім  сол  үшін  жас  қабілетіне  қарай  әр  оқушыға  тәрбие  бере  белуі  керк.  Экскурсия,  мұражайларға,  елімізге  және  әлемге  танымал  атақты  суретшілердің  жұмыстарымен  таныстыру  қажет.  Осыдан  кейін  балалардың  табиғат  көріністерін  салуға  қызығушылықтары  басталада.  Оқушыға  тәрбие  беретін  ұстаз.  Сондықтан  да  ұстаз   сабақ  берумен  бірге  тәрбие  жұмысыменде  айналысуы  қажет.

Ұлылардан  ұлағат

«Дала  тұрғынын  басқаша  көрініс,  басқсша  табиғат  қоршайды…  Жайқалған  өзен,  кең  айдынды  тұнық  та  жарқын  су  бетінде  үйрек,  қаз,  аққулар  әсем  қалықтап  жүзеді,  қиқулап  үн  қосады,  бірақ  бәрі  де  орынды,  жарасымды».

                                                          « Ш. Уалиханов »

«Көзбен  көріп  қана  қоймай,  табиғатты   іштей  сезіну  керек».

                                                     « И. Левитан »

Левитан  өз  жұмыстарында  композицияда  кейде  бір  детаьдарды  алып  тастап,  немесе  қоятын.  Мақсаты  шығармадағы  негізгі  ойды  көрсету,  ал  қалған   артығын  алып  тастап    отырған.  Оның  ойы  бойынша: « Сурет  көрерменді  детальдың  көптігімен  емес,  көңіл  күйімен,  түстік  гаммасымен  жалпы  формасымен  қызықтыру  керек».

«Табиғат та,  кітап  та  бір,  оны  оқып  түсіне  білу  керек»

                                                            « М.Налбандян »

« Заттардың  өзара  жалпы  тондық  қатынастары  дұрыс  алынса, ол  суретшіге  артық  детальдарсыз – ақ  табиғаттың  жағдайын,  сәтін  көрсете  алады »                       « Крымов »

«Имприссионисттердің   шығармашылығында  ұстанған принціптері: суретші  алған  әсерін не  ғұрлым ойымен  толық  жетілдіруге  тырыспаса,  соғұрлым  оның  өнері  биік  болады»

                                                          « Ренуар »

«Артқы  пландағының  түстік  тоны  мен  жарықтығын  дұрыс  алу  үшін, ол  жердегі  заттардың  барлығынан  бас  тартып,  тек  жалпы  түстік  дақты  көре  білу  керек. Бұл  әдіс  импрессионисттер  де  қолданған».

   «Н.Н.Волков»

«Табиғат — ғимарат  қана  емес,  шеберхана,  сондықтан  адам  оған  қызметші.»

                                                           «Н.Тургенов»

«Табиғат  қандай  заңдарға  бағынса,  адам  да  сондай  заңдарға  бағынады»                               «Т.Гоббс»

«Суретшінің,  пейзажистің  перспектива  заңдылықтарын  білмеуге  қақысы  жоқ.  Өзінің  отанының  өмірімен  араласып  жату  керек.  Пейзаж  көрермендер  үшін  қызықты  болу  керек  және  мәңгі  есінде  қалмаса  да,  көпке   дейін  көңілінде  тұруы  тиіс.  Сонда  ғана  жұмыс  жақсы  шықты  деп  есептеуге  болады.»

                                                        «В. Яковлев»

«Балыққа – су,  құсқа – ауа ,  жануарға – орман, далаға – тау  керек.  Ал  адамға – Отан  қажет. Табиғатты  қорғау – Отанды қорғау  деген  түсінік.»

                                                           «М.Пришвин»

«Адам  жердегі  табиғаттың  сарқылмас  туындысы»

                                                            «И.Павлов»

«Табиғат  тылсымын  түсіне  білген  адам – кіршіксіз де  асыл  адам».

  «И.Леонов»

  1. Дипломдық жұмыс  жүйесі.
  2. Тақырып  пен  сюжеттегі  ізденіс.

 

Дипломдық   жұмыс  бұл  жоғарғы   оқу  орнында  алған  біліміңді  қортындылап,  көрсетуге  арналған  күрделі  жұмыс.  Көркемсурет  факультетінің  станокты  кескіндеме  мамандығына  оқып,  бітіруші  түлек  болғандықтан  менің  дипломдық  жұмысымның  теориялық  және  практикалық,  яғни  творчествалық  бөлігі  болды.

Дипломдық  жұмысымның  екінші  бөлігінде  кенеп  бетінен  кескіндеме  жанрларының  біреуін  таңдап,  тақырып  ойластырып,  жүйелі  композиция  құрып,  үлкен  шығармашылық  жұмыс  жазу  керек  болды.

Сол  себептен  мен  кескіндеме  жанрларының  ішіндегі көкейімде  тұрған,  көңіліме  жақын  және  ұнайтын  пейзаж  жанрын  таңдадым.  Табиғаттың  сұлулығын,  ерекшелігін,  ғажайып  құбылыстарын,  жыл  мезгілін,  күн  мезгілін  көрсету   негізгі  мақсатым  болды.

Бұл  жанрдың  өзі  де  бірнеше  салаға  бөлінеді, мысалға:  ауылдық  пейзаж,  қалалық  пейзаж,  таулы  пейзаж тағы  сол  сияқтылар. Бұлардың  ішінен  таңдау үшін  мен  әрқайсысына  этюдтар  жаздым.  Ағайыммен  ақылдаса  отырып  «Ауыл  пейзадын»  таңдадым.  Сериялы  үш  жұмыс,  ауылдың  үш  түрлі  көрінісін,  үш  түрлі  мезгілде  таң,  түс,  кеш  мезгілдерінде  салатынымды  анықтап  алдым.  Салған  этюдтардың  ішіндегі  ауыл  көріністерін  мен  өзімнің  өлкемем,  туған  жерім  Ұзынағаш  маңдарын бейнелеген   болатынмын.

Жұмысымның  келесі  сатысы  этюдтарға  сүйене  отырып  форэскиз,  эскиздар  ойластырдым.  Суреттің  негізгі  фундаменті  «композициясын»  ойластырып,  түстік  шешімін  таптым.  Күн  мезгілін  анықтадым.  Қорытынды  эскизін  тауып  картон  мен  кенепте  жұмыс  істеуге  кірістім.

Картон  мен кенепте  жұмыс  істеу

Кенерке   суретті  салмас  бұрын  «картон»  жасалады. Картон  кенептің  дәлме — дәл өлшемі. ( 70/ 85).  Бұл  жерде  жұмысымның  тағы  да  тондық  қатынастарын  қарастырылды.

Дегенмен  кішкентай  мен  үлкейтілген  жұмыс  арасында  айырмашылықтар  бар.  Картонның  көмегімен                                         детальдарды,  суретті  дұрыстап  салып  алады.Жұмыстың  осы  сатысында  да композициялық  ізденістерболып,  кейбір  өзгерістер  енгізілді.

Енді  бар  білгеніңмен,  оқығаныңмен, қабілетің  арқылы  кенеп  бетінде  жұмыс  істейсің.   Үш  бөлікке – артқы,  ортаңғы  және  алдыңғыға  бөліп,  түстердің    бір – біріне  қатыстығын    салыстыра  жазасың.  Алдыңғы  планда  қанық,   таза  түспен   жұмыс  істеп,  оны  бері  қарай  шығаруға  тырыстым.  Кереғарлық (контраст)  заңын  пайдалана  композициямда  керек  нәрселерді   айқындадым  да,  қалғанын  тек  соған  бағындырдым.  Жалпы  жұмыстың  қағидасы  да  сол,  негізгі  айтқың  келген ойды  ортаға  алып,  қалған  бөліктерді  оған  бағындыру.  Осы  арқылы  жұмыстарымды  бөлшектеп  тастамай,  бір  жүйеге  келтіріп,  түстер  калоритте  үйлесімін  тапты.

Сонда  үш  негізгі  заң – тусті  көру  заңдылығы,  оны  жұмыстағы  түстік  мазмұнға   бағындыру  және  түстердің  жалпы  бір  жүйеге  келтірілуі.

Дипломдық  жұмыстың  орындалу  мақсаты

Мен  үшін  ең  күрделі  композицияны  іздестіру  болды. Жан-жақты материялдар  жинау  үшін  нақты  көріністер  іздестірдім.  Ол  үшін  бірнеше  нобай  суреттерді  салу  үстінде  бояу  түстерін,  жарық,  көлеңке  қызықты  көріністер  іздестірдім.

Ауыл  пейзажын  жазу  кезеңінде,  керекті  жерлерін  қосу,  кейбір  керексіз  заттарды  алып  отыруға  тура  елді.  Өйткені  ең  жақсы,  ең  тамаша,  тартымды  этюдтің  өзі  үлкен  кенепке  көшірген  кезде,  тартымсыз  болып  қалады.  Әрине, дипломдық  жұмыс  жазу  барысында  үш  жыл  оқыған  білімге  сүйендім.

Мысалы,  формаларды  қабылдау  арқылы  заңдылық,  кеңістік, ауадағы  перспектива,  ритм  және  табиғаттағы  пропорциялар.

Менің  композициям  көрерменді  картина  тұңғиығына  алып  кету  болды. Композициямды   бір  колоритке,  бір  светке  бағындыруға  тырыстым.

Сонымен   жұмыстың  орындалуы  әдістерін  мынандай  этаптарға   бөлдім:

  1. Композициялық құрылым.

а) Тақырып  таңдау  мотиві

б) Қарау  нүктесі

в) Нақты  бейнелерді  ортақтастыру

г) Бейнелеу  формаларын  таңдау

  1. Дайындық нобайлыры:

а) Пропорцияларды  анықтау;  қозғалыс  көрінісі

б) Негізгі  формалар

III. Пластикалық  түстердің  ортабтығы:

а) Орталық  тондар

б) Пропорциялық  түстердің  қатынасын  беру

  1. Жұмыстың аталуы

а) Негізгі  және  қосымша  заттарды  бір  бүтінге  байланыстыру.

Мен  өз  жұмысымда  колоритті  беру  үшін  ашық  бояулардан  бастап,  ауадағы  перспективаны,  ауылдың  ауасының  тазалығын  сездіргім  келді.  Менің  картинамда  ашық  түстер  көп   пайдаланылған,  яғни  күндізгі  мезгіл.  Бұл  түстермен  көктемнің  жазға  тартқан  мезгілін,  ауа  көрінісін  көрсеткім  келді.

Қорытып  айтқанда,  қаншалықты  композицияға  түс  арқылы  өзгерістер  енгізсем  де  мен    табиғат  шындығын  сақтап  қалдым.

Қорытынды

Қортындылай  келе  айтатыным  менің  осы  орындаған  жұмысым  Көркемсурет  факультетінде  үш  жыл  оқып,  алған  білімімнің  жемісі  деп  білемін.  Қысқа уақыт ішінде  орындаған  дипломдық  жұмысымның  өзінде  мен  бірталай  тәжірибе  жинадым,  шыдамдылыққа,  байсалдылыққа,  еңбекке,  ізденушіліке,  мақсатқа  табандылықпенжетуге   үйрендім.  Осы  жұмыстарым  арқылыболашақта  да  үлкен  шығармалар   жаза  алатындығыма  көз  жеткіздім.

Осының  бәрін  үйреткен,  біздің  еркелігітізді  көтере  білген  және   болашағымыздың  шамы  болатан  білім  берген  ұстаздарыма  үлкен  алғыс  білдіремін.  Алған  білімімді   одан  әрі  жалғастырып,  дамытып  ұстаздарға  және  халқыма  дәлелдеймін.

«Өнер» — бұл  адамның  үлкен  байлығы. « Өнерлі  адам  — ырысты  адам»,  өнердің  қай  саласы  болмасын, я  ол  әнші,  композитер,  мусінші,  суретші  бәрі  де  адамның  жан  дүниесін  рухани  байытып,  әдемілікті көруге,  сәнділікті  сезуге  үйретеді.

Сол  себептен  ең  маңызды,  қымбат  байлығым  қолымдағы  өнерімнің  барына  қуаныштымын.

Суретші  болу  қызық.  Қызығы  мен  қиыншылығы  қатар  журетін   бұл  өнер  әр  адамның  бойында  бола   бермейді.  Қиыншылығына  көнбесең,   қызығын  көру  мүмкүн  емес.  Өнер  адамдарды,  солардың  ішінде  өмірге,  әлемге  өз  таңбасын  қалдыруға  тырысады,  мен  де  сурет  өнерінде  таңбамды  қалдырсам  деймін.

Қолданылған  әдебиеттер  тізімі

1.АлпатовМ.В. «Композиция  в  живописи» М. 1976

2.Алленов М.М.  Евангулова, Лифшиц. «Русское  искуство с Х века  до  начала ХХ  века»

3.Богаевский «О композиции  в  пейзаже»

4.Вентури Л.  «Мастера  искусства  об  искусстве» М. 1936

5.Зайцев А.С. «Советы  мастеров» Л. 1973

6.Иогансон Б.В. «Молодым художникам о живописи»М.1959

7.Мальцева «История зарубежного  искусства»

8.Манизер М.Г. Серов, Сысоев «Школа  изобразительного искусства» выпуск І М. 1964.

9.Савитский Г.К «Молодым  художникам  о  мастерстве»

10.Сарыкулова Г-Ч.А. «Искусство Казахской  ССР» Л.1972

11.Шорохов Е.В. «Основы композиции» М.1979.

12.Яквлев В.  «Какой  нам  нужен  пейзаж»

13.Қазақ  совет  энциклопедиясы 9т, 12т, 7том

14.Энциклопедия живописи