Оқудан тыс уақытта еңбек тәрбиесін ұйымдастыру

0

Мазмұны: 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………….5-6

1  ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ

1.1.Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен міндетттері………………………………………..7-9

1.2.Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасыуна оқудан тыс  жүргізілетін еңбек тәрбиесінің рөлі……………………………………………………………………………………10-12 

2  ОҚУДАН  ТЫС УАҚЫТТА ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ

2.1.Оқудан тыс уақыттағы  еңбек тәрбиесінің маңызы мен  оның  тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз етудегі орны…………………………………………….13-15

             2.2.Оқудан тыс  еңбек тәрбиесін ұйымдастыру түрлері…………………………………………………………………………………………………………..16-17

2.3.Оқушыларға оқудан  тыс  еңбек тәрбиесі мен  кәсіптік  бағдар берудің байланыстылығы…………………………………………………………………………………………..18-20

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………21-22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………………23

КІРІСПЕ 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі нарықтық  экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгінгі  ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде  айқын басымдылыққа ие.

Қазіргі мектепте тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы – барлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен  әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін  қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.

Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің де идеологиялық жұмысын осы міндетке сай ұйымдастыра жүргізудіңде қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді.

Нарықтық экономика жағдайында жаңа  қоғамның талабы мен жекешелендіру саясатының жүйесі жүзеге асырылуы мектептегі және мектептен тыс  оқыту мен  тәрбиелеу және отбасындағы еңбек тәрбиесін түбірімен өзгертуді қажет етеді. Сол себептен демектептерде оқушыларды қабілеттеріне сай оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырған жөн. Осы кезеңде мектептегі сыныпта және сыныптан тыс еңбек тәрбиесі мәселесі ұстаздар мен әрбір отбасын ойландыруықажет. Бұрынғыдай мемлекеттің қамтамасыз етуі жәнемектептерде еңбекке үйретуге қажетті арнайы жабдықталған оқу шеберханалары, кәсіптік бағдарлау сыныптары, сыныптан тыс жүргізілетін үйірме, оқушылардың жазғы демалысы кезінде ұйымдастырылатын өндірістік бригадасы, еңбек демалыс лагерлерімүлдем жұмыс істеуден қалды. Мектептердің матеориалдық базасын жақсартуға бөлінетін қаржы жетіспейді. Осындай олқылықтарды болдырмау, оқушыларға берілетін еңбек тәрбиесін жақсарту, белгілі бір кәсіпке бағдарлап оқыту жаңаша ұйымдастырылуда.

Еңбек тәрбиесі – баланы еңбексүйгіштікке, табандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері, еңбекке баулу сабақтарында орындалады. Еңбек тәрбиесі – еңбекті негзгі өмірлік қажеттілік деп ілетін саналы көзқарасты қалыптастыру арқылы адамды белсенді ңбек әрекетіне және оны ұйымдастыруға қалыптастыру. Еңбек тәрбиесінің мақсаты – адамның  еңбекті қажетсінуін, оның мінез-сипаты ретінде қалыптастыру.

Көптеген кеңес педагогтары мен психологтары П.Р. Атутов, И.Ф.     Вадковский, М.Н.  Скаткин, С.М. Шабалов,  С. Г.  Шаповаленко,  А. И.  Шибанов  еңбек  тәрбесіне қатысты  өздерінің  зерттеулерін жүргізді.

Қоғамның ең басты талаптарының бірі -әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еседей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамның өмір салтының  алғы шарты  болып табылады. Ол үшін адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы заманғы ғылыми біліммен қаруланған, белсенді және қоғамдық іс-әрекетке жан-жақты даярланған еңбек адамын қалыптастыратын әлеуметтік тәрбие институттарының негізгісі жалпы орта білім беретін политехникалық еңбек мектебі.

Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп  оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: оқушылардың оқудан тыс  уақыттағы еңбек тәрбиесінің теориялық негіздері және практикалық тұрғыдан іске асыру жолдарын көрсету көзделеді.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Жалпы білім беретін мектептердегі оқудан тыс уақыттағы еңбек тәрбиесінің ұйымдастырылу жүйесі.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Оқушылардың  оқудан тыс  уақытта жүргізілетін еңбек тәрбиесінің үрдісі мен құралдары.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1.Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен міндетттері.

2.Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасыуна сыныптан тыс  жүргізілетін еңбек тәрбиесінің рөлі.

  1. Оқудан тыс уақыттағы еңбек тәрбиесінің маңызы мен  оның  тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз етудегі орны.
  2.        Оқудан тыс  тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрлері.

5.Оқушыларға сыныптан тыс  еңбек тәрбиесі мен  кәсіптік  бағдар берудің байланыстылығы.

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы » Заңы; ҚР этномәдениеттік білім беру концепциясы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан — 2030» үндеуі; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие  туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне  сүйеніп жасалған.

Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, қоғамдағы тәрбие процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.

      «Еңбек тәрбиесінің мақсат-міндеттері жәнеоның оқушы тұлғасының дамуына  ықпалы» деп аталатын бөлімде еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері, мәні мен рөлі, оқушының жеке тұлға ретінде дамуына әсері қарастырылады.

1  ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ

 

1.1 Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен міндетттері

Қоғамдық құрылыста еңбек тәрбиесі – тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы болып табылады. «Адамды адам еткен , еңбек» — демекші, « еңбек процесінде адам табиғатты өзгерте отыра, өзі де өзгереді» деген қағидаға сүйенсек, еңбек әрекетінің нәтижесінде адамның дене және интеллектуалдық күші мен қабілеттері қалыптасып, дамып және одан әрі жетіліп отырады.

Жеке тұлғаның дамуында оқу мен еңбектің байланысын орнықтыру, оның барлық қабілетін жандандырады, адамгершілік-ізгілік қасиеттері мен дене күштерін қалыптастырады. Сондықтан да мктептегі еңбек тәрбиесінің мақсаты оқушыларды еңбекке оқыту арқылы оған адал ниеттік қатынас орнату, еңбекті сүю, еңбек адамдарын құрметтеу, еңбектің қарапайым әдістері мен құралдарын пайдалана білуге  үйрету, материалдық құндылықтарын көздің қарашығындай сақтауға дағдыландыру.

Осы аталған мәселелерді орындау үшін, енбек тәрбиесінің алдымен міндеттермен таыс болған жөн:

  • Біздің елде әрбір еңбек етуге жарамды адамның еңбек етуге міндеттілігін оның сенімі мен санасына орнықтыру.
  • Еңбек етуге деген қажеттілік пен талпынысқа тәрбиелеу.
  • Еңбек етуге қатысты білім, білік, дағды сапаларымен қаруландыру, тиімді еңбек ете білуге дағдыландыру.
  • Оқушылардың кәсіби мамандыққа даярлығын қалыптастыру, ол үшін олардың талап-тілектері мен белгілі бір мамандыққа бейімділігін  ескере отыра, болашақ мамандықты таңдауларына жағдай жасап, көмектесу.

Еңбек  тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және мазмұны нақтылы қоғамдық-

тарихи жағдайға байланысты анықталып, жетіліп отырады.Балаларды еңбекке тәрбиелеу мәселесі  Н. К. Крупская мен  М.И.Калининнің теориялық еңбектерінде айрықша аталып, кеңес мектептеріндегі еңбек тәрбиесінің орны мен даму жолдарына үлкен мән берілді.

А.С. Макаренко балалар ұжымын құруда еңбекті қолданудың негізгі жолдарын белгілеп, еңбек тәрбиесінің ғылыми жүйесін жасады. Ол өзінің практикалық әрекетінде балаларды еңбектің барлық түріне қатыстырды және ауыл шаруашылығы еңбегінің қарапайым түрінен сол дәуірдегі жаңа техникамен жабдықталған өндірістік еңбекке араластырды. Оның сол кездегі жетістігін матан тұта отырып, ең негізгі жаңашылдығын былай атап көрсеуге болады:

— оқушылардың әртүрлі еңбек әрекетін тиімді ұйымдастыру және мектептегі оқудың бірінші күнінен оларды халық игілігі үшін бесенді еңбек етуге үйрету;

— оқушыларда еңбексүйгіштік қсиеттерін дамытып және азаматтық тұрғыдан жетілген етіп тәрбиелеу;

— оқушыларды саналы түрде мамандық таңдауға және сынып, мектеп ұжымы мен өз ауылына пайда келтіру барысында белсенді еңбек етуге дайындау мәселелері.

Сондықтан да осы жүйеде оқушыларда қоғам пайдасына қажетті еңбек етуге  тұрақты сенімдерін  қалыптастыру – еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағыттың  негізгі бір міндеті ретінде қарастырылады.

Көптеген кеңес педагогтары мен психологтары П.Р. Атутов, И.Ф.     Вадковский, М.Н.  Скаткин, С.М. Шабалов,  С. Г.  Шаповаленко,  А. И.  Шибанов  еңбек  тәрбесіне қатысты  өздерінің  зерттеулерін жүргізді.  Олардың  айтуынша  адам баласы тегіне  тартып, дайын  күйіндегі  бірде бір қабілеттер, бірде бір  адамгершілік  және  еріктілік қасиеттеріне  ие болмайды. Осылардың  бәрі іс-әрекеті барысында және басқа  адамдармен  қарым-қатынаста тәрбиеленеді, дамиды, қалыптасады және жетіледі. Сондықтан  адамның  дамуында негізгі фактор – еңбек  әрекеті  болатындығына назар аударады, себебі  Ф.Энгельстің айтуынша  «қарым-қатынас қажеттілігі еңбектің арқасында пайда болған».

Еңбек тәрбиесінің әртүрлі аспектілері бойынша  П.Р. Атутов, Н.И. Болдырев,  Н.К. Гончаров, К.А. Иванов,  И.С. Марьенко, В.А. Сухомлинский,  А.А.Шибанов,  М.У. Пискунов зерттеу жұмыстарын  жүргізеді.  Соған сәйкес,  педагогикада  тұлғаның дамуы  мен оның адамгершілік қалыптасуында  еңбек тәрбиесінің қызметі егжей-тегжей қарастырылған. Жекелеп қарастыратын болсақ, олар мыналар:

— Еңбек – практикалық өндірістік әрекет ретінде  адамның дене

құрылысының дамуына  жағымды  әсер етеді. Физиологиялық зерттеу жұмыстарының  нәтижесі көрсеткендей,  дене жұмысының қозғалыс  және бұлшықет  жаттығуларымен  тікелей байланысты, таза ауада болу, бәрі де адамның денсаулығы мен  күш-қайратын шынықтырады,  оның  өмірлік  жігерін, қайратын шыңдайды, ақыл-ой қабілетін жандандырады.ъ

— Еңбек – адамның  ақыл-ой  қабілетін,  оның зеректігін, шығармашылық  тапқырлығын  дамытады. Қазіргі өндірістегі  жұмыс адам  баласынан терең білімді және  кең көлемде  техникалық  дайындықты, жаңа технологияны тез меңгеруге  біліктілігін, еңбек тәсілдерін жетілдіру және  өнертапқыштық  қабілеттің  болуын талап етеді.

— Еңбектің – тұлғаның  адамгершілік тәрбиесіндегі  маңызы  ерекше. Көптеген педагогтар  еңбек әрекетін оқушылардың азаматтық санасының дамуымен, патриоттық  сезімдерімен және өздерінің қоғам алдындағы  борыштарын түсінуімен  байланыстырады. Әрбір тәрбиеленуші еңбек ұжымының  мүшесі болуға дайындалады. Азамат ретінде оның  маңызы және  құндылығы, оның еңбек ете білу біліктілігі және өзіне, адамдарға әкелетін пайдасына байланысты болады. Адамның  еңбек процесіне даярлығы  және жалпы қоғамдық істерге өзінің қосқан үлесіне байланысты оның материалдық жағдайы жақсарады.

— Еңбектің  маңызды қызметі оқушыларда жолдастық қарым-қатынасты, ұжымшылдықты және өзара талап етушілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

— Еңбек тәрбие факторы ретінде тұлғаның өмірлік бағытын анықтауға  және  мамандығын дұрыс таңдауға әсер етеді. Оқудың тәрбиелік маңызы көпқырлы болғанымен де,  ол негізінен ақыл-ой  әрекетімен  байланысты болып, тұлғаның көбінесе интеллектілік жұмысқа қызығушылығын қалыптастырады. Осы орайда К.Д.Ушинскийдің «тәрбие адамның тек ақылын ғана дамытуды және оған белгілі бір мөлшерде мағлұмат беруді міндеттемейді, сонымен бірге оның өмірінде лайықты, бақытты бола алатын онда дұрыстап еңбек етуді аңсауды тәрбиелеу қажет», — деген ойы ерекше маңызға ие.

Еңбек әрекетінде оқушыларды тәрбиелеу нәтижесінің жемісті болуы, негізінен оның педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.

Мектептегі еңбек тәрбиесінің негізгі жүйесіне еңбекке оқыту және оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбек әректі жатады.

Оқушыларды еңбек процесіне қажетті жалпы, политехникалық және арнаулы білімдермен, біліктілік пен дағды мәселелерімен қаруландыру еңбекке оқытудың негізгі педагогикалық міндеттерінің бірі болып саналады.

Еңбекке оқыту арнайы ұйымдастырылган педагогикалық процес ретінде оқушыларда еңбек біліктілігі және дағдысын тәрбиелеуге, еңбек әрекетінің практикалық тәсілдерін меңгеруге бағытталған.

Мұғалымның еңбекке баулу сабағын өткізудегі көздейтін басты мақсаты – ең алдымен оқушыларды еңбек ету мәдениетіне тәрбиелеу. Бұл үшін оқушылардың:

  • еңбек материалдарымен құралдарын жұмыс үстелінде дұрыс орналастырып,

жұмыс бітісімен оларды өз орындарына қайта қою;

  • жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы ережелері мен тазалық

–гигиеналық талаптарын орындау;

  • өзінің жұмыс орнын тиімді пайдаланып, жұмысқа бөлінген уақытын

үнемдеп, пайдалану дағдыларын қалыптастыру баса назар аудару. Сол арқылы оқушылар әрекетін әсем бұйымдар жасауға бағыттай отырып, еңбексүйгіштікке, инабаттылыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландырылады.

Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әрекеттер кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек, сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзін-өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек. Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді.

Еңбек тәрбиесі дегеніміз оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру және оның әр түрімен ынталандыру процесі, атқарып отырған жұмыстарына оларда шынайы жағымды қарым-қатынастарын орнату, жоғары нәтижеге жетуге деген белсенділіктері мен шығармашылықтарын ояту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2  Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасыуна оқудан  тыс  жүргізілетін еңбек тәрбиесінің рөлі.

 

Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық  педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, керісінше  азып тозады. Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, «он саусағынан өнері тамған» нақты кәсіп иесі болуын да көздеді. Бұл жерже еңбек  дағдаларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінеді. Еңбек сапасы негізгі көрсеткіш ретінде алынды.

Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудегі міндеттері мыналар болып табылады:

  1. Ең алдымен еңбек – адам игілігінің қайнар көзі.

Балаларды өзінің жеке басының пайдасы үшін ғана емес, жалпыға ортақ пайдалы іс үшін еңбек етуге үйрету, өз қолымен жасаған еңбектерін сыйлауға, басқалар жасаған заттарды ұқыптылықпен ұстауға, күтуге, дағдыландыру – еңбекке тәрбиелеудің маңызды міндеттерінің бірі.

  1. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай, еңбек етуге қажеттілікті сезіну санасының қалыптауы еңбекке деген әдеттің болуымен толығып, жетіліп отырады. Егер, оларда бұл әдет болмаса, онда олар бірінші қиыншылыққа кездескенде-ақ бастаған істі аяқтамай тастап кетеді. Қазіргі нарықтық заман мен жекешелендіру кезеңінде өте қажет. Сондықтан да қандай жағдайда болмасын бастаған іске үлкен табандылық керек.
  2. Еңбекке қызықтыру, еңбекте шынығу сияқты мәселелерінің маңызы зор. Оқушылардың осындай қасиеттерді дамыту еңбек тәрбиесіне ерекше назарда болуы керек.
  3. Қазіргі қоғамда барлық еңбек құралдары жеке адамның немесе бірлестік, не ұжымдардың , тіртен жеке адамның өз меншігінде. Бұл меншікті ұқыптылықпен ұстау, дұрыс пайдалану, күту жеке адамның сапалы ісі болып табылады. Сондықтан да өсіп келе жатқан баланы әрбір отбасы әрбір пайдалы затты «өзімдікі» деген мақсатта тәрбиелеуге міндетті.
  4. Мектепке келеген оқушылардың еңбекке қабілетін дамыту, оған деген сүйіспеншілік, дамытушылық көзқарасқа тәрбиелеу мектептің негізгі міндеті. Әрбір оқушы тапсырылған жұмысқа бар ниетімен берліп, орындау кезінде оның пайдасы мен қажеттілігін түсінгенде ғана еңбек ету ол үшін пайдалы болып шығады. Олай болса еңбекке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мұғалімнің  терең біліміне, оны жеткізе, меңгерте білу әдісне байланысты.
  5. Еңбекке тәрбиелеу процесінде балаларды ұжымшылдыққа дағдыландыру аса маңызды. Еңбектегі бірлескен күш-жігер, бірлескен жұмыс, оқушылардың бір-біріне деген өзара қарым-қатынасының қалыптасуына мүмкіндік туады. А.С. Макаренко жазғандай: «Оқушыларды тәрбиелеуде еңбектің әр алуан ұжымдық формаларын қолдап, достық, жолдастық сезімдерді, оқушылардың арасындағы өзара көмекті дамытып отыру керек».

Еңбекке тәрбиелеу ісін осындай жолға қоюдың нәтижесінде жолдасқа деген дұрыс көзқарас орнауы да мүмкін. Егер оқушы қоғамға барлық күшін жұмсаған болса, ол өз қатарындағы арамдыққа төзбейді, ол жалқуларға қарсы  батыл күреседі.

  1. Жас ұрпақты болашақта белгілі бір кәсіпке үйретуде, үйрену жолына тәрбиелеуде де еңбек тәрбиесінің маңызы да зор. Тоғыз жылдық мектепті аяқтаған соң, оқушы өз талғамын жасайды. Осы кезде кәсіптік бағдар берудің мәні ерекше өлшеусіз. Еңбекке тәрбиелеуде (Ү-ІХ) оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай еңбектің әр түрімен кеңінен таныстырып, олардың білімінің белгілі бір саласына қабілетіне және іс жүзіндегі бейімдігіне қарай дұрыс бағыт беру керек.

Жалпы  білім беретін мектептердегі еңбекке тәрбиелеу жүйесінде ұжымдық, еңбектің жетекшілік мәні зор. Оқушылардың бірлескен еңбегін ұйымдастыруда отбасы тәрбиесінің көптеген талаптары орындалады. Тек бірлесіп дұрыс ұйымдастырылған еңбекте ғана болашақта нағыз бірлескен ұжым құрылуы мүмкін. Балалар жаппай жұмыс істегенді жақсы көреді. Ұжымдық бірлескен еңбек ұқыптылық пен тапқырылықты арттыруға, бос уақытта қызығушылық туғызады. Оқушылар осындай көпшілік  болып істеген еңбектің арқасында көптеген пайдалы істі меңгеріп алады.

Еңбекті орындау деген сөз – оның жеке қабілетімен бірге ол жұмысты орындау үшін белгілі мөлшерде күш және қуат жұмсауды талап етеді. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу еңбектің  адам  өмірінде алатын орны, қоғамдағы еңбектің сипаты, еңбек адамдарының өнегелі бейнесі, олардың  еңбекті орындай шеберлігі, сондай-ақ  орындалған еңбек сапасын да түсіндіру қажет.

Еңбекті орындауды ұйымдастыру мен орындай білуге үйретудің өзі балалардың еңбек ете білу іскерлігі мен дағдысын  қалыптастырудың қайнар көзі деп қарау дұрыс нәтиже береді.

Оқушылар  жылдың әр мезгілінің еңбек сипаты туралы, табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ұйымдастырылатын еңбек түрлері  туралы түсінік алуы керек.

Еңбек тәрбиесі – баланы еңбексүйгіштікке, табандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері, еңбекке баулу сабақтарында орындалады. Еңбек тәрбиесі – еңбекті негзгі өмірлік қажеттілік деп ілетін саналы көзқарасты қалыптастыру арқылы адамды белсенді ңбек әрекетіне және оны ұйымдастыруға қалыптастыру. Еңбек тәрбиесінің мақсаты – адамның  еңбекті қажетсінуін, оның мінез-сипаты ретінде қалыптастыру.

Сыныптан тыс  жүргізілетін еңбек тәрбиесі – сабақтан тыс уақытта  оқушының білімін  тереңдетіп, қызығушылығын оятып, біліктілігін арттыру үшін, сонымен қатар бос уақытарын саналы және белсенді өткізу мақсатында жүргізілетін жұмыстар болып табылады.

Сыныптан тыс уақытта оқушыларды үйірме және жаппай ұжымдық жұмыстардың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. Оладың бірі «Жас натуралистер», « Жас техниктер», « Жас тәжірибешілер» және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін үйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына ( әдебиеттер мен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді.

Мектептегі өндіріске жақындату мақсатымен техникалық үйірмелер саны көбейіп келеді. Мысалы: село мектептерінде « Жас механизаторлар», « Жас малшылар», « Жас өсімдік өсірушілер», т.б. үйірмелер қурылған. Бұл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуда оқушыларға ой салады. Олар әр мамандықтың болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сүйтіп, өзінше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай мүғалімдер мен ата-аналар оқушыларға үнемі, бірізді педагогикалық пікір айтып кеңес беріп отырса,олардың мамандықты таңдауда бірте-біртешабыты, қызығушылығы арта түседі.

Үйірме жумыстарын жаппай жұмыстар толықтырады.Оқушылар қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады.Мұндай жаппай жұмыстарға « Құстар күні», « Орман күні», « Бақ аптасы», «Еңбек мерекесі»,т.б. жатады.

2  ОҚУДАН  ТЫС УАҚЫТТА ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ

2.1 Оқудан  тыс уақыттағы  еңбек тәрбиесінің маңызы мен  оның  тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз етудегі орны.

Мектептегі оқу-тәрбие процесін демократияландыру мен гуманитарландыру, қоғамымыздағы негізгі міндеттердің бірі. Бұл міндете шешу, оқушы жастарға эстетикалық білім және тәрбие берумен, бұл педагогикалық процеске мұғалімдердің даярлық дәрежесін қамтамасыз теу мәселесімен тікелей байланысты. Себебі, ол адам баласының жақсы еңбегінде әдемі бастамаларында, атқарған  тамаша дүниенің кіршіксіз тазалығы секілді ұғымдарға өзіндік бейнесімен орын алады.

Сондықтан да біздің қоғамда адамдардың жан-жақты үйлесімді дамуы, оған әрбір тұлғаның өз өмірін «әдемілік заңы» бойынша құруға материалдық және рухани негізжасалған, бұлар қоғаммен бірге дамып отырады. Сол үшін де қоғамның әрбір азаматы осы мүмкіншіліктерді барынша, әрі орынды  пайдалана білуге дайын және тәрбиелі болуы тиіс.

Оқудан  тыс уақыттағы еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әректтер кіреді: оқу барысындағы еңбек ; сыныптан тыс үйірмелер, жалпыға бірдей жұмыстар; өзін-өзі қызмет ету, қоғамдық пайдалы еңбек   және өнімді еңбек.

Өзін-өзі қызмет ету – еңбек тәрбиесінің қажеті элементтерінің бірі. Оқушылар өзін-өзі қызмет ете отырып, әртүрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, сонымен бірге үлкендердің еңбегін  сыйлайды.  Сыныптан тыс уақытта өзін-өзі қызмет те оқу құралдарын, кабинеттерді жинастыру, сынып жиһаздарын, сынып бөлмесін жөндеу, шеберханаларға, спорт залдарына көрнекі құралдар дайындау- осының бәрі сыныптан тыс еңбек тәрбиесіне байланысты жұмыстар болып табылады.

Оқушылардың қызығушылығын қоғамдық пайдалы еңбектің де түрлері оятады. Қоғамдық пайдалы еңбек- қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы, мектеп  жағдайында өткізілетін қоғамдық пайдалы жұмыстардың тәрбиелік мәні зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстың барысында оқушылардың ғылыми дүниетанымы дамиды. Мамандық даңдауда көзқарасы кеңейеді. Сонымен қатар денсаулығы жақсарады, саяси сенімі және мәдени –адамгершілік ұғымы артады.

Оқудан тыс еңбек тәрбиесінің түрлерінің бірі- мәдени -ағарту   жұмыстары оқушыларды белсенділікке, орындағыштыққа, қоғамшылдыққа тәрбиелейді, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді.

Оқудан тыс уақытта оқушыларды өнімді еңбекпен қызығушылығын оятып,  еңбекке тәрбиелеуге болады. Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.

Жалпы білім беретін  орта мектеп оқу-өндірістік кооперативтері, жалға алу, кіші кәсіорын , мектепаралық оқу –өндірістік комбинаттар, оқушылардың өндірістік бригадалары, т.б. арқылы оқушыларды өнімді еңбекке қатыстыруды іске асырады. Өнімді еңбек барасында оқушылар өз мүмкіншіліктеріне сәйкес жалпы халықтық іске үлес қосады.

Оқушылардың өндірістік бригадасы іс-әрекеттің байырғы мәселелері – материалдық базасын жасау,  оған өндірістік және тәжірибелік жер учаскелері, техника және ауылшаруашылық  құралдары, мал шаруашылық фермаларда жұмыстары; оқушылардың  өндірістік бригадасы ҮІ-Х сынып оқушыларымен ұйымдастырылады; бір жылдық оқу -өндірістік жоспар жасалады, ол жоспарға машиналарды, агротехниканы, зоотехниканы оқып үйрену, тұқымды, топырақты дайындау, технологиялық карта, агрономиялық жоспар жасау, оқу-практикалық тапсырмаларды орындау мәселелері кіреді.

Оқушылардың өндірістік бригадасы ауыл шаруашылық  дақылдарын өсіреді, өнім алады, оны мемлекетке тапсырады.Өнімді еңбек процесінде оқушылар мектептен алған теориялық білімдерін  практикада қолданады. Оқуды өнімді еңбекпен байланыстырудың тиімді формасы ауыл шаруашылық тәжірибелі жұмыс. Оның педагогикалық негізі: ғылымилық, оқумен байланыстылығы, шығармашылық даму, оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білуі.

Оқушылардың өндірістік бригадасы жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен байланыстырудан басқа да формаларын атауға болады. Олар оқушылардың  өндірістік экскурсиясы, мектептердегі агрохимия үйірмелері, т.б. Сонымен оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәсіби ынтасын, қызығушылығын, ауыл шаруашылығық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасының рөлі өте зор.

Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты :

— еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі оқушының еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты;

— оқушылардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және идеалдық-өнегелік негізі болуы керек;

— еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның болымды нәтижесі оқушының  өз күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады. Неғұрлым еңбек нәтижелі болса, соғұрлым оның тәрбиелік ықпалы күшті болады.Еңбек оқушылардың  психикалық және физиологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруы қажет.

Оқудан тыс уақыттағы  еңбек тәрбиесінің маңызы мен  оның  тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз етуі- бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда – сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, оқушылардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмыстарындағы іс-әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.

Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұны  оқушылардың  теориялық біліімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн.

Оқудан тыс уақытта еңбек тәрбиесінің құралады мыналар болып табылады:

— Белгілі бір тақырыптық сынып сабақтарын өткізу үшін оған сыныптан тыс уақыттан соң дайындық жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар мен стендтерді дайындау, нақыл сөздар жазу және төмен сынып оқушыларын тақпақ, би, ән, күй және скетч үйрету – мұның бәрі еңбекке жатады.

— Оқушылардың қолымен жасалаған қолөнер туындыларын шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.

— Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тіліетерін, қабілеттеріне   сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, өлкетану, бақ егушілер,жас технитер, т.б.

— Оқушыларға сыныптағы , мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, өсімдіктерін егу, сенбілікке қатысу секілді қоғамға пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелерін талдау жасап отыру.

— Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғыз қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

— Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу.

Оқудан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда басымдылық жағдайда болғандықтан, оның мазмұнын анықтауда оқушының әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі әрекеттің  маңызына ерекше мән берген жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Оқудан тыс  тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрлері

 

Оқудан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін  тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Оқудан тыс әртарапты әрекет оқушының сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Оқудан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу оқушының жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Оқудан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде оқушыда еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде оқушы өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл өте өзекті мәселеге айналуда.

Оқудан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана оқушының өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге ұйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, оқушылар бірігіп спектакль қойды делік,  онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Оқудың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибемін меңгереді. Спорттық әрекетте оқушылар « бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жете түсінеді т.с.с.

Оқудан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуге мумкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған қосымша, одан шығармашылық белсенділікті талап етеді.

Оқудан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мумкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мумкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте коп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, оқушылармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауына қажет етеді.

Оқудан тыс тәрбие жұмысы  оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта ( үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.

Оқудан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – оқушыға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие мінтеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қағамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Оқудан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі  төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген:

1.Оқушы өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл оқушының одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжирибе көрсеткендей « қиын оқушыда» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерді өзгертеді.

2.Оқушыда ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде оқушыда өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.

3.Оқушыда әртүрлі көркемөнер  әрекеттерінің түрімен тікелей  танысу арқылы ондағы қажеттілікті  қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың  дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Сабақтан тыс уақытта бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.

  1. Оқушының дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында оқушы адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоционалдық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
  2. Оқушының таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағатталған. Оқушының таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс  істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

 

 

 

2.3 Оқушыларға оқудан тыс  еңбек тәрбиесі мен  кәсіптік  бағдар берудің байланыстылығы.

 

Оқушыларға нарық экономикасын түсіндіруге көмектесу үшін және еркін кәсіпкерлік жүйесінде өндірісте басқарудың кейбір сарамандық дағдыларын меңгеру үшін сыныптан тыс білім берудің маңызы зор. Бұл жолдың ең маңыздысы – мектеп оқушылары өздері қалаған белгілі бір кәсіпке бейімделуге, оған барар жолдағы мүмкіндіктер мен міндеттерді өзбетінше оқып ұйренеді.

Сөйтіп оларға берілген табиғи қабілеттері мен материалдық байлықтарды / ресурстарды/  өз қажеттілігіне жарату кезіндегі есептерді толық меңгеруге көмектеседі. Олар бизнес консультантпен кездесу, шағын мектеп компаниясын ұйымдастырып оны басқару, компьютерлік ойындардың жарысына түсу мумкіншілігі мен сарамандық бизнес пен экономикалық теория арасындағы өзара байланысты жақсы түсінуге көмектеседі.

Оқушылар негізгі білімді оқу процесінде және еңбек әрекеті үстінде алады. Кітап оқу, радио тыңдау, телехабар көру арқылы күнделікті өмірде болып жатқан үлкен азаматтардың еңбегінің жақсы жақтарын байқау, еңбек туралы білімдерін тереңдете түседі. Оны өмірдегі іс-әрекетпен, сарамандық дағадылармен ұштастыру нәтижесіндегі еңбек озаттарының еңбек нәтижесін көреді. Сондай дәрежеде еңбек істеуге қызығады.

Егер әрбір сабақ  еңбек озаттарының қызықты іс-тәжірибелері жөнінде түсірілген диафильмдер мен видеокассеталарды көрсетіп отырса, экскурсия жасау, еңбекозаттарымен кездесу ұйымдастыру еңбекке деген қызығушылығының қайнар көзі болып табылады.

Еңбек туралы білімді жетілдіру мен жинақтауда, оны тереңірек меңгеруде, белгілі бір кәсіпке бағыттауда сыныптан тыс тақырыптық оқу, кітап оқушылардың конференцияларының да маңызы зор.

Оқушылардың сол оқыған кітап тарындағы білгендерін, көргендерін қабылдап, оған қызығушылығын арттыру үшін, жеке еңбек озаттарының игілікті істерін дәріптеу, мәнерлеп оқыту, олардың сол озаттар еңбегіне еліктету, еңбекке деген жақсы көзқарастарын қалыптастырады.

Еңбек адамдары туралы білімді жинақтаудың қайнар көзі өндіріске, еңбек адамдары жұмыс істейтін шаруашылық орындарына топ серуендеу. Топ серуенде оқушылар еңбек адамдарының еңбекті ұйымдастыру жолдарымен жан-жақты танысады.еңбек нәтижелерін өз көздерімен көреді. Соған қызығады. Мұндай топ  серуенді озат мектептердің шеберханаларындағы, өндірістік бригадаларындағы, еңбек тынығу лагеріндегі, сияқты кейбір халыққа пайдалы қызмет істейтін (байланыс бөлімі, дүкен, дәріхана, мода ательесі, радиобайланыс торабы, электр желісі, телефон- телеграф орындары т.б.) орындарға да жасауға болады.

Егер осындай игі шаралар оларға ұнаса, олар өздерінің шығармашылық, суретшілік, радиохабарлаушы, әртүрлі сурет альбомдарына пайдалана алады.

Тәрбиелік тұрғысынан қарасақ, қазіргі нарықтық жағдайда мектеп оқушыларына берілетін еңбек тәрбиесі мектеп қана емес, жеке өндіріс иелері, акционерлік қоғам басшылары, еңбек ұжымдары мен жеке шаруа қожалықтары қолға алса артықболмайды. Өйткені олар оқушыларды жас кезінен сол шаруаға қажетті маман ретінде қалыптастыра алады, үйретеді, өзіне қажетті мамандыққа баулиды.

Оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде мектеп жұмысының табысты болуы көбіне олардың ата-аналары мен келісу арқылы жүргізетін жұмыстарға да тікелей байланысты. Қазіргі мектеп ата-аналарсыз жұмыс істей алмайды. Мектеп шеберханасына керекті еңбек құралдарын да оқушылар өздері әкеледі. Мектепті өздері жөндейтіні тағы бар.  Олай болса оқушылар ата -анаға да мектепке де  қажетті пайдалы бұйымдар жасау керек. Сонда, біріншіден, оқушылар сол бұйымдарды жасауды үйренсе, екіншіден, өндірген өнімге құн қойып сатуды ұйымдастырады.

Жас ұрпақты болашақта белгілі бір кәсіпке үйретуде, үйрену жолына тәрбиелеуде де еңбек тәрбиесінің маңызы да зор. Тоғыз жылдық мектепті аяқтаған соң, оқушы өз талғамын жасайды. Осы кезде кәсіптік бағдар берудің мәні ерекше өлшеусіз. Еңбекке тәрбиелеуде (Ү-ІХ) оқушылардың  жеке қабілеттеріне қарай еңбектің әр түрімен кеңінен таныстырып, олардың білімінің белгілі бір саласына қабілетіне және іс жүзіндегі бейімдігіне қарай дұрыс бағыт беру керек.

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының орталығы жалпы, политехникалық білім беретін орта мектеп.

Кәсіптік бағдар беру жүйесінде диагностика кәсіптік білім беру, кәсіптік консультация, кәсіптік іріктеу, кәсіптік адаптация кіреді.

Кәсіптік диагностика кәсіптік бағдар беру мақсатына байланысты әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауда оған оқушының дайндығын, ынтасын және қабілетін анықтайды. Ол үшін мыныдай әдістерді қолдануға болады: оқушылардың құжаттарын, іс-әрекетінің жемісін ( жеке-іс, сынып журналы, шығармашылық жазбалар, қолөнер бұйымдары т.б) талдау; практикалық  іс-әрекетін, жүріс-тұрысын ( мектепте, қоғамдық орындарда, үйелменде, еңбекте) зерттеу, анкета мәліметтерінзерттеу; әңгіме-сұхбат; педагогикалық эксперимент; тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісі.

Бұл әдістердің біразы педагогика, психология ғылымдарында да қолданылады. Сондықтан біз бақылау және тәуелсіз мінездеменіжинақтау әдістерін қарастыпамыз.

Бақылау әдісіне қысқа мерзімді, дискретті және монографиялық бақылау әдістері жатады. Қысқа мерзімді бақылау әдісі сабақтардың барысында, үзіліс кезінде, бүкіл жұмыс күні бойында жүргізіледі. Әдетте бақылау үздіксіз жүргізілуі мүмкін. Ал кейде бақылау оқтын-оқтын жүргізіледі. Мұны дискретті бақылау дейді. Монографиялық бақылау жан-жақты ұзақ мерзімде жүргізіледі.

Тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісін ұсынған профессор К.К.Платонов. Бұл әдістің мәні: мұғалімдерден ата-аналардан, оқу өндірістік практиканы басқарған нұсқаушыдан және дәрігерден түскен мінездеме мәліметтеріне сүйеніп, чынып жетекшісі оқушыға объективті мінездеме береді.

Кәсіптік білім беру – кейде кәсіптік ақпарат деп те аталады. Кәсіптік білім беру – бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізгі принципі оны өмірмен байланыстыру, басқаша айтқанда, халық шаруашылығы, оның салалары, мамандықтар туралы оқушылардың түсінігін еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру негізінде қалыптастыру. Кәсіптік білім беру барысында жастардың қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін, психофизиологиялық қасиеттерін еске алу қажет .

Мамандықты сапалы таңдауда қажетті екі факторды еске алу керек:

  1. Оқушылардың білім деңгейі;
  2. Оқушылардың жеке қасиеттері.

Орта мектеп бітірген жастардың кейбіреулері жұмысшы мамандығын таңдап ала алмағандығының себебін мектептегі теориялық білім мен мамандықты талап ететін практикалық білімнің алшақтығынан, яғни үйлесімсіздігінен деп түсіндіреді. Шынында, қазіргі кездегі құю заводтары, байытатын  фабрикалар, технологиялық процестер, армияның қару-жарақтары (ракета, радиолокация, станция, т.б.) жастардан техникалық, математикалық білімді талап етеді.

Оқушылардың жеке қасиеттері мамандық талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сондықтан кәсіптік білім беру – бұл кәсіптік өз тағдырын шешуде оқушылардың  бойындағы жеке қасиеттерін, қабілетін мүмкіншілігін дамыту. Осы тұрғыдан алғанда  оқушылардың ынтасының, бейімділігінің, жалпы және арнайы қабілеттерінің динамикасына көңіл аударылуы қажет.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жүйесінің басты элементтерінің бірі – кәсіптік консультация.

Оқудан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден, кәсіптік бағдар  беру кабинетінде анықтамалық консультация материалдарын жинау; екіншінден, әртүрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер жіне сынып жетекшілер үшін консультация ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен консультация өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның  кеңінен қолдануына байланысты, балалар бір ғана мамандық түрімен шектелмей бірнеше мамандықтан хабардар болу жолдары қарастырылуда. Соның ішінде басымырағы қазақ халқының ертеден кәсіп еткен ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына, сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу, кәсіпкерлік және үй экономикасының элементтері, үй мәдениеті сияқты  мәдени-мұраларына көңіл аударылуда. Осының бәрінің негізі-еңбек тәрбиесінде жатыр.

Қоғамның басты талаптарының бірі — әр азаматтың өмірінде өз орнындатолық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуды, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады.

Еңбек тәрбиесі – баланы еңбексүйгіштікке, табандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері, еңбекке баулу сабақтарында орындалады. Еңбек тәрбиесі – еңбекті негзгі өмірлік қажеттілік деп ілетін саналы көзқарасты қалыптастыру арқылы адамды белсенді ңбек әрекетіне және оны ұйымдастыруға қалыптастыру.

Еңбек тәрбиесінің мақсаты – адамның  еңбекті қажетсінуін, оның мінез-сипаты ретінде қалыптастыру. Сыныптан тыс  жүргізілетін еңбек тәрбиесі – сабақтан тыс уақытта  оқушының білімін  тереңдетіп, қызығушылығын оятып, біліктілігін арттыру үшін, сонымен қатар бос уақытарын саналы және белсенді өткізу мақсатында жүргізілетін жұмыстар болып табылады.

Оқудан тыс үйірме және жаппай жұмыстың  еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндіктер зор. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады,олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс жасау, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді.

Оқушыларды жеке басының пайдасы үшін ғана емес, сонымен қатар жалпыға ортақ пайдалы іс үшін еңбек етуге үйрету, еңбек адамдарын барлық ықыласымен сыйлауға, өзінен үлкен адамдардың еңбегімен жасалған заттарға ұқыптылықпен қарауға дағдыландыру — өіс келе жатқан ұрпақты еңбекке тәрбиелеудің маңызды міндеті.

Еңбек етуге  қажеттілікті сезіну қазіргі заман жағдайы мен жекешелендіру кезінде өзіме, өз тіршілігім, өз болашағым үшін деген әдет пайда болумен толығып отыруы керек. Егер оқушы осы уақыттағы, қоғамдағы, базардағы болып жатқан өзгерістерге бейімделген әдет болмаса, ол алғашқы кездескен қиыншылықтан-ақ бастаған істі аяқсыз қалдырары сөзсіз.

Оқушылардың еңбек ету іскерлігі және дағдысы болғанда еңбектің қандайы болса да, олардың қолдарынан келеді. Сондықтан еңбекке тәрбиелеудің мәндеті – іскерлік пен дағдыны бекіту. Жұмыс орнын, аспаптарды мұқият ұстау, жұмыс үшін қажетті нәрсенің барлығын рет-ретімен дұрыс орналастыру т.б. Қашанда болмасын ұстаз мақсаты- тәрбиеленушіге өзінің, қоғмның өзінің икемділігіне деген жақсы қасиеттерін дамыта білу. Мұндай жағдайда келешек ұрпақ тәрбиесіне ат салысатын ата-аналар мен ұстаздар, ағарту саласындағы азаматтар мен халықтың зиялы қауымы бірлесе кіріскенде ғана, оқушының ойы түзеліп кетудің мүмкіндігі бар. Келешек ұрпаққа оның тәрбиесіне қатысты жандардың мейірімділігі мен сергектілігіне көп нәрсе тікелей байланысты.

Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі балаға тәртіп пен мәдениеттілікті күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол қайырымды  қоғамды құрып қана қоймай, оның мазмұнынәсерлендіріп, шаңырағын биіктете түскен болар едік. Өйткені, тіршіліктің қай саласында да тәртіп пен мәдениетауадай қажет-ақ. Ендеше адамдардың  ең үлкен мақсаттарына жету үшін бала тәрбиесіне ерекше мән беріп қоймай, сонымен қоса тіршілік тылсымдарына тереңдей бойлаған ғылым жаңалықтарын пайдаланып, жас ұрпақтың тәрбиесіне білімді жүйелі түрде жетілдіре беруде іркіліс жасалмауы тиіс.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан -2030» үндеуі,1997.
  2. ҚР этномәдениеттік білім беру концепциясы, 1996.
  3. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2004.
  4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
  5. Педагогика. Дәріс курсы./ Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова Қ.К және т.б. Алматы: Нұрлы әлем,2003.
  6. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, Білім, 2003.
  7. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы, Санат,2001.
  8. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі./ред.басқар. С.Қалиев, т.б. Алматы,1999.
  9. Методика воспитателной работы. / Под ред. Л.И. Рувинского. М,1989.
  • С. Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, Дарын, 2004.
  • Ә. Құтпанбаев, Е. Райымжанов. Еңбекке баулу және ұлттық тәрбие. Алматы,2001.
  • Қожахметова К. Сынып жетекшісі. – Алматы,Әлем,2000.
  • Рожков М.И., Байбородова Л.В. Теория и методика воспитания. М, 2004.
  1. Қалиев С. ҮЛгілі үйдің ұл-қызы. Алматы, Атамұра, 2001.
  • Қалиев С., Майғарапова Ш. Оқушылардың тұлғалық қасиетерін дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы,Білім,2001.
  • Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. Алматы: РБК,1997.
  • Ильясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. Алматы, Мектеп, 1991.
  • Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. Алматы, Білім, 1995.
  • Құлмағамбетова, Исанова А, Исингарина М, Көккөзова М, Құрманғалиева М, Айтжанова П. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А, Білім. 2000 жыл.
  1. Кәтенбаева Б. Етістікті оқытуға байланысты грамматикалық таблица. А, 1980 жыл.
  2. Жаниязов Ә. Лексиканы оқытуға арналған таблица. А, 1970 жыл.
  3. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2. 2004 жыл. 78-бет.
  4. 23. Айдосова. Грамматикалық ойындар арқылы оқушылардың

белсенділігін арттыру.

  1. Қанжанова Г. Ізденімпаздықтың жемісі. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003. 3. 19-бет.
  2. Оралова А. Қазақ тілі сабақтарында тіл ұстарту. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2004.5.
  3. Әбдразаков Е. Адамгершілік имандылық тәрбиесі.-Шымкент, 1994 жыл.