Оқу тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшілері

0

ЖОСПАР

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………3-4

  1. Баланың мектепке барғанға дейінгі дамуы………………………………………………5-9
  • Оқу қызметінің тәрбиелеушілік мүмкіндіктері…………………………………….10-15
  • Бастауыш сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері…………………………16-30
  1. Оқу тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшілерінің ролі………………………………………………………………………………………………………………..31-36
  • Мұғалім – мектепте балаға тәлім-тәрбие берудің негізгі тұлғасы………………………………………………………………………37-39
  • Оқу іс-әрекеті және оның пайда болуы…………………………………..40-43

Қорытынды……………………………………………………………………44

Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………………………….45-46

КІРІСПЕ

Бастауыш сынып оқушылары, әрбір пәнді оқып, оны дамыту, яғни білімін дамыту, тәрбиені жақсылап алуы үшін мұғалім еңбегі зор. Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта. бірқалыпты жағдайда өтпейді.: Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата-аналар тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі. Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Егер сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамақ болсаңыз бірінші өзіңіздің мінез-құлқыңызды текееріңіз. Сіздің мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе. Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы тәрбиенің ең бірінші, ең басты әдісі — деген болатын А.С.Мақаренко. Оның сөзін дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз, ал онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан азап шегеді, олардың ақыл ойы баяу дамиды. Міне қазіргі кезде әрбір тәрбие беруші, мұғалім, сынып жетекшісі балаға оның болашағына үлкен мән беруі керек. Оларға рухани азық болатындай кеңес беру керек.

Мектепте сабақтан тыс тәрбие жұмысын іске асыру қажет. Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау кұралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы әдістерді тиімді пайдалану қажет.

Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор.

Балаларды бірте — бірте еңбекке баулу ұжым және қоғамға пайдалы еңбектің үй шаруашылығына қатысу, сынып бөлмелерін жинау, саябақта бақша өсіру, мектеп тәжірибе учаскесінде, спорт алаңында жұмыс істеу т.б. үйрету қажет. Бастауыш сыныптардағы оқу процесі қазір өте күрделі. Осы жолда бала дарынды болып, көзге түсе білсе ол ары да жақсы болады деп сенуге болады! Оқушыларға білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру қажет.

Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр, адамның кәсіби біліктілігін іскерлігін арттыру әділетті, қоғамның міндеті болып табылады. Бастауыш сынып мұғалімі баланың фундаментін жақсы жетілдіру оның басты міндеті болып табылады.

Жұмыстың көкейтестілігі: Баланың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін балалар бақшаларының тәрбиешілері кішкене жас топтарынан бастап, мұғалім өз сыныбына келген кішкене оқушылардың дамуы жолындағы жұмысты одан әрі жалғастыруды сүйене алатындай балалардың алған білімдерін, әдеттерін, шеберліктерін, дағдыларын, қабілеттері мен мүдделерін дамыту жолында жұмыс жүргізуі.

Жұмыстың мақсаты: Мектепте жұмысты балалардың жалпы «оқуын» көтеретіндей етіп ұйымдастыру.

Жұмыстың міндеті:

  1. Тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу.
  2. Талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатында сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну.

3.Өз жұмысының нәтижесін болжай білуі, нақты нәтижелердің тәрбиесін мақсатқа сәйкестігін аңғаруы, қайшылықтарды, тәрбие ісінің перспективаларын көре білуі.

4.Оқушыларды    зерттеу   арқылы    тәрбиесін    міңдеттерді анықтауы.

5.Оқушылардың даму деңгейінде байланысты тәрбиенің негізгі міндеттерімен, оларға сәйкес іс-әрекеттерін белгілеуі.

Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

  1. I. Баланың мектепке барғанға дейінгі дамуы.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған жеті жасар баланың енді
өз өмір тарихы бар. Оның өмірбаяны өте қысқа және бар жоғы
жеті жас болса да, өзінің мәні жағынан, өзінің мазмұнының
байлығы жағынан бұл уақыт баланың кейінгі өмір кезеңінде өзіне
тендесі болмайды, өйткені балалық шақтың ерте кезеңінде ғана
жеке  бастың басты  белгілерінің  негізі қаланып,  қалыптаса
бастайды:  қабілеттілігі,  бағыты,  дағдысы,  өсіп  келе  жатқан
адамның адамдарға, заттарға, еңбекке және өзіне негізгі қатынас
бағыттары айқындалады. Бала өз өмірінің алғашқы жеті жылында
үш кезеңнен өтеді:

  1. Нәрестелік: бір жасқа дейін.
  2. Сәбилік шақ немесе мектепке барар алдындағы.
  3. Мектепке дейінгі балалық: 3 жастан 7 жасқа дейін.

Өзінің дамуында баланың мектепке дейінгі жүріп өткен ұзақ жолын көре елестету үшін, оның өмірінің әр түрлі кезеңіндегі денесінің және миының дамуының ерекшелігі туралы кейбір мәліметтерді келтіру аса қызықты.

Сонымен, адамның негізгі мүшесінің психикалық қызметінің қалыптасуы қарқынының бір қалыпты еместігінің көрінісі байқалады: нәресте туғанда миының үштен бірінің «өзімен ала келеді», үштен екісі екі жарым жастарында, ал үшіншісі 21 жасқа қарай толысады. Бала денесінің әр бөлігінің пропорциясы да өзгереді. Мектепке барғанға дейін бала үш кезеңнен өтеді және де олардың әр қайсысында әр түрлі өмір сүріп, әр қилы дамиды. Осы кезендердің әр қайсысы өзінің ерекшеліктерімен және өзінің жетістікгерімен сипатталады. Бала мектепке дейін екі түрлі даму кезеңінен өтеді. Бірі сәбилік шақта дамуы, екіншісі мектепке дейінгі жаста дамуы.

Балалар бақшасы мен мектеп жасындағы сабақтастық, баланың оқуға әзірлігі. А.П.Усованың, АА.Люблинскаяның жарық көрген еңбектерімен арнаулы конференциялардың материалдары мектепке дейінгі мекемелер мен мектептің жұмысында кездесетін кемшіліктерді ашып көрсетеді, кемшіліктің салдарынан оқыту мен тәрбие жүйесіндегі сабақтастық әлі толық қамтамасыз етілмеген.Сабақтастық деп балаларға тәрбие берудің бір тұтас процесінің аралас кезендерінде (сатыларында да) сол міндеттердің, мазмұны мен методтардың арасында болатын белгілі байланыстардың типтерін айтамыз. Төменгі сатьщағы жұмыс бала дамитындай оқытудың сондай келесі сатысындағы дәл сол балаларға қойылатын талаптарға жауап беретіндей мақсатқа бағытталғанда ғана ал бұл жоғары және төменгі сыныптардың мұғалімдері балалар меңгерген материалға мектеп педагогтарының жұмыстарында байланыстылыққа қол жетеді.

Баланың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін балалар бақшаларының тәрбиешілері кішкене жас топтарынан бастап, мұғалім өз сыныбына келген кішкене оқушылардың дамуы жолындағы жұмысты одан әрі жалғастыруды сүйене алатындай балалардың алған білімдерін, әдеттерін, шеберліктерін; дағдыларын, қабілеттері мен мүдделерін дамыту жолында жұмыс істейді.

Оқу іс — әрекеті — бастауыш мектеп оқушысының психикалық дамуының негізгі факторы.       :

Біздің елімізде бала жеті жасқа толған соң мектептің бірінші сыныбына барады. Ол оқушы болады. Алайда қазіргі уақытта жеті жасар дені сау, әдеттегі баланың басым көпшілігі мектепте оқытуға дайын болуы негізіңце мемлекет белгілеген бұл жас формалды   көрсеткіш   қана.   Басқаша   айтқанда,   одан ары ойдағыдай даму үшін жеті жасар бала өзінің мектепке дейінгі өмірін өзгертуі тиіс және мектепте оқуы керек.

Баланың  дамуының  шешуші  факторы   өмірінің   барлық мезгілінде,   барлық  кезеңінде   оның   өз   белсенділігі   болып табылады. Ол баланың өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттеріне кең мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Өсіп келе жатқан жанды заттың өмірлік талаптарын қанағаттандырудың қажетті жағдайы болып; саналады,     организмнің     ортамен     «теңгелуінің»     барлық механизмдерінің пайда болу жағдайы болып табылады. Алайда, бала тек организм ретінде ғана емес, сондай — ақ жеке бас ретінде даму үшін, әлжуас нәрестеден қазіргі қоғамның толыққанды мүшесіне айналуы үшін, оның белсенділігін ересектер, жетілген  адамдар  басқаруы  тиіс.  Дені  сау  организмге  тән белсенділік саналы адамның іс — әрекетіне айналуы тиіс.

Педагог әр уақытта тәрбиелеу мақсатын ұстана отырып, баланың іс — әрекетін шебер үйлестіріп, нәзік және ақылмен бағалауы керек, табысты нәтиже ылғи бола бермейтіндігін, кейде ол өте қарапайым айта кеткіміз келеді. Баланы серпілту үшін оқу тапсырмасын орындау барысында оқушының жұмсаған күш — жігерін, талпынысын бағалаудың зор маңызы бар.

Барлық жағдайларда баға балаларды одан әрі, одан да күрделірек, қызықты және нәтижелі іс — әрекетке ынталандыратын роль артуы зор.

Оқу қызметінің дамытушылық мүмкіндіктері. Мектеп өмірінде, оның ішінде төменгі сыныптарда. Соңғы жылдары елеулі өзгерістер болды. 1969 жылдан бастап бастауыш сыныптар бұрынғыға қарағанда күрделіректе көлемдіректе жаңа бағдарламалар бойынша жұмыс істей бастады. Бастауыш білім курсы жылға қысқартылды. Бастауыш мұндай қайта қысқарудың алдында комплексті және біртіндеп кеңейтілген жеті жыл бойы эксперимент жүргізілді, психологтар мен методисттер, мұғалімдер»  мен оқу ағарту министрліктерінің қызметкерлері қатынасты.

Бастауыш білім беру жүйесін қайта құру қажеттігі ескі жүйенің жастарды еңбекке әзірлеуде өмір талабына мүлдем сәйкес келмегендігіне байланысты болды. Мұндай құбылыс,; тарихи дерек заңды. Ғылыми — техникалық революция жағдайында қоғамымыздың өмірі айтарлықтай өзгерді, соған сәйкес адамға, оның біліміне, оның дамуына, оның адамгершілік сапаларына қоғамның қоятын талаптары күрт өсті. 1969 жылға дейін бастауыш мектеп үшін қабылданған бағдарламалар, олардың мазмұны, көлемі, оқытуды, ұйымдастырудың формалары мен методтары ескірді. Олар енді төменгі сыныптардан бастап, оқушыларға қойылатын айтарлықтай өскелең талаптарға, олардың әр түрлі қабілеттеріне жауап бере алмайтын болды. Бұрынғы бағдарламалар анағұрлым жоғары дамыған қоғамның келешектің адамның санасын қалыптастыру үшін перспективасыз болып шықты.

Бұл жаңа талаптар мектепте балаларды оқытудың бағытын
өзгертті. Ұлы қазан төңкерісіне дейін халықтың басым көпшілігі
мүлдем сауатсыз болды немесе бар болғаны хат танырлық қана
сауатты еді.

Адамдардың белгілі бөлігінің білімі тек бастауыш мектептің төрт класымен шектелді. Сондықтан бастауыш мектептің міндеті балаларға жеңіл білімдер беру мен оқу жазу, санау сияқты маңызды дағдыларды үйрету болды.

Қазіргі мектептің міндеті оқушыларды айтарлықгай білім көлемін байыту ғана емес, сондай — ақ оларды еңбекке және қоғамдық   өмірге   белсене   қатысуға   әзірлеу   мақсаты   мен балалардың жоғары ақыл — ой және адамгершілік дамуына жету болып табылады. Бұл міндеттер төменгі сыныптардан бастап балаларды оқытудың мазмұны мен методтарына қайта қарауды талап етті.

Д.П.Элькониннің   әділетті   түрде    атап   көрсеткеніндей кіп-кішкентай оқушы мектептегі өзінің жұмысын қоғамдық мәні бар, қатаң міндетті қызмет ретінде сезіне бастайды, бұл онда оқудың жаңа қоғамдық ой елегінен өткен себептерін, сыныпта өзіндік дербес жаңа бағытын, өзіне және жолдастарына деген жаңа қатынастар мен талаптарды қалыптастыра бастайды.

Мектептің төменгі сыныбындағы балаларды оқытудың бағытын өзгерту алғашқы үш жылда меңгеруі керек оқу есептеп шығару және орфографиялық дағдыларды ешбір кемітпейтіндігі айқын анық. Алайда оқыту мақсатынан осы дағдыларды қалыптастырудағы жұмыс негізгі міндеті — баланың дамуын шешу кұралына айналады және мұнда жалғыз емес.

Демек, мектепте жұмысты балалардың жалпы «оқуын»
көтеретіндей етіп ұйымдастыру керек.

Жоғарыда    айтылғандай,     кез     —    келген    қызметтің дамытушылық   сипаты,   ең   алдымен   оның   мазмұны   мен методикасына   толығырақ   тоқталайық,   өйткені   қазір   жаңа бағдарламасына толығырақ тоқгалайық, өйткені жұмыс істейтін кішкентай оқушылардың оқу іс — әрекетінің дамытушы сипатын қамтамасыз ететін принципті оқу жаңалықтары нақ салалардаң, байқалады.    Баланың    дамуына    бағытталған    оқу    іс әрекет басқалары    сияқты,    балалардың    іс    —    әрекетінің мазмұнында, сондай — ақ оларға қолданылатын методтарда өзіндік ерекшелікке ие.

Балалардың оқу қызметін ұйымдастыра отырып, мектептің шешуге тиісті тікелей міндеті адамзат игерген және жекелеген ғылымның мазмұнын құратын, оқу пәндерін жинақтауға сәйкес келетін,  тандап алынған белгілі бір  жүйесімен балаларды байыту. Білімді меңгеру оқушылардан бір қатар әр — түрлі әрекеттердің категорияларын, әр түрлі шамадағы күнделікті  дербестіктің әр қилы дәрежесін, оларды тандап, тиімді түрде қолдануды талап етеді. Ол үшін балалар бір қатар ережелерді, тәсілдерді, әдістерді меңгерулері қажет, оларсыз тіпті жақсы меңгерген білімді қолдану мүмкін емес. Педагог  оқу қызметтерінде балаларда білімге деген тұрақты ынтаны және ақыл — ой еңбегін қажетсінуді қалыптастыруға тырысады. Бұл міндеттерді ойдағьвдай шешу — оқушылардың ақыл ойын, маңызды да тиімді жол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Оқу қызметінің тәрбиелеушілік мүмкіндіктері.

Егер біз оқудың оқушының ақыл — ой тұрғысынан дамуынан жасайтын ықпалын ғана қарастырумен шектеліп қалатын болсақ, оқу қызметінің бастауыш мектеп оқушыларын дамытатын мүмкіндіктеріне жасаған тандауымыз толық болмас еді. Өкінішке орай, күні осы уақытқа дейін педагогикада оқыту теориясы төрбиелеу проблемаларынан мүлдем оқшау қарастырылады. Алайда мектеп — оқушыларының ұтымды ұйымдастырылған оқу қызметі балаларда көптеген адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге деген орасан зор ықпал жасай алады. Бастауыш мектептегі кішкентай оқушыларға беретін теориялық білімдердің деңгейі көтеріңкі, оқушылардың өз беттерімен проблемалық қызмет етуіне, сан алуан байланыстарды, соның ішінде адамның табиғатқа, адамдарға деген қатынасын ұғындыруға бағытталған, жаңа программалар бойынша жұмыс істеуінде бұл мүмкіндіктер айрықша зор.

   Бұл  арада  бір  адамгершілік тәрбиелік ұғымының  өзіне ұйымының қоллективте жеке  бастың қалыптасуына» тоқталмаймыз.   Бұл  жерде  оқушыларға  адамгершілік  тәрбие берудегі қызметінің ғана мүмкіндіктерін қарастырамыз.  Олар мынадай: Оқу қызметінде балаларда маңызды адамгершілік ұғымдарды қалыптастыру үшін нақты мүмкіндіктер бар. Ұғым дегеніміз біртектес заттардың немесе құбылыстардың оларда бар белгілердің ортақтығы бойынша біріктірілген тұтас бір тобы туралы қорытылған білім белгілі бір сөздің өзінде — ақ бар: «батыр», «қорқақтық», «отан», «сатқындық», «парыз», «зат есім» — «сан», «кеңістік», «жылдамдық» тағы басқа. Кейбір авторлардың осылай істеуді ұсынып отырғанындай грамматиканың болсын, табиғаттанушылық  болсын,   ал   одан   да   гөрі   адамгершілік тұрғыдағы болсын, бірде — бір ұғымды дайын күйінде баланың «санасына енгізуге» болмайды. Шынында, балалар сөзді 2 — 3 жастағы кезінде — ақ естерінде сақтай алады. Бірақ сөз ұғымының өзі емес. Өйткені ұғым дегеніміз адамның шындық болмыс құбылыстарын қорытып бейнелеуінің жоғарғы формасы ғой.

Балада ұғым оның өзінің сезімдік өмірлік және арнайы тәжірибе жинақтауы процесінде қалыптасуы тиіс. Мәселен : «қосынды» деген ұғым оқушының әр қилы заттардың алуан түрлі есепсіз көпшілігі жөнінде толып жатқан және сан алуан амал әрекеттер жасау процесінде қалыптасады. Содан кейін ғана барып олардың бейнелері, кейін сандар, ал одан кейін олардың әр қилы сандармен белгіленген әр түрлі мөлшерін қолдана отырып және екі, одан да көбірек сандарды қосу амалының нәтижесінде «қосынды» деген сөзбен белгіленетін жаңа санды ала отырып, бала бұл орайда мәселен сандардың — қосылғыштардың абсолютті шамасы сиякты әлгі ұғым мәнді емес белгілерінің бәрін назарға алмаи осы ұғымның мәнді — мәнді белгілерін қолдануды үйренеді: әрбір сан қандай заттардың санын білдіретін және. сандар  қандай ретпен қойылғанын  назар  алмай  қолдануды үйретеді.

  Балалардың моральдық ұғымдарды меңгеруінің басқа грамматикалық, математикалық өмірлік  ұғымдардың қалыптасу процесімен ұқсас жақтары көп. Сонымен бірге моральдық ұғымдардың құрылуының қорытылатын мазмұнның өзіне тән бір қатар айрықша ерекшеліктері бар. Моральдық ұғымның қалыптасу процесінің мәнді ерекшелігі олардың әрқайсысына бағалаушылық моменттің кірістірілгендігі болып табылады. Әрбір моральдық ұғымда адамның қоғамдағы моральдық талаптарға сәйкес келетін, немесе оған қайшы келетін қасиетіне, әрекет амалдарына пікірлеріне қоғамның бағалаушылық, қатынасы қалыптасқан. Сондықтан әрбір оқушының моральдық ұғымдары игеру, онда тиісті моральдық позициялардың, бағалаулардың, сенімдердің қалыптасуымен, яғни адамның қайсы бір нақты қасиетіне, әрекетіне немесе қылығына оң немесе теріс іштей эмоциялық қатынасының қалыптасуымен ұштасуы тиіс. «Жау», «батыр», «опасыздық», «өжеттік», «қорқақтық» деген ұғымдар «бейтарап» ұғымдар емес. Олар адамның тиісті сөздерді өзі жатқызатын мазмұнға белгілі бір қатынасын білдіреді. Сондықган моральдық ұғымдарда олардың қоғамдық тарихи табиғаты ерекше айқын аңғарылады. Бірақ бұл бағалаулар балада біртіндеп барып қана қорытушы сипат алып, оқушының адамдардың іс — әрекетіне немесе олардың қасиеттеріне өзіндік жеке қатынасының білдірілуі болады. Бірақ мәселе тек мұнда ғана емес. Адамгершілік ұғымдар өте кең «ауқымды». Олар сырттай қарағанда тіпті ортақ ештеңесі жоқ болып көрінетін өте — мөте алуан түрлі құбылыстарға жатады. Мәселен : «қарапайымдылық» деген моральдық ұғым балалар үшін С.Я.Маршактың әңгімесіндегі белгісіз кейіпкердің және айрықша бір ерлік жасай  қоймаған басқа бір әңгіменің кейіпкері Алиша деген баланың іс — әрекетінде ашылады. Бұл бала ешкімді құтқарып қалмайды және ешқандай қауып — қатерге ұшырамайды, бар болғаны біреудің қақпасын сырлап береді және «иесі жоқ» бір орындықты жөндейді, бірақ бұл туралы ешкімге айтпайды. Алайда сюжеттегі өр басқа бұл шығармалар кейбір кейіпкерлерінің іс — әрекетіндегі бұл ортақ қасиетті балалардың өздері саралап көрсете алмайды. Балаларда әрбір жаңа моральдық ұғымның қалыптасуы үшін, мұғалім әр түрлі әдеби және өмірлік материалды пайдаланғаны дұрыс.

Оқу қызметінде байлар үшін аса маңызды және түсінікті моральдық ұғымдар мен сенімдерді қалыптастыру мүмкіндіктері. мол.

Пайымдай білуді меңгеру.

Сөйтіп балалардың адамгершілік ұғымдарының қалыптасуы мен бұларды пайдалануының тағы бір қиыншылығы аңғарылып отыр. Нақты бір жаңа фактіде таныс адамгершілік қасиетті танып білу үшін, адам бұл жаңа фактіге талдау жасау керек. Сыртқы және ішкі жағдайлардың бүкіл жиынтығын бағдарға ала отырып, осы нақты қылықты тудырып отыратын жағдайлардың себептердің бәрін ескере отырып, «пайымдай» білу керек,

Мұндай күрделі ойлау жұмысы бала аңғаратын әр — бір әрекет қылыққа адамгершілік тұрғысынан баға берместен бұрын болады. Бірақ ол мұндай баға беруге әлі де әзір емес, ол тіпті өзіне белгілі адамгершілік талаптар тұрғысынан әлі логикалық түрде пайымдай білмейді, күрделі фактілерді дәйекті де негізді ете алмайды, адам қылықтарының бейтаныс ішкі серіппелігін ашып, оларды танып, адамгершілік эталондарға орайластыруды білмейді.

Бала өзі оған деген көзқарасын тиянактауға тиісті, бұл күрцелі құбылыстың — адам қылығының көптеген икұрамдас бөлікгерін» әншейін     білмейді.      Қызғаныш      пен      кемістік      көру күмәндаушылықтың, қадір — қасиеттің қызығушылықтың жанды  қинайтын азаптарды, сезімдерді оған белгісіз.

Демек балалар «пайымдап» үйренуге тиіс. Шешілуі адамгершілік тәрбие беру үшін өте маңызды бұл екінші міндетті де мұғалім өзінің алдына қоюға тиіс. Өйткені кез — келген арифметикалық немесе табиғаттану есебін шығару жөніндегі жұмыс талдау жасауды белгілі мен белгісізді фактілер мен олардың тәуелділікгерін саралауды талап етеді ғой. Шешу басты және аралық мәселелерді анықтауды талап етеді, есепке талдау жасаудың дәйекгілігін логикасында талдау қажет.

Логикалық тұрғыдан пайымдай білушілік барлық сабақтарда дерлік: математикада, грамматика, табиғаттану, еңбек сабақтары жөніндегі жұмыста қалыптасады. Пайымдаудың нәтижесі әдетте қайсібір қорытындылар болады, балалардың бұл қорытындыларға, келуі олардың әңгімені, есептің шартын, тәжірибені түсінгенін көрсетеді.

Түсіну — бұл адамның өзі атқарған ойлау жұмысының нәтижесінде алған жаңа білім. Ол текстте, суретте, есепке, аргументке қайсібір адамның қылығына талдау жасады, әрбір құбылыстың басты — басты және қосалқы белгілерін ажыратты, тұтас бір тұлғаның элементтерінің арасындағы байланысты ашуға ұмтылды — сөйтіп келіп ол түсінуге жетті.

Адамгершілік тәрбие алу.

Кез — келген танымдық міңдетті шешуде түсіну дегеніміз тұтас бір тұлғаның элеменггерінің, бөлшектерінің әр жақтарының арасындағы ізденіп отырған байланыстарды ашып табу.

Адамгершілік міндеттерді шеше келгенде бұл бірінші кезең ғана. Одан кейін сол қылыктың когамдық түсіну, яғни бұл қылықтың неғұрлым терең эмоциялық және адамгершілік тұрғысынан бағаланған байланыстарын анықтау және оларды  қоғамда   моральдық   мінез   —   құлықтың   эталоны   ретінде , қабылданған қоғамдық моральдық талаптарына сәйкес бағалау келеді. Әдетте мұндай түсінуге жеке басының өмірлік тәжірибесі, текбілімдер тәжірибесі ғана емес, сонымен бірге бастан кешірген тәжірибесі және керісінше бағалау тәжірибесі мол адам жетеді.

Демек, бастауыш мектеп оқушыларына оқу қызметі процесінде адамгершілік тәрбие беру үшін, дұрыс моральдық баға бере білудің қалыптасуы үшін, балалар пайымдауға үйренуге тиіс. Мұның өзі логикалық ойлаудың жоғарғы формаларын дамытып қана қоймайды, сонымен бірге адамның жұрттың күнбе — күнгі әдеттегі істерінен мақтауға немесе даттауға лайық адамшылық, қасеттерді тани білушілік жөніндегі аса маңызды сапаны жетілдіреді. Мұндай адамгершілік бағыттағы «көргендік» кемел. жасқа келген адамды өзіне де өзгеге де әділ және талап қойғыш адамға айналдырады.

Оқу процесінде адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ үстінде мұғаліммен және құрбы — кұрдастарымен ұдайы қарым — қатынаста болған баланың адамгершілігі қальштасады, оның өмірлік тәжірибесі молаяды. Бастауыш сынып оқушыларының көңіл — күйі, олардың куанышы мен күйініштері ең алдымен оқуға байланысты болады.

Баланы тәрбиелейтін оның сәттері емес, сабақ үстіндегі бүкіл   оқыту процесі. Сабақ үстіндегі адамгершілік тәрбиенің тиімділігін қамьамассыз ететін не ? Ол сабақ мазмұнының ғылымилылығы мен әлеуметтік идеялылығы, мұғалім жұмысының идеялылығы, әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік эмоциялық қуаты сабақ үстінде мұғалім мен балалар арасында қалыптасатын өзара қарым- қатынас стилі, мұғалімнің өзінің адамгершілік бағыты, оның оқылып отырған материалға көзқарасы және басқалары. Оқулық кітаптардан мақалалар, әңгімелер, өлеңдер, ертегілер оқу және  талдау  балаларға-адамдардың  адамгершіліқ  іс  -қимылдарын   түсінісіп,    бағалауына   жәрдемдеседі.    Балалар әділеттік, адалдық, жолдастық  , достық , қоғамдық борышқа    адамдық патриотизм туралы және интернационализм туралы өздеріне түсінікті етіліп сұрақтар қойылған мақалаларды оқып   талдайды.

Сабақ үстінде оқушылар арасында ұдайы белгілі бір іскерлік және адамгершілік қарым — қатынастар туып жатады. Оқушылар сынып алдына қойылған бәріне ортақ міндеттерді шешкенде өзара араласады, бір — біріне ыкпал етеді. Мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне қатысты бірқатар: басқаларға бөгет болмау, бір — бірін мұқият тындау, ортақ іске қатысу талаптарын қойып, оқушылардың осыларды орындай алу қабілеттерін бағалайды. Мектеп оқушыларының сабақ үстіндегі бірлескен жұмысы олардың арасында кез — келген қоллективтік жұмысқа тән көптеген белгілері бар қарым — қатынастар туғызады. Бұлар ең алдымен әр бір оқушының өз ісіне ортақ іс сияқты қарайтыны, ортақ мақсатқа жетуі үшін, басқалармен келісімді түрде әрекет ете білушілігі, бір;— бірін қолдайтындығы және сонымен қатар бір — біріне талап қойғыштығы және сонымен қатар өзіне сын көзбен қарай білуі және өзінің табысын немесе сәтсіздікті ортақ іс тұрғысынан бағалай білуі сабақтың бұл мүмкіндіктерін іс — жүзінде орындау үшін мұғалім сабақ кезінде, оқушылардың өзара қарым — қатынас жасауына мүмкіндігі болатындай жағдай туғызуы қажет, сірә, балалардың сабақ, үстіндегі мінез — құлқын кейде тым қатал тәртіпке салып отыруды біраз бәсеңдету керек сиякты.

Мұғалімнің алдында күрделі міндет тұрады — оқушының білімді  ұғыну  жөніндегі  жеке   қызметін   ортақ  көңіл-күйін туғызатындай қоллективімізді тәрбиелеуге жәрдемдесетіндей, балалардың арасында мерейлі адамшылық қарым-қатынастар қалыптастырудың қайнар көзі болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.  Бастауыш сынып жетекшілерінің атқаратын қызметтері

Қазақстан Республикамыздың «Білім туралы» Заңды мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады. Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыру сынып жетекшісіне жүктңді.

Бірақ, соңғы уақытта мектеп өмірінің демократияландыруына байланысты сынып жетекшісі қажет пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр. Осы себеппен педагогтардың да ой-пікірі, жан-жаққа бөлінуде.  

Республикамыздың бірқатар мектептерінде тәжірибеде ретінде сынып жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшілерінің әртүрлілігі жүзеге асырылуда. Жоғары мектептерде жекелеген сыныптарда өзін-өзі басқарудың дамығандығы соншалықты. Тіпті оқушылардың бастауыш ұжымы жұмысын сынып жетекшісіз-ақ құруға мүмкіндік береді. Сірә, сынып жетекшісі жұмысының әртүрлілігі мәселені тікелей нақтылы мектептер мен сыныптарда шешу керек болар. Кейбір жерлерде, мүмкін, тәрбие процесін сынып жетекшісіз ұйымдастыру да орынды шығар.

Республикамыздың      педагогикалық жылдарының  және  басым көпшілігінің пікірі бойынша бүгінгі күні сынып жетекшісін мектеп өмірінен алып тастау өзін-өзі бастауыш жетекшісінің біліктілігі балалар әлемін терең түсінуге негізделген білім екендігі даусыз.

Ережеге сәйкес, сынып жетекшілікке сыныппен жұмыс  істейтін мұғалімдердің бірі мектеп директорының жарлығымен тағайындалады. Ол тәрбие жұмысын өзіне сеніп тапсырған сынып ұжымымен, сондай-ақ, мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, оқушыларының қоғамдық ұйымдары, олардың ата-аналарымен, мектептен тыс мекемелермен, жалпы жұртшылықпен тығыз байланыста іске асыруға бар күш-жігерін жұмсайды.

Демократиялық мектеп өзінің назарынан адамның мінез-құлқын, қабілетін, тіршілік әрекеттерін тыс қалдырмауға тырысады.Сондықган тәрбиенің мақсатын белгілеуші тек қана мемлекет емес, сонымен қатар баланың рухани, ұлттық дамуын қалайтын ең жақын адамдары, ата- аналар, мұғалімдер, қоғамдық күштер. Осы тұрғыдан алатын болсақ, біздің жеткіншектеріміздің денсаулығын, адамгершілік табиғи қабілетін (ақыл-ой, еңбек, көркемдік, коммуникативтік) дамыту, жетілдіру бірінші кезектегі істер. Себебеі осы қасиеттер арқылы ғасырлар бойы жинақгаған мәдени мұра атадан балаға жетіп отыр. Сондықтан, осы 3 ірі блоктар арқылы әрбір тәрбиешінің міндеттерін белгілеуге болатын сияқты. Тәрбиеші бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызу керек: қолайлы әс әрекеттер ұйымдастыру арқылы ( оқу, өнімді еңбек, бос уақыт), қатынас арқылы (өнер, ақпарат, құралдары, т.б.), күнделікті тұрмыс арқылы. Өзгеше айтқанда, іс-әрекет, қатынас, тұрмыс қалпы тәрбиенің басты кұралдары. Соларды мәдениеттендіре отырып, ал баланың дамуына ықпал жасайды. Әр тәрбиеші тұтас тұлға тәрбиелегендіктен ол баланың денсаулығы, қабілеті және адамгершілігі туралы қам жейді.  Бірақ, сынып жетекшісі өзінің кәсіби және әлеуметтік,  роліне байланысты, бала өмірінің бір бағытына басын көңіл аударады, сонымен қатар оны ұйымдастырады — ал көбіне оқу-тәрбие ісіне көңіл аударады;  аіта-аналар-баланың денсаулығы қамқорлыққа алады, мектептен тыс ұйымдар-баланың бос  уақытын қамтиды. Осы арада сынып жетекшісінің ролі ерекше , тәрбиешілер өздерінің күнделікті қызметінде «сынып жетекшілер өздерінің әріптестерімен, отбасымен, жұртшылық пен бірігіп жұмыс істейді» деген түсінікте. Бірақ, қазіргі танда бұл пікірге кейбір анықтау қажет сияқты; біріншіден, тәрбиешілер оқушыны, тәрбиелеу жөнінде өзара тиісті, ао оқушы бір жағдайда қандай нақты көмек қажет, немесе ал өзінің проблемаларын өзі шешетіндей мүмкіндігі бар ма ? — Бұл жағы да тасады қалады. Сондықган, көп жағдайда, тәрбие жұмысы нәтиже бермейді. Тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісінің орнын анықтау барысында ең басты бағыттан айырмаған абзал- ал оқушы мен сынып жетекшісінің өзара байланысы. Сынып жетекшісінің негізгі қызметі әр тұлғамен (баламен) өзара түсінушілік негізінде байланыс орнату. Егер осы диалог жұмысы жеткіліксіз болғанда ғана ата-аналар, сынып оқушыларымен, басқа мұғалімдермен байланыс жасауға болады. Бірақ, бұлардың барлығы екінші кезектегі істер.

Енді, жаңа талаптар тұрғысынан сынып жетешісінің қызмет батыттарын анықтауға тырысайық; егер сынып жетекшісі қызмет мазмұны оқушының жас ерекшеліктермімен, қызығушылығымен, қажеттілігімен байланыстыратйн болса, онда сыныа жетекшісі мен ата-аналардың бірінші міндеті- баланы қорғау болады. (аштықтан, суықтан, жалғыздықтан, дау-жанжалдан, т.б.); сонымен біргс баланың дамуына жағдай жасау (рухани жағынан да, дене жағынан да). Қазіргі мектеп қорғау функциясын әлі мойындай қойған жоқ. Ал егер мектепке гуманистік педагогика енетін болса, ондағы ең басты идея — баланы қорғау — сынып жетекшісінің негізгі міндеті болуы керек.

«Оқушыны қорғаушы» функциясы сынып жетекшісінің орнымен жеке-дара жұмыс ұйымдастыру негізі болады. «Оқушыны қорғаушы» тұрғысынан қарағанда снып жетекшісінің міндеті — баланың денсаулығын қамтамасыз ету. Ол үшін баланың физиологиялық ерекшеліктерін білу, баланың ауру екенін сыртқы белгілері арқылы аңғарту; жалпы серген, қайырымды болу.

Сонымен, сынып жетекшінің бірінші меңгеретін, жүзеге асыратын бағдарламасы- ал «Денсаулық» бағдарламасы. Бұл бағдарлама сынып жетекшісі мен педиатрлық, мектеп дәрігерінің тығыз байланыста болуын талап етеді. Мұғалім бұл сонада өзінің білімін жетілдіру қажет. Сынып жетекшісі ата-аналармен бірге дансаулығы нашар оқушының ерекшеліктеріне сәйкес демалу, үйықтау тамақ ішу тәртібін белгілейді.

Балаға қамқорлық қажет ететін келесі өріс — ал қатынас. Осы жағынан кейбір оқушылар мектепте көп қинайды; біреулерін  ешкім байқамайды, екіншілерін мазақтайды, ызаландырады, үшіншілеріне күліп, төртіншілеріне ортақ ойынға араластырмайды, бесіншісі қорлық көрсетеді (моральдық жағынан да, күш жағынан да), осындай қолайсыз жағдайға негізінен оқушыларды өзін -өзіне сенбеушілік, психологиялық тұрақсыздық пайда болады. Сондықтан, ондай балалар айналасындағы адамдармен қатынасқа өрескелдіп, дөрекілік, әдепсіздік көрсетеді.

Тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-балалардың қатынас өрісіне ену, олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыру, қатынас мәдениетіне баулу. Жоғарыда айтылған қатынас мәселелері адамгершілік тәрбиесімен оте тығыз байланысты.Бұл арада біз жалпы адамзаттың құлдықтарды негізге аламыз. Ең биік  құндылықтардың — бәрі адамның  өмірі. Оған озбырлық жасауға ешкімнің құқы жоқ. Келесі құндылық саған өмір силаған, дүниеге келген адамның алдында бас ию. Туған жер, үй отбасы – бұл  құндылықтардан адамның ары, абыройлы нәр алып, қоректенеді, оның еркіндікке талпынысы, патриоттық, азаматтық қасиеттері қалыптасады. Өзінен басқа адамның да өзіндік ерекшелікке, өзіндік пікірге құқығы екенін мойындайды. Егер осы қасиет бала кезінен қалыптасса, ал сонда ғана басқа адамдардың, қоғамының дамуына мүмкіндік бере алады. Табиғат ата-бабаларымыздан қалған мәдени мұра осыны бәрі жалпы адамзаттың құңдылықтар.

Бұлардың барлығын бірден түсіну, әрине өте қиын. Бірақ, оларды күнделікті өмірде балалар ұжымының даму бағыттары ретінде алып отырса, олар адамдардың қылықтарын, араларындағы қатынастарында реттеп отыратын ережелерге айналатыны сөзсіз. «Балаларды қорғаушы» тұрғысынан алатың болсақ оқу өзіндегі сәт тіліне жетелеудегі тәрбиешінің жұмыс бағыттары ерекше тарапынан көрінеді.

Егер тәрбиеші оқушының жақсы мүмкіндігіне сенсе, оған жаны ашыса ғана, оны қорғауы мүмкін. Керісінше негізінде жақсы жақтарын байқап, сынып балаларына көрсете білу. Ендігі өріс — баланың өмір сүретін ортасы, тұрмыс қалып. Оқушының тұрмыс қалпы тек қана үйдің материалдық жағдайымен шектеліп қалмайды. Мектепте ауық-ауық белгілі бір модаға байланысты «эпидемиялар» болып тұрады. Кейбір оқушылар (әсіресе, ересек). сыныптарындағы, құрбыларындағы киім, аппаратура оларда болмағанына насып, өзін кеисітіп жатады. Сондықтан көп жағдайларда ата-аналармен келіспеушілік болады. Осы себеппен сынып жетекшісі отбасындағы тұрмыс жағдайларын жақсы білсе, ал дер кезінде қолайсыз істерге кедер болар еді.

Мектепте сынып жетекшісі оқушылар оқитын бөлменің эстетиканың жағынан тартымды, әдемі болуын қамтиды. Модаға, тұрмыс жағдайына байланысты ашық әңгімелер, пікір талас, іскерлік ойындар, т.б. шаралаф өткізіп тұрады. Осымен, қорыта келсе, айтарымыз; сынып жетекшісінің басты назарында — оқушы — Адай, оқушы — тұлға әр оқушының ерекше қасиеттері;  оларды қорғау, дамыту міндеттері. Ал сынып ұжымы — әр балаға өолайлы ортағы айналуы  қажет. Тәрбие процесінің ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие ісін басқаруда сынып жетекшісі мына логикаға бағындырса, ол жұмыстың нәтижесі болуы сөзсіз:

І. Тәрбие ісінің негізі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Негізгі психологиялық педагогикалық ұғымдарын түсіну, оқу тәрбие жұмысын тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін (методикасын) меңгеріп алуы.

  1. Талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатныда сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің    себептерін    түсіну. Мұғалімнің   тәрбиесін   іс-шараны   талдау   шеберлігі,   өзінің. көзқарасын қорғап дәлелдей алуы.

З. Өз жұмысының нәтижесін болжай білуі, нақты нәтижелердің тәрбиесін мақсатқа сәйкестігін аңғаруы, қайшылықтарды, тәрбие ісінің перспективаларын көре білуі. Жоспарды оқушылардың даму нәтижесіне байланысты құруы.

  1. 0қушыларды зерттеу арқылы тәрбиесін міндеттерді аныктауы.
  2. 0қушылардың даму деңгейіңде байланысты тәрбиенің негізгі міндеттерімен, оларға сәйкес іс-әрекеттерін  белгілеуі:

Тандап алған іс-әрекегтердің түрлері мен тәрбие жұмысының
әдістері, формалары тәрбие ісінің деңгейін көтеруге тиісті ықпал
жасайтынына мұғалімнің толық сенуі.

б. Тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы.

  1. 0қушылардың дамуын болжауы, оларды әртүрлі іс-әрекеттерге араластырып, өзара жақсы қарым-қатынастарда болуға бағыттауы, адамгершілігін дағдыларын нығайтуы. Тәрбиеші іс-әрекеттерді ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасау тиіс (істі қортындылағанда оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөяіп, қажет болса асырыңқырап мақтағанда артық емес, баланың мінез құлқына байланысты).

Оқушылардың қабілетіне, қызығушылығына, ынтасына даму деңгейіне байланысты, тәрбиенің оларды   дамыту мақсатымен; баланың күшті жақтарына сәйкес істер тандап, тапсырмалар беріп отыруы.

  1. Тәрбиелеу мақсатында мұғалім өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеруі.
  2. Тәрбие ісін жетілдіру мақсатпен мезгіл мезгіл өз жұмысын өзі (тең) тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зертгеп отыруы.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша, сынып ұжымын дамытуға тығыз мүмкіндігі бар сынып жетекшісі мынадай;

-тәрбиешілердің    тәрбиесін    деңгейін,     әрқайсысының  ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін жақсы білімді;

-оқушының дамуы туралы толық хабары бар;

-белсенді оқушылар тобын қолдан, олардың ұйымдастырушылық дағдыларын дамытып  ұжымды тәрбиелеу жұмыстарына қатыстырып отырады;

-ұжымның негізгі белгілеріне және атқаратын қызметіне сәйкес
іс-әрекеттерін жүйесін қалыптастырады.

-оқушылардың өзін-өзін басқаруға, тексеруге бағыттап, олардың ынтасын дамытып, рқымға тәртіптің оқушылардың қатарын көбейтіп, олардың адамгершілік, қызықтарын, қасиеттерін қалыптастырады.

-ұжымның даму барысында, мұғалім өзінің педагогикалық позициясын, пікірін өзгертіп отырады.

-оқушылардың ұжымдағы өзара қарым-қатынастарын, қоғамға пайдалы еңбектерін бағалау әдістемесін (методикасымен) қамтамасыз етеді.

Аталған жұмыстың барлығы ұжымды жоғары сатыға көтеруге, оқушылардың субьект ретінде қабылдауға, дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыруға көмектеседі.

Сынып жетекшісі — ол кім ?

Қазақстан Республикасында сынып  жетекшісі — сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, негістіріп өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.

Бүгінгі күні сынып жетекшісі — кәсіпкер-педагог, ал өсіп келе жатқан бала үшін;

-Жалпы адамзаттың мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухпни жалғастырушы;

-Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

-оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесін қажетті өзгерістер енгізуиіі; мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда,  кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік, экономикалық,
саяси ерекшеліктерін түсінуде  көмекші, кеңесші.

Сыныпта қолайлы, жайлы йоральдық-психологиялық ахуал
қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып,
қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;

— Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиесін күштердің (мектеп,- отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.

Сынып жетекшісінің негізі мақсаты қоғамның талаптарымең  тікелей байланыста, ал  әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оынң потенциалды қабілеттерін ашу, интеллектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау.

Сынып жетекшісінің міндеттерін айқындағанда, мына идеяларды негізге алдық;

— Ең «қиын» деген оқушыйың өзі де жақсы болып, түзеліп кетеді, бірақ оған айналасындағы адамдардың сенімі, сыйластығы, сүйіспеншілігі, көнегі қажет:

— Тәрбиелейтін — тәрбие сағаты, ақыл айту, оқушының қателіктерін бетке басу емес, тәрбиелейтін бірігіп атқаратын әрекет, ынтымақтастық қатынастар, бір-біріне деген жьшы сезімдер.

Тәрбиеші өз шәкірттінің көмекшісі, қорғаушысы.

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.

Тәрбиеші — өз шәкіртінің көмекшісі, қорғаушысы. Тәрбиеші ~ педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект- тәрбиешілік жеке дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру  бастапқы міндет. Себебі ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбиеде болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады. Ұғымды ұйымдастыру жеке дамыту — сынып жетекшісінің назарындағы екінші обьектісі мен міндеттері.

Оқушы   тұлғасының   қалыптасуына    көмектесу,    оның қабілеттерінің,   қызығушылығының,   бейімділігінің  және   ішкі  табиғи күштерінің ашылып, орта түсінуіне жағдай жасау-сынып жетекшісінің тәрбиесін ықпалдарының үшінші міндеті.

Кейбір зерттеушілердің пайдалануы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналармен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады екен;

Бірінші топ міндеттері. Олар әлеуметтік міндеттер деп атауға болады. Бұл баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен жеке басқа да тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.

Екінші  топ  міндеттерді  —  диагностикалық  —   әдептік-этикалық деуге болады.  Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс, ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшелікгерін, дара қасиеттерін білуін керек.

Үшінші топ міндеттерді адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық мен жамандықтың белгілерін ажырата алуына бағытталған, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілігін шешім қабылдай алуына мүмкіндік береді.

Төртінші   топ    міндеттерді   жеке    дара    практикалық сыныптағы міндеттер деуге болады. Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық құралдарды тандап алуы; өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетудегі және педагогикалық көзқараста болады.

Осы    бастапқы    міндеттерді    ескере    отырп,    сынып жетекшісінің негізгі қызметтері  айқындалады:

Сынып жетекшісінің ең басты міндетті қызметтері қандай ?

  1. — диагностикалық
  2. — коммуникативтік
  3. —тәрбиелік
  4. — жобалаушылық
  5. — ұйымдастырушылық — әрекеттік
  6. — дамытушылық
  7. — әдістемелік
  8. — ынталандырушылық
  9. — бағалаушылық

 

  1. -қорғаушылық, қамқоршылық :
  2. -түзетушілік

Сынып жетекшісінің жұмыс бағыттары:

  1. 1. Оқушының жеке дамуын   бақылау,   оның   еркін   дамып, қабулеттерінің ашылуына оптималды жағдай жасау:
  2. 0қушының ынтасын, қабілетін, зерттеу, (кәсіби) бағдар беру:
  3. Оқушылардың қоғамдық-құнды қатынастарға    жетелейтін әрекеттерінің барлық түрлерін (жеке дара, топтық, ұжымдық) ұйымдастыру.
  4. 0қушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.
  5. Әр оқушыны әлеуметендіруге   мүмкіндік   беретін   сынып ұжымын тәрбиесін орта ретінде қалыптастыру.
  6. Барлық тәрбиелік күштердің   өзара   ынмақтастығы   мен байланыстарын ұйымдастыру.
  7. Сыныпта оқу тәрбиесі процесін ұйымдастыру.
  8. 8. Сынып оқушыларының сыныптың және жалпы мектеп жымының тәрбиесін іс-шараларына тарту және басқа ұжымдармен байланыс орнату.
  9. Оқушыларды, олардың тұрмыс жағдайларын зерттеу.
  10. Оқушылардың дамуындағы жеке    мінез-құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету, күрделі жағдайларда басшыларды құлақтандыру.
  11. Өмірде кездесетін күрделі проблемаларды шешуде оқушыларға көмек көрсету.
  12. Оқушылардың әлеуметтік және занды құқықтарын қорғау.
  13. 13. Тәрбие жұмысының нәтижелігін көрсететін іс-қағаздар жүргізу оқушылардың жеке құжаттары сынып журналы, оқушылардың күнделігі).
  14. Мектептің тәрбие жұмысына   ұстаздарды,   ата-аналарды, ъілым, өенр саласындағы мамандарды тарту.
  15. Үнемі тәрбие теориясына, практикасына, педагогика және психология мәселелеріне байланысты   өзінің   мамандығын жетілдіру.
  16. Өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен
    кылы қарым-қатынас орната алуы керек.
    17. Тәрбиелік мақсаттарды көре білуі және оны қоя білуі.

Сынып жетекшісі әрекетінің құрамы қандай.

Ол мынадай бағыттардан тұрады: диагностикалық, жобалаушылық, құрастырушылық, коммуникативтік, (қарым-қатынастық), ұйымдастырушылық сонымен қатар сынып жетекшісінің өзіндік жеке дара мәдени әлеуметтік кеңістігі де болады.

Сынып жетекшісіне қандан қасиеттер қабілеттер тән болуы керек ? Сынып жетекшісінің профессиограммасы қандай ? Профессиограмма  —     кәсіби  маңызды  сапалар жиынтығын, қабілеттерін, білімін, дағды, икемдерін құрайтын мамандардың сипаттамасы.  Сынып жетекшісінің тұлғасы даму  барысында, өзінің   жан   —   жақтылығы   мен,   үйлесімділігі   мен   және біртұтастығы мен ерекшеленеді.

Тәрбиешіге мына қасиеттер өте қажетті.

Адамдарға сүйіспеншілік, олармен қатынаса алу, сенім, түсінушілік, төзімділік, қайрымдылық, тілектестік, қарым -қатынастағы адалдық, шыншылдық:

Жоғары деңгейлі мәдениетін, кең көзқарастың, жарқындық, әзіл — оспақты түсіне білу, тапқырлық;

Мінезінің табандылығы және батылдығы, өзіне сенушілігі;  жігерлілігі, қайсарлығы:

Эмоциялық өмірінің алуан түрлі болуы (жақсы эмоциялар,
сезімдер адамды оптимисттік көңіл — күйге бағыттасып оның
жігері белсенділігін дамытады);

Барлық психикалық қасиеттерінің жоғары деңгейде дамуы : қабыддауы, қимылы, есі т.б.

Сынып     жетекшісінің     білімдері     үш     компоненттен тұратын белгілі жүйені кұрауға тиіс;

Тұлғаның және балалар ұжымының даму ерекшелікгері
туралы білімі;

Психологиялық — педагогикалық білімдері ;

Жалпы білімдері  (адамның тұрмыс  —  тіршілігінің  әр  саласына қатысты білімдер)

Сынып жетекшісінің икемдері мен дағдылары:

Диагностика

Жобалаушылық

Практикалық

Бағалаушылық

Рефлексивтік.

Сынып    жетекшісінің  педагогикалық    қабілетіне дидактикалық, перцептивтік (кәсіби қырағылығы, жанашырлығы, басқаның қайғысына ортақтаса алуы), басқаның орнына өзің қоя,  білуі, педагогикалық сезімталдығы  (интуициясы),  субъективтік (сендіре   білу   қабілеті),    коммуникативтік,       эмоциялық тұрақтылық,   өзін   билеушілік,   жобалаушылық,   креативтік (шығармашылық қабілеті), ғылыми — танымдық қабілеті кіреді.

  1. Талдау қызметі (функциясы):
  • Балалармен жас өспірімдердің және дара ерекшеліктерін зерттеу.
  • Әр оқушының отбасындағы тәрбие жағдайын зерттеп, талдау.
  • Әр оқушысының ұжымының тәрбиесін деңгейін талдап, бағалау.
  • Сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуы зерттеп, талдау.
  • Қоршаған айналаның сынып оқушыларына ықпалы зерттеп, талдау.
  • Өткізілетін іс-шараларының тәрбие кұндылығын талдау.
  1. Болжамдық (прогностикалық).

—      Тәрбиесін ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;

—    Оқушылардың жеке-дара даму денгейінің нәтижесін болжау;

  • Ұжымының қалыптасуы мен даму кезеңцерін болжау;
  • Мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес кіші тәрбие жүйесінің
    моделін түзу;
  • Ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-
    қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы,
    оқушылар мен оқытушылар арасындағы, оқушылар, ата-
    аналар оқытушылар арасындағы).
  • Әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық педагогикалық партада көрсету;
  • Оқушыларға оқу әрекетінде көмек көрсету
  • Жеке ерекшеліктеріне және сынып өмірінің талабына
    сәйкес оқушылардың әр түрлі қоғамдық пайдалы әрекетін
    ұйымдастыруда және жоспарлауда көмек пен
    ынтымақтастық;
  • Өзін-өзі басқару ұйымдармен байланыс және көмек,
    сынып ұжымының өзін-өзі басқарут ұйымдарын дамыту;
  • Оларға шешім қабылдауға жауапкершілікпен қарауды
    үйрету;
  • Әрбір оқушыға және ұжымға жеке-дара ықпал жасау;
  • Оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар,бірлестіктер
    арқылы қосымша білім алуға көмектесу;
  • Оқушылар өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге жағдай
    жасау, мектеп психологиясымен бірігіп оқушыларға
    психологиялық білім беру;
  • Оқушылардың дербестігі мен құқыктарын қорғау;
  • Оқушылардың отбасыларьімен байланыс ұйымдастыру:

Ата — аналар жиналысын өткізу, ата — аналарға кеңес беру  ата-аналарды мектепке көмек беруге тарту, оқушылардың денсаулығы мен өміріне байланысты төтенше жағдайларда ата — аналармен жедел түрде байланысу ;

  • Өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші
    педагогикалық кеңестер жұмысын ұйымдастыру, пән
    мұғалімдерінің сабақтарына қатысу ;
  • Әдістемелік және әкімшілік жиналыстар, семинарлар мен
    педагогикалық кеңестер жұмысына қатысу ;
  • Мектептен тыс мекемелермен байланыс және көмек ;
  • Кәсіби бағдар беру, баланың мамандығын тандауға саналы
    көзқарас қалыптастыру ;
  • Ата—аналардың, мұғалімдердің, оқушылардың шығармашылық, жаңашылдық әрекеттерін қолдау, сынып
    мұғалімдерінің, психолог және басқа да әлеуметтік
    педагогтардың тәрбиелік ұмтылыстарын қолдау;
  • Сабақган тыс өткізілетін іс — шаралар барысында
    оқушылардың қауіпсіздігі,-денсаулығы және өмірі үшін
    жауапкершілік;
  • Оқушылардың тамақтануына, сынып, мектеп бойынша
    кезекшілікке, жазғы еңбек практикасы мен сыныпты жаңа
    оқу жылына дайындауға жауаптылық;
  • Қажетті іс — қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын
    қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, және іс -қағаздары, психологиялық — педагогикалық картасы, сынып   жетекшісінің жұмыс жоспары) ;
  • сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік
    беретін қолайлы методологиялық жағдай жасауға үлес қосу;

 

І. Коммуникативтік :

  • Оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас қалыптастыру,
    ұжымға үйретуге көмектесу, қатарларының арасында өзін
    қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;
  • «Оқушы-оқушы», «оқушы-ата-ана»,»ата-ана оқушы»
    арасындағы қолайлы байланыс орнату;
  • Оқушылардың қоршаған ортамен қатынас орнатуы
  • Оқушылардың қоршаған ортамен қатынас орнатуы;
  • Ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал;
    Сынып жетекшісі оқушылардың күнделікті әрекетін болжайды,
    талдайды, ұйымдастырады. Сондықган да ол мынадай
    жағдайларда ескергені жөн;
  • Оқушы болашақ өмірге тек дайындалып қаңа
    жатқан жоқ,, ал бүгінгі күннің өзінде өмір cvpin
    жатыр;
  • Әр ұжымның өмірінде өміріндегі
    республикадағы әлеуметтік жағдай, қаланын,
    ауданның, ауылдың нақты жағдайы ескерілуі
    қажет;
  • Жалпы адамзаттың және ұлттық қажеттілігіне,
    оқушылардың жас және жыныстық
    ерекшеліктеріне сәйкес практиканың бағытталған қызықты бірнеше түрлі іс-әрекеттер ұйымдастыру (оқу, еңбек, мейірімділік, қоғамдық, қоғамдық маңызды шығармашылық, . бос уақыт);
  • Әр оқушы өзі қалаған істі тандап, өзіне деген сенімділік қалыптастыруы керек;
  • Тәрбиенің әдіс-құралдарын, түрлерін таңдағанда
    оқушылармен ересектердің ерекше позициялары
    ескерілуі керек;

Тәрбиелік шаралар өткізуде олар негізінен:

Дискуссия,ойын, сайыс;

— Шығармашылық еңбек, көркемдік шығармашылық,     рольдік,      психологиялық
тренингтер болған жөн; Сынып жетекшісі өз тәрбиесіне сүйеніп тәрбиелік шаралар картотекасын жасаған жөн, ал жас мамандар — бірінші жылдан бастап материалдар жинақтауға дағдылануы қажет;

 

  1. II. Оқу тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшілерінің рөлі

Ежелгі заманның бірінге дейінгі қоғамдық заңдылықтарын сүйене отыра Қазақстан жаңайындағы педагогикалық ойлардың, қатынасу   тарихын   шартты   түрде   төменгі   кезеңдегі   бөліп қарастыруға болады.

Бірінші  кезең — педагогикалық  ой-пікірлердің  ішкі  бұлақ бастаулары, яғни ҮІ-ҮІІ ғасырлардан бергі қазіргі түркі тілдес  халықтардың бәріне ортақ сананың алған дүниеге келу кезеңі.

Екінші кезең — ілкі орта ғасырлар заманнан бастап, Қазақстан
Ресей қол астына кіру процесі аяқгалғанға дейінгі
демократиялылығы басым тәлімдік ой пікір кезеңі.

Үшінші кезең — ұлттық педагогикалық ой пікірлердің кеңес үкіметі жылдарында дамуы. Өткен дәуірлерде педагогикалық ілімдердің тарихын ақыл үйренудің екі жақты принципті мәні бар. Біріншіден педагогикалық мәдениетінің құрамда бөліге болып табылатын халықтың педагогикалық ойлауының түп төркіліп қадағалап түсінуде; екінші өткеніннің тәрбие дәстүрін меңгеру арқылы педагогикалық танымымыздың терендігіне түсуде.

Құлпы тастағы жазулар Білге қаған тарихына (683-734 ж.ж.) 731-ші жыл ұйғыр сатысында алған Күлтегін (685-731 ж.ж.) оқиғасына арналған. Тоныкөк жазуын 750-ші жылдар шамасында Еменгі өзенінің бойына Амина тайпасынан шыққан Тоныкөк орнатқан. Педагогикалық тұрғыдан келгенде Орхуан ескерткіштеріндегі тәлімдік идеяларды оқып үйренудің жастардың өз халқына, жеріне, тіліне көз қарасын, азат өмір сүру құқын сезіне білу деңгейін қалыптастырудағы мәні ерекше.

Ақыл ой тәрбиесі

Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін, дене еңбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет.: Өйткені қоғамның дамуы еңбекпен ғылымның ұштаса өрістеумен тығыз байланысты. Қоғамдағы барлық байлық-ой еңбегі мен дене еңбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ жемісі.

Ақыл ой тәрбиесі жемісі жүрекпен терең сезіну, біртіндеп толыға, молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығулардың жемісі.

Ақыл — ой тәрбиесі, көріп — білу, жүрекпен терең сезіну тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі.

Көрген білгенді ой елегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу, ынта жігерді, күшті қажыр-қайрат пен талапты керек етеді. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» — деп тектен — текке айтпаған, шешендік өнерді құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән беріп өнерлі азаматтарға жиын — тойларды төрден орып беріп, қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді, қол бастаған батырмен пара — пар қойған, шешендікті тапқыр ойдың тұтқасы деп санаған.

Жастарға ақыл — ой тәрбиесін беруде, ой санасын өрістеуде, ауыз әдебиетінің айтыс жаныры, оның ішінде әсіресе жұмбақ, айтысы ерекше рол атқарған қазақ халқының әдет — ғұрпынан, салт — санасынан туған ойын — сауық кештерінде өлең — жырмен айтысу, өнер сайысына түсу, сөйтіп, жинаған жұртты күлдіру, жастарды тапқырлыққа тәрбиелеу дәстүрі ертеден орын алған.

Жастар ән шырқап, күй шерттісіп, жаңылтпаш, жұмбақ айтысып, өнер сайысына түскен.

Ізгілік пен адамгершілік.

Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен
қайырымдылығымен,                       адалдығымен,                       әділеттілігімен ардақталады, жақсылық пен жамандық , зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс — әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез — құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген. Еліне қайрымды, бойындағы бар қасиетіне халыққа жақсылық жасауға арналған адамды «Ел қамын жеген — ер» — деп дәріптеген. «жақсының жаттығы жоқ», «Жақсы — ай мен күндей», әлемге бірдей «Жақсы туса — елдің ырысы», «Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші, жақсылық лепісін ала келді десеңші» деген нақылдар жақсы адамның халық қашып ойнайтын абзал азамат екенін дәлелдейді. Халық мақалдарының жақсы мен жаманды салыстыра суреттеп, жақсының жақсылығын, халыққа тигізіп пайдасын паш етеді. Оның : «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» , «Жақсыдан әкім қойсаң елді түзетер, жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер» — деген мақал — мәтелдерден байқауымызға болады. Халық шығармаларында дос пен қасты ажырата білуге меңзейді. «Досың мен дос болғанға шаттан, дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан», «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» — дейді. Мал үшін алдамшы дос болушыларды «жақсы жаныңа жолдас, жаман малыңа жолдас», «есептескен ел болмас» — деп олардың опасыздығынан сақтандырады. Көп адамда кездесетін кесапаттық — малға, басқа масаттану   өз тәжірибесінде көп көрген халық : «Малым бар деп — мақтанба, боран соқса қайтесің? Басым бар деп мақтанба, ажал соқса қайтесің»? деп кеңес береді.

Сыр мен сымбат.

«Отан отбасынан басталады» — дегендей, балаға имандылық , ар ождан уағызы қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. «Адамның сөзі — ауылдың көзі» деп қарау, атаның өнегені ісін мұра тұту, оның жолын қуу, ән мей күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, шеберлік  ұстамдылық өнерді үйрету, ананың әлдиі, әженің бесік жыры — бәрі тәрбиенің тағлымдары. Бұл тағлымдар бата беру, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, ат ұстау, сәлем беру, қазан ұстау, табақ тарту сияқты ұлттық салт дәстүрлер арқылы отбасында насихатталып келеді.

Халықтық тәрбие педагогикалық құбылыс.

Халықтық тәрбие тарихи даму процесіндегі тірі дене болып табылады. Табиғатқа сәйкестілік, табиғи салдарлар қағидасы өте қарапайым түрде болса да олардың педагогика ғылымында негізделуінен көп бұрын. Халықтық ауызша шығармашылығында көрініс тапты. Тарихтың тәрбиешілік мәнін есте ұстай отыра ел қорғаған, халық тыныштығы үшін күрескен көсемдер мен осы тарихи қағидаларға арналған ауызша халықтың шығармашылықтың өзі халықтың азаттық қозғалысы тарихтың өзіндік және қарапайым түрде бейнелеп және келеме рухани адамгершіліктік тұрғыда қалыптасуына ықпал жасатынын ұмытпау керек. Халықтың педагогикалық әлеуметтік бағыттылығы әюіресе көне жазба ескерткіштерде мақал мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар сенімді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген. Олардың шығу тегімен тарихи дамуын генетикалық тұрғыда қарастыру халық педагогикасый тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, және оның демократиялық сиаптына назар аударады.

Әрине      этнопедагогика     тарихындағы      ертедегі қазақстандықтардың еңбекші тәрбиелеу дәстүрлермен кәсіпке үәретушілік ойындар мен өмір салттары терең із қалдырады. Демек педагогикалық мәдениеттің  бастау  көздерінің  тәрбие процесінің   өзіне   ғана   емес,   халықтық   бағыт   бағдардан, әрекетгерден,    шығармашылықтардан    іздеу    керек.    Халық тұрғызған әсемдік бұл рухани әлемнің, әсемдік, сонымен бір      -мезгілде      мәдениеттің      тамаша      жетістіктерінің      куәсі. Педагогикалық   мәдениеттің   деңгейі   жөнінде    тек    нақты педагогикалық ескерткіштер мен шығармалар бойынша ғана емес сондай-ақ тәрбиешілер мен асардың өшпес мұралары арқылы да пікір   айтуға   тура   келеді.   Осындай   педагогика   ғылымына қисындаса жуықтап келген халық педагогтары барлық кезендерде, барлық халықтарда да болады. Олар кейін пайда болып дамыған  халықтың   негізіндегі   демократиялық   педагогикалық   жүйеге жағымда  жағдай  туғызады.   Өткеннің   көрнекті   педагогтары халықтың педагогикалық көзқарастарын оқып үйретуге көп көңіл бөлді.    Тәрбиенің    халықтығы    табиғат    дамытты.    Халық педагогикасынан   халық   даналылығының   бейнелеуі   ретінде пайдаланады.

Ғалымдар ақындар, өнер иелері философтар педагогикалық идеяларын таңдау тәрбиенің гуманистік халықтық идеялар, олардың адам тәрбиесі трактаттарында кеңінен қолданылғанын көрсетеді. Әл-Фарабидің «Музыкалық үлкен кітабында» халықтық музыкадан үлгілер ұсынылса, Махмут Қашқаридың аттты еңбегінде халықтық тәрбие тәжірибесімен мысалдар мол. Асан қайсы, Қаз туған, Жиенбетті халыққа сүйспеншілік, оның    тағдыры     мен     мәдениетіне  —  жалайырлық    қарым-қатына байланыстырады. Қызмет бабтары бойынша олар бір-біріне өте  ұқсаған. Асан қайғы өзінің қазақ қоғамдық қалың ортасына енгізген көптеген рухани тарихи оқиғалардың куәгері болуы,. оның жарқын  болашаққа ұмтылысында  көмектесу тілегімен анықталады.

Дүниеге сеніммен қараушы көрнекті қайраткер айтқан «Ата жұрты Бұхара өз қолында болмас, қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп»- деген өнеге сөздердің қазірде тәрбиелік маңызы үлкен. Мұнымен өте ұқсас ойларды бір Қазтуған шығармаларынан да табамыз. Тұлғаның рухани байлылығында бастау ақын пікірінше, ол өз халқының рухани қазынасы, отанға әсері білдіреді

«Кіндігімді кескен жұрт,  кір қолымды жуған жұрт, қарағайдан садақ тудырып, Қылшалымды соры оққа толтырып, жолға сақтау болған жұрт».

Халықтың ақындары мен жыраулары үшін жетекші қоғамда болып табылады. Олар халық педагогикасын терең білімді және оны ардақ тұтады. Педагогикалық мәдениет жайын талдағанда қашан да нәрлі орта пайда болуы, дамиды және, гүлденуде қолайлы жағдай туғызған халық жайлы есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет қайраткерінің жеке шығармашылығы. Оған халық және адамзат жеңіп алған жетістіктер негізінде дамиды.

Кез келген педагог данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығым, оның рухини қазынасының терңіне мейлінше байлау қабілетімен өлшенеді. Творчества күшті халықтың оның өмірінен халықтық шығармашылықган   педагогикалық   тәжірибеден   жинақталған осындай көрнекті тұлғалардың бірі — Шоқан Уалиханов. Ол өзінің педагогикалық қызметінің халық аузына шығармашылығы   туындыларын жинаудан бастады. Халық білім беру үшін ең алды мен рухани түсіну керек. Өзінің ағартушылық қызметінде Ы.Алтынсарин осы ереже басшылыққа алды. Оның бірқатар шығармашылығы халықтық салттардың жағымды және жағымсыз тұстарын зерттеуге, олардың тәрбиелі мәнін анықтауға арналған.

Халық педагогтары, патриоттар әрекеттерінде ортақтық мол. Халықтық педагогикалық даналығы Абайдың бүкіл қоғамдық қызметімен идеялары аумағын қамтиды. Оның тәрбие мақсаты мен бағыттары жайлы, ойлары халықтық, талаптары, халықтың.; көптеген шығармалары, мазмұны, халықтың. Халық мақал-мәтелдерін ол өзіне терең, сипаттауда керек етпейтін қағида ретінде пайдаланылады. Оларды өз ойларына дәлелдеушілер табылады халықтық педагогиканы тәрбие жайлы ғылыми білімдерімен қисындап жинақтауға педагог ғалымдар бірдей келген жоқ. Біреулер үшін халықтың педагогика бастапқы ой болса басқалары үшін алғашқы негіз адамзат педагогикалық жетістіктерін меңгеруге болады. Көрнекті қазақ ғалымдары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов халықтың -. педагогикалық тәжірибесін зерттей білуге ерекше мән берді. Халықтық педагогика тәрбие жайлы ғалымда байыптауға белгілі бір жағдайларда, оның негізгі бір қызметін атқара алады деп саналады.

Мыңдаған және жүздеген жылдар бұрын пайда болған халықтық педагогикалық ескерткіштерде оқыту мен тәрбиёлеудің бір жолдары мен тәсілдері тіпті өте қарапайым тұжырымдалған болса да педагогикалық талаптар бар. Оларда халықтық педагогикалық мәдениетінің көптеген тұстары: балаларды еңбеккбе  дағдыландыру,    балалар    ортасының    «Моральдік    кодексі»: жастардың эстетикалық идеялары, басты ұғым тәрбие халықтың түсінік тәртіпке үйрету әдістері және т.б. сақталған.

Жазбаескерткіш

Тәрбиенің мәңгілігі, қажеттілігі, қасиеттілігі жайлы ой түркі жазбалылық ертедегі ескерткіштермен дәлелденеді. Бұл түрғыда ерекше қызығушылық туғызатындары және үлгі боларлықтай әсіресе Орхон ескерткіштері (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ) Мұнда халық педагогикасының күнделігі және көп қырлылығымен бейнеленген. Оларда ата-анаға құрмет, адалдық пен әділеттілік  еңбекті, құрметтеу жаудың алдында қаймықтау, білуге құмарлық, қарттармен үлкеңдерге қайырымды және сыпайы қарым-қатынас және т.б. ойлар айтылады.

Түркілер адақгайтын моральдық құндылықтардың ішінде отанға сүйіспеншілік ерекше алға шығады. Мәселен Тоны көк өмірі мен қызметі бұл халықтың патриоттық тарихы және өсіп келе жатқан ұрпақты туған халықтық ерлік дәстүрінде тәрбиелеуге шақыралды. Ол үшін халық пен отан даңқы бәрінен жоғары. Бүкіл түркі халқының қарулы жау келтірмедім, атты әскерін жолатпадым.

Орхон ескерткіштерінде жекелеген педагогикалық жаңалықтарда баршылық. Бұл болашақ батырлардың жас кезеңдерінде сипаттама достар мен жаулардың мінез құлықтың-бағалауға ұмтылыстар. Халық мүдделі сапалардың тұлға бойында болу үшін асық тиімді ықпал ету шарттарын қарастыру мінез құлықтың. Отанға қызмететудің үйрете отыра, жоғары мақсаттарға бағыттау.

Халыққа  адам  жөнінде   оның  шығу  тегімен  тәрбиеші бойынша ата-анасы мен тәрбиешілері бойынша пікір айту әдеті бұрыннан белгілі. Адамгершілік — ол, жақсы істер жасай білу, ал жақсы іске бастайтындар, қалай істеу керек екенін білетіндер. Мінез құлық білумен мінез құлық арасын жалғастыратын буын -тәрбие тыңдай етіп ұйымдастыруы керек.

 

2.1. Мұғалім мектепке балаға, тәлім-тәрбие берудің негізі тұлғасы.                                     Адамның болмысқа, отанға, еңбекке және адамдарға негізгі қатынастарын қалыптастыру — негізгі тәрбиелік міндет, ал осы қатынастардың қалыптасқандығы адамның адамгершілік: тәрбиелілігін аса маңызды көрсеткіші адамның жекелеген негізгі қабілеттерін мүдделері мен қырларын зерттеу кәсіптік кеңестік арналуы мақсаты белгілі бір топтың сәйкес мүшелерін ірікгеп алу, топтағы басшылық рөль ұсыну және т.б. үшін өте маңызды. Ал адмның қатынасының өзі бұл бір тұтас құрылымын адамның сезімдері мен білімін, және практикалық тәжірибесінің қорытпасы ғой. Қатынастар жеке элемент түрде емес, тұтас комплекс тұрғысында қалыптасады. Еңбек сүйгіштікке немесе адамды силауға, жауапкершіліг сезімі немесе қоллективімізге жекё адамныңбүкіл болмысын қалыптастырудан тыс тәрбиелеуге болмайды.

Жақсы тәрбиеші баланы жеке бас ретінде қалыптастыру жөніндегі жұмысын  қандай  нақты  міндетпен  басын,   оның. жұмысының жемісі баланың жеке басының барша жағы болып табылады.

Егер мұғалім өзінің тәрбиелік іс — әрекетінде не адамгершілік үлгілерін көрсетумен шектелсе, не балалардың баға беру пайымы мен дамыту немесе кейбір моральдық ұғымдарды меңгеру үстінде, бұларды балалардың практикалық іс-әрекетінде жүзеге асыруға тырыспай жұмыс жүргізсе, ал оқушылардың адамгершілік тәрбиелілігінің үш негізгі жағынан қынжыларлық «келіспеушілігіне» кездесуі. Жала алдаудың қандай да жаман екенін жақсы біледі және әдеби кейіпкердің ісінде оны сипаттайды, бірақ өзі «тығыл — таянда», әрекеттің осы. түріне   молынан жүгінеді. Немесе оқушы өз тәрбиесінің жолында басқа кісілерге сыпайы сөйлуге әдеттенген. Бұл әдетке мұғалім  жаттықтырған, алайда оның әдетке айналуы оқушының адамдар жайлы білетінін толықтыру мен адамдарға эмоциялық бағалау қатынасының дамуы мен ұштаспаған. Сол себепті үйретілмеген әдет «тұрақтылық» мәнге және ситуациялық сипатқа ие. Тәрбиесі жоқ сәбиге жаңа әдеттен тыс жағдайларда оқушы бұл әдеттен тез айырылады себебі ол оқушыдан адамдарға шынайы гуманисттік қатынастың қалыптасуымен ұштаспаған. Бастауыш мектеп   оқушыларымен жас өспірімдерде жалпы олардың мінез-құлық ережелері жөнінде білетіндері, ненің қажетті және маңыздылығын түсінулерімен олардың күнделікгі өмірде әртүрлі адамдар мен әртүрлі жағдайларда кездесулерде өз бетінше әрекет жасау арасында кейбір қайшылықтар жиі ұшырайды.

Өсіп келе жатқан адамды жеке бас ретінде тәрбиелеп шығару аса қиын, бәлкім ең күрделі міндет. Бұл міндетті бөліктер «жеке элементтері» бойынша шешуге болмайды. Дамудың әрбір жағы, әрбір қыры оның өзге қырлары, жақтарымен өзгеше  қайталаусыз кірігіп байланысқан, өзектесіп кеткен. Ал осы біртүгас әлі пісіп — жетпеген жеке бас тұлғасын біртұтас бүгін ретінде қалыптастыру қажет.

Осындай позицияны қалыптастыру адамгершілік тәрбие беру ісінің міндеті. Бұл аса қиын табысты шешу үшін математикалық есептеулер мен формаларды пайдалануға болмайды. Әрбір индивидтің өзгешелігі оның өмір — баянының, баланың өз өмірінде   түрлі   адамдармен   қалыптасқан   арақатынастардың ерекшеліктері   бүгінгі   таңда   психология   ашқан   балалардың психологиялық   дамуының   жалпы   зандылықтарына   шексіз  түзетулерді қажет етеді.

К.Д.Ушинскийдің ұстаздарғд қаратып айтқан мына сөздері емес өшпес із қалдырды. «Біз педагогтарға былай не басқаша істеңдер демейміз бірақ оларға өздерің меңгергілерің келгең   психикалық құбылыстардың зандарын зерттеулерде осы заңдарға сәйкес және оларды қодданғыларың келген жағдайларға орай іс -қимыл жасаңдар» дейміз.

Мұғалімнің әрбір тәрбиелеушісінің болашақ тағдырына
терең жан ашырлығы, өзінің мемлекет өмірі мен гүлдену оның
әрбір азаматының даму дәрежесімен өнегелі тәрбиелілігіне
байланысты орасан зор жауапкерщілігін сезіну мұғалімнің ойын,
күш қуатын, ісін ең алдымен психология ғылымы игерген
жаңалықтарды меңгеруге бағытталуы тиіс.

Кәсіптік бағдар беру — шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық педагогикалық, дәрілік — физиологиялық, ал әрекеттің аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Осымен қатар кәсіптік бағдар беру жүйесі қоғамның жұмыс күшін қайта өндірудің маңызды құралы болып табылады.

Ғылымның түрлі салаларының өкілдері бұл ұғымды әртүрлі анықтайды. Педагогика ғылымының өкіддері кәсіптік бағдар беру   қоғамның әлеуметті — экономикалық қажеттігіне оқушының кәсіптік мұратына, бейімділігіне, қабілеттілігіне, психикалық және күш қуатына сай мамандықты дұрыс тандап алудағы мектептің педагогикалық ұжымы, үйелмен кәсіптік оқу орындары, ұжымдары, өндірістік ұжымдар, жұртшылықтың іс -әрекеттері деп түсінеді. Техникалық прогрестің жеделдігіне білім берудің үздіксіздігіне , ақпараттық хабарлардың дамуына, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты кәсіптік бағдар беруді адам тұлғасының өз брекшеліктерін пайдалануға, өмір жағдайларының өзгеруі барысында өзі үшін оқу және еңбектің іс — әрекет ауқымын тандап алуға мүмкіндік жасауды түсіну керек, қысқаша айтқанда, бір жағынан қоғамға пайдалы болу, екіншіден өзінің жеке ұмтылыстарына жету.

Педагогикалық әдебиеттерде осыларға ұқсас кәсіптік бағдар берудің басқа да анықтамалары бар. Олардың мәні жас ұрпаққа мамаңдық таңдап алуға көмек берудегі мақсатты іс — әрекетке тіреледі. Мектеп педагогикасы тұрғысынан қарағанда кәсіптік бағдар беру кең өрісті жалпы, палитехникалық және еңбекке дайындау кезінде оқушылардың жеке бейімділігін, қабілеттерін және қоғамдық қажетіліктерді есепке ала отырып дер кезінде еңбектің іс — әрекеттің түрлері мен таныстыруға яғни бағытталған мектептің оқу тәрбие процесшің кұрамды бөлігі деуіміз керек. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының орталығы жалпы, политехникалық білім беретін орта мектеп.

2.2. Оқу іс әрекеті және оның пайда болуы.

Оқытудың мазмұны ең алдымен белгілі сыныптың оқу жоспарына кіргізілген балалардың әрбір оқу пәндері бойынша меңгеруге тиісті білімдерден тұрады. Бұл білімнің көлемі, олардың сипаты, алу жүйелілігі, мемлекетгік доқумент оқу жоспарларында белгіленген. Бұл білім әрбір оқу пәнінің, математиканың, орыс тілінің, табиғаттанудың және т.б. бағдарламалық мазмұнын құрайды.

Білім баланың өмірді тануы я тікелей оның сезімдік қабылдауы  арқылы  болмаса  аралық жолмен ,  яғни  ересек адамдар, сонымен бірге кітаптардың авторлары да бар. Жекелеген
заттарда немесе құбылыстарды сөзбен бейнелеу арқылы жүзеге
асырылады. Қоршаған ортаны адамның тану нәтижесі білім
бодып табылады. Ол үш түрлі формада өмір сүреді:

а)       елестету    түріне,    яғни    қабылдаған    заттар    мен
құбылыстардың көп немесе аз көлемінде жинақгалған бейнелері
түрінде.

ә) түйсік түрінде, яғни жалпы мәнді белгілерге ие болатын заттар мен құбылыстардың бір тобы туралы жинақгалған білімдер түрінде.

б)    бірдеңе туралы мәліметтер туралы хабарлар түрінде.
Соңғылары бейнелі формаға емес және аға ұрпақтың жинақгаған
тәжірибесінің нәтижесін құрайтын әрбір білім ретінде басқаларға»
кейбір адамдардың сөзімен жеткізіледі.

Мектеп оқушысының оқу, ісінің процесінде білімнің жетілуі төмендегідей бағыттары бойынша жүреді:

  1. A) оқушы меңгеретін   елестетушілердің,   түсініктердің  мәліметтердің  көлемі   өседі.   Олар   оқушының  жеке   —   дара
    тәжірибесін құрайды.

Ә) білім анағұрлым диференцияланған және дәл бола түседі. Біріккен аз бөлшектенген түсініктер мен бейнелердің оқушы дәлірек білім мен ұқсас білімдерді айыра білуге көшеді.

Б) білім тереңірек бола түседі. Қимыл үстіртін бейнелеуде  тек   құбылыстың   өзін   тануда   оның   мәнін   ашуға,   бұл құбылыстардың заңдары мен заңдылықтарын ашуға бағытталады.

  1. B) осыған байланысты білім анағұрлым жинақы және сапалы сипатқа ие болады, демек , берікте дәлелдене түседі.

Г) білім категорияға , жүйелерге бірігеді. Олар байланыстырушы болып піығады және бөлшектеген қатардан жүйелі құрылған «текке» айналады. (И. Сеченев).

Д) Білім жылдамдық пен икемділікке ие болады. Олар субъектінің өзі басқара алатындай болады.

— Жоғарғы көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша білімді меңгеруге оқушы ұмтылуы үшін, олармен ол әрқилы әрекеттер жасаулары керек. Соуъшен білімді дифференциялау, анықтай, түсу жұмыстары: оқушыдан қимыл бағытының көлемін немесе білімнің жинақгалған категорияға айналдыруға қарағанда,. басқа мазмұнда, басқа бағытта жүргізуін талап етеді. Жаңа программалардың елеулі өзгерісі балаларға мектепте оқытудың алғашқы күндерінен бастап ақ берілетін категориялық білім деңгейінің едәуір жоғарлағандығы болып табылады. Төмендегі сыныптардың бағдарламасында мұндай әртүрлі ғылыми түсініктермен тиісті терминдерді ерте енгізуі төмендегідей теориялық және экспериментпен дәлелденген жағдайлар негізіне алынады.

Балалар мазмұны, құрылымы мен құрамы әр түрлі сөздермен жұмыс істегенде, оларға ә түрлі амалдар қолданғанда, әртүрлі ұғымының өздеріне белгілі мәнді белгілене сүйене отырып, кез келген сөзден оның түбірін, жағалауын немесе қосымшадан таба білуді үйренсе, олар оны шын мәніндегі грамматикалық ұғым ретінде меңгере бастайды.

Мәселен: сөздің түбірін мәнді белгілер оқушы үшін «дабылдық маңыз» алады. (Т.Г Рамзаева). Бұл түбірлес сөздерге қолданылатын түрліше амалдарында, сөздің кұрамын анықтауда және оны жазу негізінде ол нақ осы белгілерді бағдарға алады.  Белгілі    бір мазмұнның ғылыми белгілену, яғни нақты оқу пәнінің өзіне ерекше тән ұғымның формасы болып табылатын терминнің сөздің енгізілуі қорытындылауға оңай көшудіғана емес сонымен бірге тиісті ғылыми білімдердің негізі болып табылады. Мәнді  белгілерді  саралауды   қамтамасыз   етеді.   Ұғынылатын мазмұнды   игеру  жөніндегі  үнемі   атқарылатын   ой   жұмысы  оқушылардың жалпы ой — өрісінің дамуына, әсіресе логиқалық ойлауының әртүрлі опперацияларының дереу әсерін тигізді.

Байланыстар    бастауыш  сынып    оқушыларын    жаңа бағдарламалар бойынша оқытудың мазмұнындағы екінші бір жаңалық   байланыстар   жөнінде   жұмыс   істеу   болып   отыр.  Бағдарламалардың     авторлары     балалардың     білім     беру жинақтылығын емес ең болмағанда қарапайым болса да жүйесін алуды көздеді. Мұның мәнісі балалардың таным объектілері шындық болмыстық жекелеген фактілері немесе құбылыстары   ғана болмай, сонымен бірге,  шындық болмысты әртүрлі оқу пәндерінде    сипатталатын    кұбылыстар    арасында    болатын байланыстар, тәуелділіктер, қатынастар болуға тиіс, сондайақ бұл құбылыстардың   әрқайсысының   ішіндегі   —   оның   жақтары, беліктері, элементтері арасындағы байланыстар болуға тиіс деген  сөз.   Оқушының  маңызды   байланыстарды  ұғыну   арқасында олардың меңгеретін бүкіл материал бөліктері кейде өзгермелі болғанымен қажетті тәуелділіктер арқылы байланысқан тұтас логикалық материал болып шығады. Құбылыстардың өздерінің     мәнді — мәнді ерекшеліктері осындай байланыстарды аңғарту арқылы барып ашылады ғой.

Бастауш мектеп оқушысының оқу қызметіндегі іс -әрекеттің ролі. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу қызметінде оларды механиқалық тұрғыда жаттықтырудан игерілуге тиісті материал жөніндегі сан алуан іскерлікті, ол жөніндегі іс -әрекеттің әдістері мен тәсілдерін игеруге баса көңіл қою. Мектеп оқушысының бүкіл оқу қызметіндегі іс — әрекеттің функциясы мен оқу қызметінің құрылымын схемалық түрде елестететін   болсақ, балаларға жаңа білімдерді, жаңа әріп белгісін жаңа ұғымды   және   тіпті   ережені   хабарлаудың   алдында   әдетте, оқушылар қажетті жаттығуларды орындайтын еді. Бұл жаттығуларды мұғалім балалар білген анықтамаларды немесе ережелерді тианақтау мақсаты мен енгізген. Оқытудың жаңа жүйесінде оқушылардың игерілуге тиісті материалы жөніндегі іс -әрекеттерді жаңа ұғымды ережені енгізудің, мәнді белгілі ажыратудың аддында болады. Нақ сол мәнді — мәнді белгілерді қадалуда оларды танып білу жөніндегі жаттығуларда, тұрпаты мен мазмұны әртүрлі жаңа есептерді шығаруда, алынатын нәтижелердің өзгеруін қадағалауда балаларда іс жүзіндегі білімдер жинақгалады.

Мұғалімнің методиканың жаңа теориялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын тиісті проблемалық іс — әрекеттердің нақпа — нақ бағытталғандығы арқасында балалар бірқатар заңдарды ашуға, мәселен, «қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосынды өзгермейтініне», «қосындыдан бір қосынды бір санды үш түрлі әдіспен алуға болатынын», «әр маусымда табиғатта болатын өзгерістердің бәрі күннің бір орында тұрмауының салдары болып табылатынына» және т.с. өздері келеді.

Қорытынды

Қорыта айтқанда жақсы адам, жақсы тәрбиешілер бұл халық үшін қарапайым заңдылық. Тұлғаның ішкі мүмкіндіктері  оның  өздігін және өзінің мінез-құлқы үшін жауапкершілігін мойындауда осында.

Халық өзінің педагогикалық түсініктеріне сай бүкіл білімдері мен шеберліктерін, әдет — ғұрыптары мен дәстүрлерін мүмкін болған жағдайда балалар тәрбиесі ісіңде пайдалануға ұмтылды. Орхон ескерткіштері түркі халқы рухани өмірінің шоғырланған жиынтық бейнесі бола отырса  аса зор педагогикалық жүктем атқарады, ол тәрбиелік идеяларға аса бай, онда білімдік материалдар айтарлықгай, ол халыққа сүйіспеншілік пен адамгершілікті қалыптастырады.

Халықтық педагогикалық, кұбылыстарға зерттеушілер ресми педагогикамен халық педагогикасының бірін — бірі толықтыратын, кеңейтіп отыратын өз — ара ықпалы мен шаттастығын дәлелді ашып түсіндіреді. Егер ресми педагогика түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері білдіретін саяси, құқықтық, философиялық, моральдық,   эстетикалық және діни көзқарастардың ықпалы қашанда сезіліп отырса, халық педагогикасы бұл ықпалға ұшырағанмен тұтас алғанда халықтың ойы мен мүддесін ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту жайлы түсінігін білдіреді.

Ертедегі түркілер педагогикалық ой — пікірлерін талдау, алғашқы педагогикалық ескерткіштер тікелей халық өмірінің, халық педагогикалық мәдениетінің ықпалымен болғанын көрсетеді. Сынып оқушылары қай жағынан болса да уайымшыл екенін және еңбекқор, сонымен қатар алдағы уақытта алдарына үлкен   мақсаттарға   жетуге   талаптанып   жатуы   ол   сынып жетекшісінің еңбегі. Оқушылар өздерінің білім беріп жатқан ұстаздарын мақтан тұтуы мұғалім мерейін асырады. Бастауыпг сыныптағы оқушылардан болашаққа білімді ел басқаратын азаматтар шығады деп ойлаған. Оқушылар отанына адал қызмет көрсетіп елімізді түрлі қиыншылықтардан алып шығатынына сенемін. Аллаһ осы білім беріп жатқандардың, яғни  ұстаздардың тілектерін қабыл алып, армандарына жетуіне тілектеспін. Ұстаз деген ардақты атты кірлетпей адал білім беріп қабілетті шәкірт тәрбиелейміз дегі ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Назарбаев Н.А. «Қазақстан 2030» Алматы -1997ж.
  • Бастауыш мектеп -Тәрбиенің қайнар көзі педагогикасы №3 2000
  • Бастауыш мектеп -Ұлттық өсиеттер мен даналық сөздер №8 -9
    1999ж
  • Болашақ-Халық педагогикасы-тәрбие өзегі №6 2000ж
  • Болашақ -Халық педагогикасын оқыту -тәрбиелік үрдісіндегі
    орны №9 2000ж
  • Мектепке дейінгі педагогика -А Меңжанова 1994ж
  • Қоянбаев Б «Педагогика» Астана -1998ж
  • Толыбаев К «Бабадан қалған бар байлық » Алматы 2000ж 53 бет
  • А Құнанбаев «Назидания» Алматы Жалын -1983
  • «Қазақ ойшылықтарының педагогикалық Антологиясы.»
    Жарықбаев К.Б, Тәжібаев К. Б, Алматы 1996ж
  • Аймауытов Ж. «Тәрбиеге жетекші» Алматы Қазақстан -1996ж
  • Садыров М. «Болашақ мұғалімдердің дидактикалық
    дайындығын жетілдіру» Алматы 1999ж
  • Бабанский Ю. К. «Педагогика» М провенсия 1983
  • Ахметова А, «Педагогикалық технологиялар» (әдістемелік
    нұсқаулар) Шымкент 2006ж
  • М Жумабаев «Педагогика» Алматы «Ана тілі »-1992ж
  • Серғазы Қалиұлы «Этнопедагогика» Алматы 2001ж
  • С.Қалиев «Обычай традиции» Алматы 2000ж.
  • М Қожахметова «Адам купия» Алматы 1997
  • Балиев Қ «Болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау»
    Алматы : Нұралы Әлем 1998-200 бет
  • Қалиев С «Қазақтың халықтың тәлім-тәрбиесінің ғылым-
    педагогикалық негіздері» пед ғыл докт. дис Автореф-Алматы:
    1996-66 бет
  • Ұзақбаев С.А. «Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие:»
    пед ғыл докт. дис Автореф-Алматы: 1993-46 бет
  • Тілеубаева Р.К. «Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие»
    пед ғыл докт. дис Автореф-Алматы: 1993-34 бет