Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оны есепке алу
Тақырыбы: Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оны есепке алу
Мазмұны:
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………..3
І Бөлім Қазіргі кездегі оқу -тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескерудің маңызы
1.1.Жас ерекшелік туралы түсінік………………………………………………….6
1.2.Оқу тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің
маңыздылығы……………………………………………………………………………….11
ІІ Бөлім Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оларды есепке алу
2.1 Оқу –тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшеліктері және оларды ескеру мәселелері………………………………17
2.2. Педагогикалық процестегі жеткіншек жастағы балалардың жас
ерекшелігін ескеру және есепке алудың ерекшеліктері………………….28
2.3. Жасөспірім кезеңіне сипаттама беру және олардың жас
ерекшеліктерін ескеру мен есепке алудың педагогикалық
шарттары ……………………………………………………………………………………32
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………..40
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың зерттеу көкейкестілігі: Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген.
Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік — бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағжайына байланысты болады.
Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз – оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс – бұл педагогикалық жұмыстағы бос сөзділікті жеңу және оның алдын ала іс-әрекет ұйымдастыру.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу — бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану.
Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент — бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. Сангвинник – еті тірі; флегматик – жәй, салмақты; холерик – қызба, шапшаң; меланхолик – ойлы, терең толғанысты.
Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбие белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топтың мүмкіндіктері мен міндеттері тәрбиенің әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді.
Жас мөлшерінің психологиясы курсында оқылатын жоғарыда айтылған жас мөлшерлік топтардың әрқайсысының сипаттамасын бұл тұста нақтылап қарастырмай-ақ, педагогтың әрбір жас мөлшері тобымен жүргізетін оқу-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір тәрбие ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңызын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
— Жас ерекшелік туралы түсінік қалыптастыру ;
— Оқу тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңыздылығын қарастыру;
— Оқу-тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері және оларды ескеру мәселелерін анықтау;
— Педагогикалық процестегі жеткіншек жастағы балалардың жас
ерекшелігін ескеру және есепке алудың ерекшеліктерін көрсету;
— Жасөспірім кезеңіне сипаттама беру және олардың жас ерекшеліктерін ескеру мен есепке алудың педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы» Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан — 2030» үндеуі; «Кәусар бұлақ» бағдарламасы; «Атамекен» бағдарламасы; Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І Бөлім Қазіргі кездегі оқу -тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескерудің маңызы
1.1.Жас ерекшелік туралы түсінік
Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту және тәрбие мен жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Баалалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалы және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзіне асырылады.
Оқу және тәрбие жұмыстарының барасында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі.
Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Жас кезеңдердің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты. Ал кейбіреулер адам жасын тіс аттарына қарап, топтастырады.
Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін ағзадағы қайсыбір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын осылай дәлелдегісі келеді. Бірақ олар балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.
Біздің еліміздің ғалымдары –педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі.Мысалы, балабақша жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар т.б. Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған. Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген.
1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында Бүкіл дүниежүзілік симпозиум болды. Симпозиум жұмысына Кеңес Одағы, Англия, Болгария, Польша, Чехославакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерінің бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын сызбанұсқа ұсынды:
- Жаңа туған бала 1 күннен 10 күнге дейін
- Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін
- Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа дейін
- Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін
- Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа дейін
(ер балалар)
8 жастан 11 жасқа дейін
(қыз балалар)
- Жеткіншектік шақ 13 жастан 16 жасқа дейін
(ер балалар)
12 жастан 15 жасқа дейін
(қыз балалар)
- Жасөсіпірімдік шақ 17 жастан 21 жасқа дейін
(ер балалар)
16 жастан 20 жасқа дейін
(қыз балалар)
- Кәмілеттік жастың бірінші кезеңі 22-ден 35 жасқа дейін
(ерлер)
21-ден 35 жасқа дейін
(әйелдер)
- Кәмілеттік жастың екінші кезеңі 36 –дан 60 жасқа дейін
(ерлер)
36-дан 50 жасқа дейін
(әйелдер)
- Кексе жас 60-тан 74 жасқа дейін
(ерлер)
56-дан 74 жасқа дейін
(әйелдер)
- Қарттық жас 75-тен 90 жасқа дейін
- Ұзақ жасау 90 жас және одан жоғарылар.
Сонымен, белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады.
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды.
Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі пинциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз – адамның жеке басының дамуы мен тәрбиенің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болу.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал, белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялық фактордың рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, ал сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуынан бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізіндегі мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:
- Төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);
- Негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);
- Орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін):
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және
психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан, педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтылықты, өзгерімпаздықты, тәрбиеленушінің іс-әрекеті және өзін қоршаған адамдармен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне олардың тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердіңұштасуын жиі байқауға болады. Жасөспірімдік шақтағы байыптылық жеңілтектікпен, табандылық ойнақылықпен қатар жүреді. Парасатты педагогтер өсудің осы қайшылықтарын талдап, балалардың өсіп-жетілуінің жаңа белгілерін атап, оларды жетілдіруге жан-жақты көмектеседі. Әр жастағы, оның ішінде төменгі мектеп жасындағы баланың бұдан бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге дайындап отырады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден
бөлек алып қарай алмайды.
Мектепте баланы оқыта бастау оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, жеті жасар баланың өміріне іс-әрекеттің жаңа түрі – оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілік пен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертеді , оған тұтас бірқатар жаңа міндеттер жүктейді, сондай-ақ оған бірқатар құқықтар береді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертеді де, ол бұл өзгерісті біртіндеп сезінеді.
1.2. Оқу тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңыздылығы
Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншек және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсуі, дамуы және тәрбие барысында болатын кейбір өзгешіліктерін еске ала отырып,мектеп және үйелмен олардың іс-әрекетін тиімді етіп ұйымдастыруы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың сүйектері қатайып, бұлшық еттері дамиды, өседі. Бойы 90сантиметрден 114 сантиметрге дейін өседі де, салмағы 14 килограмнан 22 килограмға дейін артады. Бұл кезеңде балалар күнделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек-бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытты еңбекті көтермейді. Сондықтан ата-аналардың күш-қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте-бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет.
Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс-әрекеті-ойын. Ойынның барысында баланың қабулеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалім де, ата-аналардың өзі де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталылығы, сөз қоры мен тіл дамуының дәрежесі, табиғат және адамдар жөнінде бірсыпыра мәліметтерді білуі, дененің жетілуі т.б.
Бастауыш сынып оқушыларының денесі, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктері байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйек жүйесі қалыптасуы сатысында болады. Бұл жастағы балалардыі негізгі іс-әрекеті –оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі дамиды. Н.К.Крупская және А.С.Макаренко 7-12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуынша, ойын балаларды еріктілікке, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды.
Бұл жастағы балалар үшін еңбеқтің тәрбиелік мәні өте зор. ЯБалаларды бірте-бірте еңбекке баулу, үйелмен, ұжым және қоғамдық пайдалы еңбектің (үйшаруашылығына қатысу, сынып бөлмесін жинау, саябақта бақша өсіру, үй жанындағы бау-бақша учаскесінде, мектеп тәжірибе учаскесінде, спорт алаңында жұмыс істеу т.б. түрлерін істей білуге үйрету қажет) 7-12 жастағы балалар ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз боладлы.Сондықтан бұл жағдайцдың ойын, дене еңбектерінің барысында еске алғаны жөн.
Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттерімен істерін көре алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау етіәп үй тапсырмасын орындаудан қашушылық т.б. Балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу тәрбиешілердің, ата-аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне байланысты.
Бұл жастағы балалрмен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың мынандай ерекешеліктерін еске алаған жөн: сөзбен істің сәйкесті болуын талап етеді; жөнсіз кінәлаудың жеркену сезімі туады; үлкен адамдардың жіберген қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік дейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарында өте ықыласты болады т.б.
Бұл ерекшеліктерді оқу, тәрбие жұмысының барысында сынып жетекшілері, мұғалімдер айрықша бақылайды, зерттейді, тиімді етіп іске асырудың әдістері мен тәсілдерін қарастырып, ата-аналарға дер кезінде көмек көрсетеді.
Жеткіншектік шақта балалардың бойының ұзындығы 134-135 сантиметр, денесі тез өседі, бұлшық еттері жетіліп дене қаңқасында кезеңдегі процесі жүреді. Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі (бұл кезеңнің барысында балданың бастауыш сынып мектеп жағынан жеткіншектік шаққа көшу болады) немес қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес. Өйткені Н.К.Крупская бұл ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба (ұшқалақ) жас деп атап көрсетті.
Бұл жастағы балалардың ішкі дүниесінде, айналамен қарым-қатынас жасауында; үлкендер арасында өзнінің алатын орнын түсінуінде елеулі өзгерістер байқалады. Ағзаның тез дамуы — қаңқаның сүйектену процесінің нығаюынан жыныс мүшелерінің жетіле бастауы ( ер баланың жыгныс мүшесі 10-15 жаста, қыз баланікі 13-14 жаста жетіледі), сананың дамуы баланың тәуелсіз, өзбетімен талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектепте түрлді еңбек процесіне қатысады, күнделік өмірді байқайды, ой-өрісаі кеңейеді.Міне, осылардың негізінде бала өзін-өзі білімді тәжірибелі өз күшімен әрекет жасай алатын есейген адаммын деп есептейді.Мысалы, Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945ж.ж.) Мен ер ждеттіп, естияр адам болдым, мені майданға жіберіңіз деп, қалалық комсомол комитеттерімен смоғыс коммисариаттарына арыз, өтініш жазған балалар да аз болған жоқ. Әрине, бұл жағдай балалардың өзінің мүмкіншіліктеріне сын көзімен қарамай асығыс шешім қадбылдап, соны орындауға талпынғанын көрсетеді. Сонымен бірге жаумен күресуді өте қажет екенідігін түсіне білген балалардың бойын патриоттық сезім билеген деп айтсақ артық болмайды.
Жеткіншек жастағы балалар намысқор болады. Үлкендердің бақылауын сүймейді, әкімшілік шаралармен жекіріп сөйлеуді, ұнатпайды.Сондықтан олар бұл жағдайда үлкендердің озбырлық жасауы деп түсінеді,өздерінше әбіржіп, наразылық білдіреді. Үлкендерге байланып, олардың мінезіндегі шындықпен жалғандықты байқауға тырысады. Сөйтіп, үлкендермен балалардың қатынасында түсініспеушілік, суықтық туады.
Балаларды үлкендер жайлы көзқарасын бір жақты түсініп қана, қоюға болмайды. Балалар өнегелі адамдардың, өндіріс озаттарының тамаша іс-әрекеттіне масаттанады, тәжім етеді.Мысалы, балалар Отан соғысы мен еңбек ерлері, космановтар, спортшы, ғылым мен көркемөнер қайраткерлері жайлы сөз етеді. Олардың ерлік істері мен табыстарын бас иіп, еліктейді. Осы тұрғыдан балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждықтары мен тілектерін қамтамасыз етудұрыс педагогикалық ойларға негізделу керек.
Бұл жастағы балаларға болымды ықпал жасайтын мектептегі балалар ұйымдары. Осы ұйымдардың көмегімен балалрдлың қоғамдық белсенділігі дамиды, ой-өрісі кеңейеді. Өздерінің жауапкершіліктерін түсініп, терең білім алуға талпынады.
Жеткіншектік кезеңде балалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастырған жөн. Олар: ағза мүшелерінің тез жетіле бастауы; үлкендермен қарым-қатынас; мүмкіншіліктерін ескермей, ойланбай асығыс шешім қабылдау; қоғамға пайдалы істерге ықыласты; ұжымшыл, жолдастық, достық сезім нығаюда; кітап оқуға, кинофильмдерді көруге, ынталы, спортты ұнатады т.б.
Жасөспірімдік шақта жастардың ағзасы — қаңқасы мен бұлшықеттері, ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшықеттері мен жұмыс қабілеттері үлкендердің нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар отан, қоғам алдында тұрған әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өміңр жолына көз жібереді, өзлдерінің келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады.Олардың мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады.
Бұл кезеңде балалар үшін әкімшілік іс-шаралары өте қауіпті, оларды жиі қолдану жақсы нәтиже бермейді. Өйткені ата-ана немесе тәрбиеші жастарды өздеріне қарсы қоюы мүмкін. Сондықтан олардың түрлі іс-әрекеттерін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға жәрдемдесу т.б. Мұндай жолдастық қатынастар балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелейді. Ал мектеп қабырғасынгада болған жолдастық қарым-қатынас кейбір жастардың санасында өмір бойы сақталады.
Бұл кезеңдегі балалардың мінез-құлқында түрлі өзгерістер пайда болады. Мысалы қыздар өздерінің сыртқа киімдеріне, шашын сәндеп ұстауға, және дене қимылына айрықша көңіл бөледі, өзіне басқа адамдардың назарын аударуға тырысады. Ал ер балалар әдемі киініп жүруді, ұнатады, қыздарға құрмет көрсетеді, оларды ұнату немесе оларға ұнау сезімі оянады. Жастар арасындағы қарым-қатынас дамиды, бір-бірімен кездесуді қажет етеді. Осының нәтижесінде өзара пікір алысады, әңгіме ең алдымен түрлі адамгершілік, әдеби және ғылыми салаларда айтылып бірте-бірте жолдастық, достық, махаббат сияқты ұғымдарды сөз етіп, көзқарастарын анықтауға тырысады.
Осындай достық қатынастардың нәтижесінде жастар арасындағы махаббат шынайы өте нәзік, тың таза лирикалы болады. Махаббат сезімінің оянуы ер және қыз балалар үшін олардың арасындағы бірін-бірі силаушылықпен, достықпен өзара түсінушілікпен сипатталады. Олар өздеріндегі жоғарғы адамгершіліктік қасиеттерді бағалайды, ал кейбір ер және қыз балалар махаббат мәселесін жете түсіне бермейді. Олар адамдағы ең басты нәрсе – сыртқы пішін, киім кие білу дейді. Шынында, бұл біржақты ұғым. Балалар мен қыздарда мынандай адамгершілік ерекшщеліктерінің болуы қажет: кішіпейілділік, адалдық, абырой, сенімділік, қарапайымдылық, өз күшіне сенушілік т.б. Жастар өзінің сеніміне, өзара адамгершілік жақын көңілдестік қатынас жасау мәселесіне зор жауапкершілікпен қарайды.
Сонымен қорыты келе мектепке дейінгі балалық шақтан жасөспірімдік шаққа дейін балалардың бейімділігі мен қабілеті және мінез -құлқымен , темпераментін оқыту, тәрбие жұмысының барысында мұғалім, тәрбиеші, ата-ана үнемі еске алып, олардың дұрыс дамуы мен қалыптасуына жүйелі түрде ықпал ждасайды.
ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басынан дүние жүзіндегі көптеген елдердің ғалымдары балалардың дене және спимхикалық дамуының тездеуін – акселерация құқбылысы деп атап көрсетті.
Біздің елімізде, мысалы, соңғы 40 жылдың 13 жастағы ересек балаларды өткен уақыттағы құрдастармен салыстырғанда, олардың бойы 6-7см-дей биік, салмағы 6-7кг-дей артық, 16 жастағы ер және қыз балалардың бойының 15-20 см-дей биік, салмағының 15-16 кг-дай артық болатындығы, жыныс мүшесенің 2-3 жыл бұрын жетіле бастайтыны байқалды.
Акселерация құбылысы тұрғыдан қазіргі жеткіншек жастағы балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келетіндігі бірте-бірте анықталуда. Ер жетуге дейінгі ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезеңінде тез шаршайды. Осындай тез өсетіңн ағзада жүрек-тамыр жүйесіндегі дамуы бірнеше есе қалыс қалады да өзінің міндеттерін атқара алмайды.
ІІ Бөлім Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оларды есепке алу
2.1 Оқу –тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшеліктері және оларды ескеру мәселелері
Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу. Оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертіге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетьке тән) меңгереді. Рефлекциялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.
Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті – бұл оның өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. «Бұған дейін қолымнан келмеді – енді келеді», «Бұған дейін жасай алмадым – енді жасаймын», «Бұрын қандай болдым – қазір қандаймын», міне, бұлар қол жеткізілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қорытындысына берілген негізгі бағалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетінің, өзін-өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясынан қанағат алса, демек, бала оқу іс-әрекетіне психологиялық жағынан толықтай кірісті деген сөз.
Бастауыш сынып жасы – бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласының қарым-қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар сайын жойылып отырады, кейбір ерекшеліктерінің маңызы өзгереді. Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болатынын атап көрсету қажет. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне өзіміз қарастырған осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шарты болып табылады.
Бастауыш сынып жасындағы бала үшін ең маңыздысы — педагог. Балаға қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов былай дейді: -«Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсіз де жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым-қатынастарда да бастауыш сынып жасындағы балалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вербальды емес қарым-қатынаста өз бет әлпетінің жылылығымен әсер етуге сараңдығы бала мен педагог арасындағы онсыз да үлкен жас айырмашылығын одан сайын қашықтатпақ».
Оқу іс — әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялынөз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім сабақта балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда болу жағдайын көз алдарына елестетіп көруі жөнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол құралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер және т.б. болуы мүмкін.
Әртүрлі оқиғалар, «өлеңдер» ұйқастыру, ертегілер ойлап табу, түрлі кейіпкерлерді ойлап табу, бейнелеу, арқылы бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын, графикалық бейнелерді өзі де байқамастан айта бастауы мүмкін. Баланың өзіне белгілі оқиғаларды әдейі бір – біріне қосып, өз кейіпкерінің сапалық жақтары арқылы жаңа бейнелер жасауы да жиі кездеседі. Егер баланың сөйлеу және қиялдай алу қабілеті жетілген болса, егер ол сөздің мәні мен мазмұнынан пайда болған рефлексіне көңілі толса, онда ол кәдімгідей мәні бар мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, өзінің ойлап табушылыққабілетінен шабыт алып, басқа адамдарды да қосып жаңасын ойлап тауып, оны әңгімелеп бере алатын болады. Бала өз қиялында қауіпті де үрейлі жағдайларды да тудыра алады. Ең бастысы – тапсырманы орындаудағы қиындықты жеңу, дос табу, жарыққа шығу, қуанышты сәтті бастан кешіру. Қиялдағы оқиғаны жасау және оны өрістету кезінде санаға түсетін салмақ, мазмұнды басқару, кейіпкерлердің әрекетін тоқтату және оған қайта оралуәрекеттері бала қиялын ерікті шығармашылық қызмет ретінде жаттықтырады.
Ақыл-ойдың дамуына оқу іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Әсіресе оқу жүйесінде сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамытудың айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынадай түрлері болады; біріншіден, нормаға сәйкес әдеби тілді меңгеру, екіншіден, оқи және жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де – тіл жүйесіне, оның фонетикасына, таңбалануына, лексикасына, грамматикасына, орфографиясына сүйенетін сөйлеу дағдылары. Үшіншіден, оқушылардың сөйлеу мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі, яғни, ол оқушы деген атқа ие болғандықтан да сол деңгейден төмен болмауы тиісБастауыш сынып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте-бірте толық және дәл қабылдау, өз бетінше оқып, радио тыңдау дәрежесіне жететін болады. Ол сөз әлеміне қиындықсыз араласып, оның мазмұның бағамдай алатын болады, яғни, әңгіменің не туралы болып жатқаның ұғынып, сөздің негізгі тақырыбының дамуын қадағалап, соған сәйкес сұрақтар беруге және диалог құруға шамасы жететін болады. Бала өзінің сөздік қорын ынталы түрде кеңейтуге ұмтылып, өзі үйренген сөздер мен сөз тікестерін жиі пайдалануға, қарапайым грамматикалық түрлер мен құрлымдарды меңгеруге тырысады. Мұның бәрі баланың сөйлеу қабілетінің дамуындағы жетістіктер.
Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайтады, оқуға, жазуға, санауға үйренеді. Оқытудың алғашқы сатысында олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады.
Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда да екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда, олардың ойлау әрекеті көбіне мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда, І-П сыныптың оқушылары кейде заттар мен жағдайларды олардың қандай да бір жеке сыртқы белгісі бойынша бір жақты бағалайды. Олардың өсе келе ойлау сипаттары өзгереді. Төменгі сынып оқушыларының даму ерекшеліктері жеті жастағы балалардан басталады. Бұл оқушылар білуге тым әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары туралы, адамдардың өмірі туралы көп білуге деген құмарлығын мұғалімдерге қанағаттандыру өте қиын. Олардың маңызды бір ерекшелігі сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі болып табылады. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болуды айрықша қажет етеді. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдылары, үлкендердің еңбегін құрметтеу, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсіндіру, дене еңбегіне даяр болу, өзін қоршаған дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі қалыптасады.
Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің
ерекшелігі
|
|
|
|
||||
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг. өседі. 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограммнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.
Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипуляциялық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан) себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.
Оқу іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға атүстілікпен емес, ынтамен, шын көңілмен назар аударып, өзін-өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да оны қалай да орындауы керектігін білуге үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып қалмауы тиіс. Балаға оның енді «үлкен» екендігін, кішкентай балалар сияқты ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сөздерді айтуға болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналысып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте-бірте түсіне бастайды, әрі ойнағанда да аса бір құштарлықпен ойнайтын болады. Ойнай жүріп бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды қалыптастырады. «Балалар қоғамының» рөлі мен ережелері үлкендер қоғамының қалыптасқан ережелері туралы білуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал әділеттілік пен әділетсіздікке көз жеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштылық, адалдық, сатқындық әрекеттері баланың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.
Мектепте оқыта бастағанда баланың ойлау жүйесі өзінің эгоцентризмімен, белгілі бір мәселелерді дұрыс шешуге қажет болатын білімінің жоқтығынан ойлау үрдісінің ерекше болуымен назар аудартады. Мысалы, бала өзінің білімдік тәжірибесінде заттардың ұзындығы, көлемі, салмағы сияқты ерекшеліктерін онша түсіне бермейді.
Білімінде жүйеліліктің жоқтығынан, түсініктерінің жеткілікті түрде даму дәрежесіне жетпегендігінен ойлау жүйесінде көріністі тек қана қабылдау логикасы басым болады. Мысалы, судың, құмның, пластилиннің және т.б. бірдей мөлшерін ыдысқа салғанда, ол заттардың сол ыдыстың қалыбын алғанын көріп тұрып, бірақ ноы бағамдау баланың қабілеті жетпейді. Балалар ол заттардың әрқайсысының өзгерісін көрген сәтіндегі әр жағдайға тәуелділікте болады. Алайда бала төменгі сыныптардың өзінде-ақ кейбір деректерді салыстыра алатын, оларды біртұтас кескінде көре алатын, тіпті өз деңгейінде тікелей көздерден алыс жатқан абстрактылы білім қалыптастыруға қабілеті жететін дәрежеде болады.
Үлкен адам сөзбен айту арқылы баланың назарын белгілі бір нәрсеге бұрып, ұйымдастыра алады. Ол оған тапсырманы орындаудың қажет екендігін түсіндіреді және оны қалай жасау керектігінің әдісін де айтады (Балалар, альбомдарыңды ашыңдар. Қызыл қарындашты алыңдар да қағаздың сол жақтағы бұрышына, міне, мына жерге дөңгелек сызыңдар және т.б.).
Бастауыш сыныптағы бала белгілі деңгейде өзінің атқаратын жұмысын өзі де жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін және неден кейін нені орындау керек екендігін өзіне-өзі күбірлеп айтатынын да байқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сөз жоқ, баланың назарын жүйелеп, ұйымдастырады. Алайда, бала төменгі сыныпта жүрген кезінде-ақ өзінің мінез-құлқын өзі үйлестіре алады десек те, оның назарының өз еркінен тыс басқа жаққа тез ауып кету жағдайлары көбірек болады. Балаларды біртектес, тез жалықтыратын немесе қызғылықты болса да, бірақ ойлануды қажет ететін жұмыстар тез жалықтырады. Ал бала назарының анда-санда басқа жаққа ауып отыруы оны тез шаршаудан сақтайды. Бұл ерекшелік ойынның сабаққа кірісуге мүмкіндік беретін маңызды элемент екендігін көрсетеді және іс әрекетті жиі алмастырып отыру керек болатынын дәлелдейді. Төменгі сыныпта оқитын балалар интелектуальды тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл ерекше ерік – жігерді және үлкен ұйымдастырушылықты қажет етеді.
Тіл меңгеру базасында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар баланың ойлау жүйесін байытып және өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге, оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Бала мектепке барған кезден бастап, оның сезімталдық дамуы оны қоршаған сырт адамдарға және оның сырттан алған тәжірибесіне қатысты болады.
Баланың үрейленуі өзін қоршаған ортаны қабылдауынгың санада сәулеленуі болып табылады, ал қоршаған орта бала үшін біртіндеп кеңейе береді. Үрейдің негізгі бөлігі отбасындағы, мектептегі және өз құрбылары арасындағы жағдайлардан құралады. Өткен уақыттағы адам түсіндеріп бере алмайтын және ойдан құрылған қорқыныштары бірте-бірте күнделікті тіршіліктің толып жатқан саналы мәселелерімен алмасады. Ал баланың үрейленуіне негіз болатын алда тұрған сабақ немесе укол, тіпті түрлі табиғи құбылыстар немесе жора-жолдастарының арақатынасы болуы да мүмкін.
Сабақ алдында үрейлену әдеті пайда болған баланы тез арада мектепке қайтару керек болады. Басы ауырып тұрғанына немесе басқа да сәл нәрсені сылтау еткеніне ерекше көңіл аудару сол белгілердің күшейіп кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тіпті баланың көңіл-күйінің жоқтығы мен шағымына көңіл аудармау керек болады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың ішіндегі ер балалардың 5-8 пайызының, қыз балалардың 1 пайызының ерекше белсенділігі байқалады, бірақ бұл әзірге психикалық ауытқу емес. Алайда бұл жағдай баланың эмоционалдық, ақыл-ой, интеллектуалдық дамуының кешеуілдеуімен қатар жүреді. Мұндай мінез-құлық жүйкеге күш түсуінен пайда болуы да мүмкін және ол баланың жүйкесін ерекше қоздырып жібереді. Аса белсенді балалар берілген тапсырмаларды орындауда қатты қиналады, себебі оларға өз назарын бір жерге аударып, тыныш отыру өте қиын. Мұндай балалар, әдетте, ата-аналар мен мұғалімдердің ерекше назарында болуы керек.
Мектеп оқушыларында болатын ерекше белсенділіктің себебі әлі күнге дейін толық анықталған жоқ, бірақ көптеген жағдайларға байланысты белгілі бір пайымдаулар айтылып жүр. Мысалы, сарапшылар мұндай жағдайды орталық нерв жүйесінің генетикалық әсерімен түсіндіреді. Көптеген зерттеушілер оның себептерін күнделікті ішіп жүрген тағамнан, баланың өзінің ерік-жігерінен, оның өрескел қылықтарына қолдау көрсетушіліктен іздейді. Бүгінгі таңда мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу мен емдеудің түрлі әдістемелері қолданылып жүр. Кейбір дәрі-дәрмектер белсенді балаларды тыныштандырады. Сондай-ақ кең таралған әдістің бірі – тағамның құрамынан қантты, жасанды дәмдеуіштер мен тағамға қосылатын заттарды алып тастау арқылы диета қолдану. Баланың мінез-құлқына ата-ана мен мұғалімдер тарапынан үнемі және табанды бақылаудың жасалуы және сыртқы әсерді, мысалы, қоғамдық орындарда көңілді тыныштандыратын көгілдір жарықтың түсірілуі жақсы нәтиже береді.
Осы және осыған ұқсас басқа да әдістемелер баланың бойындағы ерекше белсенділікті бәсеңдетуге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде оқушының сабақ үлгерімін жақсартуына, сыныптағы, үйдегі, көшедегі мінез-құлқының жақсаруына себеп болады. Әрине, емдеудің бірыңғай тәсілі жоқ. Бұл жағдайда мамандар оны емдеудің бірнеше тәсілін бір мезгілде қолданады, бәлкім, оған жүйелі түрде қарау керек шығар.
Мектепке барған алғашқы жылдарында балалар әлі де үлкендер тарапынан қамқорлықты қажет етіп тұрса да, бірте-бірте ата-аналарынан өздерін алшақ ұстайды. Балалардың ата-аналарымен қарым-қатынасы, отбасының құрылымы және ата-аналардың өзара қарым-қатынасы балаға қатты ықпал етеді, алайда, сыртқы әлеуметтік ортамен араласының кеңеюіне байланысты енді оларға үйден тыс жердегі ықпал етуі күшейе бастайды.
Мектеп оқушыларының өз арасындағы қарым-қатынастары үнемі өзгеріп отырады. Баланың 3 жастан 6 жасқа дейінгі аралықтағы қарым-қатынастары негізінен ата-аналардың бақылауында болатын болса, 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта мектеп оқушылары көп жағдайда ата-ана назарынан тыс қалады. Бастауыш сынып жасындағы балалардың достық қарым- қатынастары негізінен қыз бала мен қыз баланың, ер бала мен ер баланың арасындағы достыққа әкеледі. Ата-аналарымен арасындағы байланыстың бұрынғыға қарағанда босаңсығаны себепті бала енді өзінің жоро-жолдастарының қолдауына көбірек сүйенетін болады. Сонымен бірге оған енді өзінің эмоционалдық қауыпсіздігін де қамтамасыз етуіне тура келеді. Демек бала үшін өз құрбы-құрдастары өзіндік бір рөл атқара бастайды, яғни, ол соларға қарай отырып, бұдан әрі қарай ата-анасы көрсеткен жолдың ішінен қайсысын алу керек, ал қайсысынан бас тарту қажеттігін таңдай бастайды. Мектеп жасындағы балалар әдетте жынысына, өз отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қарай өзіндік топтарға бірігеді. Осылайша бастауыш сынып жасы маңызды жағдаймен, яғни, бланың мектепке баруымен айқындалады. Мектептегі жаңа әлеуметтік жағдай бала өмірінің бұрынғы өзі үйренген қалыбынан гөрі тереңдеу әсер береді, әрі баланың жүйкесіне салмақ түсіреді.
2.2. Педагогикалық процестегі жеткіншек жастағы балалардың жас ерекшелігін ескеру және есепке алудың ерекшеліктері
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі олқылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектерді білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті – оқу материалдарын қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып табылады.
Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардың істерімен масаттанады.
Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбилеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждарымен тілектерін қамтамасыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі керек.
Осы ерекшелікті есепке ала отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру керек. Жеткіншектер қоғамға пайдалы істерге ықыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдерді көруге ынталы, спортты ұнатады.
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-VШ сыныптарда оқитын кезеңіне сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Бірақ, жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы У сыныпқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте немесе кеш болуы мүмкін. Жеткіншектік кензеңнің баланың дамуындағы ерекше орны, оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген
Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады.
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдік, әлеуметтік негіздерін қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Бұл кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың ролі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді.
Жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы әртүрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да, мінез – құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды. Олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып , тентектіктер жасайды, көп жағынан әлі де бала болып жүріп, елеусіз есейеді.
Жеткіншектің жеке басындағы басты, өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы «енді бала емеспін» деген түсініктің пайда болуы. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі олқылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді, қатал, әділ, мейірімді де әдепті, сабақта жұмысты қарқынды ұйымдастырып, оған оқушыларды тарта білетін, барлық балалар үшін нәтижелі ете алатын мұғалімдерді бағалайды.
Жеткіншектік шақ — болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылу келіп шығатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет.
Жасөспірім кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі өзіндік ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.
|
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі олқылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектерді білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті – оқу материалдарын қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып табылады.
Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардың істерімен масаттанады.
Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбилеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждарымен тілектерін қамтамасыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі керек.
Осы ерекшелікті есепке ала отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру керек. Жеткіншектер қоғамға пайдалы істерге ықыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдерді көруге ынталы, спортты ұнатады.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі олықылықтардығң сырттай көқріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектерді білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысмты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті – оқу материалдарын қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып табылады.
Жеткіншектік шақ – болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезщең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет.
Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптауын тудырады. Олар үйелменде, мектепке еңбек процесіне апраласады, к.үнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқор келеді, үлкендер бақылауын әкімшілік шараларды ұнатпайды. Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардың істерімен масатанады.
Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждықтары мен тілектерін қамтамасыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі керек.
Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру керек. Жеткіншектер қоғамға пайдалы істерге ықыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдерге көруге ынталы, спортты ұнатады.
2.3. Жасөспірім кезеңіне сипаттама беру және олардың жас
ерекшеліктерін ескеру мен есепке алудың педагогикалық
шарттары
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамдық жатсыну әдеті пайда болады.
Жасөспірімдердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жасөспірім шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тағамы, еңбек, спорт. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір заңдылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де ерекше ұзын сияқты болып көрінеді. Бала денесінің өсуіндегі осындай әркелкілік дененің басқа мүшелері мен органдарында да көрініс береді, мысалы,сүйек етке қарағанда тез өседі. Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасызданып, баланың берекесі кетеді. Соның әсерімен баланың мінезінде ашушаңдық, қызбалық пайда болады.
Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздылықтан тез шаршайтын болады.
Бала жасөспірім шаққа өткен кезде оның нерв жүйесінің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күшейтеді. Балалық жастан өту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді. Ағзаның тез өсуі әрі оның өсуінің бір қалыпты болмауы нерв жүйесінің өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді.
Біз өз алдына жеке қарастыратын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі аса маңызды әрі ықпал ету күші басымы – қоғамның алғашқы ұжымы болатын — отбасы, бала оның ықпалын бәрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады. Жасөспірімдік өтпелі кезеңнің ең басты үрдісінің бірі — жасөспірімнің бірі өз ата – аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместерімен қарым – қатынасында қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте – бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жас өспірім үшін үлкендер мен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді.
Өз құрбыларымен қарым – қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата – аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы – құрдстарымен қарым – қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жасөспірімдердің мінез – құлықтары мен іс — әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық – топтық болып табылады.
Жасөспірімдерді өмір ортасының қарама – қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі — өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым – қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен қарым – қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет жасөспірімнің алдына қойған адамзаттық қарым – қатынастардың, мінез – құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық – құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка – адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жасөспірімнің тыңдайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.
Жасөспірімдер қоғамдық — өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамда өз орнын таба алады , өзін бекітеді. Білім жасөспірім үшін еңбектің басты ісі болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жасөспірімдердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен қызыға айналысу негізінен жасөспірімдерге тән.
Жасөспірім өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жасөспірімнің досы – ол тек бірге ойнайтын, жанжалдасып қалатын, татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес. Ол – жасөспірімнің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жасөспірімдік шақтың орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалардың арасынан, ер балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша ақылға салынған мақсатты қарым – қатынастағы достық қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.
Жасөспірімдермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс — әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін — өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын қалыптастыру; мінез құлқы мен рухани дамуына қарым – қатынастарын ұлғайтады.
Жасөспірімдер тәрбиесі, бірінші кезекге, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді . Жасөспірімдердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердң баланың жетілуіне көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жасөспірімнің жеке тұлғасын қалыптастыруға педогогикалық басшылықтың шамасы жетеді.
Демек, осы жастағы оқушылармен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай отырып, педогокикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Жасөспірімдер өмірінде, әсіресе, 9 сыныпта, яғни, толық орта білім беру жолына таңдау жасайтын кезде, олардың бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда болады.
Жоғары сынып оқушыларының өмір ортасының қарама –қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі — өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым – қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен қарым – қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше.
Әдебиет жоғары сынып оқушыларының алдына қойған адамзаттық қарым – қатынастардың, мінез – құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық – құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка – адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жасөспірімнің тыңдайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.
Жоғары сынып оқушылары «Неге» деген сұраққа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардың ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қазақтылығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннің сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтарды іздеуге құштар.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері — мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзерлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді. Барлығы мектеп оқушылары болатын жеткіншектердей емес, 15-17 жастағы жасөспірімдер, бұған қоса орта арнаулы оқу орындарының ( колледж, КТМ және т.б.) оқушылары болуы мүмкін.
Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай әдетте қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік шақ — жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады. Жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы жасөспірім шақта бағалаушылық, бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады. Сондақтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән.
ҚОРЫТЫНДЫ
Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі пинциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз – адамның жеке басының дамуы мен тәрбиенің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болу.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал, белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.
Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым- қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретінде жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.
Тәрбиеде әр балаға жеке қарау – бұл оқушыны басқалардан айырып тұрған жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Бұл бәрінен де бұрын, оқушыға әр уақытта және барлық қарым-қатынастарда жеке тұлға ретінде, іс-әрекеттің жауапты да өзін-өзі тани алатын субъектісі ретінде қарау. Жастық шақ – жеке тұлғаның қалыптасқан кезеңі. Бірақ, жоғары сыныптағылардың бірден көзге түсетін ерекше жеке тұлға екендігін ұмытпауымыз керек.
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән құштарлықтарына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алуы үшін көмектесу.
Бұл кезеңде тәрбиенің маңызды қызметі оқушының өз мамандығын таңдауына көмектесу, өзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру болмақ.
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан, педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтылықты, өзгерімпаздықты, тәрбиеленушінің іс-әрекеті және өзін қоршаған адамдармен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне олардың тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес.
Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады. Жасөспірімдік шақтағы байыптылық жеңілтектікпен, табандылық ойнақылықпен қатар жүреді. Парасатты педагогтер өсудің осы қайшылықтарын талдап, балалардың өсіп-жетілуінің жаңа белгілерін атап, оларды жетілдіруге жан-жақты көмектеседі. Әр жастағы, оның ішінде төменгі мектеп жасындағы баланың бұдан бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге дайындап отырады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Әбиев ж. Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы, — Алматы:Дарын, 2004ж.
- Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова К.Қ.- Алматы: Нұрлы әлем, 2003ж.
- Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім- тәрбиесі.- Алматы, «Санат», 1995 ж.
- Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл: Адамгершілік. – А., Білім, 1994ж.
- Богословский В.В. т.б. Жалпы психология. – А., Мектеп, 1980ж.
- Әділова З.Ә. Этнопедагогика. – А., ҚазМӘТУ, 1997ж.
- Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – А., Мектеп, 1978ж.
- Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж.
- Болдыров Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы, 1987ж.
- Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж.
- Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы.-А., 1994ж.
- Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. / Ред. басқар. Қалиев С., т.б. – А., 1999ж.
- Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы., 2000ж.
- Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., т.б. Педагогика.- А.,Фолиант, 2007ж.
- Қоянбаев Р. Тәрбие теориясы.- Алматы, 1991ж.
- Құрсабаев М. «Атамекен» бағдарламасы. – Алматы., 1991ж.
- Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі. –Алматы: Әлем, 2000ж.
- Тәлім-тәрбие хрестоматиясы. / Құраст. Қалиев С. – Алматы: Рауан, 1996ж.
- Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: ҚР Ғылым Академиясының философия институты, 1994ж.
- Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – А., 1995ж.
- Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А., 1995ж.
- Ұстаздық шеберлікке жету жолдары. / Методикалық нұсқау/ Құраст. Нұржанова Ж.Н. – А.,1991ж.
- Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын, 2004ж.