Ойынның педагогикалық маңызы және оқу үрдісіндегі сипаты
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім: Ойынның педагогикалық маңызы және оқуүрдісіндегі сипаты.
- Ойын, оның маңызы мен жаңа модульдік технологияда алатын орны.
- Ойын мақсатын талдау және оның мәні.
- Іскерлік ойындар – оқу-тәрбие үрдісінде.
Қорытынды
Ойынның педагогикада, оқыту процесінде алатын орны Платон
заманынан белгілі болған. Ойынның оқу процесіндегі маңыздылығы
жөнІнде Я.А.Коменский былай деген екен: «Мектепке — ойынға
асыққандай» бар, ол сондай ғанибет». Ал XVIII ғасырда Ж.Ж.Руссо мен
И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек
деп түсіндірген.
Ойынның теориясы мен маңыздылығы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт та өз үлестерін қосқан. Тәрбиеде жөне оқыту барысында ойынның өз алатын орнын В.А.Сухомлинскнй, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская да атап керсеткен.
Сабақ барысында ойынның басты мақсаты — білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды.
Ойын дегеніміз не? Бір қарағанда ол қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ойын міндетгі түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың іс-әрекеттсрімеи байланысты. Ойыінның өз деңгейінде өтуі,ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық кажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты — жеңіске жету болса да, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры баийды. Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып, лексико-фонетикалық материалды берік’ меңгерту. Сондай-ақ ойын үстінде балалардың ойлау қабілеті, назары, байқампаздық әрекеті, зейіні жетіледі. Оқушлардың тілін дамытьш, ойын жүйелі айта білуге үйрету — мұғалімнің басты парызы. Ойын үстінде оқушының түрлі қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі ататынын көрнекті педагог А.С.Макаренко кезінде де атап көрсеткен.
Педагогикалық процесті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт, күнделікті негізгі іс-әрекет және оның жеке өмірі деп дәделдеген. Н.Кұжанованың айтуы бойынша ойында әдептілік, тәрбиелік, мақсатта пайдалану — баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогакалық мақсаттар. Ойындар баланың қисынды ойлау қабілетін және қиялдау (жақсы мағынада) қабілеттерін дамытуға жетелейді. Ғалым «Бала ойында шынығып, «жұмыс жасап», өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артадьг», — деп атап көрсеткен. Сол сияқты бала өміріндегі ойынның алатын маңызды орны туралы педагог М.Жұмабаевта өз көзқарасын қалдырған. Ойын — бала үшін өмірлік тәжірибе. Ойын барысында бала өзін қоршаған орта туралы алған білімін пайдаланады. Ойын кезінде — бала терең әсер алып, үлкен белсенділік көрсетіп, қисынды ойлау қабілеті күшейеді, ойынды баланың тілін дамыту үшін де пайдалану керек деп баса айтқан.
Ойын – баланың рухани дамуының негізі, — деп Ж.Пиаже, К.Левин,
Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко,
С.А.Шмаков өз еңбектерінде атап айтқан.
Ал С.А.Шмаков өз монографиясында ойынды екі жақты қарауға болады деген. «Бірінші — ойын ересектерге еліктеу болса, екінші — ол қуаныштың, сергектіктің, ширақтылықтың, өмірдің жоғары әуезділігінің негізі болады”,- деген.
Сонымен педагогикалық процесте ойын арқылы оқушының білімі мен
бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері
зерттелген. Енді осы мүмкіндіктерді бүгінгі педагогикада үлкен орын алып
отырған модулъдік жүйемен ұштастыру ғылыми тұрғыдан қаралмай
отырған мәселе. Ал модульдік жүйеде оқушылар арасындағы еркін қарым-
қатынас жасап, сабақ барысында сайысты ұйымдастыру арқылы ойынның
барлық тиімді мүмкілдіктерін қолданса, сынып оқушыларының оқу
нәтижесін арттырар еді. Әсіресе, орыс сыныптарында қазақ тілін оқытуда
барлық оқушылардың тіл игеруде модульдік технологияны ойын
әдістерімен ұштастыру кезегі күттірмейтін проблемаға айналады. Өйткені,
жаңа технология — оқыту процесін жетілдіруге, оқушының белсенділігін
арттыруға комектеседі.
Ойын әдістерін — қолдану дәстүрлі сабақтар мен жаңа технология әдістерімен сабақ жүргізуде өз тиесілі орын алады. Модульдік технология жүйелі түрде, терең білім алудың бірден-бір бүгінгі күнгі нәтижеяі оқыту формасы болса, соның өзінде де ойындарды қолдану өз нәтижелерін керсетеді. Модульдік технология жүйесінде ойындар келесі түрге бөлінеді: еліктегіш, проблемалық, сюжеттік, ситуациялық, шығармашылық, рөлдік, шартты рәлдік, іскерлік, өндірістік, формальдық, ұжымдық, сайыстық, нәтижелік.
Модульдік технологияның өзіде әр топ мүмкіндіктерін ескереді, ал оның нәтижелілігін арттыру үшін ойын әдісі оқушының сабақ барысында еркіндігін шыңдайды. В.М.Кларин өз еңбектерінде ойын модельдерін мынадай бөліктсрге бөлген:
- Ұғым (нені қатыстыру қажет?)
- Оқу процесін ұйымдастыру моделі (қалай атауға болады?).
- Оқу процесін қйымдастырудың технологияық тэсілдері (қалай КҮРУ
керек?) - Оқу процесіндегі ойынның нәтижесі (қалай бағалау керек?)
- Оқу процесіне қолайлы ойындардың белгілері (қалай айыру керек?).
Бұл әдісті қолданудың өз ерекшеліктері бар ойын барысында мұғалім тек жетекшілік жасап, керісінше, бағыт сілгеуші ғана болады. Ал оқушы сол ситуациядан қалай шығу жолын өз білімімен, көзқарасымен, қоршаған ортадан алған тәлім-тәрбиемен саралай отырып, ойынның терең әсер алып, жеңімпаз болуға тырысады. Сабақ барысында оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай үш деңгейге бөлінеді. Олардың әрқайсысының тіл игеруін жетілдіру мақсатында берілетін бөлінеді. Олардың әрқайсысының тіл игеруін жетілдіру мақсатында берілетін ойындардағы тапсырмаларды дараланады. Сөйтіп, педагогикалық дифференциация принципі қолданады. Ойынға сыныптағы модуяьдің I, II, III деңгейдегі тапсырмаларды орындайтын барлық оқушылар түгел қатысады. Ойынның дұрыс жауабы I деңгейдегі тапсырма орындаған баланың меншігінде болады. Ол оқушы өз сыныптастарының жауаптарын тексеруге көмек жасаса, мұғалім барлық ойын барысында жетекшілік жасап отырады, орындалған жұмыстарды тексеріп, қорытынды жасайды.
Ойындардың қажеттісін іріктеп ала білу — ұстаз шеберлігіне
байланысты. Бастауыш сыныптарда сөздік ойындардың алатын орны
ерекше. Сондықтан барлық сабақтарда сөздік ойындарын қолдануға
болады. Сондай ойындардың бірі — «Керекті сөзді — тауып айт». Ойынның
мақсаты — ойлау қабілетін дамыту, қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға
жаттықтыру. Оқушыларға ойын тәртібі жете түсіндіріледі. Содан кейін
басқарушы «Киім» дейді. Оқушылар киімдерді атау керек. Ал басқарушы
көкөніс, жеміс, оқу құралдары, ойыншықтар, адамның дене мүшелері және
тағы басқа атауларды атаса, оқушылар сол топқа жататын заттарды, атауларды атауға тиіс.
Қазақ тіліндегі сөздерді оқушылардың есіне берік бекітіп, меңгерту
мақсатында-ойынды сайыс түрінде «Кім тез, шапшаң? Деген девизбен
өткізуге болады. Бұндай ойындар сайыстарға тән шарт бойынша
оқушының терең теориялық білімі және шапшаңдық, жігерлілік қасиеттері
болғанын талап етеді. Сайыс барасында эмоционалдық деңгей,
матсриалдың есте берік қалуына әсер етеді.
Сабақ барысында алған білімдерін оқушылар практика жүзінде қолдану
дағдыларын қалыптастыру үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше.
Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық
меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік берсді. Оқушыларды өз
беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ойланғыштық, ізденімпаздық
қабілеттерія дамытады. Грамматикалық ойындардың өзіндік ерекшеліктері
бар. Бұл ойын әр түрлі ситуациялар арқылы жүзеге асады.
Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолд.анылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруге, өткенді қайталауға, пысықтау сабақтарында пайдаланады. Оқушыларды өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жүргізуге үйретуде, қазақша тілін дамытуда грамматикалық лото ойыны оқушыларды сөйлем мүшелерініц орналасу төртібін, құрылысы меңгеруге дағдыландырды. Ал рөлдік ойындарды сабақта қолдану үшін мұғалім жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін терең ойластыруы керек. Олар:
а) қажетті лексика;
б) ойынның мақсаты мен шарты;
в) ойынға қажетті заттардың өзі немесе суреттері әзірленеді.
Рөлдік ойындар сабақтың қалыптасқан дәстүрін өзгсртеді. Мұғалімнің де ұйымдастырушы ретіндегі орны анықталып, кәсібі беделі артады.
Ситуациялық ойындарға әр түрлі тақырыптар алынады. Бұл ойынның басты мақсаты — оқушыларды әр түрлі ситуацияларда өздерінің білімдерін сынау, қисындық ойлау, қабілетін дамыту, өз көзқарастарын білдіру, қиын сәттерден шығу мүмкіндіктерін байқатады, тіл байлығын дамытады.
Оқушылардың грамматикалық дағдысын қалыптастырып, қазақша тілін дамытуда халық ойыны санамақ, жаңылтпаш, мақалдарды ұтымды пайдалануға болады. Сол сияқты қазақтың ұлттық ойындары «Бәйге», «Қыз қуу», «Қоржын», «Қанталапай» ойындарын салт-ғұрыпқа байланыстырып, мағынасын, мазмұнын жете түсіндіріп, түрлендіріп қызықты өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты, баланың ақыл-ойының дамуына, сәздік қорының баюына, қисынды ойлау қабілетінің дамуына қазақ халық педагогикасының қоржынына 660 жұмбақ, жаңылтпаш, санамақтар бар. Осы барымызды баланың психологиясына, жас шамасына және жеке басының ерекшеліктерімен санаса отырып оқу процесінде ойындарды шебер пайдалану әрбір мұғалімнің үлесінде.
Сонымен, оқыту процесіне кеңінен еніп келетін модульдік технологияны шыңдай түсу үшін, оқушылардың білім сапасын арттыруда жеке қабілеттеріне әсер етер, жас ерекшелігіне тән ойын әдісін қолдану арқылы сапасын арттыру мүмкіндігін кең пайдалану қажет.
Жоғары білім беру мәселесі қоғамды дамытуда, ұдайы өндірісте, ақыл-ой, шығармашылық қабілетті жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Жеке адамның дамуының қозғаушы күші экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге, құбылыстар мен дәйектерді талдай білуге, шығармашылық түрде ойланып, тез арада шешім қабылдауға үйрету — өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан, жоғары оқу орнында болашақ мамандарды сапалы даярлау үшін білім беру жүйесінде ғылым мен тәжірибенің ұштасу үрдісінде тарихи түрде қалыптасқан көптеген дестүрлі қарама-қайшылықтарды шешуге тура келеді. Жалпы оқу-тәрбие жұмысын тиімді ету «студенттердің оқу-таным әрекетін белсендіру, оқуды ғылыми негізде ұйымдастыру, оқытушылардың ғылыми-педагогикалыкқ қызметін ғыдыми негізде ұйымдастыру жәнө студенттер мен оқытушының ғылыми қызметінің ықпалды бірігуі, сондай-ақ жеке адамның белсенді қалыптасуы жоғары мектептің ғылыми-әдістемелік негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Белсенді оқыту әдістеріне жататын іскерлік ойьшдар: рөлдерді ойнап көрсету, белгілі жағдайды талдау, бағдарламалы белсенді оқыту, ойындарды жобалау, мәселелі дәрістер, талқылаулар, тәжірибе алмасу тағы басқалар. Ғылыми-педагогикалық әдебиегте көптегеи нақтылы ойындар «ойындарды өңдеу» деген жалпы терминмен белгіленеді. Осы мәселенің манызы бар, себебі, тарихта логиканы дамьггу іскерлік ойындарды қоғамдық ғылымдарда кең қолданудың артықшылығы мен кемшілігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттерді талдап қарасақ, алғаш рет іскерлік — ойындар XX ғасырдың ортасында экономикалық факультеттің студентгеріне ұсынылған. Бірақ, бұл шындыңқа жанаспайды, себебі, алғашқы ойын 1932 жылы 23-шілдеде КСРО-да Ленинградтағы инженерлік-экономикалық институтында еткізіліп анықталып отыр. Қазіргі уақытта жеткілікті негізделген белгілі бір ойын теориясы мен математикалық зерттеу әдісі сәйкестендірілген жинақтар бар.
Америка мектептеріне өңделген оқытулар 1960-1970 жылдары еніп, содан кейін жоғары мектептерде қолданыла бастаған. Қазіргі уақытта ТМД-да іскерлік ойындар, негізінен, білім көтеру жүйесінде және Мәскеудің, Санкт-Петербургтің, Киевтің, Новосибирскінің бірқатар жоғары мектептеріңде қолданылып жүр. Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің пікірінше, оқу үрдісінде ойынды қолдану оқытуды мәселемен жақындату нәтижесін көрсететінін байқауға боләды.
Оқыту аудиториясын сыртқы ортадан бөліп қарау студенттерді болашақ мамандыққа даярлауда оқытушыға үлкен жауапкершілік жүктейді. Алайда, ойындар мен өңдеулерді іске асыруда студенттер нақтылы өмірдің элемент негіздерін өз тәжірибелерінде сынайды. Ойындар жорамалданған жағдайда қоршаған ортада баламалы механизмді құруды, парасатты жеке тәжірибе жинақтауды, нақтылы қатысуды қажет етеді. Студенттер ойын кезінде өз көзқарасын, өз пікірін қорғауға дайын болады. Б, Блуэт пен Д,БаквольтердІң пікірі бойьшша, ойын оқытушы мен студенттің кең ауқымда тең араласуына, тіл табысуына мүмкіндік жасайды. Сонымед бірге ойындар адамдардың ойын белгілі жүйеге келтіреді.
Сезім дамуының маңыздылығы туралы (ағылшын тілінен орысшаға сөзбе-сөз аударғанда — вчувсгвование) америкалық оқытушылар В.Роджерс пен А. Гудданд өз зерттеулерінде жиі айтады. Өйткені оқушылар ойындарды өздері өңдесе, онда олар оқу материалдарын әдеттегі оқу—таным әдістеріне қарағанда, ынтамен тереңірек үңіліп оқиды және оларды зсрттеу арқылы дағдылану әрекеттерін дамытады. Ең бастысы – ойындар мен өндеулер студенттердің көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д. Б. Элькониннің сөзімен айтсақ: «Ойын — ол адамдардың арасындағы әлеуметтікік ара-қатынас, практикалық біілімдері жөне кызметі» Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады;
— ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда, өз тәжірибесімен оқытуға
мүмкіндік береді;
— ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз
(біз бұл көзқараспен келіспейміз);
— ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін
және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен
құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламалы шешім қабылдауға, тәкекелге бел байлауға үйретеді;
— ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай
арттырады, ойынға қатысушылар оқытушының рөлін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.
Сонымен, іскерік ойындары ойынға қатысушыларға қиын мәселелерді басқаларға қарап тұрмай, өздернің шешуіне кепілдік береді. Олай дейтініміз, өндеулер мен ойындар арқылы оқушылар өздерінің не істегендерін байқайды, жетістіктерін көздерімен көреді, уақытын дұрыс пайдаланады. Өңдеулер мен ойындар, сондай-ақ, кейбір студенттер ұнатпайтын оқу пәндерін де қанағаттандырады, біріне-бірі көңіл бөліп, өздерін басқаның орнына қойып үйренеді. Өңдеулер мен ойындар икемді мақсаты мен құрылымына байланысты қиындатылады. Ойындар өздерінің аяқталу үрдісіне байланысты амбивалентті {егер бүгінгі ойынның саны 1:1 ойынға қатысушының біреуіне тиімді болса, келесі күні 0:0 болады, ойын өте ыңғайлы, кез келген жерде кез келген уақытта ойнауға болады). Бұл көптеген
авторлардың пікірімен сәйкес. В.Ф.Коморовтың пікірінше, оқу үрдісінде ойынды қолдану оқушылардың даму қабілетін арттырады, мәселеге ғылыми негізде жақындатады, ал ойынды өткізу ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады. Алайда, ойындар мен өңдеулердің артықшылығымен қатар кемшілігі де бар. Өзіміздің және американдық авторлардың пікірімен санассақ, мына деректі естен шығармау керек, ойын кезінде оқытушы өзінің
беделін жоғалтып, тек ойынды ұйымдастырып және бағыттап отырады. Сонымен бірге, ойындар мен өңдеулер студент назарын екінші сатыдағы дағдыға аударып, негізгі дағды шет қалып қояды, яғни, ойындар оқып зерттеуден сырт қалады. Кейде ойындар мен өңдеулер әдеттегі оқуға қарағанда қолайсыз болып келеді. Кей жағдайда оқытушылар ойынның бар екенін білмейді. Ойындар мен өндеулер құрал-жабдыққа, материалға байланысты қымбатқа түсіп, артық жүріс пен бос айқайға
әкеліп, оқытушылар үшін қолайсыздық гуғызады. Сондай-ақ көптеген ойындар жоғары денгейде өңделмегені сол себепті оны қолдану қиындыққа әкеледі. Тіпті, кейде баламалы оқыту түрі сияқты ойындар ойынға қатысушыларға ұнамауы мүмкін, ойынға белгілі бір студенттер саны ғана қатысып, қалғаны сыртта қалып қоюы да ғажап емес. Сондықтан да белгілі мақсатқа ғана сәйкестендірілген ойындар мен өңдеулерді әркім өзінше құруы қажет.
Енді осы жерде К.Эриксон мен М.Эриксон он зерттеулерінің нәтижесіне сүйеніп көрелік. Экспериментке 174 ер бада мен 330 қыз бала қатыстырылған. Бес дәрістік топтың әрқайсысында 100 студенттен бар. Оларға 35 баптан тұратын сауалнама таратылған. Сол сауалнамалар арқылы ойындар мен өңдеулерді дәрістерде қолданғанда олар алған әсерлерін сипаттаған. Нәтижеде әрбір топта бір оқытушы 13 ойын мен 8 өндеу өткізіп, дәріс
уақытының 25 пайызын жұмсаған.Міне, осы сұрақ-жауаптардың
нәтижелері төмендегідей.
- Студенттердің 21 пайызы үздіксіз деректерден гөрі ойындар мен өңдеулер қолданғал дәрістер жақсы деп, ал 65 пайызы керісінше жауап берген.
- Студенттердің 91 пайызы ойындар мен өндеулер дәрісте жағымды ахуал туғызады деп шешкен.
- Студенттердің 81 пайызы ойындар мен өндеулер дәріс уақытын тиімд іпайдалануға қолайлы дейді.
- Студеттердің 74 пайызы ойындар мен ендеулер өз пікіріңді ашық айтуға мүмкіндік беретінін алға тартады.
- Студенттердің 58 пайызы ойындар мен өңдеулер оқу мен өмірдің арасындағы алшақтықты жоятынын айтқан.
- Студенттердің 68 пайызы онындар мен өңдеулер өздерін бағалауға мүмкіндік беретініне күмән келтірмейді.
- 66 пайызы өмірді түсінуге көзқарасымыз өзгереді деп жауап берген.
Осы жасалған талдаудан байқағанымыз: студенттердің үштен екісі оқу пәндерінде ойындар мен өңдеулердің болғанын қалайды, Сонымен жоғары мектептерде ойынды қолданудың мақсатын педагогтер былайша белгілейді:
— оқу пәнінің мақсаты мен тұжырымдамасын нақтылы мысал келтіру арқылы түсіндіру;
— студенттердің оқу үрдісінде белсенді болуына мүмкіндік жасау;
— жеке ойынға қатысушының өсуін жеңілдету;
— ақиқатты зерттеуге және бір-бірімен белсенді араласуға үйрету.
Демек, ойындар мен өндеулерді оқу үрдісінде қолданудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту сипаты бар.
Қазіргі күрделі жағдайларға байланысты біздің елімізде міндетті түрде жастарға тәрбие беру мәселесі тұру керек. Белгіленген пәні арқылы ойын әдісін пайдалана отырып, бұл мақсаттарға тез жетуге болады. Мәселен, ойын сабақтары кезіндс оқушылар әр түрлі рөлде ойнау арқылы өз ойларын ортаға салуға үйренеді. Ділгірлік мәселелерді әр түрлі қызметкерлер немесе кейіпкерлер кейпінде шешуге қатысады. Ойынға қатысқандар бірнеше топқа бөлінеді. Бірі ортаға әр түрлі мәселелерді тартады, ал екінші топ оның шешу жолдарын қарастырады. Сонда ғана ойын қызықты өтеді.
Рөлдерді ойнау әдісі, көбінесе, теориялық және сарамандық міндеттерді шешкенде тиімді. Оның негізгі шарттары мына төмендегілер: — күрделі теориялық және іс жүзіндік мәселелердің белгілі болуы;
— ойынға қатысушы әр түрлі қызмет мамандары көзқарастарының бірдей болмауы;
— пікірсайыс арқылы сабаққа қатысқандардың бір-бірімен
сұхбаттасуы;
— талқылаудың нәтижесін бағалау және қорытындысын шығару.
Ал, енді іскерлік ойындарға келсек, олардың негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:
— мамандардың іс-әрекеттерін моделдеу;
— оқушыларды рөлдерге бөлу;
— ойнаушы топтың жалпы мақсатының болуы;
— қатысушылардың әр түрлі көзқарастары;
- іскерлік ойынға қатысушылардың іс-әрекеттерінің нәтижесін бағалаудың ақиқаттылығы.
Мекгеп бағдарламасында оқушыларды белгілі бір мамандыққа оқыту қарастырылмаған, бірақ көп тақырыптары түрлі мәселелерге байланысты. Сондықтан ойын түрінде әлеуметтік іс-әрекеттерді моделдеуге болады. Сонда бір уақытта оқытуды да және тәрбие мәселесін де шеше аламыз.
Мектеп жағдайында ойын түрінде сабақтың жай түрін өткізуге болады. Ойын түріндегі сабақтың құрылымы бірнеше сатыдан тұрады:
— ойынды өткізуге қойылатын талаптарды белгілеу;
— өткізудің жоспарын құру;
— ойынның сценариін жазу;
— ойынға қажетті мәліметтерді жинақтау;
— дидактикалық материалдарды іріктеп, ойыншылар мен жүргізушілерге нұсқау қағазын дайындау;
- ойынға қатысушы әрбір ойыншының іс-әрекетінің нәтижесін бағалаудың әдістерін ойластыру.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі. Жалпы алғанда, өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың электрондық, атомдық,космостық деп аталып жатуының өзі адамның ақыл-ойының, санасының жетілгендігінің нәтижесі, бір сөзбен айтқанда, осының бәрі адам шығармашылығы жетістіктерінің көрінісі. Сондықтан оқушылардың оқу үрдісінде жан-жақты дамуын жүзеге асыру, білім алу кезіндегі шығармашылық белсендігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері дидактика мен мектеп өмірінде үнемі басты мәселенің бірі болып қала береді.
Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі мен дербестігі оның еңбегінің жемістілігін
Жеке тұлғаның ақыл-ойын, танымдық үрдістерін жетілдірудің, әлеуметтендіру мен жан-жақты тәрбиелеудің көрсеткіші ретінде бағаланатын оқу үрдісінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып ойын әрекеттеррін ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол.
Ойын бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, таным түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен , тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана ойын арқылы зерттеу пәніне айналды. К.Гроосқа дейінгі итальян оқымыстысы
Д. Колонна балалар ойыны туралы материалдарды жүйеге келтіріп, ойынның педагогикалық, психологиялық маңызын ашуға әрекет жасады. Ал ғалым-психологтер К.Гроос, Э.Клапаред, А.Диваев, Р.Гаупп, Н.Виноградов, В.Вахтерев және тағы басқалар ойын теориясын құрастырды және ойын мәселесін көтеріп, іс-әрекеттің маңызды түрі ретінде оның теориялық, әдіснамалық негізін ашты.
Ойын мәселесінің кең, жан-жақты, салалы зерттелуіне, ойынды топтастыру, жүйеге келтіру, жинақтау,, дамыту, ойын түрлері, технологиясы, әдістері көптеген ғылым саласында: әлеуметтік, этнопедагогикалық, философиялық, педагогикалық , психологиялық, дидактикалық және тағы басқа тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан, әлі толық шешімін таппаған. Сондықтан бүгін ойын әрекеті түрлерінің бірі – іскерлік ойындарға, оның педагогикалық мәніне, жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастырудаға мүмкіндіктері жайлы тоқтала кетпекпіз.
Кеңес Одағында іскерлік ойындар алғаш рет әлеуметтік – экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданылды. 1932 жылы Ленинград инженерлік-экономикалық институтында М.Бирштейннің басшылық етуімен Лигов машина зауытының іске қосылуын көрсету үшін іскерлік ойыны өткізілді.
Бұдан кейін іскерлік ойындар 1950 жылдары экономикалық қатынастар, 1960 жылдары басқару және пдагогика саласында тарады. Ол ойын түрлері Н.Грейф, Р.Уорфорд, Г.Шедровский еңбектерінде дамыды.
Г.Шедровский анықтамасына сәйкес іскерлік ойындарды төмендегідей тұрғыдан түсінген жөн:
а) қоршаған отаға ерекше қатынас (әрбір ойынға қатысушы оның нақты ортадан басқа арманына сәйкес қиял ортасы қатар өмір сүреді. Осы жағдай жеке тұлға үшін қызығу мен ойын құндылығын туғызады);
ә) ойыға қатысушылардың субъективті іс-әрекеті (әрбір ойынға қатысушы өзінің білімділігін көрсету үшін ең жағымды жағдай қамтамасыз етіледі. Ойыншының өз «Менін» тек қана ойын жағдайында ғана емес, сонымен қатар тұлғалар арасындағы қатынастардың барлық жүйелерінде көрсетуге мүмкіндік береді);
б) іс-әрекеттің тапсырма түрінде берілуі (ойынның енжарлық күйде емес, белсенді қатынас негізінде «жеңісті», ұтыс бағытында ойлануы);
в) түсінудің ерекше мазмұндылығы (ойнға қатысушыларда теориялық, әдістемелік тәжірибелік білім мен дағды қалыпты жағдайда қабылдануымен, көлемді ақпаратты есте сақтауға мәжбүр етпейтіндігімен анықталады);
г) өмірді ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық түрі (ойын үрдісінде әлеуметтік тәртіптің белгілі бір нышандары іске асырылады).
Іскерлік ойын – бұл оқытуды ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің басқаруымен, оқушылардың өзіндік ұйымдастырушылығымен жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Білім беру тәжірибесінде оқытудың ойын формасы оқытудың тәжірибелік бағыттылығын мақсат тұтанын іскерлік ойындар арқылы игерген білімдерін шығармашылыққа қолданады және бекітеді. Оқу үрдісінде іскерлік ойындардың мына түрлері қолданылады.: рөлдік, операциялық, ұйымдық іскерлік ойындар.
Іскерлік ойындардың негізгі педагогикалық мәні мынада: оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлауды жандандыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, оқыту үрдісіне шығармашылық рух енгізу.
Іскерлік ойынның негізі белгілері мынаған саяды.
- Шешімін күтетін мәселелердің болуы.
- Әлеуметтік, кәсіптік және оқу міндеттерін ойын жағдайында моделдеу.
- Ойынға қатысушылар арасында рөлдерді бөлу және рөлдеріне сәйкес белсенді өзара әрекетімен және мұғаліммен байланыстың болуы.
4.Ойынға қатысушылардың ортақ мақсаттарының болуы және ұжымдық шешімін шығаруы.
- Шешімдердің көп нұсқалылығы.
- Ойын соңында талдау жасау.
- Қатысушылардың жоғры эмоционалдық күйі.
Әдетте ойын элементтерінің екі түрі қолданылады:
1) белгілі бір мәселені шешуге бағытталған жалпы танымдық тапсырмалар (міндеттер);
2) арнайы тапсырмалар.
Іскерлік ойындарын өткізудегі мұғалімнің міндеттері мыналар:
— белгілі бір мәселеге, материалға байланысты қажетті иллюстрацияларды ірікте;
— дидактикалық материалдар дайындау;
— әр оқушыға тапсырма беру;
— оқушыларды рөлге, топқа бөлу;
— міндеттерді белгілеу;
— мүмкін болатын жауаптар туралы ойлау;
— оқушылардың қызығуын ояту.
Іскерлік ойындардың тәрбиелік міндеттерді шешуде үлкен үлесі бар:
1) танымдық: ойын барысында оқушылар сынып жұмысын ұйымдастырып, өздерінің жеке міндеттерімен танысады;
2) тәрбиелік: іскерлік ойын барысында ұжымдық түсініктері қалаптасып, әрқайсысының ойынға қатысу дәрежелері анықталады, жалпы міндеттерді шешуде өара қарым-қатынастары білінеді, барлық сұрақтарды ұжымдық талдау барысында сыншылдық, ұстамдылық, басқаның пікірін түсіну, ілтипат көрсету қалыптасады;
3) дамытушылық: ойын үстінде қисынды ойлауы дамиды, берілген сұрақтарға жауап іздеуге қабілеттері, сөйлеу мәдениеті, пікірталасқа қатысу білігі дамиды.
Іскерлік ойындарды ұйымдастыруда мынадый психологиялық-дидактикалық жағдайларды көрсетуге болады:
— белсенділік – ойын барысындағы оқушының дене және интеллектуалдық күштерінің белсенді көрінісі, бұл ойын әрекетінің негізгі ұстанымы болып табылады;
— рөлдерді орындау – адам әрекетінің ойын негізінде моделдннуі және қайта жасалу құбылысын көрсетуі. Рөлдерді орындаудың дидактикалық құндылығы оқушылардың кәсіби даярлығына бағдарланушылығы болып табылады;
— ұжымдық сипаты – оқушылардың ойын топтарына бөлінуі. Ойынның ұжымдық сипаты негізінде оқушылардың өзіндік қарым-қатынасы, достығы, ұйымшылдығы, өз ойларын айту, пікірлесу сияқты жағымды қасиеттері дамиды;
— кері байланыс – оқушы өзінің әрекетін өзі басқарып ойын барасында тікелей әсер етеді;
— мәселелік – ойындағы ойлаудың психологиялық заңдылықтарын көрсетеді;
— нәтижеге жету – ойын әрекеті негізінде белгілі бір мақсатқа жету, міндетті орындау;
— сайыс – ойындарға белсене қатыса отырып оқушылардың нәтижеге ұмтылысы түрінде көрінеді.
Іскерлік ойындардың негізгі міндеттері мынадай болады:
- Оқылған материалды еске сақтау және терең ұғынуға жағдай жасау.
- Дұрыс шешім қабылдау және жағдаяттарға баға беру бірлігін қалыптастыру.
- Қабылданған шешімді жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру.
- Шығармашылығын дамыту.
Іскерлік ойынды өткізудің кезеңдері төмендегідей түзіледі.
1-кезеңде: мұғалімнің тақырыпты таңдауы, мақсаттар мен міндеттерді белгілеп, күтілетін нәтижені болжауы, құрылымын анықтау, сыныптағы ойынға қатысушылардың рөлдік қызметіндегі қасиеттерін ескеру, ойын барысындағы әсер етуші жағдайларды зерттеу.
2-кезеңде: соңғы оқу материалдырын талдау, мәселені шешудің әдіс-тәсілдерін талдау. Тиімді әдістемені таңдап алу және оны ойша қолдануда шығармашылық өңдеу сценариді дайындау. Рөлдерге бөлу.
3-кезеңде: мұғалімнің оқушыларды іскерлік ойынның сценариімен, мақсатымен, мазмұнымен таныстыруды, ойынды ұйымдастыруды, оқушылардың рөлдік қызметтерін орындауы, мұғалімнің, оқушылардың ойынды басқаруы, ойын барысын, нәтижесін талдау, мұғалімнің қорытынды жасауы жүзеге асырылады.
Демек, іскерлік ойындардың әлеуметтік мәні мынадай деп атап өтпекпіз: белгілі бір міндеттерді шешу барысынды білімдерді меңгеру белсенділігін ғана арттырып қоймайды, сонымен қатар күрделі шешімдер қабылдай білуге үйрктіп, ұжымдағы өзара қарым-қатынасты дамытуды көздейді. Ең бастысы, қандай да болсын ойын түрлеріарқылы адам баласы қоғамдық тәжірибені меңгереді, психикалық қасиеттері мен танымдық ерекшеліктері қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Джайнабекова Г. Сущностная характеристика игровой деятельности. Поиск. 2001.№ 1.
- Елькеева А7 Общедидактические воззрения ученого-педагога Н.Кульжановой на детскую игру. Қазақстан жоғары мектебі. 2001. № 2.
- Жанпеисова М. Технология модульного обучения. Актобе6 1999.
- Сиденко А.Игровой подход в обучении. Народное образование. 20027 № 8.
- Харламов И.Ф. Педагогика. Минск. 1998.